2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым
жұмыскерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әкеп соқтырған, көлiк құралына адамдардың
заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту
үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған іс-әрекет бiр немесе
бiрнеше тәртiп бұзушының қылмыс жасауына немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан кесіп өтетiн
адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан заңсыз кесіп өтуiне немесе заңсыз кесіп өтуге әрекет жасауына әкеп соққан,
өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк
шекарасынан заңсыз кесіп өту үшiн пайдалануын болғызбау жөнiнде шаралар қолданбауы –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
516-бап. Әскери қызметшінің Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі
міндеттерін атқаруына байланысты оның заңды
өкіміне немесе талабына бағынбау
1. Әскери қызметші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету
жөніндегі міндеттерді атқарған кезде оның заңды өкіміне немесе талабына бағынбау –
он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не бес тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, шетелдік не азаматтығы жоқ адам
жасаған әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, бес
тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
517-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
саласындағы заңнамасын бұзуы
1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тіркеу үшін Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген күнтізбелік бес күн өткеннен кейін үш тәулікке дейінгі мерзімде
ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан Республикасында болуынан көрінген,
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген мерзімдерден астам уақыт ішкі істер органдарында тіркеуден өтпей Қазақстан
Республикасында болуынан не тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайда тұрмауынан, сол сияқты
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жол жүру қағидаларын сақтамаудан
көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен
шығарып жiберуге әкеп соғады.
3. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның визада не тіркеу кезінде көші-қон
карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәулік ішінде Қазақстан
Республикасынан кетпеуінен көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
саласындағы заңнамасын бұзуы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
4. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың
көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы не визада не тіркеу кезінде көші-қон
карточкасында көрсетілген мерзім өткеннен кейін үш тәуліктен асатын кезең ішінде кетуден
жалтаруы –
он бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке дейінгі
мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен
шығарып жiберуге әкеп соғады.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР 24.11.2015
№ 421-V
Заңымен (01.01.2017 бастап
қолданысқа
енгізіледі).
5. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның жүзеге асыратын қызметі визада және
(немесе) тіркеу кезінде көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес болмауынан
көрінген, Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы
немесе жұмысқа орналасуға рұқсат алу еңбек қызметін жүзеге асыруға қажетті шарт болып
табылатын жағдайда мұндай рұқсатты алмастан Қазақстан Республикасында еңбек қызметін
жүзеге асыруы –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға не он тәулікке
дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға не Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік
жолмен шығарып жiберуге әкеп соғады.
6. Осы баптың бірінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не Қазақстан
Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жіберуге әкеп соғады.
7. Осы баптың екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік
жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер –
Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен шығарып жібере отырып, он бес
тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
518-бап. Шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды
қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны
саласындағы заңнамасын бұзуы
1. Қабылдаушы тұлғаның шетелдiктерді және азаматтығы жоқ адамдарды уақтылы тiркеу
не олардың Қазақстан Республикасында болуы не болудың белгілі бір мерзiмi өткеннен кейін
олардың Қазақстан Республикасынан кетуі құқығына құжаттарды ресімдеу жөнінде шаралар
қолданбауы –
жеке тұлғаларға – бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза
отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға
тұрғынжай беру не белгіленген мерзімдерде Қазақстан Республикасынан кетуден жалтару не
тіркеу кезінде көрсетілген мекенжайға нақты тұратын жерінің сәйкес келмеуі –
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза
қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, лауазымды адамға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз
бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
4. Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза
отырып, Қазақстан Республикасына келген шетелдiкпен немесе азаматтығы жоқ адаммен визада
Достарыңызбен бөлісу: |