Экономикалық шолу Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі



жүктеу 1,49 Mb.
Pdf просмотр
бет1/30
Дата24.11.2018
өлшемі1,49 Mb.
#24500
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30


 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

Экономикалық шолу 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 

№4, 2014 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



Мазмұны 

 

Проблемалар мен пайымдаулар 

Төреханова Н.Е. Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігі және оның 

Қазақстан Республикасында жұмыс істеу ерекшеліктері.................................................................3 



Осипов И.В., Оразалин Р.Ж. Экономикадағы  кредиттер: талдау  және  бағалау…………………………….8 

Ким В.А. Қазақстандағы зейнетақы реформалары. Келешекке көзқарас………………………………………..14 

Орлов П.Е. Кәсіпорындардың Ұлттық Банктің мониторингіне қатысуын ынталандыруды 

қамтамасыз ету проблемасы және оны шешу тәсілдері………………………………………………………………..….19 



Қалымбетов А.С. Қазақстанда қадағаланбайтын экономиканы өлшеу……………………………………………29 

Белонио С.М. Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының  GlobalFinancialCentresIndex 

әлемдік рейтингінде алатын орны……………………………………………………………………………………………………..35 



Серікбаева  А.Т.  Кәсіпорындар  мониторингінің  нәтижелерін  Қазақстанның  қаржы  секторы  үшін 

практикада қолдану.......................................................................................................................40 

 

Әдістеме 

Медетбаева Г.К. Ең аз резервтік талаптар туралы.................................................................................51 

Бабықпаева А.Т. Ішкі аудит қызметін басқару жөніндегі бағдарламалық өнімдерді пайдалану.....56 

 

Исламдық қаржыландыру 



Шәмшіев  М.А.  Әлемдегі  исламдық  депозиттерге  кепілдік  беру  тәжірибесі  және  Қазақстанда  

исламдық депозиттерге кепілдік беру жүйесін дамыту бойынша ұсыныстар....................................62 

 

Экономика және қаржы нарығы: аймақтық аспектілер 

Жүсіпова С.М. Тұтынушылардың  құқықтарын қорғау жөніндегі іс-шаралар шолуы........................66 

 

 

 

 

 

 

 

Мақалалар авторларының ой-пікірлері Қазақстан Республикасының 

Ұлттық Банкінің ұстанымымен бір-біріне сай келмеуі мүмкін 



 

 



Ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігі және оның Қазақстан Республикасында 

жұмыс істеу ерекшеліктері 

 

Төреханова  Н.Е.  –  Ұлттық  Банктің  Зерттеулер  және  стратегиялық  талдау 

департаменті экономикалық зерттеулер басқармасы бастығының орынбасары  

 

Ақша-кредит  саясаты  кез  келген  мемлекеттің  макроэкономикалық  дамуында 

негізгі  рөлдердің  бірін  атқарады.  Ақша-кредит  саясатының  мақсаттары  мен 

міндеттерін, оны іске асыру құралдары мен тетіктерін таңдау мәселесі ақша-кредит 

саясатының тұтастай алғанда мемлекеттің экономикасына қалай әсер ететінін бір 

мәнді  түсінген  кезде  ғана  тиімді  шешіле  алады.  Соның  салдарынан,  дамыған,  сол 

сияқты дамушы елдердегі ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігін зерделеу 

соңғы  жылдары  көптеген  зерттеулердің  мақсатына  айналды.  Ақша-кредит 

саясатының  құралдары  түпкілікті  нәтижесінде  көптеген  орталық  банктердің 

нысаналы  индикаторы  ретінде  ықпал  ететін  бірнеше  арна  бар.  Жиынтығында  бұл 

арналар ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігін қалыптастырады. 

Кейнсиан  теориясында  трансмиссиялық  немесе  өткізу  тетігі  ауыспалылар  жүйесі 

ретінде  айқындалды,  ол  арқылы  ақша  ұсынысы  экономикалық  белсенділікке  әсер  етеді.  

Өткен  ғасырдың  70-ші  жылдары  Бреттон-Вудс  жүйесінің  күйреуінен  кейін  инфляцияға 

әсер  ететін  негізгі  тәсіл  ретінде  орталық  банктер  ақша  агрегаттарының  бірін  реттеуді 

жиірек  таңдай  бастады.  Алайда  уақыт  өте  келе  ақша  агрегаттарының  инфляциямен 

байланысының  орнықтылығы  олардың  айналыс  жылдамдығының  тұрақсыздығына, 

ауқымды  уақытша  лагтардың  болуына  орай  төмендеді.  Соның  нәтижесінде,  ақша 

сұранысы функциясының тұрақсыздығы ақша-кредит саясатының тиімсіздігіне әкелді. 

Ақша  айналысының  жылдамдығын,  ақша  массасының  құрылымын  және  ақша 

мультипликаторын  айқындау  қиындығы,  қысқамерзімді  кезеңде  ақшаға  сұраныстың 

құбылмалылығы,  әсіресе  бұл  көрсеткіштердің  циклдық  ауытқушылықтарға  икемділігін 

ескере  отырып,  монетарлық  таргеттеудің  тек  көшпелі  экономикасы  бар  елдерде  немесе 

дамушы елдерде ғана емес, сол сияқты дамыған елдерде де пайдаланылуының тиімділігі 

аз. 

Қаржы нарықтарының белсенді түрде дамуы, жаңа күрделі қаржы құралдарының 



және  ақшаға  ұқсас  активтердің  пайда  болуы  ақшалай  таргеттеудің  инфляцияны  тікелей 

таргеттеуге орын бере отырып, біртіндеп екінші орынға ауысуына қосымша түрткі болды. 

Экономикалық  субъектілердің  іс-қимылының  орынды,  сол  сияқты  орынсыз  сипаты 

болуын  ескере  отырып,  экономикалық  күтулерді  бақылау  орталық  банктің  бірінші 

кезектегі  міндеттерінің  бірі  болып  табылады.  Көп  жағдайда  бұл  міндетті  инфляциялық 

таргеттеу режімі шешуі мүмкін, ерекшелігі оны жүргізудің қатаң қағидаларының болмауы 

болып табылады. 

Өткен  ғасырдың  90-шы  жылдарынан  бастап  неғұрлым  көп  ел  инфляциялық 

таргеттеу режіміне көшуді жүзеге асыруда. Инфляцияны таргеттеуді бастаған алғашқы ел 

Жаңа Зеландия болды (1989 жылғы желтоқсан). 

Қазіргі уақытта инфляциялық таргеттеуді енгізу мәселесі Қазақстанда да қаралуда. 

Оның  үстіне,  табиғи  ресурстарға  бай  дамушы  елдерде  ақша-кредит  саясатының  режімін 

таңдау мәселесінің күрделі әрі біркелі емес екендігін, ал инфляциялық таргеттеуді «таза» 

күйінде  тиімді  жүргізу  мүмкіндігі  күмәнді  болып  табылатынын  атап  өткен  жөн. 

Экономикасы  дамып  келе  жатқан  елдерде  монетарлық  саясатты  жүргізген  кезде 

энергетикалық  табиғи  ресурстардың  болуы  салыстырмалы  басымдықтан  гөрі  сын-қатер 

мәселесі екендігі айқын. 



жүктеу 1,49 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау