Экологиялық басқарудың негіздемелік жоспары әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасы: медициналық қызметтердің



жүктеу 442,19 Kb.
Pdf просмотр
бет4/14
Дата14.05.2018
өлшемі442,19 Kb.
#12950
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

10 

 

Операциялық фаза  



Медициналық қалдықтарды басқару  

Медициналық  қалдықтарды  бақылауды  жүзеге  асыратын  Қазақстандық  құқық  қорғау 

жүйесі  Денсаулық  сақтау  министрлігінің  санитариялық-гигиеналық  талаптарын  енгізу  арқылы 

2004,  2007  және  2012  жылдары  құрылды.  Бұл  әрекеттер  инфекцияланған  қалдықтарды  қоқыс 

свалкаларына  тастауға  тиым  салды  және  мемлекет  өңірлеріндегі  қоқысты  өртеу 

құрылғыларының құрылысына сезінерлік үлесін қосты.  

 

Қазіргі  уақытта  санитарлық  талаптар  медициналық  мекемелердегі  қалдықтарды  сапасы 



мен қауіптілігіне сәйкес 5 санатқа бөлуді міндеттейді, олар:  

 

тұрмыстық қалдықтар (А класы) 



 

инфекцияланған қалдықтар (Б класы) 

 

едәуір инфекцияланған қалдықтар (В класы) 

 

өндірістік/қауіпті қалдықтар (Г класы) 

 

радиоактивті қалдықтар (Д класы) 

 

Медициналық  мекемелер  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  экономика  министрлігі 



Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау  комитетінің  Тұтынушылардың  құқықтарын  қорғау 

бойынша жергілікті департаментке және ҚР ҰЭМ ТҚҚК қалдықтар туралы есепті тоқсан сайын 

тапсырулары  қажет.  Есеп  қалдықтардың  барлық  кластары  бойынша  мәліметтерден,  оларды 

өңдеу әдістерінен және оларды бұдан әрі пайдалану туралы мәліметтерден тұрады.  

 

БҰҰДБ  жобасының  мәліметтері  бойынша  Ақмола  облысы  Аршалы  ауылдық 



ауруханасында (1)  (135 төсек) және Астана (360 төсек) мен Өскемен қалаларының (670 төсек) 

мамандандырылған  ауруханаларында  (2),  сондай-ақ  Астана  қаласындағы  хирургиялық 

бөлімшені  сұрау нәтижесі  бойынша және Қызылордадағы мамандандырылған ауруханада (780 

төсек)  жиналған  ақпараттар  бойынша  мекемелерде  қауіптілік  класы  бойынша  қоқыстарды 

іріктеу  жүйесін  пайдаланатын  ауруханалардағы  қалдықтардың  орташа  жиналу  жылдамдығы 

анықталды,  ол  тәулігіне  1  төсек  орынға  0,2  кг  құрайды;іріктеу  жүйесін  пайдаланатын  немесе 

қалдықтар  залалсыздандырылып,  орнында  өртелетін  ауруханалардағы  инфекциялық 

қалдықтардың  тәулігіне  жиналу  көлемі  1  төсек  орынға  0,49  кг  құрайды;  оқшауланған 

инфекциялық  палаталардағы  қалдық  көлемі  тәулігіне  1  төсек  орынға  1,17  кг  құрайды,  барлық 

зерттелген  ауруханалар  нақты  өндірістік  қалдықтарды  өлшеуді  жүзеге  асырмайды  және 

олардың  есептері  болжамды  мәнге  және  қате  формулаларға  негізделеді;  қатты  өндірістік 

қалдықтардың түзілулерін өлшеу жылдамдығы тәулігіне 1 төсек орынға 0,4-тен 2,35 кг-ға дейін 

ауытқып  тұрады;  зақымдалған  қалдықтарды  залалсыздандыруда  жиі  хлор  пайдаланылады,  ол 

сондай-ақ  өртеуге  арналған  қалдықтарды  залалсыздандыру  үшін  де  қолданылады,  бұндай 

қалдықтарды өртеу кезінде НОСОЗ шығуының артқандығы байқалады. 

 

Жоғарыда  жазылғандарға  байланысты  ҚР  инфекциялық  қалдықтардың  жиналуының 



жалпы  көлемі  жылына  1000  тоннадан  асатынды  деп  айтуға  болады.  Тиесілі  мемлекеттің 

медициналық ұйымдарында жылына 2000 тоннадан астам өндірістік қалдықтар жиналады.  

 

Өртеу  Қазақстанда  инфекцияланған  қалдықтарды  жоюдың  доминантты  әдісі  болып 



табылады.  Қалдықтарды  өртеу  бойынша  1176  шамасында  қолданыстағы  объект  бар,  оның 

ішінде  тек  91  объектіде  арнайы  өртеуге  арналған  құрылғылар  бар.  Басқа  объектілерде 

қалдықтарды өртеу кезеңдік және муфельдік пештерде жүргізіледі. Медициналық қалдықтарды 

пештерде  өртеу  жиі  қоқыс  өртеу  зауыттарының  қызметтері  жоқ  немесе  осы  қызметтерге 

қаржыландыру  болмаған  ауылдық  ауруханаларда  кездеседі.  Барлық  қолдағы  бар  ақпараттарға 

аналитикалық шолу және бірнеше арнайы қоқыс өртеу зауыттарына барулар, осы объектілердің 

көбі  түтінді  тазалау  жүйесімен  жабдықталмаған  аз  күштегі  пештер  класына  жатқызуға 



11 

 

болатынын  көрсетті.  Сирек  жағдайда  қондырғыларда  гомогенді  жануға  арналған  қосымша 



камералар болады.  

Қоқысты  өртеудегі  шығындылардың  нормалары  немесе  осы  процесске  арналған  басқа  да 

техникалық  жағдайлар  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  орнатылмаған.  Дегенмен, 

қалдықтарды пайдалану  бойынша басқа да объектілер сияқты қоқыс өртек  объектісі  қоршаған 

ортаға  әсер  етуді  бағалау  құралы  болып  табылады  және  өзін  қолданысқа  жібергенге  дейін 

қалдықтарды  пайдалануға  рұқсат  алуға  міндетті.  Бұл  рұқсат  АПТОЛ  мен  ауыр  металдарды 

ескермегенде  кейбір  ластау  заттарының  шығуы  бойынша  талаптарды  және  бұдан  әрі  тиісті 

экологиялық баждарды төлеуді бекітеді. Алайда, практикада ластаушыларға тесттік тексерулер 

жүргізілмейді,  қондырғылардың  ластаушыларды  шығару  көлемдері  объектіге  рұқсатнама  алу 

кезінде  теориялық  түрде  есептеледі  және  бұдан  әрі  түзетулер  мен  бақылауларды  иесінің  өзі 

жүргізуі  қажет.  Осылайша  қоқыстарды  өртеу  кезіндегі  шығындыларға  мониторинг  және 

бақылау  практикада  түбегейлі  жоқ.  Экологиялық  жағдайлардың  айтарлықтай  төмендеуі 

инфекциялық қалдықтарды өртеуден болады, ол жалпы қабылданған практикаға сәйкес хлормен 

дезинфекциялаудан  өтеді,  бұл  қоқыстарды  өртеу  диоксиндер  мен  фурандардың  көп  мөлшерде 

бөлінуіне  әкеледі;  хлор  байланыстарының  босауы  свалкаларда  да  болады.  Қосымша 

экологиялық  проблема  өндірістік  қалдықтарды  өртегеннен  кейін  және  олардың  бұдан  әрі 

свалкалардағы тұнбасынан кейінгі ресми тұнба классификациясына байланысты түзіледі. 

 

 



Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары кезеңі  

 

Автокөлік қозғалысынан болған шаң, шу және кедергілер  



 

Көптеген  АММ  жергілікті  тұрғындардың  меншіктеріне,  коммерциялық  орталықтарға 

және  мектептерге  жақын  орналасқан.  Құрылыс  жұмыстарын  жүргізуге  байланысты  қоғамдық 

пайдалану  орындарына,  дүкендерге,  дәріханаларға  бару  мүмкіндігі  уақытша  шектеледі  және 

иелеріне кіріс сомасы қысқаруы мүмкін. Автокөліктерден болған кедергі, шаң және шу жақын 

маңдағы  тұрғындарға  да  әсерін  тигізеді,  егер  шара  қолданылмаса,  олардың  денсаулықтарына 

уақытша  әсерін  тигізеді.  Қатпаған  бетон  ағындылары  немесе  бетонды  су  ағындыларының 

құрамында  рН  мөлшері  өте  жоғары  болуы  мүмкін,  ол  ауданның  экожүйесіне  уақытша  әсерін 

тигізеді.  Ауыл  объектілері  мен  ауыл  клиникаларының  реконструкциясы  мен  құрылысы 

ағаштардың  шабылуына  немесе  жергілікті  жағдайларға  байланысты  өсімдікке  уақытша  әсер 

етеді.  

Қалдықтарды пайдалану  

 

Кез-келген  құрылыс  жұмыстарының  барысында,  оның  ішінде  кіші  масштабтағы,  қатты 



және  сұйық  қалдықтар  жиынтығы  байқалады,  гипсокартондарды,  машиналарға  майды, 

бояуларды  және  езу  сұйықтықтарын  қоса  алғанда.  Құрылыс  барысында  жанармайдың  және 

басқа  да  материалдардың  төгілуі  болады.  Құрылыс  алаңдарында  қалдықтармен  жұмыс  дұрыс 

жасалмаса және ағындыларға тиесілі көңіл аудармау қоршаған ортаға, грунтты және  беткейлік 

суларға,  жер  бетіндегі  эко  жүйеге,  жергілікті  тұрғындарға  және  құрылысшыларға  жағымсыз 

әсерін тигізеді. Құрылыс жұмыстары ауыр техникалармен жұмыс жасауды талап етеді, олардың 

құрамында жанармай және гидравликалық сұйықтықтар болады. Құрылыс жұмыстарын жүргізу 

кезінде осылардың төгілулері немесе бұдан әрі олармен топырақтың қанығулары жер беткейлік 

сонымен бірге судағы жағдайларға да жағымсыз әсер етеді.  

 

 



Экологиялық зардаптарды жеңілдету бойынша шаралар  

 

Зардаптарды жеңілдету бойынша шаралар.    

 

Ғимараттарды  реконструкциялау  жобалары  қуат  тиімділігі,  сумен  қамту,  канализация 



және  медициналық  қалдықтарды  басқару  саласындағы  мемлекеттік  техникалық  стандарттарға 


жүктеу 442,19 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау