Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет84/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   192

      лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он бес, 
орта кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жетпіс айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      8. Мақта өңдеу ұйымын уақытша басқару кезеңінде уақытша басқару жөніндегі комиссия 
мүшелерінің немесе уақытша әкімшіліктің Қазақстан Республикасының мақта саласын дамыту 
туралы заңын бұзуы –
 
      жеке тұлғаларға – елу, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру мерзімі өткеннен кейін осы баптың бесінші, 
алтыншы, жетінші және сегізінші бөліктерінде көзделген әкімшілік жауаптылыққа тартуға 
әкеп соққан бұзушылықтарды жоймау –
 
      лицензиядан айыруға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 404-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.07.2015 
№ 336-V
 (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
 
      405-бап. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру
 
                қорларын қалыптастыру және пайдалану кезінде
 
                Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын
 
                бұзу
 
      1. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын нысаналы пайдаланбау, 
егін жинау кезеңінде өсімдік шаруашылығы өнімі бойынша тауар интервенцияларын жүзеге 
асыру, сондай-ақ азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және 
пайдалану қағидаларын сақтамау –
 
      лауазымды адамдарға – бір жүз, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорына азық-түлік тауарларын сатып 
алу және оларды азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорынан өткізу кезінде 
тіркелген бағаларды сақтамау –
 
      заңды тұлғаларға екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      406-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы
 
                заңнамасын бұзу
 
      1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын:
 
      1) карантин және шектеу іс-шараларының шарттары мен талаптарын сақтамау;
 
      2) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидаларды, талаптарды және 
ветеринариялық нормативтерді:
 
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны 
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi күтіп-ұстауға, өсiруге, пайдалануға, 
өндiруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткiзуге байланысты 
мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, 
салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезiнде;
 
       зообақтардағы, цирктердегi, омарталардағы, аквариумдардағы жануарларды қоса 
алғанда, жануарларды асырау, өсiру және пайдалану кезінде; 
 
      ішкі сауда объектілерінде; жануарларды өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын 
өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге 
асыратын өндіріс объектілерінде; ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп 
қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда қызметті жүзеге асыру кезінде;
 
      мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын, орны 
ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiлердi Қазақстан Республикасының аумағында 
тасымалдауды (орнын ауыстыруды) жүзеге асыру кезiнде сақтамау;
 


      3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы 
және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау 
туралы нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарын сақтамау;
 
      4) кейіннен өткізуге арналған ауыл шаруашылығы жануарларын союдың шарттары мен 
талаптарын сақтамау;
 
      5) ветеринариялық препараттардың, жемшөп қоспаларының тіркеу сынақтарын жүргізу 
үшін қажетті көлемде өндіру, әкелу (импорт) жағдайларын қоспағанда, оларды мемлекеттік 
тіркеусіз өндіруді, әкелуді (импортын), өткізуді және қолдануды (пайдалануды) жүзеге 
асыру түрінде жасалған бұзушылық –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, iрi 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
       2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін 
бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) – 
 
      жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, 
ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне төрт жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      3. Ветеринариялық іс-шараларды өткізбеу немесе тиісінше өткізбеу, сондай-ақ оларды 
өткізу мерзімдерін бұзу –
 
      жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз жиырма бес, орта кәсіпкерлік 
субъектілеріне – екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер (әрекетсіздік) –
 
      жеке тұлғаларға – елу, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бес 
жүз, ірі кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      5. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз етпеу –
 
      лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға 
әкеп соғады.
 
      6. Осы баптың бесінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      лауазымды адамдарға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      7. Жергілікті атқарушы органдардың өздеріне Қазақстан Республикасының ветеринария 
саласындағы заңнамасымен жүктелген функцияларды орындамауы –
 
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.
 
      8. Осы баптың жетінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір 
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет (әрекетсіздік) –
 
      жергілікті атқарушы органдардың лауазымды адамдарына бір жүз айлық есептік 
көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. Жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге 
асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық 
ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына:
 
      1) жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынған төл, оның (олардың) сойылғаны 
және өткізілгені;
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау