«Электр қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қарашадағы №1509 Қаулысы



жүктеу 0,82 Mb.
Pdf просмотр
бет26/28
Дата28.11.2017
өлшемі0,82 Mb.
#2208
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28

458.  Жүк  кӛтергіш  машиналар  мен  механизмдердің  жұмысы  кезінде  кӛтерілетін  жүк 

астында,  телескопиялық  мұнара  себеті  астында  адамдардың  болуына,  сондай-ақ 

тартылған  сымдардан  (тростан),  сүйеулерге,  бекіткішке  және  жұмыс  істейтін 

механизмдерге тікелей жақындауға (5 м жақын) жол берілмейді. 

459.  Телескопиялық  мұнарамен  (гидрокӛтергіште)  жұмыс  кезінде  себеттегі  бригада 

мүшелері мен ӛндіруші арасында кӛру байланысы қамтамасыз етіледі. Мұндай байланыс 

болмаған жағдайда, мұнарада ӛндірушіге себетті (люльканы) кӛтеру немесе түсіру туралы 

команданы беретін бригада мүшесі болуы қажет. 

Телескопиялық мұнарада жұмыс істегенде себеттің (люльканың) түбінде, сақтандыру 

белдігінің ілмегіне бекітіліп тұру керек. 

Себеттен  (люлькадан)  тірекке  немесе  жабдыққа  ауысу  және  керісінше,  тек  жұмыс 

ӛндірушінің келісімімен ғана жүргізіледі. 

460. Кранның жебесі немесе кӛтеруші механизмнің себеті (люлькасы) кернеудегі тоқ 

ӛткізгіш бӛлікке жанасқан кезде машинист туындаған байланыстың тез арада ажырауына 

шара қолдануы қажет және механизмнің жылжымалы бӛлігін тоқ ӛткізгіш бӛлігінен осы 

Қағидаларға 

4-қосымшаның 

1-кестесінде 

кӛрсетілгеннен 

жақын 


қашықтыққа 

жақындатпауы қажет. 

Механизм кернеуде болған кезде механизмнен (машинадан) жерге түсуге немесе оған 

кӛтерілуге, сондай-ақ жерде тұрып оған жанасуға жол берілмейді. 

Машинист айналадағы жұмысшыларға механизм кернеуде тұрғанын ескертуі қажет. 

Кернеудегі автомобиль, жүк кӛтергіш машина немесе механизм күйген кезде ӛндіруші 

(машинист)  аяғын  біріктіріп,  қолымен  машинаға  жанаспай  жерге  секіруі  қажет.  Одан 

кейін  машинадан  кемінде  8  метр  арақашықтықта  аяғымен,  оларды  бір-бірінен  айырмай 

жерде жүре отырып, алыстауы керек. 

461. 220 килоВ және одан тӛмен ТҚ-да жылжымалы металл сатына қолдануға рұқсат 

етілмейді. 

462.  500  кВ  және  одан  жоғары  АТҚ-да  жылжымалы  металл  сатыны  мынадай 

талаптарды сақтағанда қолдануға рұқсат етіледі: 

1)  саты  кӛлденең  қалыпта  жұмыс  ӛндірушінің,  кезекшінің  немесе  жедел  жӛндеу 

персоналының IV топтағы жұмысшысының үздіксіз бақылауымен жылжытылады; 

2)  жылжымалы  сатымен  бағытталған  әлеуетті  алу  үшін  оған  жерге  тиіп  тұратын 

металл шынжыр жалғанады. 

  

  

Ағашқа, төсеме тақталарға, конструкцияларға және жабдықтарға шығуға 

байланысты жұмыстар 

  

Сақтандыру  белдігінің  ілмегін  конструкцияға,  тірекке  және  ӛзгелерге  бекіту  мүмкін 



болмаған  жағдайда,  жоғарыда  жұмыс  істеу  кезінде  алдын  ала  конструкцияға,  тірек 

бӛлшегіне  және  басқаларға  байланған  сақтандыру  арқанды  пайдалану  керек.  Бұл 

жұмысты екі адам істейді, олардың бірі қажеттілік бойынша сақтандырушы арқанды баяу 

түсіріп, тартып тұруы қажет. 

463.  Ағаштар  «Аспаптармен  және  құрылғылармен  жұмыс  істеу  кезіндегі  қауіпсіздік 

қағидаларына» сәйкес орындалуы тиіс. 

464. Ағаш тӛсеніштер, тӛсеме тақталар, люлькалар, егер олардың биіктігі топырақтан 

бетінде болса немесе жабындымен 1,3 м асса, қоршалады. Тӛсеніштер мен қоршауларды 

орнату  мүмкін  болмаған  кезде  немесе  орынды  емес  болған  кезде,  сондай-ақ  жабдықта 

жұмыс  істеу  кезінде  барлық  жеке  жағдайда  қауіпсіздік  шаралары  технологиялық 

картамен, ЖӚЖ-мен немесе басқа құжатпен айқындалады. 

465.  Кернеудегі  тоқ  ӛткізгіш  бӛліктер  орналасқан  конструкцияларда  жұмыс  істеу 

кезінде жӛндеу аспаптары мен құрылғыларын, олардың құлауын болдырмау үшін байлау 

қажет. 



466.  Электр  және  газ  дәнекерлеушісі  металл  шынжырдан  жасалған  сақтандыру 

белдігін қолданады. 

Егер  жұмыс  орны  және  оған  жақындау  орны  қоршалмаған  кернеудегі  тоқ  ӛткізгіш 

бӛліктерде  орналасса,  ал  металл  шынжырдан  арақашықтық  оны  түсірген  жағдайда  1-

кестеде кӛрсетілгеннен тӛмен болса, жұмыс осы тоқ ӛткізгіш бӛліктерді ажырата отырып, 

орындалатын болады. 

467.  Бӛлшектерді  конструкцияға  немесе  жабдыққа  әперіп  тұру  ұшы  жоқ  арқанның, 

жіптің немесе баудың кӛмегімен орындау керек. Тӛменде тұрған жұмысшы арқанды оның 

шайқалуын және тоқ ӛткізгіш бӛліктерге жақындауын алдын алу үшін ұстап қалуы тиіс. 

468.  Порталдарда,  конструкцияларда,  тіректерде  және  ӛзгелерде  жұмыс  істейтін 

персонал қозғалуға кедергі келтірмейтін киімді пайдаланады. Жеке аспап сӛмкеде болады. 

469.  Жарықтандыру  арматурасында  кӛпірлі  кран  арбасымен  машиналық  зал  және 

қазандықтар  тӛбесінде  жұмысты  кезекші  персоналдан  кемінде  екі  қызметкер  немесе 

нұсқау  бойынша  жӛндеу  персоналы  жүргізуі  тиіс.  Жұмысшылардың  бірі  жұмыс 

істеушінің  жанында  болады  және  оның  қажетті  қауіпсіздік  шараларын  сақтауын 

бақылайды.  Уақытша  тӛсеме  тақталарды,  сатыларды  және  ӛзге  де  құралдарды  арбаға 

орнатуға  жол  берілмейді.  Арбаның  тӛсенішінен  немесе  онда  орнатылған  стационарлық 

тӛсеме тақталармен тікелей жұмыс істеу керек. Арбаға кӛтерер алдында оның троллейлі 

сымдарынан кернеу ажыратылады. Жұмыс кезінде сақтандыру белдігін пайдалану керек. 

Краншы  кранның  кӛпірін  немесе  арбасын  тек  жұмыс  ӛндірушінің  командасы  бойынша 

ғана  жылжыта  алады,  кӛпірлі  кранды  жылжыту  кезінде  жұмысшылар  кабинаға  немесе 

кӛпір  тӛсенішіне  орналасады.  Адамдар  арбада  тұрған  кезде,  кӛпірді  және  арбаны 

жылжытуға жол берілмейді. 

  

  

Іссапарға жіберілген персоналдың жұмысы 

  

470. 



Іссапарға 

жіберілген 

персоналға 

қолданыстағы 

электр 

қондырғы 



кәсіпорындарында  жұмыс  істеуге  жіберілетін  және  олардың  штатында  тұрмайтын  басқа 

кәсіпорындар және ұйымдар персоналы жатады. 

471.  Электр  қондырғыларда  жұмыс  істеуге  іссапарға  жіберілген  персоналға  рұқсат 

беру осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Іссапарға жіберілген жұмысшыларда осы 

Қағидаларды  және  іссапарға  жіберуші  кәсіпорын  (ұйым)  берген  электр  қауіпсіздігі 

бойынша тобын білуін тексеру туралы белгіленген нысандағы куәлігі болуы тиіс. 

472.  Іссапарға  жіберетін  кәсіпорын  жазбаша  нысанда  жетекші,  жұмыс  ӛндіруші, 

бақылаушы  және  бригада  мүшесі  ретінде  тағайындалатын  жұмысшыларды,  сондай-ақ 

ұзақ жұмыс кезінде наряд беру құқығы берілген жұмысшыны кӛрсетеді. 

473.  Іссапарға  жіберілген  персоналдан  жұмысшыларға  қолданыстағы  электр 

қондырғыларда  жетекші,  жұмыс  ӛндіруші,  бригада  мүшесі  ретінде  жұмыс  істеу 

мүмкіндігін  беру  іссапарға  жіберуші  кәсіпорынның  хатында  қарармен  немесе  жазбаша 

нұсқаумен пайдалануға беруші  кәсіпорын басшылығымен ресімделуі тиіс. Нарядтар мен 

нұсқаулар  беру  мүмкіндігін  ұсыну  пайдалануға  беруші  кәсіпорын  басшылығының 

жазбаша нұсқауымен ресімделуі тиіс. 

474.  Іссапарға  жіберілген  персонал  іссапар  орнына  келген  кезде,  алдағы  уақытта 

жұмыс  істейтін  электр  қондырғының  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  электр  қауіпсіздігі 

бойынша нұсқаулықтан ӛтеді. Нұсқаулықты ӛткізу тәртібі  «Қазақстан Республикасының 

энергетикалық ұйымдарында персоналмен жұмыс істеу қағидаларында» жазылған. 

475. Құрылыс-монтаждау ұйымы (бұдан әрі - ҚМҰ) пайдалануға беруші кәсіпорыннан 

жазбаша  келісімді  алғаннан  кейін  ӛз  жұмысшыларын  қолданыстағы  электр  қондырғыда 

жұмыс істеу үшін іссапарға жібереді. 




жүктеу 0,82 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау