37
Платон философиясы – кӛптеген жылдар бойы, әртүрлі
идеалистік ағымдардың қайнар кӛзі болды. Оның негізінде түрлі
философиялық мектептер, бағыттар дүниеге келді.
Платонның тікелей оқушысының бірі болған – ұлы философ,
ғұлама Аристотель б.э.д. – 384 ж. Стагир қаласында туылған. Әкесі
патша сарайының емшісі болған. Әкесі қайтыс болып, жастай жетім
қалған Аристотель немере ағасының тәрбиесінде болады.
Жастайынан ғылым, білімге қызығушылық білдіреді. Аристотель
философиялық білімді Афина қаласында Платонның Академия деп
аталатын
мектебінде
алған.
Аристотель
шығармалары
энциклопедиялық сипатта болды. Аристотель шығармаларымен
философия дүниенің мәні туралы, болмыс пен сананың қатынасы
туралы мәселені зерттейтін ерекше ӛзіндік ғылымға айналды. Басқа
ғылымдардың мәселесіне философия тұрғысынан қараған алғашқы
ойшыл. Оның басты философиялық еңбектері «Категориялар»,
«Аналитика», «Метафизика», «Риторика», «Саясат», «Никомах
этикасы», «Поэтика» т.б.
Ежелгі грек елінде Аристотель сол замандағы белгілі барлық
ғылым салаларын қамтып, оған қоса логика психология, философия
т.б. ғылымдардың негізін қалады. Тұнғыш ғылымдардың
классификациясын жасады.
Аристотель ӛзінің ұстазы Платонға, оның идея туралы іліміне
келіспей, қарсы пікірлер айтады. Оның айтуынша, идея әрине бар,
ол заттардың пайда болуының себебі. Бірақ идея Платон айтқандай,
«екінші әлемде», «идеялар әлемінде» емес, заттардың ӛзінде, ӛзімен
бірге болуы керек. «Егер идея әлемнен тысқары жатса, онда ол
әлемді қалай анықтайды». Идея әлемнен тыс болса, онда ешқандай
нақтылықты түсіндіре алмайды.
Сӛйтіп, Аристотель идеяның заттадың ӛзінде екенін
дәлелдейтін кӛптеген аргументтер келтіреді.. Әрбір зат идеядан
тұрады, былайша айтқанда, әрбір затта «форма» және «мазмұн» бар.
Заттың формасы, оның мәні.
Мысалы: темір шар. Мұнда шар – формасы, ал мазмұны – темір.
Платонды сынай отырып, Аристотель ӛте маңызды мынадай
қорытынды жасайды.
1) Дүние – біреу ғана. Ол нақты ӛмір сүретін рухани –
материалды дүние.
38
2) Нақты дүниенің заттары мен процестерін білу үшін, Платон
айтқан заттан тысқары жатқан идеялар әлемін емес, оның ӛзін,
нақтылықты оқып үйрету керек..
3) Таным назарында ақылдың схемалары мен абстракциялар
емес, заттар мен процестердің ӛзі болуы тиіс.
Сонда ғылым дүниені тани бастайды. Таным ұғымдар арқылы
жүреді. Ғылым – ұғымдар арқылы ойлау. Ұғымдардың қозғалыс
заңдары, схемалары бар. Ол ойлаудың құралы болып табылады.
Ұғымдардың заңдары мен схемаларын логика оқып үйретеді.
Аристотель логиканың негізін қалады. Дұрыс ойлаудың үш заңын –
тепе-теңдік заңын, қайшылықсыздық заңын және үшіншісі жоқ
заңын ашты. Ойқорытудың дұрыс формаларын, силлогизмді
негіздеді. Логиканы – дербес ғылым емес, барлық ғылым үшін аса
қажетті ойлау, таным құралы деп санады. Белгілі қабілеті бар кез
келген адам логиканы оқып үйренуіне болады. Осылайша, біз ӛмір
сүріп отырған дүниенің заттары мен процестерінің мәнін табуға
болады. Ол үшін логика кӛмегімен осы дүниенің ӛзін оқып білу
керек деп, ғылымды алға шығарады. Логиканы Аристотель
«Аналитика» деп атаған. Ол бұл еңбегінде ой қорытынды және
дәлелдеу туралы ілімді негіздейді. Ойлаудың ұғым, пікір, ой
қорытынды арқылы жүретінін зерттейді.
Аристотель айтуынша, адам танымы түйсіктен, былайша
айтқанда, сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарының сезімдік
қабылдауға әсер етуінен басталады. Қабылдау үшін алдымен оның
объективті негізі заттар мен құбылыстар болуы тиіс. Түйсік – тірі
организмдерде сыртқы әсер етудің нәтижесінде шығады.
Сезімдік қабылдау танымның тек басы, басталуы ғана. Ӛйткені,
мұнда адам заттың жеке жақтарын ғана таниды. Ал, жалпы таным –
нағыз ғылыми танымға тек абстракты ойлау арқылы ғана жетеміз.
Бірақ, Аристотель жалпы таным мен сезімдік қабылдауды,
абстракты ойлауды, оның бірінші сатысы сезім органдары
кӛрсеткішінен бӛліп қарастырды.
Аристотель этиканы практикалық философияға жатқызады.
Этика – адамның жүріс-тұрысы, тәртібі, дұрыс нормалары туралы
ғылым. Адамның жүріс-тұрыс нормалары әлеуметтік ӛмірде
қалыптасады. Адам ӛмірдің ең жоғары игілігі – бақытқа ізгі ӛмір
арқылы, философиямен айналысқан кезде жете алады. Ізгіліктің екі
түрін атап кӛрсетеді: дианоэтикалық және этикалық. Дианоэтикалық
39
құндылықтарға ақыл-ой арқылы жетуге болады, ал, этикалық
құндылыққа іс-әрекет, жүріс-тұрыс арқылы жетуге болады.
Аристотель табиғаттағы қозғалыстың мәңгілік екендігін
мойындаған. Қозғалыс әрқашанда болған, бола береді де. Қозғалыс
заттан тыс болмайды, заттың ажырамас мәні.
Ойлау мен ақыл-ой – адамдағы ерекше қасиет. Ол
жануарлардан осы қасиетімен ерекшеленеді. Сондай-ақ, адамның
жануарлармен және ӛсімдікпен де ұқсас жақтары бар. Кӛбею,
тамақтануы, дене құрылысы т.б. Сондықтан, ол адамды «қоғамдық
жануар» деп есептеген, ӛйткені, оның ӛмір саласына семья, қоғам,
мемлекет кіреді.
Келесі аса ірі философ Эпикур б.д.д. 341ж. Самос деген аралда
туылған. Б.д.д. 307 жылы Афина қаласында ӛзінің философиялық
мектебін ашады. ОЛ кейіннен «Эпикур бақшасы» деп аталады.
Мектеп қақпасында «Жолаушы, бұл жерде сенің кӛңілің жай
табады; мұнда сен жоғары игілікті – рахатты табасын» деген жазу
болған екен. Эпикурдің философиялық жүйесі сол кездегі
философияның онтологиясы – физиканы; таным теориясы –
канониканы; мораль мен мемлекет туралы ілім – этиканы қамтиды.
Ол Демокриттің атомистік ілімін жетілдіре түскен. Оның
еңбектерінің кӛбі сақталмаған. «Табиғат туралы» деген басты
еңбегінде ертедегі дүниенің атомдық құрысының жетілген кӛрінісін
береді.
Дүние – Эпикурдың ойынша – материалды. Ол екі бастаудан
тұрады. Олар: атомдар және атомдар қозғалатын орта – кеңістік.
Атом мен кеңістік бір-бірімен тығыз байланыста, мәңгі және шексіз
біртұтас Ғарышты құрайды. Ғарышта тіршілік ететін материлдық
әлемдер кӛп. Қозғалыс – атом мен кеңістік бірлігінің ӛзара
әсерлесуінің нәтижесінен туындайды.
Дүние – Эпикурдің пайымдауынша, кеңістікте орын алмасатын
атомдар формасындағы қозғалыстағы материя. Дүниеде барлық
нәрсе пайда болып, содан соң жойылып жатады, тек атомдар ғана
мәңгі, ӛзгеріссіз қалады.
Таным туралы іліміне келсек, Эпикурдың айтуынша, қоршаған
дүниедегі заттар біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, түйсіктер
туғызады. Олар адам жанының ерекше нәзік қозғалғыш атомдары
арқылы танылады. Заттардың жандағы бейнесі адамның ойында
қалады. Таным осы ойдағы бейнелерді салыстыру арқылы жүреді.
Достарыңызбен бөлісу: |