«Экономика және басқару» институтының директоры


Мақсаты: Корпорациялар қаржысыың теориялық негізін және мазмұнына сипаттама беріп, оны ұйымдастыру принциптерін анықтау



жүктеу 0,53 Mb.
бет4/7
Дата21.11.2018
өлшемі0,53 Mb.
#23362
1   2   3   4   5   6   7

Мақсаты: Корпорациялар қаржысыың теориялық негізін және мазмұнына сипаттама беріп, оны ұйымдастыру принциптерін анықтау


Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:
  1. Корпоративтік қаржының түсінігі ен мазмұны, оның функциялары

  2. Корпорация қаржысының ұйымдастырылуының негізгі принциптері және рөлі.

Корпорация қаржысы – бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айрықша сферасы болап табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді.

Кәсіпорындардың айтарлықтай бөлігі қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін көзі – қоғамдық өнім жасалатын материалдық өндіріс сферасында жұмыс істейтіндіктен бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Кәсіпорын қаржысы өзіне қоғамдық – пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, жабдықтау-өткізу, сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын-үй коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, маркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, концерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салараалық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын қамтиды.

Кәсіпорын қаржысы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды.

Кәсіпорын қаржысының бөлгіштік функциясының ерекшелігі қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесінде өндірілген өнімнің құны белгіленген экономикалық нормативтер негізінде бөлінетіндігінде болып отыр, мұның өзі қаржының өндіріс процесінде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Бөлу - өндіру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсіпорындардың өнім өткізуден түсім-ақша алуы және оны өндірістің жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға пайдалану арқылы болып жатады. Табыстың (пайданың) бір бөлігі қайта бөлу ретінде орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджетке, бюджеттен тыс қорларға түседі, ал қалған бөлігі еңбекке ақы төлеуге, әлеуметтік мұқтаждарға, өндірісті кеңейту және дамыту жөніндегі шығындарды қаржыландыруға шаруашылықтың қарамағында қалады.

Кәсіпорын қаржысы сонымен бірге бөлгіштік функция шеңберінде ұдайы өндірістік функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндіріс кезінде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесінде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестікті қамтамасыз етуде болып табылады. Бұл үшін кәсіпорындар өнім өндіру мен оны өткізудің жоспарлары, болжамдары мен ниеттері негізінде, белгіленген экономикалық нормативтер негізінде уақыттың белгілі бір мерзіміне кірістер мен шығыстардың көлемін жасайды; шығыстардың шамаланған меншікті қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерінің уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелері есебінен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлінетін қаражаттар есебінен жабылатынын анықтайды.

Кәсіпорын қаржысының бақылау функциясы кәсіпорын экономикасында маңызды роль атқарады; есепсіз және бақылаусыз шаруашылық жүргізуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бірге экономиканы басқару, өндірістің өсуін ынталандыру және еңбек, материал, табиғи және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажетті бақылауды қамтамасыз ету процесінде маңызды роль атқарады. Ақшамен бақылау тек шаруашылық жүргізуші субъектілердің ішінде ғана емес, сонымен бірге оның басқа субъектілерімен, жоғарғы ұйымдармен және қаржы - -кредит мекемелерімен өзара қарым-қатынастарында да жүзеге асырылады. Кәсіпорындар арасындағы өзара қатынастарда бақылау жеткізілім тауарларға, көрсетілген қызметтерге және орындалған жұмыстарға ақы төлеу кезінде болады. Қаржы – кредит органдарымен өзара іс-әрекет кезінде бақылау бюджет алдындағы міндеттемелердің орындалуы кезінде, банк несиелерін алған және қайтарған кезде жүзеге асырылады.


1-тақырып: Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржылық ортасының мазмұны.

Мақсаты: Корпорациялар қаржысында қаржылық қатынастарды анықтау


Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1. Компанияның капитал нарығындағы қызметі.

2. Бюджетпен, коммерциялық банктермен, сақтандыру және басқа компаниялар мен ұйымдармен қаржылық қатынастардың сипаты.

Кәсіпорын қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметі процесінде басқа шаруашылық жүргізуші субъектілермен болатын мынадай топтарға ірілендірілген ақша қатынастарына саяды:



  • басқа әр түрлі кәсіпорындармен және ұйымдармен;

  • өзінің еңбек ұжымымен (бұл қатынастар еңбекке ақы төлеуді, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қорынан қызметкерлерге жәрдемақылар төлеуді, сонымен бірге қызметкерлердің қаражаттарын тартуды ортақтастырады);

  • өз ішіндегі бөлімдермен;

  • мемлекетпен – бюджетке салықтар төлеу, бюджеттен қаржыландыру кезінде, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алған кезде, сондай-ақ олар бойынша төлемдер алғанда, валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырғанда;

  • банктермен;

  • сақтық органдармен – мүлікті, қызметкерлерді, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелді сақтандыру жөнінде;

  • жоғары ұйымдармен – ішкісалалық қайта бөлу шегінде;

  • құрылтайшылармен;

Кәсіпорындардың қаржысына, бір жағынан, жалпы қаржылардың экономикалық табиғатын сипаттайтын белгілер, басқа жағынан, қоғамдық өндірістің түрлі сферасындағы қаржылардың қызмет етуіне байланысты ерекшеліктер тән. Сонымен бірге бұл қаржыға тән мынадай негізгі белгілерді атауға болады:

  1. қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;

  1. өндірістік құралдардың міндетті болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы. Өндірістік капиталдар – бұл өндірістің серпінді элементі, олар өндірістің өзі сияқты үздіксіз қозғалыста болады; сонымен бірге құн нысандарының тұрақты ауысымы болып отырады. Кәсіпорын қызметінің кез келген мезетінде өндірістік құралдар материалдық-заттық және ақша нысанында болуы мүмкін;

  1. жоғары белсенділік, кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің барлық жағына әсер ету мүмкіндігі;

  2. кәсіпорын қаржысы бүкіл қаржы жүйесінің айқындаушы негізі болып табылады .

Сөйтіп, Кәсіпорын қаржысы деп өнім өндіріп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды атайды.

Қаржы қатынастарының мазмұны мен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық жұмысын ұйымдастыруға олардың салалық тиістілігі, ұлттық шаруашылықтың техникалық – экономикалық ерекшеліктері айтарлықтай ықпал жасайды.

Материалдық өндіріс сферасының кәсіпорындары қаржысының өзгешелігі едәуір дәрежеде кәсіпорынның іс-әрекет ететін саласына да байланысты болып келеді.

Қаржының салалық ерекшеліктері өндірістің сипатымен, түрлі салалардың технологиясымен, өндірістік циклдың ұзақтығымен, маусымдылықпен, өндірістің табиғат және климат факторларына тәуелділігімен, шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағдайларының айырмашылығымен анықталады. Саланың өзгешелігі қаржы ресурстарының жылдамдығына, қалыптастырылатын ақша қорларының құрамына, қаржы ресурстары мен кәсіпорындардың шығындары құрылымына, бюджетпен және басқа қорлармен болатын өзара қатынастарға әсер етеді. Маусымдылық факторы ауыл шаруашылығы, құрылыс өндірісі үшін сипатты болып келеді.

Сыныптаманың келесі ірі белгісі кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің қаржылық қызметінің сипаты – коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шаруашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс – қимылдарды орындауға бағытталған.

Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңды тұлға ұғымы анықталады. Заңды тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады. Өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алады, сотта талапкер және жауапкер бола алады.

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің дамуы кезінде жұмыс істейді.

Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер, банк кредиттері, бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар, мемлекеттік кәсіпорындарда қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардан қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде – кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары.

Қазақстан Республикасы Президентінің “Шаруашылық серіктестіктері туралы” заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі – жарғылық капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестігінің мынадай нысандары белгіленген:


  1. толық серіктестік;

  1. сенім серіктестігі;

  1. жауапкершілігі шектеулі серіктестік;

  2. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;

  3. акционерлік қоғам.

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс алу мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді: коммерциялық банктер, сақтық ұйымдар, қаржы секторының басқа мекемелері (жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трастық компаниялар және басқалары.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, бөлу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындармен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

Мұндай экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олар мыналар:


  1. коммерциялық – шаруашылық есеп;

  1. жоспарлылық;

  1. меншіктің барлық нысандарының теңдігі;

  2. қаржы резервтерінің болуы.

Коммерциялық есеп – кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетті негізгі және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөліп берілетін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығындарды шаруашылық қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының теңдігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын және қызмет сфераларын таңдауды

іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.

Коммерциялық есептің айқындаушы қағидаттары өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

Өзін-өзі өтеушілік – шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді.

Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі – залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық теңдігі.

Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету – кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты.

Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы қолдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабельді жұмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар.

Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер тарапынан кәсіпорынға қойылатын талаптар мен міндеттемелерді кәсіпорынның уақытында қанағаттандыруға төлем қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесе таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.

Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты.

Бұл қағдат өнім өндіру мен кәсіпорынныңөндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді.

Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздары, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызынжоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың толық қаржы дербестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды.Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл - маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғағн байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындарболып табылады.

Қаржылық жауапкершілік пен мүдделік – бір процестің – шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның – экономиканың негізгі буыны – кіспорын, ұйым, басқа шаруашылық субъкті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді.

Есеп-қисаптар негізінде және белгіленгенқаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта - қаржы жоспарында (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анқталады. Кәсіпорынның болжалды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қажы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың – жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтердің зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

Кәсіпорын іріррек шаруашылық құрылымға –бірлестік ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары - мемлекеттік, жеке, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың қажетті қағидаты – басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өндірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.


2-тақырып: Қаржы – несиелік шешімдер қабылдауда қаржылық – экономикалық есептеулердің математикалық негіздері.

Мақсаты: Қаржы – несиелік шешімдер қабылдауда қаржылық – экономикалық есептеулердің математикалық негіздерін қарастыру

Негізгі сұрақтар мен қысқаша мамзұны:

1.Ақшаның уақыттық құндылығының түсінігі компания капиталының (қазіргі) және болашақтағы (өспелі) құны. Дисконттау және компандтеу.

2. Ссудалық пайыздардың жай және күрделі ставкалары жай және күрделі есептеу ставкалары.

3.Қаржылық шешімдер қабылдауда ақшаның инфляциялық құнсыздануының есебі.

4. Қаржылық құралдарды бағалау акция мен облигациялар. Таза келтірілген құн.

Қаржы математикасының негізгі түсініктері. Қаржы математикасында қолданылатын негізгі түсініктер мынадай:

1. Пайыздар ( пайыздық ақша) – бұл капиталды әр түрлі нысанда қарызға ұсынудан алатын табыс, өндірістік немесе қаржы инвестициялардан алынатын табыс (кіріс).

2. Пайыздық ставка – бұл пайыздың есептелуінің күштілігін сипаттайтын шама.

3. Алғашқы ақша суммаларының өсуі (өскен сома) – бұл бастапқыдағы ақша суммаларының пайыз қосылғандағы үлкеюі.

4. Өсіру коэффициенті – алғашқы (бастапқыдағы) капиталдың қаншама өскенін сипаттайды.

5. Ақша есептеу кезеңі – бұл пайыздар аударылатын уақыт мерзімі.

6. Ақша есептеу интервалы – ақша есептеу кезеңі белгілі бірнеше интервалға бөлінуі мүмкін, яғни минималды уақыт мерзімі өткеннен кейін пайыздар есептеу басталады. Мысалы: ақша (аудару) есептеу кезеңі 1 жыл, интервалдары 1-тоқсан пайыздар жылына 4 рет есептеледі.

Тәжірибеде пайыздарды есептеу туралы 2 негізгі концепциясы қолданылады:



  1. Пайыз есептеудің декурсивтік әдісі: пайыздар әрбір ақша есептеу интервалының соңында аударылады. Пайыздың шамасы ұсынылған капиталдың мөлшері бойынша анықталады. Осыған лайық декурсивтік пайыздық ставка немесе ссудалық пайыздық ставка белгіленген интервал кезіндегі есептелген табыс сомасының (пайыздық ақша) осы интервалдардың басындағы суммаға бөлінуімен анықталады және пайыздық шамамен көрсетіледі.

  2. Антисипативтік әдіс (пайыздар алдын-ала есептелетін әдіс) – пайыздар әрбір ақша есептеу интервалының басында есептеледі, бұл әдіс вексельдік операциялар бойынша қолданылады. Осы әдіс бойынша ставканы есеп ставкасы деп атайды. Бұл жағдайда пайыздық ставка белгіленген интервалдағы төленетін табыс сомасы және осы интервал кезінде өскен сомалардың шамасы қатынасы арқылы табылады және пайыздық шамамен көрсетіледі.

Осы 2 әдісте де пайыздық ставкалар жай немесе күрделі болып бөлінеді.

Егерде пайыздық ставка пайыз есептеу кезіндегі тек қана бастапқыдағы ақша суммасына қолданылатын болса пайыздық ставканы жай деп атайды.

Егерде пайыздар әр пайыз есептеу интервалы өткен соңындағы қарыз суммасы және осы интервал бойынша есептелген пайыздық ақшаға қолданылатын болса, пайыздық ставкалар күрделі болып саналады.

Мысалы: 50 000 теңге жарты жылға жылдық 12% бойынша депозитке салынған, бұнда жай ставка дегеніміз 50 000 теңгеге 6% есептеледі деп санаймыз.

50 000 теңге жарты жылға жылдық 12% бойынша депозитке салынған және пайыздар тоқсан сайын есептеледі.

1-тоқсан 50 000 + 50 000 * 3% = 51 500


бастапқы пайыздық

ақша ақша


2-тоқсан 51 500 + 51 500 * 3% = 53 045
Ссудалық пайыздардың жай ставкалары қысқа мерзімде қаржы операцияларында қолданылады және пайыздар ақша есептеу кезеңі немесе интервалы өткен соң аударылады немесе есептеледі. Келесі шартты белгілерді енгізейік.

жүктеу 0,53 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау