Сәулелену түрлерінің әсері
№
|
Сәулелену түрі
|
Әсері
|
Нәтижесі
|
1
|
α (альфа)
|
Зақымдайды
|
Қалпына келеді
|
2
|
β(бетта)
|
Зиян келтіреді
|
Обыр жасушалары пайда болады. Мутант балалалар дүниеге келеді.
|
3
|
γ (гамма)
|
шығын
|
Тірі ағза өледі
|
Радиациялық қалдықтардың адам денсаулығына әсері.
«Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» ҚР-ның Заңына өндіріспен тұтыну қалдықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 09.12.2004 жылғы №28-ІІІ ҚР-ның Заңына сәйкес әрбір мекемелер мен кәсіпкерлер, жеке тұлғалар өздерінен шығарылатын барлық қалдықтарды жасалынған келісім шарттың негізінде арнайы белгіленген орындарға орналастырулары тиіс. Қазақстанда экология күн тәртібінен түсуге тиісті мәселе емес. Экологияның жай-күйін анықтайтын, мониторинг немесе сараптама жүргізетін мемлекеттік емес ұйымдар құқықтық жағынан шектеулі. Топырақты, суды, өсімдіктерді алып тексеруге, радиацияның денгейін, қоршаған ортаға әсерін өлшеуге жол жабық. Баса назар аударалық нәрсе, Қазақстан әлі күнге дейін Дүниежүзілік экологиялық келісім құжатына қол қоюдан бас тартып келеді.
Қараған адамнаң зәресі зәр түбіне кетіп, құйқы тамыры шымырлап, төбе шашы тік тұратына сенімім кәміл. Әсіресе, бұл сәбилер алыс шет елдердің бірінде емес, өзіңміздің Қазақстанда, қаймана қазақтың қалың қоныстанған жері – Қызылорда облысы болары анық. Қызылорда облысы – экологиясы ауыр аймақ. Бұл дүйім жұртқа білгілі жайт. Тартылып жатқан Аралы, жер-жаһанды улап жатқан Байқоңыры бар, уран өндіретін Шиелісі бар, өзіміздің ауданымызда мұнай өндіріп жатқан терминалымыз бар өңір. Қала берді, бұған көрші ауылдарымызға Днепрдің құлауын қосыңыз!
Қазақстанда жылына ақ қан (лейкоз) аурумен ауыратын 150 бала тіркеледі екен. Осы қан жүйесінің аурулары 3-15 жас аралығындағы балалар өліміне басты себепші болып отырады. Мәселен, аққан ауруының таралуы бойынша 7-ші орында тұрған Қызылорда облысы былтыр 3-ші орынға бірақ секірді. Осы ауруларды қоздырушы бірден-бір фактор – йонды сәуле көздері мен №6 кең басқармасының Шиелі кентіндегі уран өндірісі, сондағы химиялық заттардың әсері. Жергілікті халық та, ғалымдар мен дәрігерлер де бәлекеттің түп тамыры осында жатыр деп есептейді. Уранның әсері адамдарды былай қойғанда, сол жердегі малға да, өсімдіктерге де орасан зиян келтіріп отыр. Уран өндірісін экономикамыздың бірден-бір тірегі ретінде қарастыру үлкен қателік. Елдің келешегіне, халықтың болашағына орасан зор қауіп төндіретін кәсіппен шұғылдану - өзің отырған бұтақты өзің кескенің. Өркениетті елдердің тәжірибесінен неге үлгі алмаймыз? Уран өндіруге ол елдердің ешқайсысы құлшынып отырған жоқ. Энергия көзін табиғи жолмен – күн көзінен, желден тауып отыр. Табиғи жолмен алынған энергия көзі әрі арзан әрі заласыз. Қазақстанның жағдайында энергияны табиғи түрде алуға мүмкіндік мол. Уран өндіру – ұйықтап жатқан айдаһарды түртіп оятумен тең. Осы бастан бұл мәселеге жіті назар аудармасақ, «Қазатомпром» кендерінің қоршаған ортаға залалын шынайы түрде анықтап, зардаптарын жоюға ұмтылмасақ, еліміздің ертеңі күңгірт болары хақ. Құбыжық балалар қалай елдің тұтқасы бола алмақ?
Сонда да... Суреттегі сәбилер – осы уран өндірісінің құрбандары. Бұл қолда бар суреттер ғана. Әзірге... Әйтпесе, құбыжық болып туылып жатқан балалардың саны бұдан бірнеше есе көп. Естуімізше, аудандық денсаулық сақтау бөлімі мұндай жайыттарды құпия ретінде ұстауда, перзентханаға ешкімді кіргізбейді. Құбыжық болып туылған балаларды өзге түгілі, өз ата-аналарына көрсетпей, «өлі» туылды деп астыртын жерлеп жататын көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |