42
АҚШ Федералдық резервтік жүйесі бизнесінің тиімділігі қор нарығының жай-күйіне
және тұтастай алғанда елдің экономикасына ықпал ететін АҚШ-тың 20000 жетекші
компаниясынан астамына мониторинг жүргізеді. Бұл ретте, Федералдық резервтік жүйе
экономикалық конъюнктура және кәсіпорындардың қаржылық жай-күйі туралы
ақпаратты пайыздық саясатты айқындау үшін ғана емес, қаржы секторының тәуекелдерін
бағалау кезінде де пайдаланады, себебі Американың Тәуекелдерді басқару жөніндегі
қауымдастығымен (The Risk Management Association – RMA) белсенді түрде өзара іс-
әрекет етеді және RMA рейтингтерін пайдаланады, оларды жасау кезінде
кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің көрсеткіштері, менеджмент сапасы және
салалар мен өңірлердің негізгі даму үрдістері пайдаланылады.
2008 жылы қабылданған
RMA «Enterprise risk management» тұжырымдамасына сәйкес кәсіпорындардың
тәуекелдерін айқындау және бағалау үшін кәсіпорындар қызметінің бірқатар бағыттарын:
бизнес стратегиясын, риск-тәбетін, корпоративтік мәдениетін және менеджментін,
технологиялық процестерін қарастырып, есептік баланстарды тексеру қажет[6].
Финляндия Банкі кәсіпорындардың кредиттік рейтингтерінің талдауын және
экономикадағы бизнес-циклдердің серпіні туралы ақпаратты орталық банктің банктер
капиталының барабарлығын талап ету сияқты шарасы нақты экономикалық ахуалды
көрсетуі үшін пайдалана отырып, коммерциялық банктердің кредит тәуекелдерінің
мүмкіндігін зерделейді. Финляндия Банкінің 2013 жылдың қорытындысы бойынша
Есебінде [9] 2014 жылы қадағалауды одан әрі күшейту және қарыздар бойынша
корпоративтік борышты төмендету, қарыз алушылар қызметінің ашықтығы бойынша жаңа
«The Single Supervisory Mechanism» банктік қадағалау тетігін енгізілгендігі атап өтіледі.
Ресей Банкі халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, қадағалау блогының
қажеттілігі үшін қаржылық емес кәсіпорындарға талдау жүргізеді[5]. Қарыз алушылар,
эмитенттер, кредиттік ұйымдардың принципиалдары мен борышкерлері болып
табылатын кәсіпорындардың сенімділігіне бағалау, сондай-ақ ірі жүйе құраушы
кәсіпорындардың сенімділігіне бағалау және қарыз алушының қаржылық жай-күйін
бағалау әдістемелеріне талдау жүргізіледі. Банктік қадағалау, қадағалау функцияларын
жүзеге асыру (кредиттік ұйымдар қабылдайтын кредит тәуекелдерін бағалау бөлігінде)
саласында жүргізілетін жұмысқа ақпараттық-талдамалық жәрдемдесу (қолдау көрсету)
Ресей Банкінің экономиканың қаржылық емес секторы кәсіпорындарының мониторингін
жүргізу
жұмысындағы
ағымдағы
міндеті
болып
табылады.
Туындайтын
проблемалардың/тәуекелдердің ерте алдын алу мақсатында қолданылатын тәсілдер мен
қағидаттарды пайдалануды көздейтін банктік қадағалаудың тәуекелге бағдарланған
жүйесін дамытуға кәсіпорындар мониторингін жүргізу жөніндегі жұмысты бағдарлау
стратегиялық міндет болып табылады.
Ресей Банкінің кәсіпорындар мониторингін ұйымдастырудағы және жүргізудегі
тәжірибесі кәсіпорындар мониторингінің нәтижелерін Қазақстанның қаржы секторы үшін
практикада пайдалануды кеңейтуде дау туындатуы мүмкін екендігі сөзсіз.
Ұлттық Банктің қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және оны одан
әрі дамыту жөніндегі міндеттерін, сондай-ақ бірқатар орталық банктердің халықаралық
тәжірибесін назарға ала отырып, Ұлттық Банк жүргізетін кәсіпорындар мониторингінің
нәтижелерін Қазақстанның қаржы секторы үшін практикалық пайдаланудың үш
тұжырымдамалық тәсілін қарастыру ұсынылады:
Бірінші тәсіл – ұйымдық-әдістемелік қамтамасыз ету;
Екінші тәсіл – ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;
Үшінші тәсіл – қаржылық қызметтердің сұранысын, сапасын және қолжетімділігін
бағалау.
43
Бірінші тәсіл 1) кәсіпорындардың қаржылық жай-күйінің кейінгі мониторингі үшін
экспресс-диагностиканы қоса алғанда, кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың
бірыңғай әдістемесі бойынша нормативтік базаны реттеу және ұсынымдарды әзірлеу; 2)
нормативтік құқықтық құжаттарға банктердің, сақтандыру (қайта сақтандыру)
ұйымдарының, бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушыларының ішкі құжаттарында
көрсетілуге тиіс өзгерістер мен толықтырулар бойынша қарыз алушыларға (қарыз
алушылардың
сәйкестігін
бағалау),
сақтанушыларға
және
мемлекеттік
емес
облигациялардың эмитенттеріне қойылатын талаптарды күшейту бөлігінде ұсыныстар
енгізу арқылы Ұлттық Банктің әдістемелік жұмысын ұйымдастыруды білдіреді.
Ұлттық Банк қаржы ұйымдарын қадағалаумен қатар инфрақұрылымдық
облигациялардың эмитенттерін бақылауды да жүзеге асыратындығы белгілі, олардың
ішінде қаржыландырудың қосымша көзін қамтамасыз ету үшін облигациялар шығаратын
экономиканың нақты секторының кәсіпорындары бар.
Сондықтан да қаржы реттеушісінің қаржылық қызметтерді көрсететін қаржы
нарығы субъектілерінің қызметіндегі ықтимал тәуекелдерге, оның ішінде экономиканың
нақты секторының кәсіпорындарына ертерек ден қою жүйесіне қолдау көрсету
жағдайында Ұлттық Банк жүргізетін нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін
практикалық пайдалану айтарлықтай өте түседі. Бұл ретте қарыз алушыны, эмитентті
және сақтанушыны бағалау үшін талдамалық негізді осы қарыз алушының ағымдағы және
күтілетін борыштық жүктемесін және банктен алған қарыз ақшасын оның ағымдағы
өтімділігін, активтерінің жай-күйін, болашақтағы міндеттемелерін және тағы басқаларын
ескере отырып қайтаруының әлеуетті мүмкіндіктерін көрсетуі мүмкін қаржылық
көрсеткіштері бойынша қосымша есептеу бөлігінде кеңейту мүмкіндігі қаржы секторын
дамыту және қаржы реттеушісінің қадағалау және бақылау функцияларын күшейту
қажеттіліктері үшін неғұрлым өзекті болады.
Осыған байланысты Ұлттық Банктің банктерге мемлекеттік емес облигациялардың
эмитенттеріне кредит беруі бойынша банктерге, сондай-ақ әлемдік тәжірибені және
Ұлттық Банктің кәсіпорындар мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әлеуетін ескере
отырып қарыз алушының, инфрақұрылымдық облигациялар эмитентінің және
сақтанушылардың
қаржылық
жай-күйін
бағалау
әдістемесі
жөніндегі
негізгі
ұсынымдардың қадағалау қажеттіліктері үшін кейіннен жүйелендіру және әзірлеу
мақсатында андеррайтерлерге талаптарды айқындайтын нормативтік құқықтық актілерін
қарастыру ұсынылады.
Мәселен, банктер ішкі кредит саясаты туралы қағидаларға және операцияларды
жүргізудің жалпы талаптары туралы қағидаларға сәйкес береді. Әрбір қарыз алушыға
Кредиттеу жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларына сәйкес кредиттік досье
дайындалады[2].
Кредиттік досьеде қарыз алушының (қоса қарыз алушының) кредитті банкке
уақтылы қайтару қабілетін бағалайтын кредиттік скорингті айқындайтын құжат, қарыз
алушының, оның ішінде сату, қарыз алушының маркетингтік стратегиясы нарықтары;
тәуекелдерді бағалау бойынша ақпарат және қарыз алушының қызметі туралы басқа да
ақпарат бар бизнес-жоспары болады.
Мемлекеттік емес облигациялар эмитенттерінің қаржылық жай-күйі Мемлекеттік
емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу және облигацияларды
орналастыру және өтеу қорытындылары туралы есептерді қарау, облигациялар
шығарылымының күшін жою қағидаларына сәйкес бағаланады[3].
Қадағалау бөлімшесі эмитентті бағалау барысында негізгі құжаттардан басқа
эмитенттің бәсекелестері туралы мәліметтерді қарайды; эмитенттің Қазақстан
Республикасының ішіндегі орташа салалық және егер мүмкін болса, орташа әлемдік