Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет15/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61

 
46 
Аристотель іліміне алған жол ашқан ғұлама философ әл- Кинди 
(800 – 870) ақсүйектер отбасында дүниеге келген. Бағдат қаласында 
білім  алған.  Әл-  Кинди  ӛз  заманында  жан-  жақты  білімді  адам 
болды. «Араб философы» деген құрметті атаққа ие болған ойшыл. 
Зерттеген ғылым саласы логика, математика, этика, музыка т.б. 240 
–қа  жуық  еңбек  жазған  .  Бірақ,  олардың  кӛбі  бізге  жетпеген.  Әл-
Кинди  философияны  жаратылыс  тану  ғылымдарымен  тығыз 
байланыстырады. Философияны ғылыми білімді қорытындылаушы, 
оның негізі деп қарастырады. Танымның бірінші сатысына – логика 
мен  математиканы,  екінші  сатысына  –  жаратылыс  тану 
ғылымдарын,  үшінші  сатысына  –  философияны  қояды.  Ол 
философияның  жаратылыс  тану  ғылымдарымен  тығыз  байланыста 
дамитынын дұрыс кӛре білген. 
Әл-Киндидің онтологиялық ілімдеріне келсек, ол 5 категорияны 
түпнегіз  ретінде  атап  кӛрсетеді.  Олар:  материя,  форма,  қозғалыс, 
кеңістік  және  уақыт.  Дүниені  құдай  жаратты  дей  отырып, 
материяны  негізгі,  анықтаушы  мән  ретінде  түсіндіреді.  Бәрі 
материядан  құралған,  ол  ешқашан  жойылып  кетпейді.  Материяда 
ішкі мүмкіндік бар, одан әртүрлі заттар пайда болады, осы заттарды 
тудыратын мүмкіндік – форма. 
Сондай-  ақ,  Әл  –  Кинди  адам  танымының  екі  түрі  бар  екенін 
айтып  кеткен.  Олар:  сезімдік  таным  және  ақыл  –  ой  танымы. 
Сезімдік  таным  үнемі  ӛзгеріп,  уақытша  ӛмір  сүретін  заттарды 
танитын  болғандықтан  ол  ӛзгеріп  тұрады.  Сыртқы  дүниенің 
құбылыстарын  бейнелеп,  адамның  ақыл  -ойына  мәліметтер  береді. 
Ал,  ақыл-  ой  танымы  сезімдік  танымнан  алған  мәліметтерді 
қорытып,  дүниені  танып  білуге  мүмкіндіктер  береді.  Әл  -Кинди 
адамның  танымдық  қабілетіне  үлкен  мән  беріп,  қоршаған  ортаны 
зерттеп, ғылымды дамыту керек екендігіне баса назар аударады. 
Әл-  Кинди  ілімдері  араб  тілді  мұсылмандық  философияда 
шығыстық перипатизм ағымының қанат жайып дамуына үлкен үлес 
қосты деуге болады. 
Орта  ғасырлық  мұсылмандық  философияның  танымал 
ӛкілдерінің  бірі  тәжіктің  ұлы  ғалымы,  философы  Ибн-Сина  (980-
1037)  Ӛзінің  жаратылыстану,  медицина,  математика,  философия 
ғылымдары  салаларына  үлкен  мұра  қалдырған  ғұлама.  Батыс 
елдерінде оны Авицина деп атаған. Ол жүзден аса ғылыми еңбектер 
жазыпты.  Солардың  ішінде  оны  дүние  жүзіне  танытқан  медицина 


 
47 
жайлы  жазған  еңбегі  «Сауығу  кітабының»  орны  бӛлек.  Бұл  кітап 
ғасырлар бойы медицина саласында баға жетпес құнды дүние болып 
келеді. Араб елінде оны аса құрметтеп «философтардың патшасы» 
десе, бірде «дәрігерлер атасы» деп атаған. 
Ибн-Синаның  философиялық  кӛзқарастарынына  әл-Кинди 
және  әл-Фараби  философиясы  үлкен  ықпал  еткен.  Ол  ӛз 
еңбектерінде  мұсылмандық  сеніммен  синтезделген  перипатетизм 
және  неоплатонизм  идеяларын  дамытты.  Құдайды  дүниедегі 
барлықтың алғашқы себебі ретінде қарастырап, барлық қатынастар 
үшін  ең  қажетті  мән  деп  санайды.  Құдай  қажеттілікке  бағынатын 
бейтұлғалы күш. 
Таным  мәселесіне  келгенде,  ол  сезімдік  танымға  үлкен  мән 
береді. Таным түйсіктердің қабылдауы арқылы басталады. Ал, ақыл-
ой сезімдік танымның әсерлерін салыстырып, оларды жіктеп, ортақ 
белгілерін табады. Оны ақыл-ой ұғымдармен бейнелейді. Осылайша 
адамдар  сыртқы  дүниенің  мән-мағанасын  аша  алады.  Заттардың 
ішкі  мән  –мағанасы  –  оның  ақиқаты  болып  табылады.  Әр  заттың 
ӛзіндік ӛмір сүру ерекшеліктері бар. 
Ибн-Сина 
ілімдері 
Аристотельді 
исламның 
негізгі 
қағидаларымен  ұштастырмақ  болған,  мұсылмандық  перипатизмге 
үлкен үлес қосқан ілім деуге болады. Ибн-Сина араб тілді мұсылман 
философиясында ӛзіндік із қалдырған ірі тұлғалардың бірі 
3.  Әл-Фараби  философиясының  әлеуметтік  –  этикалық 
мәселелері. 
Әл-  Киндидің  философиялық  ілімдерін  ары  қарай  дамытып, 
Аристотельдің  шығармаларын  араб  тіліне  аударып,  оған 
түсініктемелер жазған, аты әлемге жайылған ғұлама Әбу Насыр әл- 
Фараби болды. Әл- Фараби қазақ жерінде, бұрынғы Фараб – қазіргі 
Отырар қаласында 870 жылы дүниеге келген. Жас шағында білімге, 
ӛнерге  деген  құштарлықпен  сол  кезеңдегі  әлемнің  мәдени 
орталықтары  болған  Хорасан,  Бағдат,  Мысыр  қалаларына  саяхат 
жасап  барады.  Араб  елінің  саяси  және  мәдени  орталығы  болған 
Бағдат  қаласында  ғылыммен  айналысып  қалып  қояды.  Үлкен 
ғалымдармен  араласып,  ӛзінің  алғырлығын,  білімділігін  кӛрсетіп, 
атақ  абыройға  ие  болады.  Осы  елде  жүріп  Аристотельдің, 
Платонның 
басқа 
да 
ертедегі 
грек 
философтарының 
шығармаларымен танысады. 


 
48 
Әл-Фараби  Аристотель  шығармаларын  араб  тіліне  аударып, 
«екінші ұстаз» деген атқа ие болған. Әл-Фараби ғылымның барлық 
саласына ат салысып, ӛз үлесін қалдырған ғұлама. Оның пікірінше, 
ғылым  мен  философия  адамы  болу  үшін,  ең  бірінші  талап  – 
адамның  жан  тазалығы,  ар  тазалығы,  бүкіл  халқына  деген 
сүйіспеншілігі,  ғылым  мен  білімге  құштарлығы  болу  керек.  Әл- 
Фараби  философия  мен  ғылымның  барлық  саласына  үлес  қосып, 
үлкен  жетістіктерге  жетеді.  Ол  Аристотельдің  «Категориялар», 
«Метафизика», «Герменевтика», «Софистика» деген еңбектерін араб 
тіліне  аударып,  оған  түсініктемелер  жазған.  Бұл  еңбектердің  күні 
бүгінге дейін маңызы зор. Араб елінде Аристотельдің кейбір құнды 
пікірлері  бұрмаланып  кӛрсетіліп  жүргендіктен  Әл  Фараби  оның 
еңбектеріне  түсініктемелер  жазуде  жӛн  кӛреді.  Ұлы  грек 
философының ілімдерін қате пікірлерден тазартып, ғылымда үлкен 
адамгершілік жасайды. Әл- Фараби «Ғылымдардың шығуы”«, «Ізгі 
қала 
тұрғындарының 
кӛзқарастары», 
«Ғылымдардың 
энциклодепиясы»,  «Ақылдың  мәні»,  «Музыканың  үлкен  кітабі», 
«Әлеуметтік этикалық трактаттар», «Философиялық трактаттар» т.б. 
кӛптеген еңбектер жазған. 
«Музыканың үлкен кітабы» деген еңбегі 4 тараудан тұрады. 1. 
Музыка  ғылымына  кіріспе;  2.  Музыканың  ғылыми  негіздері;  3. 
Музыкалық  аспаптар;  4  .  Музыкалық  композиция.  Музыка 
теориясына  арналған  бұл  еңбегінде  ғұлама  түрлі  математикалық 
тәсілдерді  қолдана  отырып,  музыкалық  дыбыстарды  қағаз  бетіне 
түсіріп,  нотаны  тұңғыш  дүниеге  келтірген.  Ол  музыканың 
теориясын  жазып  қана  қоймай,  музыкалық  аспаптар  жасаған  екен 
және сол аспаптарда шебер ойнай біліпті. Музыкалық дыбыстардың 
сипатын,  құрылымын,  ғылыми  негіздерін  зерттей  отырып, 
музыканың  эстетикалық  тәрбиелік  жағына  да  кӛп  мән  берген. 
Музыканың жағымды әсерін, емдік қасиетін кӛрсете отырып, түрлі 
музыкалық жанрларға талдау жасайды. 
Әл Фараби жаратылыстану, математика ғылымдары саласында 
кӛптеген құнды мұралар қалдырған. Астрономия, физика, биология, 
химия  саласында  жазған  еңбектері  бар.  «Ғылымдардың  шығуы 
туралы»  деген  еңбегінде  ғұлама  жаратылыстану  ғылымдарының 
себебтерін айтады. Табиғатты о  баста құдайдың құдіретті күшімен 
жаралған,  одан  соң  ол  ӛзінің  заңдылықтарымен  дами  бастаған. 
Ғылымдардың  міндеті  табиғат  заңдарын  танып  білу.  Танып  білу 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау