Экономика жəне басқару факультеті



жүктеу 0,61 Mb.
Pdf просмотр
бет12/28
Дата04.02.2020
өлшемі0,61 Mb.
#28182
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28

бір  күні  жариялауға  жəне  жарнаманы  апта  ішінде  бірнеше  рет  қайталауға 

мүмкіндік береді.  

Басылымда  жарнаманы  орналастыру  орны  оның  тиімділігіне  көп  ықпал 

етуі  мүмкін.  Мысалы,  журналдың  соңғы  бетіндегі  көптеген  жарнамалар 

арасындағы  хабарландырудың  байқалу  мүмкіндігі  аз.  Көптеген  жарнама 

берушілер  хабарландыруды  оң  беттегі,  жоғарғы,  оң  жақтағы  бұрышқа 

орналастыру  ең  тиімді  деп  есептейді.  Алайда,  оқырмандардың  назарына, 

əрине,  көптеген  басқа  факторлар  да  əсер  етеді.  Мысалы,  көрші  орналасқан 

хабарландыру, хабарландырудың өзінің дизайны, т.б. 

Хабарландырудың көлемі де маңызды роль атқарады. Егер нарыққа жаңа 

тауар шығарылса, онда оны пайдалану туралы жəне оның артықшылықтары 

туралы айту үшін үлкен аудан қажет болады.  

Бірақ  бюджет  кішкентай  болса,  ақша  қаражаттарын  үнемдеуге  болады. 

Тауар жөнінде көбірек білуге оқырмандарды қызықтыру керек те, ал соңынан 

оларды  телефон  бойынша  хабарласуға  немесе  жергілікті  дилерлерге 

жолығуға шақыру керек. Журнал немесе газеттердегі ірі форматтағы бір ғана 

публикация қауіпті болып келеді. Оның орнына кішкентай көлемдегі бірнеше 

рет берілген хабарландыру жоғары нəтижелі болар еді.  

Прессадағы  жарнаманың  көп  түрлілігі  ретінде  анықтамалардағы  немесе 

оқу  құралдарындағы  жарнаманы  қарастыруға  болады.  Журнал  немесе 

газеттермен  салыстырғанда  ол  ұзақ  сақталады.  Өйткені  оқулықтар  көптеген 

жылдар бойы қолданылады жəне оны пайдаланушылардың саны да көп.  

Жоғарыда айтылғандардан келесідей қорытынды шығаруға болады:  

1. 


Прессадағы  жарнаманың  тиімділігі  көптеген  факторлардың 

нəтижесі  болып  табылады:  тираж,  өткізу  көлемі,  рейтинг  (оқырмандардың 

жалпы  саны),  оқырмандар  аудиториясының  сапалық  сипаттамалары, 

периодтылығы, т.б. 

2. 

Прессадағы неғұрлым тиімді жарнама тарату құралының бірі болып 



мамандандырылған басылымдар табылады. 

 

Тақырып 10. Баспалы жəне пошталық жарнама 



 

1. 


Баспалық жарнама материалдарының түрлері, сипаттамалары 

2. 


Баспалық жарнаманың артықшылықтары 

3. 


Пошталық жарнама артықшылықтары мен кемшіліктері 

4. 


Пошталық жарнаманы құраушылар, тиімділігі 

 

Баспалық  жарнама  материалдарын  2  негізгі  топқа  бөлуге  болады: 



жарнама-каталогтық  басылымдар  жəне  жаңа-жылдық  жарнама-сыйлық 

басылымдар. 

Жарнама-каталогтық  басылымдар  нақты  тауарлар,  өнімдер  немесе 

қызметтер түрлерін жарнамалайды.  

Каталог – тауарлардың көп түрлерін қамтитын, белгілі бір тəртіп бойынша 

құрастырылған, тауарлардың фотоларымен көркемделген баспалық басылым. 

Басында əдетте дайындаушы-кəсіпорын туралы шағын кіріспе бөлім беріледі, 



содан  соң  ұсынылатын  тауардың  техникалық  сипаттамалары  мен  толық 

мəлімет беріледі. Ұзақ уақытқа пайдалануға арналған. 

Проспект  –  қандай  да  бір  нақты  тауар  немесе  тауарлар  тобы  туралы 

ақпараттандырушы баспалық басылым. Ұсынылатын тауарлар туралы толық 

ақпарат беріледі. Каталогтан айырмашылығы – көлемі кішкентай. 

Буклет  –  каталог  пен  проспектіден  айырмашылығы  брошюраланбаған, 

гармошкаланып  бүктелген.  Əр  түрлі  көлемде  болуы  мүмкін,  арзан  жəне 

үнемді  басылым  болып  табылады.  Көп  тиражда  шығарылады  жəне  қысқа 

уақыт аралығына арналған. 

Плакат – ірі форматты басылым, көп жағдайда бір жағына ғана жазылады. 

Қызметін көбейту үшін плакатқа күнтізбелік кесте салынады. 

Листовка – кішкентай форматты, көп тиражда шығарылатын басылым. 

Барлық  жарнама-каталогтық  материалдарда  ұйымның  мекен-жайы, 

телефон номері, телефакс, т.б. болуы керек. 

Жаңа-жылдық 

жарнама-сыйлық 

басылымдар 

баспалық 

жарнама 

материалдарының ең тиімді түрі болып табылады.  

Фирмалық  қабырғаға  ілінетін  жəне  үстелге  қойылатын  күнтізбелерде, 

іскерлік  күнделіктерде  жəне  записная  книжкаларда  ұсынылатын  тауарлар 

жəне қызметтер туралы ақпараттар беріледі.  

Жарнама-коммерциялық  əдебиеттердің  мақсаты  -  əлеуетті  сатып 

алушыларды  жарнама  беруші  фирмадан  сатып  алуға  болатын  тауарлармен 

(қызметтермен)  таныстыру.  Баспалық  жарнаманы  дайындау  кезінде  нашар 

дизайнға, арзан қағаздағы төмен сапалы басылымға жол берілмеу керек. Ол 

əлеуетті  сатып  алушыға  кері  əсерін  тигізеді  –  сатып  алудың  орнына  ол 

саудадан бас тартады.  

Баспалық жарнаманың артықшылықтары: 

салыстырмалы арзандығы; 



дайындау шапшаңдығы;  

кейбір  тарату  құралдары  (мысалы  қабырғаға  ілінетін  күнтізбе)  ұзақ 



уақытқа сақталады; 

нақты тарату құралында бəсекелестер туралы ақпараттың жоқтығы, т.б.  



Кемшілігі: 

көп 


шығарылып, 

пайдасыз 

аудиторияның 

(пайдаланбаушылардың) үлкен болуы.  

Тікелей пошталық жарнама (директ мейл) жарнамалық хабарларды нақты 

тұтынушылар топтарының немесе мүмкін іскер серіктестердің мекен-жайына 

жіберуді  білдіреді.  Тікелей  пошталық  жарнама  əлеуетті  тұтынушылардың 

көп бөлігін қамтуды қамтамасыз етуші ерекше тиімді құрал болып табылады. 

Соған байланысты ол əр түрлі елдерде кең таралды. 

Тікелей  пошталық  жарнама  арнайы  дайындалған  жарнама-ақпараттық 

хаттарды  жіберуді  немесе  баспалық  жарнама  материалдарын  мақсатты 

жіберуді қамтиды.  

Жарнама-ақпараттық  хаттар  жарнама  берушінің  фирмалық  бланкілерінде 

басылып,  көбейтіледі.  Мұндай  хаттардың  мəтінінде  ұсынылатын  өнімнің 

артықшылықтары  жəне  ерекшеліктері  туралы  толық  ақпарат  болады  жəне 

сату немесе қызметтестік бойынша нақты коммерциялық ұсыныстар болады. 




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау