|
 Электртехнологиялық Үрдістер және қондырғылар электртермиялық үрдістер және қондырғылар Оқу құралы
|
бет | 12/15 | Дата | 07.03.2023 | өлшемі | 1,37 Mb. | | #41635 |
| Электротермия Мп
3.20 сурет - Автоматтық ток тұрақтандырғышты қуат көзінің сұлбасы
- қанықтырылатын дроссельді және магниттік басқарылатын трансформаторлы қондырғылар;
- үш фазалы электр тізбегінде кернеу резонансы қағидасымен жұмыс істейтін параметрлік қуат көздері.
Екінші және үшінші қуат көздері стандартты дайындалады, төменгі вольтты плазмотрондарда пайдаланылады.
3.4.3 Плазмалық қондырғылар
Плазмалық-доғалық пештер екі түрлі болуы мүмкін:
- отқа төзімді футеровкалы балқыту пеші;
- сумен суытылатын кристаллизаторлы қайта балқыту пеші.
Плазмалық-доғалық пештің құрылымы, қалпы, футеровкасы әдеттегі доғалық пештікіндей. Пештің түбіне сумен суытылатын балқытпамен жанасатын мыс анод орнатылады (3.21 сурет). Электродтар орнына пеш төбесіне немесе бүйіріне бір немесе бірнеше плазмотрондар орнатылады.
Плазмалық кесу доға беку дағында бөлінетін және плазма ағысы әкелетін энергия есебінен металдың балқуы және булануы арқылы іске асады. Металды кесу плазмалық доғамен немесе плазмалық ағынмен жүргізіледі (3.22 сурет). Екінші сұлба қалыңдығы үлкен емес металдарды кесу үшін пайдаланылады.
3.21 сурет - Доғалық-плазмалық пештер
а) ваннасы футеровкаланған: 1-плазмотрон; 2-футеровка; түптік электродтар; шихта; 5- плазмалық доғалар.
б) кристаллизаторлы: 1-құйма; 2-кристаллизатор; 3-плазмотрон; 4-пеш корпусы; 5-дайындаманы беру және айналдыру механизмы; 6-қайта балқытылатын дайындама; 7-қуат көзі; 8-құйманы суыру механизмы
3.22 сурет - Плазмалық доғамен (а) және плазмалық ағынмен (б) кесу сұлбасы
1-плазма ағыны; 2-доға; 3-катод; 4-кесілетін метал; 5-қуат көзі; 6-кезекші доғаның тогын шектейтін кедергі.
Кезекші (кесу жүргізілмейтін) режимде доға катод және сопло арасында жанады, ток арнайы кедергі арқылы өтіп, онымен шектеледі. Кесу үрдісінде доға кесілетін металға ауысады.
Плазмотронның жоғары қуаттылығы және плазманың динамикалық әсері қалың металдарды қосымша сымсыз, метал жиегін өңдеусіз, бір жүрісте пісіруге мүмкіндік береді. Плазмотрон осіне бұрыштап бағытталған қосымша фокустаушы газ ағыны (аргон мен гелий немесе сутегі қоспасы) пісіру ваннасының аз ғана аумағында қыздыруды шоғырландырып қоршаған ортадан қорғайды (3.23 а сурет).
3.23 сурет - Плазмалық пісіру сұлбалары:
а) қорғағыш газ астында б) шашырату және в) шаңдату:
а) 1- пісіргіш қуат көзі; 2-жоғары жиілікті өндіргіш; 3-балқымайтын электрод; 4-плазма туғызатын газ; 5-суытатын су; 6-қорғағыш газ; 7-қорғағыш газ үшін сопло; 8-бұйым.
Плазмалық шаңдату және балқытып құю әдістерімен коррозиялық төзімді, қыздыруға берік және басқа қаптама алынады. Шаңдатқанда жағылатын материал бөлшектері балқытылып, жоғары жылдамдықпен қатты қыздырылған бұйым бетіне жағылады. Бұйым беті балқу температурасына жеткенде шаңдату үрдісі балқытып құюға айналады. Жағылатын материал электр өткізгіш сым (3.23 б сурет) немесе электр өткізбейтін ұнтақ (3.23 в сурет) болуы мүмкін. Плазмалық балқытып құйғанда бұйым мен жағылатын материал ток тізбегіне қосылады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|