225
П.8-сурет. Q = AB + AB функциясын іске асыратын сəйкессіздік схемасы
да логикалық бірлік немесе логикалық нөл болатын күйге ауыстыруға
болады.
Триггердің шығысынан əр логикалық бірлік кернеуі IGBT-тран-
зисторының ысырмасына беріледі, транзистор ашылады жəне
электр
қозғалтқыштың жұмысын қосады.
JK
-триггер төрт НЕМЕСЕ — ЕМЕС логикалық элемент базасында
(П.10-сурет, а), яғни екі НЕМЕСЕ —ЕМЕС элементтінің стандартты
RS
- триггеріне қосылуы жолымен нақты жасалуы мүмкін (П.10-сурет,
б).
JK
-триггерінің базасында оның кіруіне түсетін
импульстерді есеп-
теуді жүзеге асыратын екілік есептегіш жасалуы мүмкін (П.11-сурет).
Қажет болғанда екілік сан ондыққа ауыстырылуы мүмкін.
Осы мақсаттар үшін логикалық элементтер базасында құрылған
ауыстырудың арнайы схемалары қызмет етеді. Олар, сонымен қатар,
барлық калькуляторлар мен ком¬пьютерлерде қолданылады.
Екілік есептеуіш іштен жанатын қозғалтқыш
білігін айналдыру
жиілігін шектеу жүйесінде қолданылуы мүмкін. Мұндай жүйеде уақыт
бірлігінде айналу жиілігі датчиктерімен (мысалы, Холл əсері негізінде
жұмыс жасайтын) берілетін импульстер саны есептеледі. Бұл мəн айна-
лу жиілігінің рұқсат етілген ең жоғары санымен салыстырылады. Егер
қозғалтқыш білігінің айналу жиілігі рұқсат етілген саннан көп болса,
қажет болғанда ұлғаятын басқару сигналы өндіріледі. Көрсетілген сиг-
налдың берілуі отынды бүрку жүйесінің форсункасының сөнуіне алып
келеді, нəтижесінде қозғалтқыштың айналу жиілігі төмендей бастайды.
Сипатталған құрылғы əдетте бір шағын микросхема түрінде орындала-
ды, оның құрамында көптеген логикалық элементтер болады.
D
-триггерлер шығысқа логикалық бірліктің кіріс сигналын немесе
С
синхронизация кірісінде логикалық бірлік болған кезде логикалық нөл
береді. Көбінесе синхронизация сигналы кернеу импульсін білдіреді.
Қандай да бір құрылғыда жүздеген логикалық элементтердің бірге
жұмыс жасауы үшін олар синхронизация сигналына өте дəл əсер етуі
керек. Логикалық элементтердің ең жоғары жұмыс дəлдігі
олар син-
226
хронизация импульсінің алдыңғы немесе артқы фронты бойынша іске
қосылғанда қамтамасыз етіледі. Мұндай синхронизация кейде динами-
калық деп аталады, потенциалдыққа қарағанда синхрондау кірісінде тек
кернеу өлшемі рөл атқарады.
D
-триггерлердің шартты белгісі синхро-
низацияның əртүрлі нұсқаларымен П.12-суретте көрсетілген. П.13-су-
ретте келтірілген уақыт диаграммалары
D
-триггер
D
кірісінен синхро-
низация кезінде импуьстің артқы фронты арқылы сигналды шығысқа
қалай беретінін қадағалауға мүмкіндік береді.
Көріп тұрғанымыздай
шығысында логикалық нөл синхронизацияның екінші импульсінің
артқы фронты бойынша пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: