Экономика және басқару факультеті


Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау



жүктеу 1,32 Mb.
бет3/5
Дата21.01.2018
өлшемі1,32 Mb.
#7809
1   2   3   4   5
Тақырып 4. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау




  1. Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері

  2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері

  3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны




    1. Жоспарлау мәні, ұстанымдары және ішкіфирмалық жоспарлаумен болжамдау әдістері

Жоспарлау – қоғамның әр-түрлі салаларында болашақ қызметтердің жобасын жасау барысы. Жоспарлау кез-келген жүйелерді басқарудың маңызды бөлігінің негізгі (болжау, тікелей басқару, бақылау қызметтері мен қатар) басқару қызметті.

Жоспарлау - алдағы уақытта белгілі бір жағдайға қол жеткізуді мақсат етіп қою болып табылады.

Болжам - алдағы уақытта обьектінің мүмкін жағдайын және оны жүзеге асырудың альтернативті жолдары мен мерзімдерінің ғылыми негізделген ойластырылуы.

Жоспарлау келесі белгілер бойынша жіктеледі:



  • масштабына байланысты (көлеміне);

  • уақыты бойынша;

  • мақсаты бойынша.

1) Масштабына байланысты:

  • микроболжам;

  • макроболжам.

2) Уақыты бойынша:

  • ұзақ мерзімді (5 жылдан 15 жылға дейін);

  • орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін);

  • қысқа мерзіммді (1 айдан 1жылға дейін);

  • шұғыл (1 айға дейін).

3) Мақсаты бойынша:

  • нормативтік;

  • ізденіс.

Сонымен жоспарлау – алға қойған жұмыстарды негіздеугге, міндеттеуге, тиімді, реттеуге, ақпаратты өндеуге, бағытталған ақыл-ой процессі.

Тәжірибеде жоспарлаудың негізгі 5 әдістерін ажыратады:



    • баланстық;

    • есептік-конструктивті;

    • бағдарламалық, мақсаттық;

    • экономикалық-математикалық;

    • нормативті-ресурстық.


2. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау түрлері

Жоспарлау жүйесі – бір-бірімен тығыз байланыстағы және бір-біріне ықпал етуші жоспарлау процесстерінің жииынтығы.

Жоспарлаудың келесі түрлерін қарастырады:


  1. стратегиялық жоспарлау;

  2. тактикалық жоспарлау;

  3. оперативтік (шұғыл) жоспарлау.

Стратегиялық жоспарлау – фирманың барлық даму концепциясын анықтайды, басқарудың ең жоғарғы звеносымен дайындалады және орта мерззімді мен ұзақ мерзімді жоспарлаудан тұратын негізгі құжат болып табылады.

Стратегиялық жоспарлаудың негізгі мақсаты – фирманың аз шығын жұмсай отырып, көп мөлшерде пайда табуға, неғұрлым тиімді қызмет ету бағытын таңдау болып табылады.



Тактикалық жоспарлау – бұл шаруашылық операциялардың жағдайларын жоспарлау (өндіріс қуаттылығы, капиталы, инвестицея, мамандарды және т.б), қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларға жатады және стратегиялық жоспар тактикасына жету болып табылады.

Оперативті (шұғыл) жоспарлау – бұл арнайы бағдарламалар мен жұмыстарды жоспарлау. Оперативтік жоспарлаудың ұзақтығы операциялардың масштабына байланысты болады.

Операивті жоспарлау – кәсіпкерліктің пайдалы даму үшін ең керекті бөлігі, яғни ұйымдастыру, іс-әрекетін анық тауып, мәселелерді шешу, міндеттер мен шешімдерді араластыру, операция көлемін, нарықтағы өмір сүру жағдайын, сату көлемі мен пайдасын, сонымен қатар керекті мәселелерді алдын ала анықтап, болдырмау жолын қарастыруда үлкен роль атқарады.


3. Бизнес-жоспар: маңызы және мазмұны

Бизнес-жоспар жоспарлау жүйесіндегі әр түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы кәсіпкерлік құрылымдар пайдаланатын жүйе-жол. Бизнес-нарықтық экономика жағдайындағы субъекттің (кәсіпорынның) пайда табуға бағытталған әкономикалық қызмет. Бизнес-жоспар - субъект ұйымдастырып отырған өндірістің, қызмет көрсету т.б. мақсаттарымен оған жету жолдарын анықтау.Әдетте ол 1-5 жылға жасалады.



Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты - берілген бизнес объектісің маркеттингтік синтез жағынан қарастыру арқылы стратегиялық шешімдерді анықтау.

Бизнес-жоспарды дайындау басқа мақсаттары:



  • несие алу және инвестицияларды тарту;

  • белгіленген нәтежелерді орындау нақтылығының деңгейің анықтау;

  • жаңа фирма қайта құру және қызмететіп жүрген фирманың жұмысың қайта құру мақсатталатын дәлелдеу;

  • және тағы басқа

Бизнес-жоспардың отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу арқылы бизнес-жоспардың оптималды құрылымын анықтауға болады:

  1. Бизнес концепциясы (резюме)

  2. Кәсіпорынды жәнее саланы сипаттау

  3. Қызмет және өнімдердің сипаттамасы

  4. Өткізу нарығын зерттеу және талдау

  5. Бәсеке және бәсекелік артықшылық

  6. Маркетинг жоспары

  7. Өндіріс жоспары

  8. Ұйымдық жоспар

  9. Қаржылық жоспар

  10. Қаржылық стратегия

  11. Потенциалды тәуекелділіктер
Тақырып 5. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру




  1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері

  2. Бизнесті инвестициялау формалары

  3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері




    1. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру көздері

Кәсіпкерлік қызмет қаржылық қамтамасыз етуді талап етеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының көздері әдетте өзіндік (ішкі) және басқа жақтардан тартылған, қарызды (сыртқы) болып бөлінеді.

Өз меншігіндегі қаражаттардың негізгі көздері болып жарғылық капитал, пайда немесе резервтер, кәсіпорынның жинақтары, заңды және жеке тұлғалардың түрлі жарналары табылады.

Жарғылық капитал – кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылтайшылардың салған қаражаттарының соммасы.

Қалыпты даму үстіндегі кәсіпорынның қаражаттарының негізгі көзі болып пайда табылады – пайда көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы болып кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының ара-қатынасы.

Қарыз құралдары. Қарыз ақша қаражаттарын тартудың негізгі тәсілдері болып банктерден немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғалардан несие алу, сондай-ақ кәсіпорын үшін ерекше борыш міндеттемесі – облигация шығару болып табылады.

Кәсіпорын іс-әрекетін қаржыландыру қаражаттары олардың қажеттілігіне және ұсынылған мерзімдеріне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі мүмкін. Қысқа мерзімді қаражаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттілік жабу үшін қолданылады, мысалға еңбек ақыны төлеу бойынша, шикізат, материалдар, өзге де ағымдағы шығындарды төлеу бойынша. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік құрал-жабдықтарды, қозғалмайтын мүлікке төлеу үшін, ұзақ мерзімге инвестицияларды жүзеге асыру үшін (жаңа цехтық құрылысымен, жаңа құрастыру линиясын іске қосу, өндірістің жаңа түрін енгізу) қолданылады.




    1. Бизнесті инвестициялау формалары

Инвестициялау қаржы салу болып табылады. Инвестициялау субъектілері болып мыналар саналады:

  1. материалдық бөлігі – негізгі құралдар, материалдың айналымдағы құралдары;

  1. қолға ұстауға келмейтін активтер – кадрлар;

  1. қаржыландыру ортасы – акциялар, облигациялар, сақтандыру.

Бизнесті инвестрлеудің негізгі формалары болып:

  1. несие;

  1. залог (кепілдікке алынған нәрсе);

  1. факторинг;

  2. лизинг табылады.

Несие беруші кәсіпкердің ұсынысын бағалап, негізгі 6 кездерге көңіл аударады. Бизнесменнің қаржылық жағдайымен танысқанда несие беруші алдымен оның баланстық есебі, пайда және шығын жөніндегі есебі, соңғы жылғы ақшалай айналым есебі, табыс салығының декларациясының көшірмесі қызығушылық танытады.

Кепілдік – зат салып, қарыз алу. Қарыз бергеннің қолында кепілдікке қалдырған зат болады. Кепілдікке көліктер, құрылыстар тұратын, ақша, құнды қағаздар т.б. салынады.

Кепілдіктің 2 түрі бар:



  1. заклад (салып қою);

  1. ипотека.

Салып қою түрінде кепілдікке салынған нәрсе кепілдік алушыдан кепілдік берушінің иемденуіне беріледі. Соңғысы оның сақталуына толық жауапкершілікті. Қарызды қайтарған жағдайда зат кепілдік алушыға қайтарылады.

Ипотекада салынған нәрсе кепілдік берушінің пайдалануында қалдырылады, қарызды уақытында қайтармаған жағдайда толық қарыз берушіге беріледі.

Факторинг – шағын бизнесті қаржыландыру формасы. Факторингалық операциялар – қарыз алған адамның қарызды тез арада өтегенін немесе қарызды жою мүмкіндігі туралы талап қағазын көрсетуі, ал қысқа мерзімге несие беру – факторинганың ең көп тараған түрі. 2-3 күн ішінде талап қағазы бойынша 10-36 пайыз клиент қарыз алушының басқа клиенттен счетына ақша түскен бойда алады.
3. Бизнесті инвестициялау көрсеткіштері және бағалау әдістері

Бизнесті инвестрлеудің негізгі көрсеткіштері:



  1. пайда;

  1. өзін-өзі ақтау.

Пайда мөлшері пайдаланған есебінде негізделеді, объектіні толық бір жылдағы пайдаланғаннан түскен пайданың инвестициялық шығындарға қатынасы арқылы анықталады.

Өзін-өзі ақтау жобаны іске асырудан алынатын пайда есебінен берілген инвестицияны қайтару үшін қажет кезең.

Инвестрлеуді бағалау әдістеріне:


  1. компаундинг әдісі

  1. дисконттау әдісі

Компаундинг әдісінің маңызы – жылдық пайданың көбеюінен инвестицияның базалық сомасының қалай өсетінін есептеу болып табылады. Бұл әдісте күрделі өсу процентін шығаруды пайдаланады.

Дисконттау - әр мезгілдегі табыстарды белгілі бір уақытқа келтіру әдісі.


Тақырып 6. Кәсіпкерлік құпия

  1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері

  2. Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі

  3. Ақпарат ұрлануын болдырмау

  4. Коммерциялық шпионаж


1. Кәсіпкерлік құпия мәні және кәсіпкерлік ақпаратты қорғаудың негізгі аспектілері

Кәсіпкерлік құпия жариялануы кәсіпкерлік ұйымға экономикалық және моральдық зиян әкелуі, оның іскерлік жағдайына едәуір әсер етуі мүмкін кез-келген мәліметтерді кірістіреді. Кәсіпкерлік құпия сақталуы фирманың жоспарланған нәтижелерге жетуді қамтамасыз ететін өндірістік, техникалық, коммерциялық және қызметтік құпиялар жиынтығын білдіреді. Кәсіпкер үшін құнды болып табылатын ақпарат қана қорғауға жатады. Ақпараттар құндылығы түскен мәліметтердің пайдалығы, өз уақытындағы және нақтылығы секілді критериялармен анықталады.

Ақпараттың пайдалығы ол субъектінің шұғыл шешім қабылдауына және тиімді нәтиже алу үшін қолайлы жағдай туғызады. Өз кезегінде ақпараттың пайдалығы оның кәсіпкерлік субъектісіне өз уақытында жетуіне байланысты. Пайдалығы мен өз уақытындағы критериясы өзара тығыз байланысты және бағаланатын ақпараттың нақтылығы критериясымен тығыз байланысты. Нақты емес мәліметтерді алу себебі әр түрлі болуы мүмкін. Неғұрлым көп кездесетін факт көзін дұрыс қабылдамау немесе белгілі бір мақсатпен әдейі дұрыс қабылдамау. Кәсіпкер үшін қызығушылық танытатын мәліметтерді, сондай-ақ олардың келіп түсу көздерін қайта тексерген дұрыс.

2.Ұйымның мәліметтерін коммерциялық құпияға жатқызу тәртібі

Кәсіпкерлік құпияны қорғауды ұйымдастыру кезінде бірінші кезекте құпияны құрайтын мәліметтер шеңберін анықтау қажет, сондай-ақ оларды кәсіпорын үшін олардың құндылығына байланысты маңыздылыңы категориясы бойынша, бұл мәліметтер жариаланған кезде кәсіпорын шегу мүмкін зиянның сипаты мен көлемі бойынша бөлу қажет.

Коммерциялық құпияны бөлу және қорғауды сауатты ұйымдастыру кәсіпорын жұмысына кедергі келтірмей, керісінше оның пайдалы қызметіне әрекет етуі тиіс. Кәсіпорынның коммерциялық құпиясын білдіретін мәліметтер «Кәсіпорынның коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтер тізімінде» көрсетіледі. Мұндай тізімді кәсіпорын басшысы бекітеді. Мұндай тізімді дайындау үшін келесілер кіретін төрт-бес адамнан топ құралады:


  • қаржылық сұрақтарды, нарық конъюнктурасын және бәсекелес фирмаға қатысты мәліметтерді білетін маман;

  • фирманың жұмысын ұйымдастыру жүйесін, оның ерекшеліктерін жетік білетін маман;

  • өзге кәсіпорындармен байланыс бойынша, сондай-ақ келісім шарттар жасау сұрақтары бойынша маман;

  • шығарылатын өнім, оны өндірудің технологиялық циклі, ақпараттың барлық түрлерінің өтуі жөнінде (ауызша, құжаттық, үлгі түрінде, бұрыштар, блоктар, дайын өнім) барлық мәліметтерді жетік білетін маман.

Егерде ұйымның құрылымы үлкен әрі күрделі және әр текті тауар өндірсе, онда бірнеше топ құрылады: бір топ – басты-үйлестіру және жұмыс нәтижесін тексеру мақсатында, қалғандары – әр жекелеген учаске бойынша қажеттілігіне байланысты. Жоғарыда айтқанымыздай, топа коммерциялық құпияға жатқызуға болатын мәліметтердің толық көлемін жетік білетін басшы маман болуы керек. Бірақ та бұл тартылған барлық сарапшылардың коммерциялық құпия болып табылуы мүмкін нақты мәліметтермен егерде бұрын бұл мәліметтерді білмесе танысуы міндетті екенін білдірмейді.

Кейбір кәсіпорындар нарықтағы монополиялық жағдай есебінен пайда табады. Бұл жағдайда коммерциялық құпияны қорғау бойынша шараларды өз уақытында қабылдау айрықша маңызды, себебі қажетті мәліметтерге еркін қол жетімділікті пайдалана отырып шағын кәсіпорындарға дейін мұндай өндіріс жылдам құруға және бәсеке жасауға қабілетті. Салық төлеуден жалтару, адамдардың денсаулығына зиян келтіретін фактілерді, сондай-ақ заңға қайшы өзге де әрекеттерді жасыру мақсатында қандай да бір мәліметтерді коммерциялық құпияға жатқызуға болмайды. Коммерциялық құпияны білдіретін мәліметтер тізімі құрылымдық бөлімшелерге және орындаушыларға дейін жеткізіледі.


3. Ақпарат ұрлануын болдырмау

Ақпаратты қорғауға мүмкіндік беретін негізгі сәт болып нақты мәліметтердің ұрлануын болдырмауға бағытталған арнайы шаралар саналады. Оларға қызығушылық танытқан сайын соғұрлым оны қанағаттандыруға жол бермеу бойынша шаралар тезірек жүргізілуі тиіс. Интелектуалдық меншікті қорғауға бағытталған арнайы шараларды қабылдау бірінші кезекте иесі немесе ақпарат иесіне, сондай-ақ олардың қызмет ортасында қалыптасқан бәсекелік жағдай, олар үшін өндірістік немесе коммерциялық ақпарат және өзге де факторларды білдіретін құндылықтарға байланысты болады.

Ақпаратты қорғау кезінде жүзеге асырылатын арнайы шаралар әдетте ішкі және сыртқы деп бөлінеді. Сыртқы іс-шараларға жататындар: шаруашылық және коммерциялық қызмет жүргізуге тура келетін әріптестерді, клиенттерді зерттеп білу, олардың сенімділігі, төлем қабілеттілігі және өзге де мәліметтері жөнінде ақпарат жинау. Егерде қажеттілік болған жағдайда фирма қызметкерлерінің байланысын зерттеу жүргізіледі. Ұйымға, оның қызметіне, қызметтеріне қызығушылық танытқан тұлға анықталады. Оның бәсекелік фирмаға немесе қылмыстық топқа қатысы бар жоғы анықталады. Бұл тұлғалардың заңға қайшы әрекеттер жасалғаны анықталған жағдайда сәйкес құқық қорғау органдарын ақпараттандыру қажет. Оған қылмыстық қызмет және сонымен қатар жеке фирмаға қызығушылық жатады. Мүмкіндікке қарай мұндай қызығушылықтың мәнін және ол кімге керек болғандығын анықтаған дұрыс.
6.4. Коммерциялық шпионаж

Кәсіпкерлікпен айналысуға ынта білдірген тұлға негізінде таңдап алған облыс жөнінде белгілі бір танымға ие не бұл қажет болса оны отандық және шетелдік әдебиеттерден ала алады. Кез-келген кәсіпкерлік қызмет түрі бәсекемен тығыз өзара байланыста болады. Бәсекені жүзеге асыру «шпионаж» деген жалпыға белгілі атауға ие болған бөтен ақпаратты ұрлау немесе жинау есебінен жүруі мүмкін. Бір жағынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұлға өзінің құпияларын (құнды ақпаратты) қорғауға мәжбүр, екінші жағынан нарықтық күресте өмір сөру ұшін бәсекелестің құпияларын білуге тырысады. «Шпионаж» термині («экономикалық», «өнеркәсіптік», «коммерциялық», «ғылыми-техникалық») бөтен тұлғалардың қол жетімділігінен жасырылған құнды ақпаратты жинау немесе ұрлауға бағытталған белсенді әрекетті білдіреді.


Тақырып 7. Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекел

  1. Кәсіпкерлік тәуекел мәні және түрлері

  2. Тәуекелді басқару және оларды бағалау әдістері

  3. Тәуекелді азайту тәсілдері




    1. Кәсіпкерлік тәуекел мәні және түрлері

Қандай болмасын кәсіпорын, өндірістік, коммерциялық, басқа қызметтермен байланысты тәуекелді ала жүреді. Қандай болмасын кәсіпкер өзінің қабылдаған басқару шешімдері бойынша жауап береді. Тәуекел факторы кәсіпкердің қаржылық және материалдық ресурстарын үнемдеуге, коммерциялық мәмілелерге, жаңа жобалар тиімділігін есептеулерге аса көңіл аударуына мүмкіндік береді. Кәсіпкерлік қызметте тәуекел факторы экономикалық тұрақсыздық.

Жіктелуі бойынша тәуекелдің келесі аймақтарын ажыратады.



  1. тәуекелсіз зона;

  2. тәуекелді болжау зонасы;

  3. сын тәуекел зонасы;

  4. апатты тәуекел зонасы.

Шығындар болмайтын, салада болуы мүмкіндігі күтілмейтін немесе ноль деңгейдегі шығындар болатын тәуекелсіз аймағы.

Шығындар болатын, бірақта ол шығындар күткен пайдадан аз мөлшерде болатын аймақ – тәуекелді болжау аймағы.



Сын тәуекел аймағы – шығындар күткен пайда мөлшерінен көп болатын, кейде есепті табыстың соммасына дейін болатын шығындар мөлшері.

Апатты тәеукел аймағы - өзінің шығын шөлшерінен сын тәуекел деңгейінен асатын, көп шығындар мөлшерінде болуы мүмкін кей жағдайда кәсіпорынның мүлік мөлшерінің көп болуыда мүмкін.


    1. Тәуекелді басқару және оларды бағалау әдістері

Тәуекелдің мөлшері:

Кредиттік тәуекел – 3 кредит алушының өзіне тиісті негізгі бережағын және процентті төлемеу қауіпсіздігі.

Проценттік тәуекел – коммерциялық банктер, кредиттік мәмлелер, инфляциялық институттардың проценттік, оларға тартылған қаржыдан, белгіленген мөлшері берілген кредит көлемінен асып түсуіне байланысты шығындар, акция бойынша, девиденттің мөлшерінің өзгеруіне байланысты инвесторлар шығындары, облигация, құңды қағаздар, сертификаттар бойынша процент мөлшерінің көбейуінен пайда болған шығындар.

Инфляциялық тәуекел – инфляциялық өсуіне байланысты алып отырған ақшалай пайданың сатып алушылар сұранысынан тез өсіп, құнсыздануына байланысты тәуекел.

Дефляциялық тәуекел – дефляция көтерілген жағдайда баға деңгейі төмендейді, кәсіпкерлердің экономикалық жағдайы төмендеп, пайдалары азаюдағы тәуекел.

Валюталық тәуекел – бір шет ел валютасының басқа ел валютасына қарағанда курсының өзгеруіне сыртқы экономикалық, кредиттік, валюталық операциялар өткізудегі осымен байланысты валюталық шығындар болу қауіпсіздігі.

Жойылу тәуекелі – құнды қағаздар немесе басқалай тауалар өткізгенде, олардың сапасына және тұтынушылық бағасына байланысты мүмкін болатын шығындар.

Мүмкіншілікті жіберу тәуекелі – қаржылық зиян шегіп ала алмаған жағдайдағы, қандай болмасын іске аспаған жағдайда (мысалы сақтандыру, инвестициялау) болатын тәуекел.

Табысты төмендету тәуекелі – портфельдік инвестиция, салым, кредиттер бойынша процент мөлшерінің төмендеуінен пайда болатын тәуекел.

Таза қаржылық шығындар тәуекелі – инвестициялық жобаның іске асыруына немесе жартылай іске асуына байланысты тәуекел.

Кәсіпорын тәуекелдері қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Ұзақ мерзімді тәуекел кәсіпорын болашақтағы дамуымен байланысты болады, оған өндірістік дамуға кеткен дәлелсіз аз мөлшеріндегі төлемдер, кадрлық саясатты көтеруге кеткен шығындар.

Қысқа мерзімді тәуекел міндетті емес контрагенттер таңдауға, нарық конъюктурасындағы есептеуді ұйымдастырудағы тиімсіз формаларын таңдаудағы шығындар.





    1. Тәуекелді азайту тәсілдері

Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау үшін келесі әдістерді пайдаланады: статистикалық: эксперттік: есептеу-аналитикалық. Статистикалық әдіс белгілі бір кәсіпорында немесе соған ұқсас кәсіпорындарда мүмкіндік жағдайларды, тәуекел көлемін анықтау мақсатында жоғалтулар мен кіріс статистикасын оқып білу. Мүмкіндік дегеніміз белгілі бір нәтиже алу мүмкінділігі. Мысалы: жаңа тауардың нарыққа сәтті енуі.

Тәуекел көлемі 2 көрсеткішпен сипатталады: орташа күтілген мағына мен мүмкін болу қорытындысының ауытқымалылығы.

Орташа күтілген мағына белгісіз жағдайлармен байланысты, мүмкін болушы қорытындылардың орташа есептелген көлемі түрінде анықталады.

Эксперттік бағалау әдісі эксперт - мамандардың тәуекелдің болу мүмкіндігі жөнінде пікірлесуде негізделген. Эксперттің білімі мен тәжірибесі негізінде берілген сипаттамалар көп жағдайда нақты баға береді. Эксперттық әдіс көбінесе көп мөлшерде уақытша және еңбек ш ығындарын жұмсамай аяқ басқару шешім қабылдау үшін ақпарат алуға мүмкіншілік береді.

Есептеу аналитикалық әдіс жаңа жобаның тәуекелдерін талдауда көбінесе пайдаланады. Жоба тірі организм ретінде өзінің арнайы даму сатыларымен қарастырылады. Жобаның өмірлік циклі келесі этаптардан тұрады: өндеу этапы, нарыққа шығару этапы, өсу этапы және құлау этапы. Жобаның өмірлік циклін зерттей отырып әрбір бір этаптары жөнініде ақпарат алуға, кейінгі керек емес себептерді анықтауға, тәуекел дәрежесін бағалауға болады. Бірақта тәжірибеде ондай қажетті ақпарат жинау өте қиын.
Тақырып 8. Кәсіпкерлердің шаруашылық серіктестіктермен келісім-шарттық қарым-қатынасы


  1. Коммерциялық мәмілелер түсінігі және түрлері

  2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері

  3. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруды ұйымдастыру (технологиясы)

  4. Коммерциялық келісім шарт мазмұны



    1. Коммерциялық мәмілелер түсінігі және түрлері

Коммерциялық мәміле– бұл тауар жеткізу, қызмет немесе жұмыс орындауға екі немесе бірнеше кәсіпкерлердің арасындағы келісім.

Коммерциялық мәміле – келісімде бекітілген жағдайларға сәйкес тауар жеткізу, қызметі немесе жұмыс орындауға екі немесе бірнеше жақтар арасындағы келісім.

Барлық коммерциялық мәмілелерді 2 түрге бөледі:


  1. Негізгі мәмілеге тауарларды алып – сатумен, ғылыми-техникалық қызметтермен (патент, лицензия, ноу-хау, жаңа технологияны игеру), өндірістің тауар қызметтерді жалға алу (арендалық) факторымен байланысты мәмілелер жатады.

  2. Көмекші (қосымша) мәмілеге тауар, қызметті сатып алушы мен сатушының арасында жеткізілу келісімі жатады, оған: жүкті жеткізуі бойынша; жүкті сақтандыруы бойынша; қоймаларда сақтау және екі жақ арасындағы есептік келісім жүргізудің бөлек операциялары жатады.

Бартерлік мәмілеге – тек тауаралмасу негізінде жүзеге асатын келісім.
2. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асару әдістері

Коммерциялық тәжірибеде коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруда негізгі мына екі әдісті пайдаланады:

1. Тікелей сауда мәмілелері- бұл тікелей тұтынушылар мен тауар (жұмыс, қызмет) өндірушілер арасындағы операция.

Бірақ тікелей сауда мәмілесінде кәсіпкер тауарды тасу, сақтандыру, сақтау жұмыстарын жақсы меңгерген мамандармен қамтамасыз етілуі қажет, ал егерде ондайлар жоқ болса, онда тәжірибелі және маманданған делдалды тарту керек.

2. Сауда-делдалдық мәмілелер – сатушы немесе сатып алушының тапсырысы бойынша орындалатын, олардан сауда делдардарының тәуелсіз жұмыс , қызмет тауарды сатып алу-сатумен байланысты операциялар.

Сауда делделдары – сатып алу және сату базасының айырмасы есебінен немесе сатушы, сатып алушы төлейтін комиссиялық сыйақы есебінен пайда табатын коммерциялық фирма (жекелеген тұлғалар).

Сауда – делдалдық операциялар өндіруші мен делдал арасындағы өзара қарым-қатынас сипаты бойынша келесі негізгі операцияларға бөлінеді:


  • Диллерлік операция – делдал өндірушіден тауарды сатып алғанда оның иесі болып табылатын, қайта сату бойынша операция.

  • Комиссиондық операция – мәмілені делдал тауар өндіруші есебінен және комиссиялық келісім шартында негізделген (мәміленің соманың 10 % дейін) сыйақыға жасайтын операция.

  • Агенттік операция – белгілі бір кезеңге және белгілі бір аймаққа тауар өндіруші атынан және есебінен тауар өндіруші мен делдал арасындағы операция.

  • Брокерлік операция – сатушы мен сатып алушы арасындағы байланысты делдал осы қызметі үшін сыйақы алу жүзеге асыратын операция.




  1. Коммерциялық мәмілелерді жүзеге асыруды ұйымдастыру (технологиясы)

Коммерциялық мәмілені жүргізуді бірнеше этапқа бөлуге болады:

1. Контрагенттерді іздеу және таңдау;

2. Алып-сату келісім шартына қол қою үшін әзірлік;

3. Алып- сату келісім шартына отыру;

4. Алып-сату келісім шартының шарттарын жүзеге асыру.


  1. Контрагентті іздеу және таңдау - өте маңызды міндет, бұның шешімімен мәміле нәтижесі байланысты. Біріншіден, кімге, қалай өзінің тауарын сату керектігін дәл анықтау. Техникалық қызмет етуі, технологиялық қамтылуы, қаржыландыруы ненің арқасында орындалатының - несие немесе өнімнің бір бөлігіне алмастыру арқылы жүзеге асатынын дәл анықтау қажет. Осы мәліметтерге байланысты жабдықтарды алуға техникалық – коммерциялық тапсырыс дайындалады, онда жабдытардың қажетті параметрлері (өнімділігі, дайын өнім намеклатурасы, жұмыс іздеу кестесі), одан басқакоммерциялық жағдайлары: есептесу тәртібі, тауарды қою жағдайы, тапсырысты орындау мерзімі, сервистік қызмет көрсету мүмкіндіктері көрсетіледі.

  2. Екінші этап мүмкін болатын әріптестерден ақпараттық немесе коммерциялық ұсыныстар келген соң басталады. Бұл этапқа келісімге отыруға, яғни қол қоюға әзірлік – техникалық шешімдер, кепілдік, құрал-жабдықтардың сапасы, жеткізу түрлері және басқа сұрақтарды шешу бағытындағы келісімдер жатады.

  3. Алып – сату келісім шартына отыру келесі сатылардан тұрады:

    • келісім-шарт статьяларының мазмұнымен келісімге келу

    • мәміленің бағасы бойынша қорытынды келісімдер жүргізу.

  1. Келісім-шарт күшіне енгеннен кейін оны жүзеге асыру этапы басталады. Мұнда: іскерлік хат алмасу, банк операциялары, тасымалдау, сақтандыру және халықаралық мәмілелерде – тауарды шығару, кіргізу жөнінде лицензиялар алу қарастырылады.




  1. Коммерциялық келісім шарт мазмұны

Коммерциялық келісім – шарт құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:

I. Преамбула (немесе кіріспе бөлімі)

II. Келісім – шарт пәні. Қатысушы жақтардың құқытары мен міндеттері.

III. Келісім- шарттың қосымша жағдайлары

IV. Өзге жағдайлар.

Бірінші бөлім. Преамбула келесі негізгі жағдайлардан тұрады:



  1. келісім-шарттың аталуы;

  1. келісім-шартқа отыру күні;

  1. келісім-шартқа отыру орны;

  2. контрагент фирмасының толық аталуы және оның мемлекеттік тіркелуі;

  3. келісім-шарт бойынша екі жақтың аталуы;

  4. келісім – шарт бойынша қол қоюшылардың фамилиясы, аты-тегі, дәрежесі, құжаттары.

Екінші бөлім. Келісім-шарттың маңызды бөлімі:

  1. келісім-шарттың бірінші жағының құқығы мен міндеті;

  1. екінші жақтың құқығы мен міндеті;

  1. екі жақтың міндетті орындалу уақыты;

  2. әр жақтың міндетті орындау орны;

  3. әр жақтың міндетін орындау тәсілдері.

Үшінші бөлім. Келесідей жағдайлары бар:

  1. келісім-шарттың қызмет ету мерзімі;

  1. екі жақтың жауапкершілігі;

  1. міндеттерін қамтамасыз ету тәсілдері – кепілдік, айыппұл, тапсырыс, алдын-ала төлеу.

Төртінші бөлім. Өзге жағдайлар:

  1. келісім-шарт қатынастары қандай заңнамалармен реттеледі;

  1. екі жақ арасындағы байланыстардың жағдайлары;

  1. келісім-шарт алдындағы жұмыстар және оған қол қойылғаннан кейінгі нәтижелер;

  2. екі жақтың реквизиттері;

  3. келісім-шарт саны;

  4. келісім-шарт бойынша өзгертулер енгізу тәртібі;

  5. екі жақтың қолдары.


Тақырып 9. Материалдық ресурстарды сатып алу және өнім өткізу бойынша коммерциялық іс-қызмет

  1. Потенциалды жеткізушіні таңдау

  2. Материалдық ресурстарды жеткізу жағдайы

  3. Өнім ассортиментін жоспарлау

  4. Өнім өткізуді жоспарлау




      1. Потенциалды жеткізушіні таңдау

Жеткізушіні таңдау кәсіпорындардың материалдық қажеттіліктерін және олардың нарықтағы қанағаттандыру мүмкіншіліктерін талдаудан басталады. Нарықты зерттеуде арнайы мамандандырылу жасалынды, онда қажетті материалды сипаттамасы, атаулары жне сол материалдың стандарттары көрсетіледі.

Қысқаша мамандандырудан соң, мүмкін болатын жеткізушілердің әрбір материалдық ресурстар бойынша жеке тізім жасалынады. Жеткізушілер аз болған жағдайда өндірістік қуатты, бағасын таңдау критериялары аз болады.

Жеткізушілер көп болған жағдайда, таңдауды 2 этапта өткізген жөн:

1 этап: Жеткізушілерді алдын-ала таңдау критериялары:



  1. кәсіпорынның өндірістік қуаты;

  2. жеткізушінің қашықта орналасуы;

  3. есептеу түрлері;

  4. өнім сапасы;

  5. өнім бірлігінің бағасы;

  6. жеткізу жинақтығы;

  7. қорапталуы;

  8. партия көлемі.

2 этап: Түпкілікті жеткізушіні таңдау критериялары:

  1. қаржылық жағдайы;

  2. жеткізу уақыты;

  3. жеткізу үздіксіздігі;

  4. жеткізген соң сервистік қызмет көрсетуі;

  5. комуналдық жағдайы;

  6. жеткізушінің қоймалық жағдайлары;

  7. басқалай критериялары.

Жеткізушілерге әрбір критериялар бойынша балл қою тиімді: «5», «4» - жақсы, «3» - қанағаттанарлық, 2 – қанағаттанарлықсыз, 1 – аз тартымды, 0 – тиімсіз.

Халықаралық саудада ең кең қолданылатын тауар жеткізу жағдайларына СИФ, ФОБ, КАФ, ФАС бағалары жатады.

СИФ бағасы ағылшын тілінде «құны», «сақтандыру», «фрахт» яғни тасымалдауды айтады.

СИФ тауарды жеткізу шарты бойынша тасымалдау кезеңіне тауарды сатушы сақтандырды. Мұнда сатушы мен сатып алушының міндеттері қарастырылады.

ФОБ бағасы ағылшын тілінде «борттағы бостандық». ФОБ жеткізу шарты бойынша таурады сақтандыру және тасымалдауға шығындар мен міндеттеме сатып алушыға жүктеледі.

КАФ бағасы ағылшын тілінде құны және фрахті. КАФтің де шарттары СИФ-пен бірдей, тек оның ішінен сатып алушының сақтандыру міндеттемелері мен шығындарын алып тастауы керек.

ФАС жеткізу шарты бойынша жауапкершілік сатушыдан сатып алушыға келісілген орынға жүктің соңғы партиясын түсіргеннен кейінгі сәттен бастап өтеді.
3.Өнім ассортиментін жоспарлау

Өнімдер ассортиментін жоспарлау үшін нарықты келесі бағыттар бойынша зерттеу қажет:



  1. Тауарды зерттеу, оның мақсаты – неғұрлым жоғарғы дәрежеде тұтынушылардың қажеттілігін қамтамасыз ететін тауарлар шығару және жоғарғы пайда табу. Ең маңыздысы өнім номенклатурасының тез жаңаруы және ҒТП жетістіктерінің енгізілуі.

  2. Нарық сиымдылығын анықтау. Нарық сиымдылығы – бұл белгілі уақыт аралығында потенциалды тауарларды өткізу.

3) Нарық конъюнктурасын талдау тиімді бағаларды анықтауға, нарық жағдайында тауарларды шығаруды өсіру мен қысқарту. Мұнда нарықты зеттеуге көңіл бөлінеді, болашақта нарықтың дамуына ғылыми дәлелденген ұсыныстар жасалынады.

4) Тұтынушыларды жан-жақты талдау, олардың қажеттілігін, нарық мотивациясы мен сегменттеуін талдау.

5) Бәсекелестердің іс-әрекетін талдау.
3.Өнім өткізуді жоспарлау

Тауарлық нарықты зерттеп болған соң өнім ассортиментін жоспарлау қажет. Өнім ассортиментін жоспарлау болашақта өндіруге және сатуға бұйымдарды дәл таңдау, барлық өнімдер сататын тұтынушылар қажеттілігіне сәйкес келтіру.

Жаңа өнімдерді бағалау критериялары


  1. Нарықтық: 1) өнімдерге қажеттілігі;

2) нарықтың болашақта дамуы;

3) өнімдердің бәсекелестік дәрежесі;

4) нарықтың тұрақтылық дәрежесі.

2. Тауарлық: 1) техникалық сипаттама;

2) қораптауы;

3) бағасы.

3.Өткізушілік: 1) шығаратын өнімдер ассортиментімен байланыстыру;

2) өткізу;

3) жарнама.

4. Өндірістік: 1) жабдықтар мен капитал;

2) шикізат ресурстары;

3) персонлды инженерлі-техникалық білімі мен тәжірибесі.

Өндіруге бұйымдардың жаңа түрлерін таңдаған соң, олардың әрқайсысына ерекше құжат толтырылады. Толтырылған соң өндірістік бөліміне тапсырады. Мұнда олардың тәжірибелі үлгілері жасалып, өндірістік мүмкіншілігі ескеріліп бұйымдар дайындаушылармен алдын-ала тексеріледі.

Сонан соң алдын-ала өндірістік шығындар калькуляциясы жасалады. Егерде шығындар калькуляциясы мүмкін болатын рентабельділік деңгейін көрсетсе, онда өнімді нарыққа аз партиясымен шығарады. Маркетинг бөлімі өнімді нарыққа шығару жөнінде, соның ішінде қандай, қалай, қашан, қандай өзіндік құнмен және пайда табуы жөнінде ұсыныс дайындайды.


Тақырып 10. Кәсіпкерліктегі әріптестік байланыстар

  1. Өндіріс саласындағы әріптестік

  2. Тауар алмасу саласындағы әріптестік

  3. Сауда саласындағы әріптестік

  4. Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік




    1. Өндіріс саласындағы әріптестік

1. Кәсіпкерлер өздерінің қызмет процесінде әртүрлі әріптестік байланыстарда болады. Әртүлі әріптестік байланыстардың формаларын А.В.Бусыгин негізгі кәсіпкерлік іс-әрекеттің сфералары бойынша жіктейді:

1. Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстар.



  1. Тауар алмасу сферсындағы байланыстар.

  2. Сауда сферасынгдағы байланыстар.

  3. Қаржылық сферсындағы байланыстар.

Өндіріс сферасындағы әріптестік байланыстардың негізгі формалары:

Біріккен кәсіпорын – жарғылық қоры екі немесе одан көп құрылтайшылардың пайлық жарнасынан құрылған және олардың біреуі шетелдік жеке немесе заңды тұлға болып табылатын кәсіпорын.

Аралас кәсіпорын – жарғылық қоры бір елдің немесе одан көп заңды тұлғалармен құрылған кәсіпорын. Аралас кәсіпорынға бір елдің екі немесе бірнеше заңды тұлғаларының жарғылық капиталы негізінде қалыптасқан кәсіпорын.

Өндірістік кооперация - әр әріптес бірыңғай өндірістік процесс шеңберінде өзіне үлесті жұмысты орындайтын, осы процесті аяқтау бойынша және өндірілген өнімді сатудан түскен табыс жұмыстың жалпы көлеміндегі әрқайсысының үлесіне сәйкес әріптестер арасында бөлінетін әріптестік байланыстар формасы.

Франчайзинг – бас компанияның ұсақ дербес кәсіпорындарға белгілі нарықта осы ірі компанияның сату маркісімен белгілі тауарлар шығаруға және өткізуге құқық ұсыну жөніндегі әріптестік байланыс.

Концессия – мемлекеттің монополиялық меншігіндегі шаруашылық объектілерді жалға алу жөніндегі кәсіпкердің мемлекеттік органдармен әріптестік байланыстар формасы. Концессия ( латын тілінен – рұқсат ) – кәсіпкердің шаруашылық объектіні мемлекет қарауындағы жалға алу жөнінде мемлекеттік немесе муниципалдық органдармен келісімге келу. Келісім-шарт объектісі болып – пайдалы қазбалар, табиғат байлықтары, сондай-ақ зауыт, фабрикалар болуы мүмкін.

Толлинг – қосымша шикізатты өңдеу мен қайта өңдеу жөнінде әріптестер арасындағы келісім. Мұнда бір әріптес – тапсырма беруші екінші жаққа – орындаушыға шикізатты өңдеу туралы тапсырма береді, орындаушы толлинг бойынша өзінің қызметіне сыйақы алады.


    1. Тауар алмасу саласындағы әріптестік

Әріптестердің тауар алмасу сферасындағы байланыста арнайы тауар түрлерінің жылжуы, тек бір ерекшелігі тауар алмасу ақшалай түрде емес, заттай немесе тауарлай жүргізіледі.

Мұнда тауар алмасу формаларына мыналар:



Бартер – тауар алмасу мәселесі, қандай тауарды алмастыруға болады, олардың арасындағы пропорциялары қаралады.

Қарама-қарсы тауарды қою – екі жақ қандай жағдайда тауардың тауардың қандай түрін қою жөнінде келісімге келеді, бірақта қарама-қарсы қандай тауар қойылуы жөнінде шешім қабылдамай тұрып, келісімге келіп, кейін келісім-шарттың қосымша хаттамасында алмасқан тауардың түрі, қою жағдайы көрсетіледі.

Коммерциялық триангуляцияда бартерлік операцияны жүзеге асыруда екі әріптестер емес, үшеу қатысады. Коммерциялық триангуляциялық келісім мәмілесі жасалады:

1. Тауарды қою;

2. Тауармен есептесу.


    1. Сауда саласындағы әріптестік

Сауда сферасындағы әріптестер байланысы мәміле түрінде жүзеге асады:

  1. Жай түрі немесе сауда – саттық мәмілесі. Әріптестер арасындағы байланыс сауда саттық келісім-шарт негізінде жүзеге асады. Мұнда сатушы мен сатып алушы немесе тауар беруші мен тұтынушы қатыса алады.

  2. Форвардтық немесе жедел мәміле – мұнда 6 айдан 14 айға дейін келісімге келу.

  3. Бір мезгілде тауарды алып сату - келісім-шартта қаралған мезгіл бойынша.

  4. Ноу-хау түрі бойынша ақпарат беру – «өндірістің құпияларын» белгілі сыйақы үшін, келісім-шартта қарастырылған жағдайлар бойынша әріптестердің бір-біріне беруі.

  5. Спот – тауарды тауарлай алған жағдайда шұғыл, жедел есептесу мен жеткізу. Көбінесе биржалық саудада кездеседі.

  6. Тауарды экспортқа шығару – басқа елдің әріптесіне тауарды қою жөнінде келісім-шартқа отыру.

  7. Тауарды импортқа шығару – шетел әтіптестерінің тауарды біздің елге әкелуі.




    1. Қаржылық қатынастар саласындағы әріптестік

Қаржылық қатынастар сферасындағы әріптестік байланыстарға факторинг және коммерциялық трансфертті жатқызады.

Факторинг – кәсіпкер мен фактор фирмасы арасында қалыптастырылған қарым-қатынас жүйесі, мұнда фактор фирмасы кәсіпкердің бережағын жабу жөнінде міндет алады немесе кәсіпкерден қандай болмасын әріптесіне төлемін төлеу жөнінде тапсырысын сатып алады.

Фактор фирма ретінде көбінесе банктер шығады.

Факторинг клиенттерге қызмет көрсетудегі әмбебаптық жүйесінің бір элементі, өзінің құрамында бухгалтерлік, ақпараттық, жарнамалық, өткізушілік, көліктік, сақтандыру, несиелік және құқықтық қызметтері бар. Клиентке тек өндірістік функциясын орындауға қалады.


Тақырып 11. Лизингтік қызметтерді ұйымдастыру

  1. Лизингтік операциялар мәні және олардың жіктелуі

  2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар

  3. Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері




    1. Лизингтік операциялар мәні және олардың жіктелуі

Лизинг – мүлікті сатып алу жеке немесе заңды тұлғаларға белгілі бір төлемге беру, белгілі бір мерзімге және жағдайда мүлікті сатып алу құқығы келісім шартысымен негізделген инвестициялық қызметтің түрі.

Жалға алу – негізгі құралдары қайтарымды жедел пайдалану және қолдану келісім шартымен негізделген

Лизинг беруші – лизинг затын меншігіне сатып алып және оны лизинг келісім- шартымен лизинг алушыға беретін лизингтік мәміле қатысушысы.

Лизингтік мәмле – лизинг затын лизинг алушыга келісім шартта қарастырылған мерзімге уақытша пайдалануға беру.

Лизинг түрлерін қарастырарда, келесі белгілер бойынша жіктейді:

1.Мәмлеге қатысушылардың құрамы бойынша:

А) тікелей лизинг – мұнда екі жақ мәмлеге қатысады;

Б) жанама – затты делдалдар арқылы беру;

2. Мүлік типтері бойынша:

А) қозғалатын мүлік лизингі;

Б) қозғалмайтын мүлік лизингі;

3. Мүліктің өзін-өзі ақтау дәрежесі бойынша:

А) толық ақтау бойынша лизинг;

Б) толық емес ақтауы бойынша лизинг.

4. Аммортизация жағдайына бойынша лизинг бөлінеді:

А) толық аммортизация лизингі;

Б) толық емес амортизация лизингі.

5. Мүліктің қызмет көрсету көлеміне байланысты:

А) таза лизинг – лизинг затының таза техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг алушымен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі.

Б) толық лизинг – лизинг затының техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг берушімен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі.

В) жартылай лизинг – лизинг затының жартылай техникалық қызмет көрсетуі.

6. Лизингтік операциялар жүргізілетін нарықтың секторына байланысты:

А) ішкі лизинг – лизинг беруші, лизинг алушы, сатушы ҚР резиденті болып табылатын лизинг түрі.

Б) халықаралық лизинг – лизинг беруші және лизинг алушы ҚР өкілі болып табылмайтын лизинг түрі

2. Лизингтік мәмілеге қатысушылар

Лизингтік мәмілеге қатысушылар – жеке тұлға ретінде кәсіпкерлер және заңды тұлғалар ретінде лизинг беруші мен лизинг алушы және лизинг затын сататын сатушы ретінде қарастырады.

Лизинг алушы – кәсіпкерлік мақсат үшін лизинг затын лизинг келісім шарты негізінде алатын лизингтік мәміле қатысушысы.

Сатушы – лизинг мәміле қатысушысы, бұдан лизинг беруші лизинг затын сауда-саттық келісім-шарты бойынша алады.

Сатушы қайтарма лизинг кезінде лизинг алушы ретінде де қатыса алады.

Лизинг заты ретінде ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, жер учаскелері және басқалай тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін.

Тұтынылмайтын заттар – қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, пайдалануда тозады, бірақта пайдалану процесінде натуралдық қалпын жоғалтпайды.

Лизинг заты болып құнды қағаздар табиғат ресурстары табылмайды.

Банктік лизинг – лизингтің бір түрі, мұнда лизинг беруші ретінде банк көрсетіледі.
3.Лизингтік төлемдер, олардың түрлері және есептесу әдістері

Лизингтік төлемдер – келісім-шарт бойынша лизинг алушының мүлікті пайдалану құқығын алу үшін лизинг берушіге төлейтін сомасы.

Есептесу әдісі бойынша лизингтік төлемдер келесіге бөлінеді:

1) біртіндеп жалпы сомамен төлеу;

2) аванспен төлеу;

3) төменгі лизингтік төлемдер;

4) белгіленбеген төлемдер.

Біртіндеп жалпы сомамен төлеу – лизингтік келісім-шартта қарастырылған төлемдер сомасы (амортизациялық төлемдер, қарызды құралдарды пайдаланған үшін төлемдер және т.б ). Мұнда төлем кестесі жасалынады: бірінші төлемді затты алғанда төлейді, әрі қарай кезеңмен төлейді.

Аванспен төлеу – лизинг алушы келісім-шартқа қол қою кезінде лизингтік фирмаға объектінің құнынан 15-20% аванс ретінде төлейді, ал қалғанын затты алу хаттамасын толтырарда немесе квартал сайын 3-5 жыл ішінде төлейді.

Төменгі мөлшердегі төлемдер – лизинг алушының лизингті алу кезіміне төлейтін барлық төлемдер және оған қоса егерде мүлікті лизинг мерзімі өткен соң алған жағдайдағы сома.

Белгіленбеген төлемдер – келісімде қарастырылған өнімді өткізу көлеміне байланысты жалға алған жабдықтарға, өнімді өткізуден тускен пайдадан процент мөлшеріндегі төлемдер.

Лизингтік төлемдер кезеңі бойынша:



  1. бір мерзімді төлем, егерде келісім-шартта лизинг берушіге аванс қарастырылған жағдайда;

  2. кезеңмен төленетін төлемдер, жақтардың келісілген кестесі бойынша.

Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен мүмкіншіліктерін ескеріп келесідей лизингтік төлемдер төлеу әдістері белгіленеді:

  1. бірдей мөлшерде ( бірқалыпты тікелей линиялық төлемдер );

  2. өсу мөлшері бойынша көбінесе тұрақты қаржылық жағдайы жоқ лизинг алушыға қолданылады, себебі бастапқы этапында аз мөлшерде лизингтік төлем төлейді, соңынан жабдықтарды игеріп, көп өнім шығара бастағанда жарналарын көбейтеді.

  3. Азайту мөлшері бойынша – тұрақты қаржылық жағдайы бар лизинг алушыға қолданылады, олар бастапқы кезеңде лизинг берушіге бережағының көп бөлігін төлеп тастауды көздейді.


Тақырып 12. Шағын бизнес: мәні және қазіргі жағдайы (Дербес бизнеске жол)

  1. Шағын кәсіпкерліктің мәні

  2. Шағын кәсіпкерлік субъектілері

  3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

  4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер




    1. Шағын кәсіпкерліктің мәні

Шағын бизнес – нарық жағдайында субъектінің алдын ала белгіленген заңдар мен ережелер негізінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруы.

Шағын бизнес қызметі ҚР-ның “Жеке кәсіпкерлік туралы” заңымен реттеледі.(31 қаңтар 2006)

Шағын бизнесті ұйымдастыру немесе шағын кәсіпорын қызметін 3 түрлі бағытта ұйымдастыруға болады:

1. жеке кәсіпкерлік

2. әріптестік

3. корпарация құру

Жеке кәсіпкерлік – шағын бизнестің ең қарапайым формасы. Ол жеке кәсіпкерлікті ұйымдастыру лицензиясын алу арқылы жүзеге асады.

Әріптестік – екі және оданда көп меншік иелерінің өз мүліктерін біріктіру арқылы кәсіпорын қалыптастыру.

Корпорация – шағын, ірі бизнес саласындағы кәсіпорындардың бірігуі.

Шағын бизнес негізінен ҚР-ның жеке кәсіпкерлік туралы заң арқылы реттейді.Бұл заң бойынша кез-келген кәсіпкер өз қызметін ұйымдастыра алады, құқықтық жағынан қорғайды және оны дамытуға мүмкіндік алады. Кез келген кәсіпорын өзінің ұйымдық құқықтық формасына қарамастан мемлекеттік тіркеуден өту қажет.

Мемлекеттік тіркеу жеке кәсіпкердің заңды тұлға құрмауы арқылы жүргізілетін қызметтіне беріледі.Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу куәлікте мерзімі көрсетілмесе кәсіпкердің бұл қызмет түрімен мерзімсіз уақытқа дейін жүзеге асыратынның білдіреді.Егер жеке кәсіпкер лицензияға тиісті қызметті жүзеге асыратын болса,ол қызмет түріне лицензия алады.


  1. Шағын кәсіпкерлік субъектілері

Жеке кәсіпкерліктің объектісі мен субъектісі болады.

Объектісі - кәсіпкерлік қызметке бағынатын жеке тұлғаның іс-әрекеті, яғни ол тауар өндіру немесе қызмет көрсету.

Субъектісі болып жеке тұлғалар болып табылады.

Кәсіпкерліктің 3 түрі бар:

1. Өндірістік

2. Коммерциялық

3. Қаржылық

Өндірістік – бұл кәсіпкердің белгілі бір өнім түрлерін өндіруге бағытталған қызметін айтады. Яғни кәсіпкердің іс-әрекеті тікелей өнім өндіруге байланысты. Өндірістік кәсіпкерліктің түрлері:

1. өнім өндіру

2. иновациялық

3. ғылыми - техникалық

4. өндірістегі тұтыну қызметі

5. ақпараттық кәсіпкерлік қызметі, яғни мұнда ақпарат негізгі өнімі болып табылады.

Коммерциялық – бұл кәсіпкерлік түрі дайын өнімді немесе ресурстарды сату, алып сатумен айналысады.

Қаржылық – бұл қызмет түрі нарықтағы ақша несие механизмінің негізгі субъектісінің қызметін сипаттайды. Мыс: сақтандыру, қор биржасындағы делдал, т.б.

3. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау

ҚР-ның «Жеке кәсіпкерлік» туралы заңы 2006ж 31 қаңтарда қабылданған. Әрбір кәсіпкер нарықта өз қызметін ұйымдастыруда құқық жағынан қорғалған болуы қажет. Кәсіпкер өз қызметін ұйымдастырмас бұрын қандай өнім өндіретінің немесе қандай қызмет көрсететінің алдын ала анықтайды. Сондықтан да осы заңда кәсіпкерлердің қандай қызмет түрімен айналысуға болатынын, қандай өнімді өндіруге немесе өндіруге болмайтын қызметтін түрлері белгіленген.

Кәсіпкерлік іс қызметті ұйымдастыруда мынадай мәселелерді шешу керек:

1. Кәсіпкерлік қызметті қаржылық техникалық және басқа да көмек түрлерімен қамтамасыз ету шаралары.

2. Жеке кәсіпкерлікті атқарушы қолдау қызметін жүзеге асыру.

3. Несие, инвестициялық және сауда саясатын дамыту.

4. Кәсіпкерліктің дамуына кедергілерді жою шараларын қалыптастыру.

ҚР-ның жеке кәсіпкерлік туралы заңы жоғарыда айтылған мәселелерді шешу үшін мынадай мүмкіндіктер береді:

1. Жеке кәсіпкердің қалыптасуы мен дамуындағы қолданылатын шаралардың нормативтік құқықтық актілерге сай болуын қамтамасыз етеді.

2. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік қаржылық материалдық техникалық және ақпараттық ресурстарды толықтай пайдалануына жағдай жасалған.

3. Жеке кәсіпкерлік субъектісінде ғылыми техниканың жемістігін еңгізу жолдары қарастырылған.

4. Жеке кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау және қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, жүйесін арттыру, талаптары да қойылған.

5. Жеке кәсіпкерлік субъектісінің басқа ұйымдарымен арадағы қарым қатынастарын реттеу жолдары қарастырылған.

6. Жеке кәсіпкерлікті қолдау және дамыту бағыттары көрсетілген.

7. Жеке кәсіпкерліктің мемлекеттін тарапынан көрсетілген қолдау шараларының экономикалық тиімділігін талдау мәселелері көрсетілген.

8. Жеке кәсіпкерліктің ұйымдастыруы, қалыптастыруы және таратылу жолдары көрсетілген.

9. Жеке кәсіпкерліктің өз қызметін ұйымдастырудағы мемлекеттің тарапынан белгіленген талаптар да көрсетілген.

4. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін себептер

Шағын бизнес экономикада маңызды орынға ие.

1. Ол нарықта өте икемді, яғни нарықта болып жатқан өзгерістерге жылдам бейімделеді.

2. нарықта қажетті өнімді өндіруге тез бейімделген.

3. бәсекелестік қалыптастыруға арналған.

4. кәсіпкерлік нарықтағы жұмыссыздықты жоюға арналған.

Шағын бизнес кәсіпкерлікті дамытумен қатар нарықтық қатынастарды да қалыптастырады. Сондықтан да нарықтық қатынастар күрделенген сайын шағын бизнесте дами түседі. Шағын бизнеске көптеген факторлар әсер етеді. Олар:

1. экономикалық

2. әлеуметтік

3. саяси


Сондықтан да республикада шағын бизнес алға қарай даму үшін мына бағыттарда шаралар ұйымдастырумыз керек:

1. қаржы-несие саясатың дамыту;

2. ақпараттық технологиялық жүиені дамыту;

3. кадрлар даярлауда сапасын арттыру;

4. елдің сыртқы экономикалық қызметін дамыту.

Қаржы – несие жүйесі арқылы шағын бизнестің қалыптасуына және қызмет етуіне жағдай жасаймыз.

Ақпараттық технологиялық жүйе арқылы шағын бизнестің ауқымын кеңейтеміз.

Кадрларды даярлау арқылы шағын бизнестің сапасын арттырамыз.

Сыртқы экономикалық қызметтер арқылы шағын бизнес меншік иелнрі өз өнімдерін әлемдік нарықта өткізуге немесе әлемдік стандартқа сай техника мен технологияға өз өндірісінде пайдалана алады.

Шағын кәсіпорынды немесе жеке кәсіпкерлікті мәжбүрлеп таратуға болады және өз еркімен таратылуы мүмкін.Жеке кәсіпкер өз қызметін ерікті түрде кез келген уақытта заңда көрсетілген тәртіппен тоқтата алады. Егер бірлескен кәсіпкерлік болатын болса, онда оның қатысушыларының қабылдаған шешімі арқылы кәсіпкерлік қызметті тоқтатуға болады.


Тақырып 13. Ішкіфирмалық есеп

  1. Шаруашылық есептің экономикалық мәні және ұстамдары

  2. Шаруашылық есептесудің жүйесі және нарықтық қатынастар жүйесі: өзара әрекет ету және өзара негіздемелік

  3. Ішкіфирмалық есеп: мәні және ұйымдастыру




    1. Шаруашылық есептің экономикалық мәні және ұстамдары

Шаруашылық есеп – кәсіпорынның шығынсыз қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатымен, табыстар мен шығындарды салыстыруға негізделген шаруашылықты жүргізу әдісі.

Шаруашылық есеп – кәсіпорын категориясы. Кәсіпорын сыртында шаруашылық есеп өзінің мәнін жоғалтады.

Шаруашылық есептің негізгі ұстанымдары мыналар:


  • шаруашылық ұйымдастырушылық – құқықтық формасын таңдаудағы қызмет ету бағдарламасын дайындаудағы, тауарды өткізу әдістері мен өткізу каналдарын анықтаудағы экономикалық дербестілігі;

  • өзін-өзі ақтайтындығы;

  • өзін-өзі қаржыландыруы;

  • жұмысшылардың және барлық кәсіпорынның өндіріс нәтижесіне материалдық қызығушылығы мен материалдық жауапкершілігі;

  • есеп, бақылау, талдау, үнемдеу мен ұқыптылық режимі.

Экономикалық дербестілікке тоқталайық, кәсіпорын бөлімшелері заңды тұлғалар емес, сондықтанда олардың әрбіреуі банкте есепшотын ашпайды, сондықтанда басқа мекемелермен дербес келісім-шартқа отырады.

Мүліктік дербестілігі бөлімшелерге өндіріс қорларының бір бөлігін бекіту арқылы қамтамасыз етіледі.

Экономикалық дербестілік ішкі фирмалық жоспарлы-есепті бағаны өнімдерге, қызметтерге, бөлімшелер арасында ішкі өзара есептесуге қажетті енгізу арқылы жүзеге асады.

Өзін-өзі қаржыландыру дербестілігі кәсіпорын деңгейінде қаржылық есептесу жүйелерін ұйымдастыру арқылы жүзеге асады. Ол үшін ішкі өндірістік экономикалық қатынастар шеңберінде ішкі фирмалық шаруашылық есепті орталық пайда болуы керек.




    1. Шаруашылық есептесудің жүйесі және нарықтық қатынастар жүйесі: өзара әрекет ету және өзара негіздемелік

Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынас пен байланыста болып біріккен тұтастылықты қалыптастыратын элементтер жиынтығы. Шаруашылық есепті құрастыратын элементтер өзара әрекет етеді және өзара негізделеді. Басқа жүйелер сияқты шаруашылық есеп жүйесі де үнемі дамуда, жаңа қасиеттер мен өндірістік қатынастарды жетілдірумен байланыста.

Қазіргі этапта қозғалушы бастапқысы болып нарықтық экономикаға көшу болып табылады. Шаруашылық есеп және нарық бір-бірін толықтырушы.

Шаруашылық есепке нарықтық тыныс қарсы тұрады.

Шаруашылық есеп пен нарықтық қатынастар саласының қызметтерін анықтайтын спецификалық айырмашылықтары да бар.

Егерде шаруашылық есеп ең бірінші звено деңгейіндегі өндірістік қатынастар жүйесін, өндірісті таратылу, айырбас пен тұтынуды көрсетсе, ал нарық тек алмастыру процесінде тауардың айналым формаларын көрсетуді айқындайды. Сонымен қатар басқалай өндірістік қатынастар салаларымен байланысын теріс шығаруға болмайды. Нарықтағы экономикалық қатынастар өндірістік қатынастар жүйесінің астындағы жүйесін құрайды, себебі, айырбас болмаса өндірістің, тұтынудың жалғасы болмайды. Себебі, нарық негізінде төлем қабілеттілік сұраныс формасында қоғамдық тұтыну жатыр. Тек өндіріс қана нарыққа әсер етпейді, нарық өндіріске әсер етеді, сондықтан шаруашылық есеп пен нарық қарым-қатынаста қызмет етеді.


    1. Ішкіфирмалық есеп: мәні және ұйымдастыру

Ішкі фирмалық есеп - өндірісті шаруашылық есеп бөлімшелерінде жүргізу, кәсіпорындағы экономикалық қатынастар әдісі.

Ішкі фирмалық есепті негізгі мақсаты – бөлімшелердің өндірістік потенциалын пайдалануды жақсарту, қоғамдық еңбекті үнемдеу, өнімнің сапасын көтеріп, өзіндік құнын төмендету.

Ішкі шаруашылық есепті ұйымдастыру жүйесі мыналардан тұрады:


  1. жоспарлау;

  2. ішкі шаруашылық өндірістік және экономикалық қатынастар;

  3. шаруашылық қызметтің есебі, есеп тапсыруы және бақылауы;

  4. шаруашылық қызметті материалдық ынталандыру;

  5. еңбек ұжымының жауапкершілігі;

  6. шаруашылық қызмет нәтижесін бағалау.

Ішкі шаруашылық есепті тиімді ұйымдастырудың негізгі жағдайлары:

  1. кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде ішкі шаруашылық есепті енгізу;

  2. ұжымдық бөлімшелерге уақытында шаруашылық есепті тапсырмаларды жеткізу;

  3. бекітілген бірыңғай баға мен лимит бойынша бөлімшелерге материалдық құндылықты жіберу;

  4. шаруашылық есепті тапсырмалар бойынша көрсеткіштердің негізделуі, соның негізінде бөлімшелер өндірісінің жағдайына сәйкес норма мен нормативтер дайындау;

  5. шаруашылық есепті тапсырмалар дайындауда бөлімшелер басшыларының қатынасы;

  6. шығындар лимитін жоюға оперативті бақылау жүргізу;

  7. кәсіпорын мен әрбір бөлімшелер нәтижесін сипаттайтын және бөлімшелер қызметін ынталандырудың нақты негізін көрсететін бағалау көрсеткіштерін дайындау.


жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау