1. Комбинирленген, сұраныс немесе тұтынысқа байланысты бірнеше
тауар топтарын жарнамалайды. Мысалы: киім дүкенінде балаларға,
əйелдерге жəне ер адамдарға арналған сөрелер болуы мүмкін.
2. Мамандандырылған, бір топтағы тауарларды жарнамалайды.
Мысалы: электротұрмыстық приборлар дүкенінде кір жуатын машина,
шаңсорғыш, тоңазытқыш, т.б. ұсынылуы мүмкін.
3. Тар мамандандырылған, тауар тобының бір бөлігін ғана
жарнамалайды (мысалы, фотоаппарат, сағат)
4. Аралас, бір-бірімен байланысы жоқ əр түрлі тауарлар тобын
жарнамалайды.
Безендіру сипаты бойынша сөрелер келесідей жіктеледі:
1.
тауарлық, оның негізін декоративті элементтер пайдаланбайтын
тауар құрайды. Мысалы, «ас бөлме үшін ыдыстар» сөресі, мұнда тауардың
ассортименті көп болады.
2.
тауарлық-декоративті, мұнда тауармен қоса декоративті элементтер
қолданылады, олардың көмегімен тауарға тəн ерекшеліктер мен қасиеттер
неғұрлым айқын көрінеді. Мысалы, тоңазытқыш, кір жуатын машина, шаң
сорғыш жарнамасы.
3.
сюжетті, қандай да бір жанрдағы көріністі пайдалану арқылы
безендірілген. Мысалы, балаларға арналған тауарларды сату бойынша
дүкендердегі ертегі, мультфильм тақырыптарындағы сөрелер
4.
тақырыптық, мейрам, мерейтой, салтанатты шараларға арналған
сөрелер
Безендірудің техникалық құралдары бойынша сөрелерді статичные,
динамикалық, комбинирленген деп бөледі.
Сөрелерге келесі негізгі талаптар қойылады:
1.
Сөрелер мөлдір (сквозными) болуы керек, ал егер мүмкіндік болса
қойылған тауарлар көшеден де, іштен де көріну үшін 2 жақты болуы керек
2.
Сөреге тек сауда айналымында бар тауарларды ғана қою керек. Егер
тауар сатылып кеткен болса, оны сөреден алып тастау керек.
3.
Сөреге тек натуралды тауар үлгілерін ғана қою керек.
4.
Сөрелерге тауармен қатар олардың тұтыну қасиеттерін көрсететін
жарнамалық плакаттар пайдаланған жөн. Сөрелерге қойылған тауар
үлгілерінің бағалары нақты жазылған баға көрсеткіштерімен (ценник)
қамтамасыз етілуі керек.
5.
Барлық көрмелік безендірулер сауда залының жарық болуын
қамтамасыз ету үшін сөре əйнегінің жартысынан артық ауданын алуына
болмайды.
6.
Сөреде пайдаланылатын инвентарь тауарға қарағанда тартымды
болмауы керек (назар аудармас үшін).
7.
Дүкенде нақты қазіргі уақытта бар тауарлар ассортиментін
жарнамалау кезінде маусымдық факторларды есепке алу керек.
8.
Сөрелерді айына екі реттен артық жаңартуға болмайды.
Сөрелік инвентарь – сөредегі тауарларды көрсету үшін қолданылатын
қондырғыны білдіреді. Сөрелік инвентарь қарапайым, мықты, байқалмайтын,
əмбебап болуы керек. Сөрені аз инвентарьмен безендіру керек.
Барлық сөрелік инвентарьларды конструкциясы, сипаты бойынша жəне по
назначению бөлуге болады:
По назначению (атқаратын қызметіне қарай) сөрелік инвентарьлар
əмбебап жəне мамандандырылған деп бөлінеді.
Конструкциясы бойынша сөрелік инвентарьлар жиналмайтын жəне
жиналып-бұзылатын деп бөлінеді.
Дайындау сипаты бойынша типтік (көп көлемде) жəне жеке (бір немесе
бірнеше) деп бөлінеді.
Сөрені безендіру кезінде үш негізгі принципті басшылыққа алу керек:
1.
тепе-теңдікті (балансты) сақтау. Тепе-теңдіктің қарапайым түрі –
симметрия.
2.
тұрақтылықты қамтамасыз ету (пирамида, үлкені астында).
3.
ырғақты сақтау.
Сөрені безендіру кезінде 4 калориялық сызба қолданылады:
1.
монохроматическая – сөрені безендіру кезінде интенсивтілігі əр түрлі
бір түсті қолдану
2.
аналогичная – бір-біріне жақын түстерді пайдалану (голубой-
голубовато-фиалетовый-фиалетовый)
3.
контрастная - əр түрлі түстердің бірігуі
4.
полихромная (өте көп түстердің болуы)
Тақырып 13. Көрме, жəрмеңке жəне жарнамалық кəдесый
1.
Көрме жəне жəрмеңке түсінігі, түрлері
2.
Жарнамалық кəдесый түсінігі, түрлері
Көрме жəне жəрмеңкелердің жоғары тиімділігі жыл сайын əлемде едəуір
шығынды талап ететін көптеген мыңдаған ірі көрмелік шаралардың
өткізілуімен анықталады.
Жəрмеңкелер нарықтық сипаттағы шаралар ретінде дүниеге келді. Оның
мақсаты – көрсетілетін өнімдер немесе тауарларды өткізу. Көрмелер
адамдардың қандай да бір жетістіктерін көпшілік демонстрациялау құралы
ретінде пайда болды.
Жəрмеңке дегеніміз – негізгі мақсаты көрсетілетін тауарлар бойынша
сауда келісімдерін жасау болып табылатын коммерциялық шара.
Көрме – қоғам өмірінің қандай да бір материалдық немесе рухани
сферасындағы жетістіктерді көпшілік демонстрациялау. Негізгі мақсаты –
идея, теория, білім алмасу.
Бірақ уақыт өте келе бұл екеуінің арасындағы негізгі айырмашылық
жоғалуда. Шартты түрде барлық көрмелік шараларды келесідей жіктеуге
болады:
Халықаралық жəрмеңкелер жəне көрмелер – бұл əлемнің көптеген
елдерінен қатысушыларды жинайтын, белгілі бір уақыт аралығында (жыл
сайын немесе басқа периодта) өтетін көрмелік шаралар. Оларды жалпы
салалық жəне мамандандырылған деп бөлуге болады. Жалпы салалық
көрмелік шараларда экономиканың əр түрлі салаларының бұйымдары жəне
өнімдері көрсетіледі. Мамандандырылған көрмелік шараларда бір немесе
бірнеше аралас немесе өзара толықтырушы салалар экспонаттары
демонстрацияланады.
Ұлттық көрмелер - əр түрлі өмір сфераларындағы елдің жетістіктерін
көрсететін арнайы ұйымдастырылған экспозициялар. Мұндай көрмелер елдің
ішінде де, сонымен қатар шет елдерде де өткізілуі мүмкін. Тұрақты жəне
жылжымалы болуы мүмкін. Ұлттық көрмелерді соңғы жылдары жарнамалық
жəне коммерциялық жұмыстарды өткізу үшін неғұрлым тиімді пайдалануда.
Көтерме жəрмеңкелер – сауданың көтерме звеноларының өкілдері өнімді
немесе тауарларды өндірістік кəсіпорындардан жəне бірлестіктерден жеткізіп
беру туралы келісімдерге келу шаралары.
Жарнама берушінің мамандандырылған көрмелерін тапсырыс беруші
ұйым ұйымдастырады жəне қаржыландырады. Олар тұрақты жəне
жылжымалы болуы мүмкін.
Мамандандырылған
көрмелерді
ұйымдастырумен
байланысты
шығындардың көптігіне қарамастан бұл шаралардың тиімділігі айтарлықтай
жоғары.
Үнемі əрекет етуші экспозицияларды (үлгі кабинеттер, демонстрациялық
зал жəне т.б.) кəсіпорын немесе бірлестіктердің əкімшілік ғимараттарында
ұйымдастырады. Көптеген концерн, корпорация, ірі өндірістік бірлестіктер
өндіретін өнімдерінің үлгілерін демонстрациялау үшін үнемі əрекет етуші
экспозицияларды пайдаланады. Осылайша, көрмелерге қатысу – кез-келген
тауар, өнім жəне қызмет үшін жарнаманың керемет нысаны болып табылады.
Жарнамалық кəдесыйларды жарнамалық мақсатта кеңінен қолданады,
өйткені ол ұйымды танымал етудің жақсы құралы болып табылады.
Жарнамалық кəдесыйларды шартты түрде келесідей жіктеуге болады:
1.
Фирмалық кəдесый бұйымдар – бұған əр түрлі брелоктар, значоктар,
зажигалкалар, қаламдар, бас киім, майкалар жəне т.б.жатады. Олардың
көркемдік безендірілуінде тұрақты атрибут болып тауар белгісі, ұйымның
фирмалық блогы, кейде оның мекен-жайы, басқа да пошталық реквизиттері,
ұраны немесе қандай да бір қысқа слоганы (лозунг) табылады.
2.
Сериялық кəдесый бұйымдар – фирмалық кəдесый бұйымдарды
дайындаудың қиындығына байланысты тауарларға фирмалық наклейкалар
жапсыру.
3.
Сыйлық бұйымдар - əр түрлі мерейтойларға байланысты, үлкен
коммерциялық келісім-шартқа отырумен байланысты ұйымның жоғарғы
буын басқарушыларының іскерлік кездесулерінде пайдаланылады. Əдетте
бұларға столға қоятын, жарға ілетін сағаттар, көркем альбомдар, фарфор
вазалар, т.б. жатады.
4.
Фирмалық қораптау материалдарына фирмалық полиэтилен
сумкалар, сыйлық жəне сувенирлер үшін орауыш қағаздар жəне қораптар, əр
түрлі фирмалық папкалар, т.б. жатады.
Тақырып 12. Жарнамадағы фирмалық стиль
Достарыңызбен бөлісу: |