Экономика және қҰҚЫҚ



жүктеу 1,34 Mb.
Pdf просмотр
бет37/61
Дата23.11.2018
өлшемі1,34 Mb.
#24384
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61

 
113 
Танымдық әрекет элементтерін осылай жіктеу, оларды бӛліп-
жарып қарастыру агностицизмнің дүниені тану мүмкін емес деген 
философиялық  ағымның  пайда  болуына  алып  келді.  (И.Кант, 
Д.Юм).  Агностицизмнің  қайнар  кӛзі  –  субъективті  даилектиканы 
(білім қозғалысын) объективті диалектикадан (материя қозғалысы) 
бӛліп  алып  қарауында,  таным  процесінің  қайшылыққа  толы 
күрделі  процесс  екендігінде.  Метафизикалык  материализм 
материяны  алғашқы  деп  танығанмен,  адамды  пассив,  сыртқы 
дүниені  самырқау  қабылдаушы  ретінде  қарастырады.  Идеалистік 
философияда  керісінше  таным  процесіндегі  белсенділік,  объект 
пен  субъект  арасындағы  белсенді  қарым-қатынастың  рӛлі  баса 
кӛрсетіледі.  Алайда,  идеализм  субъект  ретінде  адамды  емес, 
сананы, бірінші анықтаушы болып табылатын рухани құбылысты 
алады. 
Сонымен, таным дегеніміз – абсолютті ақиқатқа мәңгі, шексіз 
жақындау.  Біз  бұған  ешқашанда  толық  жете  алмаймыз.  Алайда, 
адам осы процесте сыртқы дүниені бірте-бірте танып біліп, оны ӛз 
мақсатына қарай ӛзгертеді, ӛзі де дамып отырады. 
Таным процесі субъект пен объект арасында болады. Субъект 
адамның  ӛзі,  ұжым,  халық  табылады.  Ал,  объект  табиғаттың  кез 
келген  заты  емес,  тек  адамның  назары  түсіп,  онымен  қарым-
қатынасқа  түсетін  зат.  Объект  пен  субъект  қарым–қатынасын 
тӛмендегідей нақтылауға болады: 
1.  Таным  объектісі  субъектігі  тәуелсіз  объективті  шындық 
немесе оның фрагменті болып табылады. 
2.  Таным  субъектісі  тарихи  даму  барысындағы  адам  және 
адамзат қауымдастығы. 
3.  Адам  санасында  әуел  бастан  болатын  мазмұн  жоқ,  ол  ӛз 
мазмұнын  объективті  дүниеден  алады,  осы  тұрғыдан  объект 
субъектіге қарағанда белсенді. 
4.  Алайда,  объективті  шындықтың  ӛзі  субъект  онымен 
қарым-қатынасқа түскенде ғана таным объектісіне айналады. Осы 
тұрғыдан субъект те белсенді. 
Әлеуметтік танымның ерекшелігі – қоғамды тануда объект пен 
субъект бір-бірімен тығыз, ажырамас бірлікте, байланыста болады. 
Қоғамдық заңдылықтар объективті, бірақ олар қоғамнан, адамның 
материалдық  рухани  ӛндірісінен,  мүддесінен  тыс  ӛмір  сүрмейді. 


 
114 
Қоғамның  ӛзі  танымның  субъектісі  болып  табылады,  ӛйткені 
танымның ӛзін қоғам қалыптастырады. 
2.  Сезімдік  таным  және  абстракты  ойлау,  олардың 
құрылымы. 
Заттар мен құбылыстарды тану сезімдік түйсінуден баталады. 
Сезім  мүшелері  бізге  заттардың  түрі,  түсі,  дәмі,  иісі  туралы 
алғашқы  мәліметтерді  береді.  Сезімдік  таным  үш  түрлі  формада 
жүреді.  Олар:  түйсік,  қабылдау,  елестету.  Бұлар  танымның 
алғашқы,  қажетті  сатылары  болып  табылады.  Кез  келген  таным 
адамдардың  сыртқы  дүниенің  заттарын,  құбылыстарын  тікелей 
қабылдауынан  басталады.  Алайда,  сезімдік  таным  сыртқы  дүние 
заңдылықтарын, заттардың ішкі мәнін түгелдей аша алмайды. Бұл 
үрдіс абстракты, теориялық ойлау арқылы жүзеге асады. Осылай, 
біз танымның бірінші сатысынан оның жоғарғы сатысы, абстракты 
ойлауға  кӛшеміз.  Ол  да  үш  түрлі  формада  жүзеге  асады.  Олар: 
ұғым,  пікір,  ойқорытынды.  Абстракті  ойлаудың  қандай 
ерекшеліктері  бар.  –  Сезімдік  танымға  қарағанда  абстракті  ойлау 
заттағы,  құбылыстағы  керексіз,  негізсіз  жақтарды  алып  тастайды 
да,  ең  маңызды,  қажетті  жақтарын  алып,  қорытындылайды. 
Екіншіден,  шындықты  тікелей  емес,  басқа  да  бір  заттардың, 
білімнің  негізінде  бейнелейді.  Сондай-ақ,  ол  әрқашанда  белсенді, 
мақсатқа  бағытталған  сипатта  жүреді.  Сезімдік  таным  және 
абстракты  ойлау  бір-бірімен  тығыз  диалектикалық  байланыста. 
Сезімдік  танымнан  абстракті  ойлауға  ӛту,  одан  практикаға  бару 
танымның диалектикалық жолы болып табылады. 
Таным  мен  практиканың  қарым-қатынасы  қандай?  Таным 
шындыққа  идеалды  қатынас.  Ол  шындықтың  ӛзімен  емес,  оның 
субъективті  образдарымен  істес  болса,  практика  қоғам 
қажеттілігіне  сай  ӛзгертуге  бағытталған  әрекет  болып  табылады. 
Тәжірибенің тӛмендегідей бітімдерін атап ӛтуге болады: ӛндірістік, 
ұйымдастырушы 
және 
басқарушылық, 
қоғамдық-саяси, 
отбасылық-тұрмыстық, 
мәдениет, 
білім 
беру, 
тәрбиелеу 
саласындағы 
әрекет, 
ғылыми-тәжірибелік 
әрекет. 
Таным 
объектілері  адамның  практикалық  қызметімен  тығыз  байланысты 
және  әрқашан  соған  тәуелді  болады.  Адамдардың  заттық, 
материалдық  мақсатқа  сай  ӛзгертушілік  қызметін  практика  деп 
атайды.  Яғни,  практика  дегеніміз  –  адамдардың  табиғатты  және 
қоғамдық  құбылыстарды  мақсатқа  сай  ӛзгертуге  бағытталған 


 
115 
қоғамдық  және  материалдық  кызметі.  Қоғамдық  практиканың 
негізі  –  материалдық  игіліктерді  жасау.  Біз  біліміміздің 
объективтілігін,  олардың  адамға  тәуелсіздігін  практика  арқылы 
дәлелдейміз.  Сондықтан  практика  ақиқаттың  кӛрсеткіші  болып 
табылады.  Адамның  білімі  қоғамдық  тәжірибенің  даму  деңгейіне 
байланысты.  Сонымен  қатар,  тәжірибелік  әрекет  білімге, 
теориялық  алғышарттарға  сүйенеді,  яғни  теория,  тәжірибеге 
тәуелді  болғанмен,  тәжірибелік  әрекетке  пәрменді  ықпал  етеді. 
Тәжірибе  мен  теорияның  тұтастығында  пәндік  әрекет  –  дүниенің 
тәжірибелік-теориялық игеру жүзеге асады. 
Сондай ақ, ақиқат танымның негізгі мақсаты болып табылады. 
3.  Абсолютті  және  салыстырмалы  ақиқат,  практиканың 
танымдағы ролі 
Ақиқат  субъект  пен  объект  арасындағы  байланыс  негізінде 
жүріп жататын әлеуметтік – тарихи процесс. Ақиқат – субъектінің 
шындықты дәл сондай күйінде, санаға тәуелсіз күйінде бейнелеуі. 
Ақиқат ӛзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан 
субъективті. Объективті ақиқат – деп қоғамдық адам түсінігіндегі, 
біліміндегі  субъектіге,  адамға,  адамзатқа  тәуелсіз  мазмұнды 
айтады. 
Егер  объективті  ақиқат  бар  болса,  оны  білдіріп  отыратын 
адамның  түсінігі  сол  ақиқатты  бірден,  тұтасынан  абсоютті  түрде 
емес, тек шамамен, салыстырмалы түрде ғана білдіреді. Зерттеліп 
отырған  объект  жӛніндегі  толық  емес  білімді  –  салыстырмалы 
ақиқат  деп,  ал,  толық  және  тура  білімді  –  абсолютті  ақиқат  деп 
атайды. 
Ақиқаттың  диалектикалық  материалистік  теориялары  мына 
қағидаларға сүйенеді: 
1.  Ақиқат – әлеуметтік процесс. 
2.  Объективті  ақиқатты  мойындау  –  абсолютті  ақиқатты 
мойындау деген сӛз. 
3.  Ақиқат барлық жағдайда да нақты. 
4.  Практика – ақиқаттың ӛлшемі. 
5.  Ақиқатты тану – қайшылықты күрделі процесс. 
Танымның  кәдуілгі  тұрмыстық  және  ғылыми  түрлері  бар. 
Тұрмыстық  танымның  басты  қызметі  қоршаған  ортадағы  заттар 
мен  құбылыстарды,  процестерді  сезім  органдары  арқылы 
бейнелеу, 
күнделікті 
тұрмыс 
барысында 
жинақталған 


жүктеу 1,34 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   61




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау