5 Дәрістік кешен (дәріс тезистері, көрнекілік, таратылу материалдары, қажетті әдебиет тізімі)
№ 1 Дәріс
Тақырыбы: ҚР-ғы бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Қарастырылатын сұрақтар:
Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процессі
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Дәрістің мақсаты: ҚР –да бағалы қағаздар нарығынң пайда болуын түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Бағалы қағаздар нарығы тек тауар-ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Сол себепті мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек жекешелендіру арқылы ғана жүзеге асады. Соңғы 10-15 жылдарда дүниежүзінің көптеген елдерінде жекешелендіру жүргізілді. Әсіресе Англияда ол шапшан қарқынмен өтті. Ал тәуелсіз мемлекеттік достастығы ТМД елдерінің жайы өзгеше болды. Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан пайда болда бастады. КСРО кезінде кәсіпорындардың кірістерін басқару орталықтандырылған нысанда жүргізілді. Сол себепті мемлекеттік меншікті жекеменшіктендіру арқылы бағалы қағаздар нарығы жаңа қалыптаса бастады. Қалыптасып келе жатырған жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру процесі оларды акцияландыру арқылы жүргізілді. Жекеменшіктендіру басты мақсаты – нарықта жоғары дамыған, бәсекелестікке қабілетті экономикаға негіз болып табылатын меншіктің әр-түрлі нысандарының дамуына жағдай жасау болды.
Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрлерін нарыққа алып келді. Олар жекеменшіктендіру чектері мен купондары. Бұл мемлекттік бағалы қағаздардың бір түрі. Бұл бағалы қағаздар өз иесіне мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алып қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғам иесі – акционерлер, олардың меншік құқығы акция берумен куәландырады.
Жекеменшіктендіру чектерін кез-келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Жекешелендіру мақсаты
Жекешелендіру кезеңдері
Жекешелендіру қорытындысы бойынша пайда болған бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі
Бағалы қағаздар нарығының түрлері
Алғашқы нарық түсінігі
Екінші нарық түсінігі
Ұйымдастырылған нарық түсінігі
Ұйымдастырылмағын нарық түсінігі
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными бумагами в Республике Казахстан. Алматы 1995г.
№ 2 дәріс
Тақырып: Бағалы қағаздар нарығы және оған қатысушылар
Қарастырылатын сұрақтар:
Бағалы қағаздар нарығының мәні, мақсаты, міндеттері
Бағалы қағаздар нарығының қызметі және маңызы
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары
Дәрістің мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының мәнін ашып түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Қазіргі дамыған экономикада бағалы қағаздардың көмегімен қосымша капитал тарту анағұрлым жеңілдене түсіде. Экономикасы дамыған мемлекеттерде акция және облигация сияқты негізгі бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 апта, эмиссия проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 апта, оларды сатып алу-сатуға және есеп айырысуға 2-3 апта уақыт кетеді екен.Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент (шығарушы) өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады, бағалы қағаздар нарығының маңыздылығы осында б.т.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қор инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен, бағалы қағаздар нарығы – капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі.
Бағалы қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды нарыққа қатысушылардың әр түрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:
Инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;
әлемдік стандартқа сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;
екінші нарықты дамыту;
маркетингтік зерттеулерді күшейту;
мүліктік қатынастарды өзгерту;
басқару жүйесін және нарықтық механизмді жетілдіру;
мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз ету;
инвестициялық қауіпті азайту;
портфельдік стратегияны қалыптастыру;
баға белгілеуді дамыту;
дамудың бағытын болжамдау.
2 Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар
Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық (ростовщиктік) несие түрлерімен тығыз байланысты.Олар вексель және коносамент сияқты қарыз міндеттемелерінің пайда болуына әсер етті.Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты.Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау XIX ғ. ортасында өрістей бастады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
бағалы қағаздар нарығының түсінігі
Бағалы қағаздар нарығының жалпы атқаратын қызмет түрлері
Бағалы қағаздар нарығынң қатысушылары кімдер?
Диллер дегеніміз кімдер?
Брокер дегеніміз кімдер?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
Карагусов Ф.С. и др. Операции с ценными бумагами в Республике Казахстан. Алматы 1995г.
№ 3 дәріс
Тақырып: Бағалы қағаздардың мәні және жіктелуі
Қарастырылатын сұрақтар:
Бағалы қағаздар – қарыз міндеттемесі
Бағалы қағаздардың жіктелуі
Шетелдердегі бағалы қағаздардың турлері
Дәрістің мақсаты: Бағалы қағаздар нарығының мәнін ашып түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Бағалы қағаздар – ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесеғ қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер бпсқа адамға иемденуге берілсе бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқығын беретін құжатты сертификат деп атайды.
Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар – әлеуметтік-нарықтық қатынастардың ерекше дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік облигациялар және с.с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазіргі кезде АҚШ-та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өз алдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, ортақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларыншығаруы мүмкін.
Нарықтан тыс бағалы қағаздар әртүрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорындарға, ұйымдарға салған капиталдан тускен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші –заңды немесе жеке тұлғалар-оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.
Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерде тараған) басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатаы. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.
Бағалы қағаздарды шығарып, оларды орналастырушыны эмитент деп атайды. Эмитенттер кімдер?
Қазіргі әлемдік стандарттарға сәйкес эмитенттер – негізінен коммерциялық құрылымдар және мемлекеттік органдар. Олар бағалы қағаздарды шығару және орналастыру жөнінде шешім қабылдайды. “Бағалы қағаздар эмиссиясы туралы” шешімде мына мәліметтер көрсетіледі:
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Бағалы қағаздар дегеніміз не?
Бағалы қағаздар эмиссиясы
Кіріс түріне байланысты бағалы қағаздардың түрлері қандай?
Шығарушы эмитентіне байланысты бағалы қағаздардың түрлері қандай?
Бағалы қағаздар айналымын реттейтін заңдар қандай?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
№ 4 дәріс
Тақырып: Акциялар
Қарастырылатын сұрақтар:
Акция мәні және мазмұны
Акция түрлері
Акция құны
Акция бойынша девиденд
Дәрістің мақсаты:Акция мәнін ашып қарастыружәне акцияның қажеттілігін түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Акция- акционердің қоғамдағы үлесін немесе меншігін куәландыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне қоғам капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқығын береді. Қоғам қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады, яғни акция- қолдану мерзімі шектеусіз бағалы қағаз. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционер оны екінші нарықта сатуына болады.
Акцияда жазылған сома оның көрсетілген (номинал) құны деп аталады.
Көрсетілген құн қоғамның жарғылық капиталының бір акцияға шаққандағы бағасын білдіреді. Алайда, акцияны шығарған қоғам оның нақты бағасы қандай болатынына кепілдік бермейді.
Нақты бағаны тек нарық айқындайды. Нарықтағы акцияны сатып алу-сату бағасын акцияның бағамы (курсы) деп атайды. Бұл баға акцияда жазылған бағадан өзгеше: ол көрсетілген құннан жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Демек, акцияның эмиссиялық және нарықтық бағасын, сондай-ақ дивиденд мөлшерін анықтау үшін оның көрсетілген құны бағдар тәрізді болады. Қоғам таратылған жағдайда акционерлерге тиесілі оның мүлкінің үлесі акцияның номиналы мен санына пропорционалды есептеледі.
Жоғарыда жазылғандай акционерлік қоғам құрылғанда оның акциялары жарғылық капиталға қосқан салымына тең көлемде құрылтайшылар арасында орналастырылады. Сөйтіп акция:
Жаңадан акционерлік қоғам құрып, оның жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
Меншікті акцияландырғанда, яғни кәсіпорынды акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
Қоғамның жарғылық капиталын қосымша молайтқанда шығарылады.
Жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жай және артықшылықты акциялар) және қоғамның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып бөлінеді. Оларды қоғам кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайту және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір түрі.
Акция бір жағынан, бір акционерден басқаға беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, қоғамды басқаруға қатынасу құқығы бойынша- жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Қоғам тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
Атаулы акция- иесі міндетті түрде қоғамның реестрінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабында оны қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер деп есептеледі.
Ұсынушы акциясы- иесінің аты-жөні қоғам кітабында тіркелмеген акция. Кітапта ұсынушы акциясының жалпы саны ғана көрсетіледі.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Акция дегеніміз не?
Жай акция дегеніміз не?
Артықшылықты акция дегеніміз не?
Девиденд дегеніміз не?
Акция бойынша табысты есептеу әдістері қандай?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
№ 5 дәріс
Тақырып: Облигациялар
Қарастырылатын сұрақтар:
Облигация мәні және мазмұны
Облигация түрлері
Облигация бойынша кіріс
Дәрістің мақсаты:Облигация мәнін ашып қарастыру және оның қажеттілігін түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны (мүддені) төлеуді міндеттенген жазбаша қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді. Облигация шығару қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде корпорация мүлігінің бір бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының кұкы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды көзі. Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі өзгешеліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
1.Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал облигация корпорацияны несиелеудің куәлігі. Өз кезегінде, акционер де корпорацияны меншіктеушінің бірі. Акция сол меншіктеудің куәлігі тәрізді.
2. Облигация иемденушісіне сыйақы (мүдде) төленеді. Оның мөлшері алдын ала бекітіледі және нақты анықталады. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді. Облигация бойынша сыйакы (мүдде) басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның сыйақыны (мүддені) уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең. Акционер де дивиденд түрінде төлем алады. Бірақ дивидендтің мөлшері тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация дивиденд төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер корпорацияға қарсы ешқандай шара қолдана алмайды.
3. Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы жоқ. Ол акционерлер жиналысына, сонымен қатар, корпорация басқаруға да қатыспайды. Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік мүддесін қорғауда шешуші дауыс құқығы бар.
4.Облигация бойынша сыйақы (мүдде) корпорацияның шығынына жатады. Ол салық төлейтін пайдадан төленеді. Ал дивиденд салық төлегеннен қалған корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды айтады. Онда сыйақы (мүдде) мөлшері көрсетілген. Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды қиып алады. Бұндай сыйақы төлеудің түрін "купондарды қырқу" деп айтады. Облигацияда бірсыпыра элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер, өтеу туралы нұсқау, эмиссия шарты, қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады. Оны облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал кұнына байланысты келісілген сыйакы (мүдде) ,төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер бөлініп төленуі мүмкін, мысалы, жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын бір рет. Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар - шілде, ақпан - тамыз, наурыз -қыркүйек, сәуір - қазан, мамыр - қараша, маусым - желтоқсан. Одан басқа айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталанады. Мысалы, 5 қаңтар - 5 шілде, 20 нау-рыз - 20 қыркүйек және с.с.
Өтеу күні компанияның сатып алушыға облигацияның номиналына тең соманы қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Эмиссия шарты облигация шығару мәмілесі. Ол қарыз алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады. Траст компаниясы корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып, облигация ұстаушылардың мүддесін қорғап, эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын қадағалап отырады. Траст компаниясы эмитенттің қаржы құжаттарын және оның инвестициялық жобасының бизнес-жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризашылығын береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра ұсыныс енгізеді. Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:
ең аз өтімділік;
борыштың ақырғы деңгейі;
активтерді сатуға тыйым салу;
төленетін дивиденд мөлшерін шектеу.
Өтеу туралы нұскау эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент облигацияның номиналдық құны және сыйақы (мүдде) төлейтін арнаулы қор құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Эмиссия шартында облигацияны уақытынан бұрын кері сатып алу бабы да болуы мүмкін, яғни эмитенттің өз облигцияларын қайтарып алу құқы. Әдетте, ондай жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады. Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номиналдық құнынан жоғары болады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Облигация дегеніміз не?
Облигация түрлері қандай?
Купон дегеніміз не?
Облигация рейтінгі дегеніміз не?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
№ 6 дәріс
Тақырып: Вексельдер
Қарастырылатын сұрақтар:
Вексель мәні
Вексель түрлері
Вексель бойынша акцепт
Аваль
Индосамент
Дәрістің мақсаты: Вексель мәнін ашып қарастыру және оның қажеттілігін түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Корпоративтік бағалы қағаздардың түрлерін тарихи тұрғыдан қарастыратын болсақ, вексель- шаруашылықта қолданылған бағалы қағаздардың ең алғашқы формасы. Ертеден вексель есеп айырысуда ең қолайлы құрал ретінде, төлем құралы және тауарды қарызға сатып алғанда несие алу құралы ретінде қолданылған. Вексель міндеттемені орындауда және қарызды қайтаруда ұтымды нарықтық құрал болып есептеледі. Вексель қарыз алушының қолхатына байланысты пайда болған. Бастапқыда вексель операцияларына қатысушылар біріне-бірі сенгендіктен қарыз қатынастарына түссе, кейіннен ол қатынастар құқықтық міндеттемелер сипатына ие болды. Сөйтіп вексель туралы алғашқы заңдар Еуропа елдерінде XVII-XVIII ғасырларда шыққан.
Вексельдер туралы заңнамалық актілерде барлық вексельдік құқықтық қатынастарды реттейтін мағлұматтар көрсетіледі. Олар: вексельдің формасы; оны төлемге берудің және төлеудің айналыс тәртібі; вексель мәмілесіндегі жақтардың құқығы және міндеттері.
Тауарлы-ақшалы қатынастардың дамуына және одан әрі күрделенуіне байланысты вексель бірте-бірте несиелік есептесудің әмбебап құралына айналды. Вексельмен несие қатынастары рәсімделеді, сонда ол несие ақшасы ретінде айналыста жүреді және ақшаның төлем құралы қызметін атқарады. Бағалы қағаз ретінде вексель әртүрлі мәмілелердің, яғни сатып алу-сату, есептеу, кепілдікке салу және басқа да іс-әрекеттер объектісіне айналады. Вексельді коммерциялық және банктік практикада, оның ішінде сыртқы саудада және халықаралық есеп айырысуда кең қолдану, сондай-ақ халықаралық вексельдік қатынастарда кездесетін қиындықтарды жою мақсатында әрбір елдің вексель туралы заңнамасын бір ізге келтіру қажет болды.
XVIII-XІX ғасырларда Еуропа елдері вексель туралы ұлттық заңдарды біріктіруге бірнеше мәрте ұмтылып, 1910 және 1912 жылдары 33 мемлекеттің өкілдері қатысқан Гаага конференциясында вексель туралы жалпы заңның тексті жазылып дайындалды. Алайда, заңдарды біріктіру туралы конвенцияны қабылдауға бірінші дүниежүзілік соғыс кедергі жасады. Тек 1930 жылы 7 тамызда Женевалық вексельдік конфенцияда 1868 жылғы Жалпыгермандық вексельдік жарғы негіз болған «Аудармалы және жай вексельдер туралы» Біртектес вексельдік заң қабылданды. Қазіргі вексель айналысының құқықтық негіздері болып осы заң саналады. Вексельдің үлгісі және оның кейбір құқықтық өзгешеліктері әрбір мемлекеттің ұлттық заңдарына сәйкес толтырылады. Қазақстан Республикасында «Вексель айналысы туралы» Заң 1997жылы 28 сәуірде қабылданды.
Өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының жетіспеуі сияқты жағдайларға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі- вексель беріледі.
Вексель- қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Ол бағалы қағаз. Вексельді борышқор, яғни вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні- несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып-алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі.
Вексель шығару және оны пайдалануды дамыту ертеден несие – қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағыттарының бірі болып келеді. Себебі, вексельдің мәні- тек қарызды қайтару кепілі ғана емес, сонымен бірге сауда-саттық қарым-қатынастардың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы- ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан вексель иемденуші ақшалай төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар сатып алу үшін, я болмаса қызмет көрсету үшін төлем қаржысы ретінде қолданушыны іздестіреді. Әлбетте, вексельді банк сатып алады.
Вексель- тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда қолданылатын еңбір басты қаржы құралы. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25%-ін құрайды). Қазіргі кезде электрондық несие жүйесінің кезкелген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Егер кәсіпорын өз ісін парасаттылықпен жүргізіп отырса, оған айналым қаржысының уақытша жетіспестігінвексельмен толтыру онша қиын емес. Ол үшін саудадағы сенімді серігіне тауарды вексельге айырбастап берсе тауар-ақша айналымын жеделдетеді. Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық қатынастардың қалыптасу кезінде, төлем құралдарының жетіспеушілігі, өндірістің құлдырауы, шаруашылық байланыстарының үзілуі және үлкен мөлшерде өтелмеген төлемдер жиналуы жағдайында қолма-қолақшасыз есп ретінде вексельге деген ынта арта түсуде. Сондықтан вексель шаруашылық өмірге кең көлемде енуде. Қазірдің өзінде вексель айналымын реттейтін бірсыпыра ереже-құжаттар пайда болды. Вексель төлем дағдарысын реттеп, тауар қорларының айналысқа түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын азайтып және халық шаруашылығындағы есеп айырысуды тездетеді. Вексель айналымы экономикалық қатынастардың сан-алуан жүйесін қамти алады.
Вексель нарығының қызметі- қысқа мерзімді несие беру арқылы ақша қаражатын бөлу. Вексель айналымының негізі- серіктестердің бірін-бірі еркін таңдауымен және бірін-бірі бақылауымен жасалатын несиелік келісім. Вексельді шығару және оны айналымға түсіруге жасасқан келісімнің мәні мен маңызы зор.
Вексель несиені өтемеу қаупімен байланысты болғандықтан ол вексель берушіге шамалы болса да сенім болғасын төлем құралы ретінде қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші серіктестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес, сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлем уақыты жеткенге дейінгі болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі, олардың қабылданған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы нарықтық қарым-қатынастарды дамытуға жол ашады.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Вексель мәні
Жай вескель дегеніміз не?
Аудармалы вексель дегеніміз не?
Индосамент дегеніміз не?
Аваль дегеніміз не?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
№ 7 дәріс
Тақырып:Бағалы қағаздардың басқа түрлері
Қарастырылатын сұрақтар:
Опцион мазмұны және түрлері
Варрант түсінігі
Чектер
Депозиттік сертификат
Коносамент
Дәрістің мақсаты: Бағалы қағаздардың басқа түрлерінің мәнін ашып қарастыру және оның қажеттілігін түсіндіру
Дәріс мазмұны:
Бағалы қағаздардың басқа да өте көп түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың бірнешеуін қарап өтелік. Қоғамның жарғысына қарсы келмесе онда оның «екінші қатардағы» немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да бағалы қағаздар шығарып капитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды «құқықты бағалы қағаздар» деп те атайды. Оларға жазылу құқығын опцион, варрант деген сөздер айқындайды.
Акцияға жазылу құқығы акционерлерге қоғам акциясының жаңа тиражын сатып алу артықшылықты құқығын береді. Бұл акционерлердің мүлікке деген мүддесін қорғайды. Ол бағалы қағаздардың ерекшелігі қоғам жарғысында акционерлердің «артықшылықты құқығы» деген арнаулы сөзбен белгіленеді. Ондай құқықты тек жай акция иелері ғана пайдалана алады. Акцияға жазылу құқығы бар әрбір акционер қоғамнан сатып алуға рұқсаты бар акция саны және оның сатылу бағасы көрсетілген арнаулы куәлік немесе құқық сертификатын алады. Әдетте, акцияның сатылу бағасы ағымдағы курсынан төмен болады.
Акцияға жазылу құқығын үш түрлі жолмен жүзеге асыруға болады:
Біріншіден, өз құқығын іске асыру, яғни жаңа акция сатып алу. Ол үшін сертификатты толтырып және ақша аударып қоғамға тапсыру керек;
Екіншіден, жазылу құқығын сатуға болады;
Үшіншіден, жазылу құқығын пайдаланбауға да болады. Онда сатып алушылар туралы мәселені қоғам өзі шешеді. Жазылу құқығы- қысқа мерзімді бағалы қағаз. Әлбетте, ол бір айдан аспайды. Егер қоғамның акциясы қор биржасында айналымда болса, онда құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін. Оларға басқа баға қойылады.
Акциялар ондаған, жүздеген мың, тіпті миллиондаған данамен шығарылатын қазіргі жағдайда қоғамның акционерлері үшін де, оның инвесторлары үшін де арнайы бағалы қағаздар шығару арқылы жазылу құқығын пайдалану механизмі ең бір тиімді, әрі ыңғайлы әдіс болып саналады. Негізгі бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу құқығын пайдаланудың алғашқыларының бірі- опцион.
Опцион- шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы қағаз. Ол белгіленген уақытта немесе одан бұрын келісілген бағамен қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық береді. Опцион биржада саудаға түседі. Әдетте, опцион қоғамның өзінің жоғары лауазымды қызметкерлеріне тұрақты бағамен жай акция сатып алу құқығын беретін екінші қатардағы бағалы қағаз. Опцион- заңды түрде бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны көрсетіледі. Оның өлшемі лот деп аталады. 1 лотта 100 дана біратаулы бағалы қағаз болады. Опционның мазмұнында опциондық шартта бекітілген құқықтың орындалуы, яғни бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу күні, айналыс мерзімі, аяқталу күні, жөнелту- қабылдап алу жағдайлары және бағасы көрсетіледі.
Опционның екі түрі кездеседі:
А) активті сатып алуға құқық беретін опцион. Ол сатып алушы опционы немесе колл опционы деп аталады.
Ә) активті сатуға құқық беретін опцион. Оны сатушы опционы немесе пут опционы деп атайды.
Өзін-өзі тексеретін сұрақтар
Опцион дегеніміз не?
Варрант дегеніміз не?
Чектер дегеніміз не?
Депозиттік сертификат дегеніміз не?
