– бірінен үлкен аралықта орнатылады да, өзара әрекеттестікке түспейді, ал сол
себептен олардың энергетикалық шектері бөлек ерікті атомдікі сияқты.
Бірінші қоспалы атомнан екінші қоспалы атомға тікелей электронның өтуі өте
шамалы. Бірақ та қоспалар жартылай өткізгіштің өткізгіштік зонасын немесе
электрондармен
қамтамасыздандырады
немесе
валенттік
зонадан
қабылдайды.
Донорлар.
Сыртқы энергетикалық әсерлік жоқта (жылулық, жарықтық)
толтырған қоспа шектер тыйым салынған зонаның «түбі» қасында орнатылған
(5.1 б суретті қараңыз). Сонымен, қоспалы атомдардың активтеу энергиясы
негізгі жартылай өткізгіштің тыйым
салынған зонаның кеңдігінен
аз, сондықтан денені қыздырған кезде қоспаның атомдарын жөнелту тор
электрондарын қоздырудан озып кетеді. Бір –
бірінен алыстаған қоспалы
атомдардың болымды зарядтары кристалл бойынша емін – еркін жылжи
алмайды, сол үшін электр өткізгіштікке қатынаспайды. Мұндай қоспасы бар
жартылай өткізгіштіктік электрондардың шоғырлануы
валенттік зонадан
өткізгіштік зонаға өткен электрондар арқылы пайда болған тесіктердің
шоғырлануынан жоғары болады да, n – түрлі жартылай өткізгіш, ал өткізгіш
зонаға электрондарды жөнелтетін қоспа – донор деп аталады.
Акцепторлар.
Басқа қоспалар валенттік зонаның «төбесі»
қасында
негізгі жартылай өткізгіштің тыйю салынған зонада жататын толтырылмаған
шектерді кіргізеді. Бірінші кезекте жылулық қоздыру валенттік зонадан осы
бос қоспалы шектерде электрондарды жеткізеді. Қоспа атомдардың бір –
бірінен бөлектеніп кеткендіктен қоспалы шектерге жеткізілген электрондар
электр өткізгіштікке қатыспайды. Мұндай жартылай өткізгіштің тесіктерінің
шоғырлануы
валенттік
зонадан
өткізгіштік
зонаға
өткен
электрондардың шоғырлануынан жоғары болады да, оны
- түрлі жартылай
өткізгіш, ал жартылай өткізгіштің валенттік зонасынан электрондарды алып
қалатын қоспалар – акцепторлар деп аталады.
Тап осы жартылай өткізгіштерге шоғырланулар көп заряд тасушылар -
негізгі, ал шоғырланулары аз – негізгі емес деп аталады. Мысалы, n – түрлі
жартылай өткізгіште электрондар негізгі тасушылар – тесіктер – негізгі
емес; p – түрлі жартылай өткізгіште негізгі тасушылар – тесіктер, негізгі емес
– электрондар. Қоспалы электр өткізгіштік өзінің
пайда болуына қарағанда
аздау энергетикалық әсерлікті талап етеді (электрон – вольттың ондық немесе
жүздік бөлігін), сол себептен ол төменгі температуралар (өздік электр
өткізгіштікке қарағанда) кезде пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: