36
бағалаудың мамандандырылған әдіснамасы, сондай-ақ сауалнама алынатынның
шынайылығы мен жүргізілген сауалнаманы бағалау сапасын қысқа мерзім ішінде анықтай
алатын қаржы мамандарының күшті деректер базасы болып табылады.
GFCI Лондон Ситиді басқарушы CorporationofLondon муниципалдық органы үшін,
сондай-ақ Лондон қаржы орталығын талдау және баламалы халықаралық қаржы
орталықтарымен салыстырып көрсету мақсатында Z/Yen компаниясының көптеген
клиенттері мен әріптестері үшін әзірленеді.
Сондай-ақ, аталған рейтингті шетелдік инвесторлар өз капиталын салуға бағдар
ретінде қолданады, себебі рейтинг «бедел» ұғымын білдіреді. GFCI-дің есебі әрбір 6 ай
сайын (наурыз және қыркүйекте) шығарылып тұрады және Z/Yen мамандары тоқсан
сайын деректерді жаңарту бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіп тұрады.
GFCI индексі факторларды бағалаудың екі бағытының ортақ балы арқылы
есептеледі, атап айтқанда:
1.Оnline сауалнама – бұл Z/Yen командасының тұрақты негізде халықаралық
қаржы мамандары мен кәсіби инвесторларына пікіртерім жүргізуі. Респонденттерді
өздері білетін қаржы орталықтарын бағалауын сұрайды, сондай-ақ олардың осы ХҚО-
лардың бәсекеге қабілеттілігі жөнінде түсініктеріне қатысты пікірлерін ескереді. Барлығы
3 000 жуық халықаралық қаржы орталықтары мен кәсіби инвесторларына сұрау жүргізеді,
25 000 астам қаржы орталықтарының бағалауын жинайды.
2. Инструменталдық факторлар (сыртқы факторлар) – бұл Бизнес-орта, Қаржы
секторын дамыту, Инфрақұрылым, Адами Капитал және Жалпы бәсекеге қабілеттілік
(бедел) 5 негізгі бағыт бойынша анықталатын қаржы орталықтарының бәсекеге
қабілеттілігін қалыптастыратын бірнеше факторлардың тәсілі.
GFCI рейтингін жасау кезінде Z/Yen компаниясының пікірі бойынша қаржы
орталықтарының
бәсекеге
қабілеттілігін
көрсететін
жария
етілетін
индикаторлар/индекстер қолданылады. Бұл ретте Z/Yen компаниясы қаржы орталығына
баға беру кезінде бәсекеге қабілеттіліктің келесі маңызды салаларын қарастырады:
Бизнес-орта. Салық режимін реттеу, оның тартымдылығы, сыбайлас жемқорлық
деңгейі, қатысушылар үшін экономикалық еркіндік дәрежесі және ХҚО-ларда бизнес
жүргізу жеңілдігін сипаттайтын басқа факторларды қамтиды (мәселен, аталған салада
Әлемдік Банктің «Бизнес жүргізу», «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» және т.б
рейтингтер сияқты рейтингтер ескеріледі).
Қаржы секторын дамыту. Қаржылық делдалдық деңгейі, қаржы құралдарының
сауда-саттығының көлемі, бір қаржы орталығында шоғырланған қаржы ұйымдарының
саны (мәселен, «Капиталға қолжетімділік индексі», «Исламдық қаржыландыру» және
басқалар).
Инфрақұрылым.
Кеңсе
үй-жайларының
қолжетімдігін,
жол-көлік
инфрақұрылымының дамығандығын, телекоммуникациялық арналардың жылдамдығы
мен сапасын, қауіпсіздіктің жалпы деңгейін (мәселен, «Бейбітшілдіктің жаһандық
индексі», «Әлемдегі экономикалық еркіндік», «Телекоммуникациялық инфрақұрылым
индексі», «Қала инфрақұрылымы» және басқалар) бағалау жүргізіледі.
Адами капитал. Білікті қызметкерлерге деген қолжетімділікті, олардың
ұтқырлығын, тікелей қаржы орталығының аумағында бизнес-білім алу мүмкіндігі және
адами капиталды дамытуды (мәселен, «Адами капитал индексі», «Әлемдік дағдылар
индексі», «Тілдік әр түрлілік индексі» және т.б. рейтингтер) бағалау жүргізіледі.
Жалпы бәсекеге қабілеттілік (бедел) Қаржы орталығының қатысушысы болу
тартымдылығына жанама әсер ететін бағалар деңгейі, қатысушылардың экономикалық
көңіл-күйі, қаржы орталығындағы өмір сапасы сияқты түрлі факторлар қарастырылады
37
(мәселен, «Бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексі», «Халықаралық бақыт индексі»
және басқалар).
GFCI-де
105
фактор
қолданылады,
оның
10-15%-ы
GFCI-дің
кезекті
шығарылымымен жаңартылып отырады. Бұл ретте қандай да бір қаржы орталықтары мен
қалалар бойынша позитивті ресми ақпараттың болмауы бағалауға теріс әсер етуі мүмкін,
себебі аталған индекстер рейтингке енгізілмейді және тиісінше, балдар қосылмайды. Не
болмаса, керісінше, жағымсыз ақпараттың болмауы ХҚО-ны бағалауға жағымды әсер етуі
мүмкін және де тиісінше балдар қосады. Жалпы жиынында сыртқы факторлар аралық
балды құрайды, оған on-line сауалнаманың бағалары қосылады. 2007 жылдан бастап
рейтинг көшбасынан Лондон тұрақты орын алса, 2014 жылдың наурыз айынан бастап
рейтингтегі біріншілікті Нью-Йорк қаласы иеленіп отыр. GFCI рейтингінде өңірлер
бойынша ХҚО-ларды географиялық бөлу келесі тәртіпте жүргізілді: Еуропа, Азия/Океания,
Америка, Таяу Шығыс және Африка мен Оффшорлар. Алайда, 2014 жылғы қыркүйектен
бастап рейтингті құрастырушылар қаржы орталықтарын географиялық бөлуді өзгертуді
шешті: Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа және Орталық Азия, Азия/Океания, Солтүстік
Америка, Латын Америкасы, Таяу Шығыс және Африка, Оффшорлар.
GFCI және IFCDI рейтингтерін салыстыру үшін 1 және 2 кестелер келтірілген.
1-кесте
Ең үздік 10 ХҚО-ның рейтингтерін салыстыру
р/
с№
IFCDI
GFCI
2013
2012
GFCI'16
GFCI'15
1
Нью-Йорк
Нью-Йорк
Нью-Йорк
Нью-Йорк
2
Лондон
Лондон
Лондон
Лондон
3
Гонконг
Токио
Гонконг
Гонконг
4
Токио
Гонконг
Сингапур
Сингапур
5
Сингапур
Сингапур
Сан-Франциско
Цюрих
6
Шанхай
Шанхай
Токио
Токио
7
Париж
Франкфурт Цюрих
Сеул
8
Франкфурт Париж
Сеул
Бостон
9
Чикаго
Цюрих
Бостон
Женева
10 Сидней
Чикаго
Вашингтон Д.С.
Сан-Франциско
1-кестеге сәйкес көшбасшылардың негізгі үштігіне Нью-Йорк, Лондон және
Гонконг кіреді.
2-кесте
IFCDI және GFCI рейтингтерін жалпы салыстыру
Көрсеткіштер
IFCDI
GFCI
Іске қосу күні
2010
2007
Шығару жиілігі
Жыл сайын
Әрбір жарты жыл
сайын
2014 соңына шығарылымдар саны
4
16
Рейтингтегі ХҚО саны
45
83
Шығару елі
АҚШ және Қытай
Ұлыбритания