Пайдаланатын әдебиеттер
Алексеев М.Ю. «Рынок ценных бумаг», М.2002
Жуков Е.Ф. «Ценные бумаги и фондовые рынки», М. 2005
Баринов Э.А. «Рынки: валютные и ценных бумаг», М. 2001
Сейткасимов Г.С. Деньги. Кредит. Банки. – А. 1999
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Ценные бумаги и фондовый рынок. – А.1998
Жуков Е.Ф. Ценные бумаги и фондовые рынки. М.: изд. ЮНИТИ 1995г.
Сейткасимов Г.С., Ильясов А.А. Формирование фондового рынка / уч. Пособие – Алматы 1996г.
Кулекеев Ж..А., Джексебаева Л.Н. Инвестиционные институты и процессы приватизации / уч. Пособие – Алматы 1995г.
6.Семинар (практикалық) сабақтардың жоспары.
№
|
Тақырып
|
Мазмұны
|
Апта
|
Әдебиет
|
1
|
Бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
|
Жекешелендіру кезеңдеріне сиапттама
Жекешелендіру процессі негізінде нарықта пайда болған бағалы қағаздардың түрлері
Шетелдердегі жекешелендіру процессіне сипаттама
|
1
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3,4,6,9
|
2
|
Бағалы қағаздар нарығының мәні және қатысушылары
|
Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары
Диллер қызметін ұйымдастыру және реттеу
Брокер қызметін ұйымдастыру және реттеу
Джобберлер
|
2
|
Негізгі әдебиеттерден 2,3,5
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3
|
3
|
Бағалы қағаздар мәні және эмиссиясы
|
Бағалы қағаздар эмитенттері және бағалы қағаздардың эмиссиясы
Бағалы қағаздарды орналастыру және айналысқа түсіру.
Аукцион мәні және түрлері
Бағалы қағаздар айналысын реттейтін құқықтық негіздері
|
3
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3,4,7
|
4
|
Акция
|
Акция эмитенті және эмиссиясы
Акцияны айналысқа шығару
Акция бойынша табысты есептеу
Акция айналысын реттейтін заңдар
Акцияның басқа бағалы қағаздардан айырмашылығы
|
4
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3,4,7
|
5
|
Облигациялар
|
Облигация эмитенттері және эмиссиясы
Облигация эмиссиясын мемлекеттік тіркеу
Облигацияны айналысқа шығару
Облигация бойынша купондық табысты есептеу
|
5
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3,4,8,9
|
6
|
Вексельдер
|
Вексель бойынша кепілдік
Вексель бойынша есептесу
Вексель айналымын реттейтін заңдар
Жай және аудармалы вексель айырмашылығы
|
6
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
Қосымша әдебиеттерден 1,2,3,4,8,9
|
7
|
Бағалы қағаздардың басқа түрлері
|
Опцион түрлеріне сипаттама
Депозитарлық қолхат
Чек айналымы
|
7
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
8
|
Туынды бағалы қағаздар
|
Нарықтағы туынды бағалы қағаздардың айналысы
Туынды бағалы қағаздардың эмиссиясы
Туынды бағалы қағаздардың айналысын реттейтің заңдар
|
8
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
9
|
ҚР-ғы мемлекеттік бағалы қағаздар
|
Мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау процессі
ҚР-ың Ұлттық банктің эмиссиялайтын бағалы қағаздары
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табыс
Қазыналық вексель түрлері
Мемлекеттік облигация түрлері
|
9
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
10
|
Қазақстан қор биржасы
|
ҚР-да қор биржасының қалыптаусы
Қазақстан қор бижрасының пайда болуы
|
10
|
Негізгі әдебиеттерден 2,6,13,14
|
11
|
Биржа және оның пайда болуы
|
Тауар биржасы
Валюта биржасы
.
|
11
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
12
|
Қор биржаларының қызметін ұйымдастыру
|
Қор биржасын құрудың мақсаты
Қор биржаларының атқаратын қызметтері
Листинг
Клиринг
|
12
|
Негізгі әдебиеттерден 1,2,13
|
13
|
Қор биржасындағы сауданы ұйымдастыру
|
Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымы
Биржалық дағдарыс түсінігі және қалыптасу формасы.
|
13
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
14
|
Қор биржа индекстері және индикаторлары
| Қор индекстерінің түсінігі.
Қор индекстерінің түрлері
Қор нарығының конъюнктурасына қор индекстерінің әсері
|
14
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
15
|
Шетелдік қор нарығы
|
Шетелдік қор нарығының қызмет ету механизмі
Лондон және Нью-Йорк қор биржасы
|
15
|
Негізгі әдебиеттерден 1,6,11,13
|
Достарыңызбен бөлісу: |