ХАТТАМА
Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облысы кәсіподақтар
Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің
облыстық бірлестіктері арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған
ОБЛЫСТЫҚ КЕЛІСІМГЕ қосымша
Біз, Атырау облысының әкімдігінің, «Атырау облысы кәсіподақтар
Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі мен жұмыс берушілердің
облыстық бірлестіктерінің өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар)әлеуметтік
әріптестік мақсаттарын басшылыққа ала отырып 2015-2017 жылдарға
арналған облыстық келісімге келесі өзгерістер мен толықтыруларды енгізуді
шешті (бұдан әрі – Қосымша келісім):
1.
«Халықты тиімді жұмыспен қамтуға және адам капиталының
дамуына жәрдемдесу» атты 2 Тарауды келесі мәтіндегі 7 тармақпен
толықтыруға:
Кәсіпорынның экономикалық жай-күйінің нашарлауына әкеп соғатын
өндіріс, орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемі
төмендеген жағдайда Жұмыс берушілер келесі шараларды қамтамасыз ету
арқылы жұмысшыларды қысқартуды барынша азайтуға міндетті:
-
бос тұрып қалу жағдайында жұмыс берушінің жұмыскерді денсаулық
жағдайына байланысты қарсы көрсетілімі жоқ басқа жұмысқа оның
келісімінсіз ауыстыруға.
-
кадрларды уақытша жұмысқа қабылдауды тоқтату;
-
алдын ала, уақытылы кадрларды қайта даярлап, кәсіпорынның ішінде
босаған жұмыс орындарына ауыстыру;
-
лауазымдарды қоса атқарудан, үстеме жұмыстан, демалыс, мереке
күндеріндегі жұмыстан бас тартып, ол аталған жұмыстарды қысқартылуға
жататын кандидаттарға беруді;
-
қысқартылуға жататын үміткерлердің келісімімен, оларды күнделікті
жұмыс (жұмыс ауысымы) ұзақтығының нормасын азайту арқылы толық емес
жұмыс уақытына және жұмыс аптасындағы жұмыс күндерінің санын
қысқарту арқылы толық емес жұмыс аптасына ауыстырып, жұмыс
орындарын сақтап қалу;
-
әкімшілік-басқару шығындарын азайту.
Жұмыс берушілер бастауыш кәсіптік одақтың тиісті дәлелді пікірін алу
үшін қысқартылуға жататын үміткерлерді жұмыстан босату және еңбек
жағдайларын өзгерту жөніндегі шешімдерді қабылдар алдында бір ай бұрын
кәсіптік одаққа шешімдердің (бұйрықтардың) жобаларын және олар
бойынша негіздемелерін жолдайды.
Ұжымдық шарттарда кәсіптік одақтың (жұмыскерлердің өкілдерін)
дәлелді пікірін ескеру жөніндегі ережелер қарастырылсын. Атырау облысы
Мемлекеттік еңбек инспекциясына ұжымдық шарттардың мониторингін
жүзеге асыру кезінде аталған ережелер ескерілсін».
2.
«Әлеуметтік қамсыздандыру және қорғау, халықтың нысаналы
топтарын әлеуметтік ықпалдастыру» атты Тараудың 7 тармағын келесі
абзацпен толықтырылсын:
«Жұмыс берушілер ұжымдық шарттар жасаған кезде денсаулықты
сақтау, сондай-ақ, жұмыс істейтіндерді сауықтыру, дене тәрбиесімен және
спортпен айналысуына бағытталған шараларды қаржыландыру мен
ұйымдастыруды көздеу».
3.
«Әлеуметтік
әріптестікті
дамыту
және
әлеуметтік
жауапкершілік» атты 6 Тараудың 3 тармағын, 4 тармақшасымен келесідей
мәтінмен толықтыруға:
«Тараптар өкілдері ұжымдық шарттың маңыздылығын, жұмыс
берушілер мен жұмыскерлердің арасында әлеуметтік диалогты ұйымдастыру
тетіктерін, еңбек дауларын шешу және алдын алу тәртібін түсіндіру
шараларын іске асыруды көздеу.
Кәсіпорын басшылары әлеуметтік серіктестік шеңберінде Тараптардан
хат түскеннен кейін 10 күн ішінде ұжыммен кездесуілер ұйымдастыруға
міндетті деп белгілеуге. Кездесуге еңбек ұжымының құрамы кеңсе және
басқарушы қызметкерлерімен шектелмеуі тиіс және басымшылығы
өндірістік жұмыскерлердің қатысуы қамтамасыз етілуге тиіс».
4. Осы Қосымша келісім, оған қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді
және Атырау облысының әкімдігі, «Атырау облысы кәсіподақтар
Орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі, жұмыс берушілердің
облыстық бірлестіктері арасындағы 2015 – 2017 жылдарға арналған
облыстық келісімнің ажыратылмас бөлігі болып табылады.
Келісімнің мәтіні екі апта мерзімде «Атырау» және «Прикаспийская
коммуна» облыстық баспа басылымдарында жарияланады.
2015 жылғы 29 желтоқсанда Атырау қаласында 5 данада мемлекеттік
және орыс тілдерінде жасалды. Қол қоюға қатысушылардың әрқайсысында
Келісімнің бір-бір данасы бар.
Осы Облыстық келісімге мыналар қол қойды:
Атырау облысы әкімдігі атынан:
Атырау облысы әкімінің орынбасары
С.Ж. НАҚПАЕВ
__________________________
Қызметкерлердің облыстық бірлестіктері атынан:
«Атырау облысы кәсіподақтар Орталығы»
аумақтық
кәсіподақтар
бірлестігінің
төрағасы
Д.Б. СҰЛТАНОВ
__________________________
Жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері атынан:
Атырау облысының кәсіпкерлері мен
жұмыс берушілер Одағының төрайымы
Ә.Б.БЕКҚОЖИЕВА
__________________________
Атырау
облысының
Кәсіпкерлер
Палатасының директоры
А.М. ЖӘКИЕВ
__________________________