22.2. Жүйелік программаға кіріспе – 4 кредит (180 сағат)
Оқытудың мақсаты: Жүйелік функцияларды қолдана отырып бағдарламалау құралдарын,
әдістерін және принциптерін оқып-үйрену. Операциялық жүйемен және оның құрылымымен
бағдарламалық қарым-қатынасты меңгеру. Операциялық жүйе элементтерінің және жүйелік
бағдарламалау есептерінің функцияларын орындай алатын бағдарлама жаза білу.
Қысқаша мазмұны: ЭЕМ-нің жұмыс режимі. Құрылғылардың сипаттамасы және
белгіленуі. Жадыны ұйымдастыру. Ұлғайтылған жады. Жүйелік ресурстардың тізімі және
жүйелік ресурстардың анықталуы. Үзулерді өңдеу механизмі. Жедел жадыны басқару. Жүйелік
кестелердің, буфердің қолданылуы. Туынды бағдарлама құру. Туынды бағдарламаға параметрлер
беру.
Күтілетін нәтижелері: Білімгерлер жүйелік функцияларды қолдана отырып бағдарлама
құралдарын, әдістерін және принциптерін оқып үйренеді. Тиімді бағдарлама жазу үшін
қолданбалы бағдарламалық құралдарды қолдануға дағдыланады. ЭЕМ-нің аппараттық және
бағдарламалық қамтамаларын біріккен жұмыс принциптері жөнінде жүйелендірілген білім ала
алады.
Пререквизиттер: Ақпарат қауіпсіздік негіздері, бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары.
Постреквизиттер: Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Апсеметов А
22.3. Параллельдік есептеулер – 4 кредит (180 сағат)
Оқытудың мақсаты: Үлгілік алгоритмдерді есептеу машинасында ұтымды өткізуге
дағдыландыру, программа құруды жетілдіру және есеп шығару үшін есептеу жүйелері мен
желілерінің ресурстарын пайдалану тәсілдерімен таныстыру.
Қысқаша мазмұны: Паралель бағдарламалауға кіріспе. Бағдарламалауды тарату. Бөлгіш
айнымалысы бар параллель бағдарламалау. Процестердің әсерлесуі. Параллельно тізбектелген
құрылымдарды басқару модельдері. Асинхронды Синхронды есептеу моделі.
Күтілетін нәтижелері: Есеп шығару білімгерлердің ақыл-ойының дамуына өте игі әсерін
тигізеді, себебі ол анализ және синтез, нақтылау және абстракциялау, салыстыру, жалпылау
сияқты ойлаумен жүргізілетін кезеңді талап етеді және соған дағдыланады.
Пререквизиттер: Ақпарат қауіпсіздік негіздері, бағдарлама әзірлеудің құрал-жабдықтары.
Постреквизиттер: Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру.
Оқытушы: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш
23.1. Есептеу жүйелерін және желілерін ұйымдастыру – 4 кредит (180 сағат)
Оқытудың мақсаты: Есептеу жүйелерін және желілерінің қағидаларын меңгеру. ЭЕМ-де
ақпаратты енгізу-шығаруды білуге үйрету.
Қысқаша мазмұны: Есептеу жүйелері мен желілерінің қағидаттары. Цифрлық
құрылғыларды логикалық жобалау теориясының негіздері. ЭЕМ-нің элементтері және
функционалдық бөлшектері. ҮИС сұлбатехникасы. ЭЕ-нің арифметикалық негіздері. ЭЕМ-нің
жадыда сақтау құрылғылары. ЭЕМ-нің процессорлары. ЭЕМ-де ақпаратты енгізу-шығару .
Деректерді өңдеу жүйелері. Есептеу кешендері. Компьютерлік желілер. Көппроцессорлық ЕК.
Есептеу жүйелері мен желілерін ұйымдастыру негіздері.
Күтілетін нәтижелері: Білімгерлер ашық жүйелердің өзара байланысының эталондық
моделін, жергілікті есептеуіш желілерін құру, қатынас әдістерін, хаттамаларын, ТСР/ІР
хаттамаларын қоса отырып, корпоративті желілер технологиялары мен желілердегі ақпаратты
тасымалдаудың физикалық принциптерін, желілер деңгейінде ақпараттық қауіпсіздік негіздері
туралы мағлұматты толық алып, үйрене алады. Бұл желілік технологиялардың даму
тенденциялары және болашағы туралы білім алады.
Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелер интерфейстері, операциялық жұйелер.
Постреквизиттер: жоқ.
Оқытушы: т.ғ.к.,
доцент Тукубаев З
23.2. Білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технология– 4 кредит(180
сағат)
Оқытудың мақсаты: Ақпараттық коммуникациялық технологиялары саласында
қалыптастырылған базалық мағлұматтарды және икемдіктерді өзінің кәсіптік қызметінде
пайдалануға дайындау.
Қысқаша мазмұны: Ақпараттық коммуникациялық технологиялар құралдарын жасау мен
пайдаланудың дидактикалық негіздері. Мектепте АКТ құралдарының даму тарихы.
Бағдарламалық оқыту және оны АКТ дамуының жаңа сатыларына көшіру. Оқытудағы АКТ
дамуының кезеңдері. Олардың заңдылықтары. Білім беруде АКТ-ны пайдаланудың бағыттары
мен болашағы. АКТ дамуының перспективалық бағыттары.
Күтілетін нәтижелері: Жаңа компьютерлік технологиялар мен телекоммуникациялар туралы
жалпы түсініктеме беру; қазіргі заманғы технологиялар мен коммуникация құралдары
мүмкіндіктерін ашу; мамандыққа сай есептерді шешу үшін компьютерлік технологиялардың
программалық құралдарымен жұмыс істеуі үйренеді. Білім берудегі ақпараттық және
коммуникациялық технология арқылы өз білімдерін ақпараттық және телекоммуникациялық
технология арқылы жетілдіреді.
Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелер интерфейстері, операциялық жұйелер.
Постреквизиттер: жоқ.
Оқытушы: т.ғ.д., профессор Ескендиров Ш
23.3. Желілік жүйе – 4 кредит (180 сағат)
Оқытудың мақсаты: Жүйелік функцияларды қолдана отырып құралдарын, әдістерін және
принциптерін оқып үйрену.
Қысқаша мазмұны: Желілік операциялық жүйе. Біррангті желілік операциялық жүйе және
айрықшаланған серверлері бар операциялық жүйе. Жұмысшы топтары үшін операциялық жүйе
және үлкен масштабтағы кәсіпорныдарға арналған операциялық жүйелер. Корпоративті
операциялық жүйе белгілері. Анықтама қызметі.
Күтілетін нәтижелері: Желілермен жұмыс жасау жолдарын, оларды қолдану мақсатттарын
толық қалыптастыруға дағдыланады. Компьютерлік желілермен жұмыс, қарапайым Web-беттерін
жасауға, жергілікті желілердің қажетті құрал жабдықтарын таңдай білу және жергілікті желілерін
конфигурациялау, әртүрлі қосымшалар үшін желілік хаттамалар жиынтығын таңдауды үйренеді.
Пререквизиттер: Компьютерлік жүйелер интерфейстері, операциялық жұйелер.
Постреквизиттер: жоқ.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Апсеметов А.
24.1. Компьютерлік желілер – 4 кредит (180 сағат)
Оқытудың мақсаты: Құрамдық желі құрудың принциптері туралы түсінік алу. TCP/IP
стек хаттамалары. IP-желісіндегі адресация. IP- алмасу кезіндегі желі аралық хаттамалар. ТСР
хабарламасының жету нақтылық хаттамалары. ІСМР хабарламаларының алмасу хаттамалары.
Коммутация және Мультипликация. Компьютерлік желілерге қойылатын талаптарды қолдануды
меңгеру.
Қысқаша мазмұны: Жергілікті есептеу желілерінің компоненттері. Компьютер
рессурстарын бөліп тарату. Электрондық почта. Файлдық серверлер. Хаттамалар, кабельдер және
бейімдеуіштер. Жұмыс стансалары. Желілік бағдарламалық қамтама. Біррангты жергілікті
есептеу желілері. ЖЕЖ-ді кеңейту. Үйлесімділікті талдау. ЖЕЖ біріктіру және ауқымды есептеу
желілері. Желінің құрылу пәнінің негізгі ұғымдары,принциптері, желінің қажеттілігі, блок-
схемасы, желі жұмысының ұйымдастырылуы. Желі жұмысын басқарудағы программалар,
желіде программалар құру, дайын пакеттер, олардың мақсаттары және мүмкіндіктері.
Күтілетін нәтжелері:Компьютерлік желілер арқылы желі құру принциптерін, желіаралық
хаттамаларын қолдану тәсілдерін меңгереді. Жаңа компьютерлік технологиялар мен
телекоммуникациялар туралы жалпы түсініктеме беру; қазіргі заманғы технологиялар мен
коммуникация құралдары мүмкіндіктерін ашу; мамандыққа сай есептерді шеше үшін
компьютерлік технологиялардың программалық құралдарымен жұмыс істеуді үйренеді.