ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
«Алматы энергетика және байланыс институтының»
Коммерциялық
емес акционерлік қоғамы
Ж.Х. Амиров
Қ.Х. Бекмағамбетова
ЭЛЕКТРОТЕХНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛТАНУ
Оқу құралы
Алматы 2009
Кіріспе
«Электротехникалық материалтану» пәні электромагнит өрісінің
әсерінен заттарда өтетін
негізгі физикалық құбылыстарды, материалдардың
сипаттамасын, олардың өндіріс технологиясын оқытады. Электротехника
талаптарды оңынан шешу үшін материалдарды
дұрыс таңдаудың мағынасы
зор. Бұл мәселе электротехниканың жалпы дамуына сәйкес жаңа заттарды
өндіру осымен байланысты. Қазіргі деңгейдің мәселесі жаңа талаптарға сай
сапасы өте жоғары электротехникалық заттарды шығару.
Бұлар жоғары
жылулыққа төзімді майысқақ полимерлер, жұмыс кезінде сенімді жартылай
өткізгіштер,
ферромагнетиктер, магниттік мінездемелері жоғары ферриттер,
асқын өткізгіштер.
Материалдардың электрлі және магнитті қасиеттерін,
механикалық
беріктігін және олардың басқа да ерекшеліктерін түсіну үшін материалдардың
құрылымы мен химиялық құрамын зерттеп алу қажет.
Өнеркәсіпке қажетті электротехникалық материалдарды оқып білу мен
одан кейінгі өңдеу мамандандырылған ғылыми – зерттеу институттарының
тақырыптарына кіреді.
Материалдарды дайындаудың жаңарған технологиясы институттар мен
зауыттардың сынау цехтарында өңделеді.
Ғылыми
негізделген
талаптардың
өндірістегі
шынайы
мүмкіншіліктерімен сәйкестігі біздің мемлекетте жағымды жағдайлар
тудырды. Бұл жағдайларда электр материалдардың
өндірісі соңғы жылдары
жоғары деңгейлерге жетті.
Пәнді оқытудың мақсаты студенттердің арнайы пәндерді оқығанда және
мамандығы бойынша тәжірибелік белсенділігін арттыруға қажетті,
электротехникада қолданылатын материалдардың,
технологияда қандай
бағамен қажеттігін білу. «Электротехникалық материалтану» пәні өз алдына
келесі талаптарды қояды:
- электротехникада қолданылатын материалдарды сынау және үйренуден
шығатын негізгі теорияларды қарастыру;
- электротехникалық материалдары,
олардың қолданылуы, қасиеттері және
құрылымына байланысты топтастыра білу;
- электротехникалық материалдардың өндірістік технологиясы мен
қолданылуының негізгі
ерекшеліктерін білу;
- электротехникалық материалдардың практикадағы ерекшелігін, техникада
және экономикадағы орнығуын білу.