16. Борышкердің немесе ол уәкiлеттiк берген тұлғаның Қазақстан Республикасының
азаматтық заңнамасында және «Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан
Республикасының Заңында көзделген талаптарды бұза отырып жасаған мәмiлелерін анықтау
мiндетiн орындамау не тиiсiнше орындамау және оларды жарамсыз деп тану не мүлiктi сот
тәртiбiмен қайтару туралы талаптар қоймауы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
17. Оңалту жоспарында көзделмеген әрекеттердi олар жасалғанға дейiн кредиторлар
жиналысымен келiспеу –
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
18. Егер борышкердiң оңалту рәсiмiн қолданудан кейiн пайда болған, кредиторлық
берешегiнiң жалпы сомасы оңалту рәсiмiн енгiзген кездегi кредиторлық берешектiң жалпы
сомасының жиырма пайызынан асатын болса, кредиторлық берешектiң ұлғаюына әкеп соғатын
мәмiлелердi кредиторлар жиналысының мақұлдауынсыз жасау –
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
19. Осы баптың бiрiншi – он сегiзiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза
қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсiздiк) –
бiр жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
182-бап. Әдейi банкроттық
Әдейi банкроттық, яғни заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының), лауазымды
адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң жеке мүдделерiндегі немесе өзге де
тұлғалардың мүдделерiдегі әрекеттерi (әрекетсiздiгi) нәтижесiнде болған төлем
қабiлетсiздiгiн қасақана жасау немесе ұлғайту, егер бұл iс-әрекетте қылмыстық
жазаланатын iс-әрекет белгiлерi болмаса, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бес
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сегіз жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
183-бап. Жалған банкроттық
Жалған банкроттық, яғни кредиторларға тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыруды немесе
бөліп төлеуді немесе борыштарына жеңілдікті алу үшін, сол сияқты борыштарын төлемеу үшiн
кредиторларды жаңылыстыру мақсатында заңды тұлға құрылтайшысының (қатысушысының),
лауазымды адамның, органдарының, сол сияқты дара кәсiпкердiң өзiнiң дәрменсiздiгi туралы
көрiнеу жалған хабарлауы, егер бұл іс-әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын іс-әрекет
белгiлерi болмаса, –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – үш жүз, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – төрт
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жеті жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
184-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы
заңнамасын бұзу
1. Бағалаушының мүлікті бағалау туралы анық емес есеп жасауы, сол сияқты Қазақстан
Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасында тыйым салынған жағдайларда мүлікті
бағалауды жүзеге асыруы –
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – алпыс, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
бағалау қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік
субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – сексен, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – тоқсан, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
185-бап. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан
алынған коммерциялық, банктік құпияны, кредиттік
есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау
мiндеттерiн бұзу
Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік
құпияны қамтитын мәліметтерді, кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты сақтау
мiндеттерiн кәсiптiк немесе қызметтiк жұмысына байланысты өзiне белгілі болған тұлғаның
олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұзуы, егер осы әрекетте қылмыстық жазаланатын іс-әрекет
белгiлерi болмаса, –
елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Кредиттік бюроның кредиттік тарих дерекқорынан алынған коммерциялық, банктік
құпияны құрайтын мәліметтерді не кредиттік есептердің мәліметтерін немесе ақпаратты
меншiк иесiне немесе заңнамалық актiлерге сәйкес мұндай мәлiметтердi алу құқығы бар
тұлғаларға олардың заңды талап етуі бойынша берген жағдайда, тұлға жауапты болмайды.
2. Осы бапта көзделген іс-әрекеттi жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылыққа тарту
залал келтiрiлген ұйымның, меншiк иесiнiң немесе дара кәсiпкердiң арызы бойынша жүзеге
асырылады.
186-бап. Сақтандыру немесе зейнетақы жинақтарының
құпиясын не микрокредит беру құпиясын сақтау
мiндетiн бұзу
Кәсiптік немесе қызметтiк жұмысына байланысты сақтандыру немесе зейнетақы
жинақтарының құпиясын немесе микрокредит беру құпиясын қамтитын мәлiметтер өзіне белгiлi
болған тұлғаның олардың иесiнiң келiсiмiнсiз бұларды сақтау мiндетiн бұзуы –
елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
187-бап. Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы
заңнамасын бұзу
1. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристерге туристік қызметтер
ұсыну қағидаларында көрсетілген, саяхаттың ерекшеліктері, саяхат жасаған кезде оларға
тап болуы мүмкін қауіптер туралы мәліметтерді ұсынбау, уақтылы немесе толық ұсынбау не
туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге
асырмауы –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне -
жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың туристік қызмет көрсетуге жазбаша
шарт жасаспай туристік қызметтерді көрсетуі –
лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он
жеті, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
лицензиядан айыра отырып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мүдделі мемлекеттік органдарға
және туристің отбасына саяхат кезінде туристердің төтенше жағдайларға ұшырағаны туралы
ақпарат бермеуі немесе уақтылы бермеуі –
лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз бес,
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Достарыңызбен бөлісу: |