Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет76/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   192

      1. Орман қоры жерлерiндегі шабындықтар мен жайылымдық алқаптарды бүлдiру –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға екi айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ормандар мен орман қоры жерлерiнде заңсыз шөп шабу және мал жаю –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Дәрiлiк өсiмдiктер мен техникалық шикiзатты тыйым салынған немесе орман 
билетiмен ғана жол берілген учаскелерде заңсыз жинау –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға үш айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      371-бап. Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына
 
                келтiру мен орман өсiруге арналған орман қорының
 
                басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың
 
                тәртiбiн және мерзiмдерiн бұзу
 
      Ағашы кесiлген жерлерге және орманды қалпына келтiру мен орман өсiруге арналған 
орман қорының басқа да санаттағы жерлеріне ағаш отырғызудың тәртiбiн және мерзiмдерiн 
бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      372-бап. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру, сондай-ақ
 
                орманды қалдықтармен, химиялық заттармен
 
                бүлдiру, ластау және орман қорының жерлерiне
 
                өзге де залал келтiру
 
      1. Орман фаунасын жою немесе бүлдіру –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Орманның қурап қалуына немесе ауруына не ластануына әкеп соғатын сарқынды 
сулармен, химиялық заттармен, өнеркәсiптiк және тұрмыстық шығарындылармен, қалдықтармен 
және төгiндiлермен орманды бүлдiру –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне төрт жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Орман қоры жерлерiндегi орман құрғататын жыраларды, дренаж жүйелерi мен 
жолдарды жою немесе бүлдiру –
 
      жеке тұлғаларға бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың бiрiншi, екінші және үшiншi бөлiктерiнде көзделген, ерекше 
қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – елу бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      373-бап. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында
 
                көзделген мақсаттарға немесе талаптарға сәйкес
 
                келмейтiн ретпен жүзеге асыру
 
      1. Орман пайдалануды рұқсаттама құжаттарында көзделген мақсаттарға немесе 
талаптарға сәйкес келмейтiн ретпен жүзеге асыру –
 


      жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қырық айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекет –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      374-бап. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға
 
                зиянды ықпал етуге әкеп соққан объектiлерді салу
 
                және пайдалану
 
      1. Ормандардың жай-күйiне және оларды молықтыруға зиянды ықпал етуге әкеп соққан 
объектiлерді салу және пайдалану –
 
      жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
отыз бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз 
айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      375-бап. Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың
 
                белгiленген тәртiбiн бұзу
 
      Кеспеағаш аймағын бөлудің және таксациялаудың тәртiбiн бұзу –
 
      ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      376-бап. Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін
 
                мөлшерде дайындауға жол беру
 
      Сүректi есептiк кеспеағаштан асып кететін мөлшерде дайындауға жол беру –
 
      лауазымды адамдарға үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      377-бап. Пестицидтерді (улы химикаттарды) және басқа да
 
                препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және
 
                қолдану
 
      1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, пестицидтерді (улы 
химикаттарды) және қоршаған ортаны ластауға не жануарлар дүниесiне залал келтiруге әкеп 
соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн басқа да препараттарды заңсыз тасымалдау, сақтау және 
қолдану –
 
      ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, 
iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда жасалған дәл сол әрекеттер –
 
      жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық 
емес ұйымдарға – елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      378-бап. Өсiмдiктер өсетiн жерлер мен жануарлардың
 
                мекендеу ортасын қорғау қағидаларын, зоологиялық
 
                коллекцияларды жасау, сақтау, есепке алу және
 
                пайдалану қағидаларын бұзу, сол сияқты
 
                жануарларды заңсыз қоныс аударту, жерсiндiру,
 
                керi жерсiндiру және шағылыстыру
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау