Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет9/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61

 
27 
4. 
Конфуцийшылдар қандай мәселелерді қарастырды? 
5. 
Конфуцийшылдардың саяси-этикалық білімдерінің ерекшелігі неде? 
6. 
Карма дегеніміз не ? 
7. 
Үнді қоғамы қандай касталарға бӛлінген? 
8. 
Буддизм, жайнизм ұғымдарының мәні қандай? 
9. 
Үнді  философиясындағы  материалистік  кӛзқарастардың  пайда  болу 
себептері. 
 
Реферат тақырыптары: 
1. 
Қытай философиясы: негізгі бағыттары. 
2. 
Үнді философиясының даму кезеңдері. 
3. 
Конфуцийшылдардың саяси-этикалық ілімдері. 
4. 
Жайнизм философиясының ерекшеліктері. 
5. 
Буддизм философиясы. 
6. 
Чарвака-локаята философиясының материалистік ілімі. 
7. 
Кӛне Үнді философиясының негізгі ұғымдары. 
8. 
Кӛне Шығыс философиясы мен мәдениетіндегі адам мәселесі. 
 


 
28 
Тақырып № 3. Антика заманының 
философиясы 
 
1.  Кӛне  Грек  философиясының  ерекшеліктері,  негізгі  даму 
кезеңдері. 
2. Милет мектебінің натурфилософиясы. 
3. Софистер және Сократ философиясындағы адам мәселесі. 
4. 
Платон,  Аристотель  және  Эпикур  философиясы 
ерекшеліктері. 
 
1. Кӛне Грек  философиясының ерекшеліктері, негізгі даму 
кезеңдері. 
Антикалық  философия  бұл  ежелгі  гректердің  және 
римдіктердің философиясы болып табылады. Ол б.э.д. VІ ғасырдан 
б.э.  VІ  ғасырына  дейін  кезеңді  қамтыды.  Грек  философиясы 
мифологиямен  тығыз  байланыста  дамыды.  Сондай-ақ,  ғылыми 
біліммен  де  байланысы  болды.  Грек  философиясы  дамуына 
қоғамның саяси, экономикалық және рухани даму ерекшеліктері де 
үлкен  әсер  етті  деуге  болады.  Еркін  ойлау  дәстүрі  қалыптасты. 
Осындай ерекшеліктерімен антикалық философия әлемдік ӛркениет 
дамуына  орасан  үлкен  үлес  қосты.  Гректердің  айтуынша, 
философия адамның сыртқы дүниеге және ӛзіне-  ӛзі таң қалуынан 
басталады.  Философия  адамның  ақиқатқа,  әділдікке  құштарлығы. 
Философия  тек  ақиқатты  іздеу  ғана  емес,  сонымен  қатар  еркін 
адамға тән ӛмір сүру тәсілі. 
Грек философиясының дамуын салыстырмалы түрде 3 кезеңге 
бӛлуге  болады.  1.  Ежелгі  классика  –  (Табиғатты  зерттеуші 
философия  және  Сократқа  дейінгі  философтар).  Кӛтерген  басты 
мәселелері:  дүниенің  алғашқы  бастауы,  космос  және  оның 
құрылымы.  Милет  мектебі  ӛкілдері:  Фалес,  Анаксимен, 
Анаксимандр. 
2.  Орта  классика  –  (Сократ,  және  оның  мектебі,  софистер). 
Кӛтерген мәселелері: адам, адамның мәні және тәрбиесі, қоғамдағы 
орны. 
3.  Жоғарғы  классика  –  Платон,  Аристотель  және  оның 
мектептері.  Грек-философиясын  ӛте  биік  деңгейге  кӛтерді. 


 
29 
Философиялық  білімдер,  оның  әдістері  талданды.  Физика, 
метафизика, этика, логика, мәселелері терең зерттелді. 
Б.д.д. IV – ғасырдың соңынан бастап, Грек елінің ыдырауы грек 
елінің  рухани  ӛмірінің,  философиясының  дағдарысына  әкелді. 
Скептицизм, эпикуризм, стоицизм бағыттары дүниеге келді. 
2. Милет мектебінің натурфилософиясы. 
Алғашқы  философиялық  мектеп,  Милет  мектебінің  ӛкілдері: 
Фалес,  Анаксимандр,  Анаксимен  дүниенің  пайда  болуының 
алғашқы  негізін  табиғат  заттарынан  іздеді.  Олар  субстанцияны 
материалды  зат  деп  түсінді.  Фалес  (б.д.д.  625-547  жж.)  –  Милет 
мектебінің  негізін  салушы,  артында  үлкен  философиялық  мұра 
қалдырған  ежелгі  грек  философы.  Ол  алғаш  рет  табиғат 
құбылыстарын  танып  білуге  талпыныс  жасап,  табиғат  заттарының 
пайда  болуын  қарапайым  тұрғадан  түсіндірді.  Фалестің  айтуынша, 
бүкіл  әлемнің  жаратылыс  негізі  судан  басталады.  Су  -алғашқы 
бастау.  Бүкіл  табиғат  құбылыстары,  жан-  жануарларлар  сумен 
кӛректенеді.  Әлемнің  орталығын  жер  деп  санаған.  Жылды  12  айға 
бӛліп,  365  тәуліктен  тұратын  күнтізбені  ойлап  тапқан.  585  жылы 
күннің  тұтылуын  тұңғыш  болжап  айткан.  Сӛйтіп,  грек  елінде 
«алғашқы  астраном»  деген  атқа  ие  болған.  Ол  Мысырға  саяхаттап 
барып, геометрияны Элладаға алып келген. Математика саласында 
жаңалықтар ашқан ғұлама. 
Фалестің шәкірті – Анаксимандр ( б.д.д. 610-546 жж.) болды. Ол 
бүкіл  дүниенің  бастамасы,  түпнегізі,  шексіз  субстанция  –  апейрон 
деп есептеді. Оның айтуынша, апейронды бір зат ретінде айқындау 
мүмкін емес, ӛйткені, ол үнемі қозғалыста, ӛзгерісте тұрады. Оның 
қозғалысы  арқылы  әлемде  жаңа  заттар,  құбылыстар  пайда  болып, 
енді  бір  заттар,  құбылыстар  жойылып  жатады.  Осылайша,  ол 
дүниенің  бір  күйден  екінші  күйге  ауысып  жататынын,  ӛзгерісте, 
қозғалыста болатынын кӛре білді. 
Анаксимандр  жер  бетіндегі  тіршіліктің  және  адамның  пайда 
болуы  туралы  болжам  айтқан  философ.  Оның  айтуынша,  тіршілік 
алғаш  рет  суда,  теңізде  пайда  болған.  Теңіз  жыртқыштарынан 
қашқан  кейбір  су  жануарлары  құрлыққа  шығып,  құрлыққа 
бейімделіп,  тіршілік  ете  бастайды.  Адам  құрлыққа  шыққан  теңіз 
жануарларының бір түрінен пайда болған. 
Анаксимен (б.д.д. 588-525 жж) –Анаксимандрдің шәкірті болған 
ежелгі  грек  философы.  Стихиялық  материалист  ретінде,  барлық 


 
30 
денелердің негізі ауа деп санады. Ӛйткені, ауа бір орында тұрмайды, 
үнемі  қозғалыста  болып  тұрады.  Ауаның  қозғалысы  барлық 
ӛзгерістің  себепкері  болып  табылады.  Бірде  қоюланып,  бірде 
сұйылып, әр-түрлі денелердің, құбылыстардың пайда болуына негіз 
болады.  Ауа  құбылып,  бірде  отқа,  бірде  желге,  бұлтқа,  тасқа 
айналады. Сондай-ақ, ауа – дененің ғана емес, жанның да бастамасы 
болады.  Бүкіл  аспан  денелері,  жер  де  ауада  қалқып  жүреді  деп 
айтқан. 
Грек мифологиясындағы адамның жанын оның тыныс алуымен 
теңеуіне сүйене отырып, Анаксимандр адамның жаны ауадан пайда 
болған деген тұжырымға келеді. 
Қорыта айтқанда, Милет мектебінің ӛкілдері дүниенің бастауын 
табиғат  заттарының  ӛзіндік  ішкі  мазмұнынан,  мәнінен  іздеді. 
Дүниенің  үнемі  ӛзгерісте,  қозғалыста  болатынын  байқап,  тұрпайы 
диалектиканың  негізін  негізін  қалады.  Табиғат  философиясының 
дамуына үлкен үлес қосты. 
Эфес  қаласынан  шыққан  ғұлама  ойшыл  Гераклит  (б.э,д.  544-
483жж)  Милет  мектебі  ӛкілдерінің  ілімін  жалғастырып,  барлық 
заттардың бастамасы – от деп санады. От – мәңгі. Әлемді де, адамды 
да құдай жаратқан емес, ол ӛз заңдылығымен жанып тұрған тірі от. 
Жан  да  оттан  пайда  болған.  Ол  материалды.  Гераклит  сонымен 
қатар,  дүниенің  үздіксіз  ӛзгерісте,  қозғалыста  болатындығын  және 
қозғалыстың  кӛзі  қайшылықта  екеңдігін  айтқан  алғашқы 
ойшылдардың бірі. 
Гераклиттің 
айтуынша, 
бүкіл 
дүние 
қарама- 
қарсы 
құбылыстардан  тұрады  және  олар  үздіксіз  ӛзгерісте  болады. 
Мысалы, теңіз суы балықтар үшін таза, ал адам үшін арам. «Салқын 
жылынады, ыстық салқындайды» 
Табиғат  ешқашанда  күйремейді  және  пайда  болмайды,  дүние 
қарама-қарсылықтан тұрады. Дүние ағып жатқан ӛзен секілді, ол сол 
сияқты  ешқашанда  қайталанбайды.  Құбылыстардың  екі  жағы 
болады. Бір құбылыс біреуге жақсы болса, енді біреуге жаман болуы 
мүмкін. Мәселен, жаңбыр кӛктемде жақсы, ал күзде жаман дейміз. 
Кедей бай болады, бай кедей болады. Құбылыстардың екі жағы бір- 
бірімен ауысып отырады. Бұдан Гераклиттің диалектикасын кӛруге 
болады.  Дүниенің  бәрі  бір-біріне  байланысты,  бір-  біріне  тәуелді 
және бір- біріне ауысып отырады. 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау