.
Кестенің А 2:N 22 аймағын мәліметтер базасы деп аталады. Мәліметтер базасында осы кестенің А, B, C, D, E, F бағаналары өріс (поля), ал 3 – 22 жолдары жазбалар (запись) деп аталады. А 2 – N 22 аймағында өрістің аттары жазылған.
Мәліметтер базасымен атқарылатын негізі жұмыс оның құрамынан айрықша белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу болып табылады. Жазбалар саны не ғұрлым көп болған сайын мәліметті іздеу қиындай береді.
Excel программасы бұл қиындықты шешуді мәліметтерді сұрыптау арқылы орындау мүмкіндігін береді.
ІІ кезең: Жазбаларды ерекшелеп теріп алу.
Деректер, Фильтр (Данные фильтр) командасын орындау арқылы қажетті жазбаларды басқалардан бөліп алуға, ерекшелеп теріп алуға болады. Ерекшелеп теріп алуды автоматты түрде Автофильтр командасының, ал жай әрекеттер арқылы Кеңейтілген фильтр (расширенный фильтр) командасының көмегімен орындауға болады. Әр оқушының жұмыс нәтижесін ауызша тыңдау.
ІІІ кезең: Автофильтрді пайдалану ерекшеліктерімен таныстыру:
Автофильтрді пайдаланып, жазбаларды ерекшелеп теру әрекеттерін орындау үшін, алдымен курсорды мәліметтер базасы немесе жазбаларды белгілейміз. Одан кейін Деректер, фильтр автофильтр командасын орындаймыз. Нәтижесінде өріс аттары маңына төмен қарай бағытталған тілсызық батырмалар пайда болады. Осы батырмаларды шерту арқылы әрбір өрістегі мәліметтерді ерекшелеп теріп алу критерилерін таңдай аламыз. Пайда болған ішкі менюдегі Барлығы (Все) бөлімі фильтрден өткізу тоқтатады, ал Шарт (Условие) бөлімін таңдау нәтижесінде ерекшелеп алу параметрлерін тағайындау мүмкіндігін беретін сұхбат терезе ашылады. Бір өрісте орналасқан мәліметтерді ЖӘНЕ не НЕМЕСЕ логикалық функциялармен байланысқан екі шарт бір уақытта тексере отырып, ерекшелеп теруге болады.
Оқушыларға осы айтылғандарды орындату:
Автофильтр іске қосылғаннан кейін, оның белгісінде тышқанды
шерткенде ашылатын ішкі меню.
Пайдаланушы автофильтрі сұхбат терезесі
ІҮ кезең: Кеңейтілген фильтр
Кеңейтілген фильтрді пайдаланбас бұрын мындай үш аймақты анықтап алу қажет.
Тізім аралығы (интервал списка), яғни мәліметтер базасы аймағы А 2:N 22;
Критерийлер аралығы (интервал критериев) – ерекшелеп теру әрекеті өткізілетін аймақ.
Шығарып алу аралығы (интервал извлечение) – ерекшелеп теру нәтижесі орналасқан аймақ.
Кеңейтілген фильтр көмегімен мәліметтерді ерекшелеп теру алу үшін, Деректер, Фильтр, Кеңейтілген фильтр командасын орындаймыз. Экранда пайда болған Кеңейтілген фильтр сұхбат терезеде аралықтардың координаталаррын көрсету керек. Егер ерекшелеп теру нәтижесі басқа орынға көшіру қажет болса, онда Нәтижені басқа орынға көшіру (скопировать результат в другое место) ауыстырғышын іске қосамыз.
Ү кезең: Мәліметтерді сұрыптау
Мәліметтер базасы ретінде қарастырылатын кестені сұрыптау мүмкіндігі бар. Сұрыптау әрекетін орындау үшін, мәліметтер базасын белгілеп немесе меңзерді сол аймаққа орналастырамыз. Деректер, Сұрыптау командасын орындаймыз. Осы мезетте Сұрыптау ауқымы (Сортировка диапазона) сұхбат терезесі ашылады.
Бұл терезеде Жазбаларға (Ауқымның бірінші қатары) ауыстырғышын қосып, сұрыптау жүргізілетін өріс атын таңдаймыз. Сонымен бірге сұрыптау тәсілінің өсу ретімен немесе кему ретімен екі мүмкіндігінің бірін таңдап алғаннан кейін ОК батырмасын шертеміз.
Мәліметтер базасы осы әрекеттер орындалған соң өзіміз тағайындалған параметрлерге сәйкес реттеледі. Символдық мәтіндерден тұратын өрістер алфавиттік ретпен сұрыпталады.Нәтижесін тексеру.
Сабақты қорытындылау:
Жаңа сабақты бекіту үшін SIN_kaz электрондық кітабындағы тапсырмаларды орындату.
Үйге тапсырма: Деректер базасы тақырыбын оқып келу.
Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |