Электродинамика және арнаулы салыстырмалық теориясы «Физика», «Физика және информатика»



жүктеу 8,12 Mb.
бет5/63
Дата22.02.2018
өлшемі8,12 Mb.
#10436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
Галилей түрлендірулері деп аталады.

Галилей түрлендірулерінің салдарын қарастырайық.



1.Қозғалмайтын жүйеде орналасқан сағаттың көрсетуі бойынша абциссаның бір нүктесінде екі оқиға өткен болсын, мысалы, t1 мезетте студент кішігірім мақаланы оқи бастады, ал t2 мезетте оны оқып бітірді. Қозғалмайтын жүйе тұрғысы-нан қарағанда оқу процесінің ұзақтығы . Қозғала-тын жүйенің тұрғысынан қарағанда оқу процесінің ұзақтығы

(3.2)

Механикалық оқу процесінің ұзақтығы екі инерциялық жүйеде бірдей болады. Бұл тұжырым уақыт аралықтарының абсолюттылығын білдіреді.

2.Қозғалмайтын жүйеде бір мезетте абцисса осінің бойында орналасқан екі нүктенің ара қашықтығын табайық. Бірінші нүктенің абциссасы , екінші нүкте үшін болсын. Сонда екі нүктенің ара қашықтығы тең болады. Қозғалатын К’ жүйенің тұрғысынан қарағанда арақашықтық Бұдан көретініміз: Екі жүйеде де екі нүктенің ара қашықтығы бірдей болады. Бұл тұжырым арақашықтықтың абсолюттылығын білдіреді. Жалпы жағдайда кеңістіктің екі нүктесінің ара қашықтығы

(3.3)

Ал қозғалыстағы санақ жүйесі үшін





Кеңістіктің екі нүктесінде әр мезетте екі оқиға өткен болсын. Біреуі қозғалмайтын жүйе тұрғысынан қарағанда- мезетте (анық болу үшін, ертерек болған оқиға ), екінші сол жүйеде- мезетте (кейінірек болған оқиға). Сонымен, қоз-ғалмайтын жүйеде ,яғни .Қозғалатын жүйе-де де . Сондықтан «Ертерек», «кейіні-рек» деген үғымдар абсолютті ұғымдар деп қаралады. Қоз-ғалмайтын жүйеде ертерек болған оқиға қозғалатын жүйе тұрғысынан да ертерек, ал кейінгісі - кейінгі болып калады.

Сөйтіп, уақыт аралығы, кеңістік аралығы, біруақыт-тылық («бір мезетте болады»), «ерте», «кеш» ұғымдары абсолют ұғымдар болады. Басқаша айтқанда, Галилей түр-лендірулері кеңістік аралығын, уақыт аралығын, «бір мезетте болады» ұғымын, «ерте», «кеш» ұғымдарын өзгертпейді, олар инвариантты (өзгермейтін) шамалар болады.



Классикалық механикада инвариантты шамалар қатары-на үдеу, күш, күш моменті, потенциялық энергия және т.с.с. шамалар жатады. Қозғалыс жылдамдығы (дәлірек айтқанда сызықтық жылдамдығы) инвариантты шама емес, яғни абсолют жылдамдық векторы салыстырмалы жылдамдық векторы мен көшірілмелі жылдамдық векторының қосындысына тең.
жүктеу 8,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау