Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет51/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61

 
156 
болып, нәпсісін тыйып, күнәларынан арылып, рухани негіз қалауы 
керек. Тек сонда ғана ақиқатты тура түсініп, рухани даму жолына 
түсуге болады. 
Руханилық  мәселесін  талдағанда,  бүкіл  Түрік  дүниесінің  ұлы 
ойшылы  Қожа  Ахмет  Яссауидің  «Диуани  хикмет»  атты  еңбегіне 
үлкен  мән  беру  керек.  Бұл  еңбек  руханилыққа  бастау  болған, 
әлемдік  қазынаға  қосылған  қымбат  мұра.  Ғұламаның  басты 
принципі  дүниенің  күйкі  тірлігінен,  уақытша  қызығынан  шамаң 
келгенше  бас  тартып,  рухани  жаңару  жолына  түсіп,  Ақиқатқа, 
Аллаға қарай жақындау. Осы мақсатта адам мынадай сатылардан 
ӛтуге  тиіс:  біріншісі  –  шариғат,  екіншісі  –  тариқат,  үшіншісі  – 
мағрипат,  тӛртіншісі  –  хақиқат.  Осы  тӛрт  асудан  ӛткен  адам 
Алланың  шапағатына  бӛленеді.  Осы  сатылардың  рухани  даму 
жолына түскен адамдар үшін терең мәні бар. 
Шариғат  –  ислам  дінінің  негізгі  заңдары  мен  әдеп-
ғұрыптарының  жиынтығы.  Әрбір  адам  хақ  жолында  жүру  үшін 
исламның шариғат жолдарын білуі шарт. Яғни, мұсылмандықтың 
бес  парызын  орындау  керек.  Біріншісі  –  иман  келтіру,  яғни 
Алланың бар екеніне сену; екіншісі – намаз оқу; үшіншісі – ораза 
ұстау; тӛртіншісі – зекет беру; бесіншісі – қажылық ету. Осы бес 
парызды  орындаған  адам  Алла  жолының  тура  екенін,  тек  осы 
жолда рухани тазарып, Алланың рахымына бӛленетінін түсінеді. 
Тариқат – бұл сопылық жолы, сопылық ілімі. Сопылық жолы 
Шығыста  ХІ  –  ХІІ  ғасырларда  ӛркендеді.  Ислам  дінінің  аясында 
пісіп  жетілген  сопылық  жолының  мақсаты  –  байлыққа,  мүлікке 
қызықпай,  дүниенің  ӛткінші  қызықтарынан,  рахаттарынан  бас 
тартып,  рухани  тазарып,  ӛмірін  Алла  жолына  арнау.  Сопылық 
жолы  –  ӛмірден  түңілу  емес,  Ақиқатты  сүю  болып  табылады. 
Яссауидің пайымдауынша, Ақиқат адамның ең жоғарғы байлығы, 
оның  шегі  –  Құдайды,  жаратушыны  кӛру.  Құдай  адамды 
жаратқанда,  дінмен  даналықты  танысам,  білсем  деген  талап  – 
тілегімен  қоса  жаратты.  Сопылардың  айтуынша,  адам  рухани 
дұрыс  жолда  даму  туралы  үнемі  ойланып,  құдайға  үміт  артып 
отыруы  керек.  Үміт  адамды  алға,  болашаққа  жетелейді.  Үміт  – 
адам  ӛмірінің  маңызды  бір  тірегі  деуге  болады.  Сондай-ақ,  бұл 
сатыда  Қожа  Ахмет  Яссауи  тәубашылық  ұғымына  үлкен  мән 
береді.  Тәуба  қолда  бар  нәрсеге  қанағат  ету.  Оны  адамның  ең 
маңызды қасиеттерінің бірі деуге болады. Тәуба ұғымы шариғатта 


 
157 
адамның ӛз күнәсын мойындап, енді оны қайталамауға сӛз беруі. 
Адамның  ішкі  жан  дүниесінде  болып  жататын  құбылыстардың 
негізі тәубашылдыққа сүйенуі керек. 
Сопылық  дәстүр  адамдарды  қандай  қиын  жағдай  болмасын 
сабырлық  сақтауға,  зұлымдаққа  қарсы  тұрып,  жақсылық  істеуге, 
рахымшылдық,  мейірімділік,  әділеттілік  қасиеттерге  шақырды. 
Қоғамдық қатынастарды осы қасиеттер негізінде қалыптастыруды 
үндеді.  Олар  дәріптеген  рухани  құндылықтар  қазіргі  уақытта  аса 
қажетті де, ӛзекті болып тұр. Нарықтық қатынастарға негізделген 
біздің  қоғамымызда  руханилыққа,  адамгершілікке  негізделген 
қатынастарды  жетілдіре  түсу  қажет.  Cтуденттерге  осы  жағына 
басты назар аударту қажет. 
Мағрипат  –  бұл  дін  жолын  танып,  оқып  білу  сатысы.  Дін 
жолымен  жүру  оңай  оңай  емес.  Оны  ұстаған  адам  кӛптеген 
қиыншылықтарға,  кедергілерге  тап  болады.  Ислам  дінінің  негізгі 
қағидасы – мейірімділік, кемтар, мүсәпір адамдарға қол үшін беру, 
зекет  тӛлеу  т.с.с.  міндеттері  бар.  Құранда  жазылған  қағидаларды 
әрдайым  ұстанып  жүруі  тиіс.  Дін  жолында  жүрген  адам  ислам 
қағидаларын, заңдарын қадағалап оқып біліп жүруі тиіс және оны 
жүрген жерінде басқа адамдарға уағыздап таратып жүруі керек. 
Хақиқат – соңғы асу, бұл Аллаға жақындау, пақырлыққа жету 
жолы.  Шариғатта,  тариқатта,  мағрипатта  айтылған  қағидаларды 
шын  ниетімен  орындап,  рухани  тазару  жолынан  ӛткен  адам 
хақиқатқа жетеді. Алланың мейіріміне бӛленеді. Бұл жеке адамның 
жетілуінің, рухани тазаруының ең асқақ шыңы. Оған тек санаулы 
адамдар ғана жетуі мүмкін. Оған жеткен адам міндетті түрде әулие 
ретінде мойындалады. 
Руханилыққа  білімдік  негіз  іргетас  бола  алады.  Әрбір  адам 
ӛмірден  жан-жақты  білім  алып,  ӛзінің  дүниетанымын  кеңейтуі 
тиіс. Кӛп терең білімділік рухани даму жолына түсем деген адамға 
жақсы  негіз  болады.  Мұнда  адамның  рухани  дамуы  оның  ойына, 
ниетіне,  алға  қойған  мақсатына  байланысты  екенін  естен 
шығармау  керек.  Егер,  ол  жинаған  білімін  жақсылық  жасауға, 
елінің қамын ойлап, оны бақытты етуге қолдана білсе, онда оның 
рухани  даму  жолына  түскенін  білдіреді.  Ал,  кӛп  біле  тұрып, 
қиындықты 
кӛтере 
алмай, 
ойын, 
ниетін 
байлыққа, 
нәпсіқұмарлыққа  бұрмалап,  ӛз  мүддесі  үшін  алдау  мен  арбауға 
барса,  онда  мұндай  білім  адамды  тура  жолдан  тайдырып,  рухани 


 
158 
тоқыраушылыққа  алып  келері  сӛзсіз.  Ӛкінішке  орай,  біздің 
қоғамымызда нарықтық қатынастың кең етек алуына байланысты 
кӛптеген  адамдар  ӛз  білімдерін  артық  пайда  табуға,  байлық 
жинауға 
жұмсап, 
ӛз 
құлқының 
құлы 
тойымсыздыққа, 
мейірімсіздікке душар болып, рухани мешеулікке ұшырап жатыр. 
Олар  ӛздерінің  бұл  әрекеттерін  ақтауға  тырысып,  «заман  ӛзгерді, 
соған  қарай  барлығы  осылай  етіп  жүр  ғой»  дегенді  алға  тартады. 
Қателесу  адамның  білместігінен  туатыны  сӛзсіз.  Ал,  дұрыс  емес 
екендігін  біле  тұра,  барлығы  осылай  істеп  жүрғой  деу  адам  үшін 
үлкен күнә болып табылатынын есте ұстаған жӛн. Күнә – адамның 
ӛз  нәпсісінің  жетегінде  жүріп,  саналы  іс-әрекетте  баруы.  Ол 
адамды  ақиқаттың  тура  жолынан  тайдырып,  рухани  мешеулікке 
алып келеді. 
Рухани  дамуға  кедергі  жасайтын,  оны  тежейтін  қасиеттер 
әрбір  адамның  бойында  бар  деуге  болады.  Олар:  кӛрсеқызарлық, 
пайдакүнемдік,  қызғаныштық,  іштарлық,  ӛсекшілдік  т.б.  Адам  ӛз 
бойындағы осы қасиеттермен ӛзі күреспей, ӛзін – ӛзі жеңбей алға 
жүре  алмайды.  Осылардан  құтылуға  әрекет  жасаған  адамды 
рухани даму жолына түсудің алғашқы қадамын жасаған адам деуге 
болады. 
Рухани  даму  –  бұл  адам  деген  атқа  лайықты  ӛмір  сүру.  Ұлы 
Абай  атамыз  «Адам  бол»  деген  терең  мағаналы  сӛзді  бекерге 
айтпаған. Адам бұл дүниеге келген соң саналы іс-әрекетімен еңбек 
етіп, ата-анасы, халқының алдындағы парызын ӛтеп, тілі мен ділін 
құрметтеп,  салт-дәстүріне  басын  иіп,  айналасына  нұр  шашып, 
артына  із  қалдырып  ӛтуі  абзал.  Үнемі  ӛзін  –  ӛзі  дамытып,  алға 
сүйреп  отыруы  тиіс.  Ел  мүддесін  қашанда  бірінші қойып,  істеген 
ісінің,  жақсылығының  қайырымын  күтпеу  –  үлкен  жүректілікті, 
кең пейілділікті кӛрсетеді. Ал, аз еңбек етіп, ӛмірден кӛбірек алып 
қалу тырысқан адам, ол үлесті басқалардан, ӛзінің жанында еңбек 
етіп  жүрген  адамдардың  есебінен  алып  жатқанын  түсінбейтіні 
ӛкінішті-ақ.  Әр  адам  ӛзіне  тиісті  несібесін  ғана  алғаны  абзал. 
«Артық алсаң, артық қайтарарсын» деген халқымыздың жақсы сӛзі 
бар.  Әр  нәрсенің  парқын  білу,  ӛмірден  ӛзіңе  тиістісін,  ӛзіңе 
бұйырғанын  ғана  алу  –  рухани  даму  жолына  түскен  адамның  бір 
қасиеті болмақ. Сондай-ақ, рухани даму – адамның ӛз бойындағы 
жақсы  қасиеттерін  басқаларға  беруге,  рахымшылық  жасауға, 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау