Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет74/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   192

      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       6. Жер қойнауын пайдаланушының ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге асырусыз 
және (немесе) қайта өңдеусіз көмірсутек шикізатын өндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізуі – 
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       7. Көмірсутегін өндіру, дайындау, сақтау және оны өндіру және сақтау орнынан 
магистральдық құбыржолға және (немесе) көліктің басқа түріне қайта тиеу орнына дейін 
тасымалдау үшін қажет, қажетті кәсiпшiлiк объектілерін және өзге де инфрақұрылым 
объектілерін салу кезінде белгіленген тәртіппен бекітілген жобалық құжаттамадан ауытқуы 
– 
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       8. Заңнамада белгіленген талаптарды бұза отырып, ұңғымаларды пайдалану – 
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      9. «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, теңізде мұнай және газ саласындағы уәкілетті 
органның рұқсатынсыз немесе рұқсатының шарттарын сақтамастан мұнай операцияларын жүргізу 

 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      10. Теңізде ғылыми зерттеулер жүргізу тәртібін бұзу –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       11. Теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыда, 
теңізге мұнайдың төгілуі тәуекелімен байланысты теңіздегі қызметін жүзеге асыратын жеке 
немесе заңды тұлғада мұнай төгілуінің алдын алу және оны жою жөніндегі ұйымның 
бекітілген жоспарының болмауы – 
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      12. Теңізге бірінші және екінші деңгейлердегі мұнайдың төгілуі салдарын жою үшін 
қажетті өзінің жеке материалдары мен жабдықтарынсыз не мамандандырылған ұйыммен 
жасасылған шартсыз теңізде мұнай операцияларын жүргізу –
 
      жеке тұлғаларға – бір жүз елу, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – төрт жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       13. Осы баптың сегізiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн 
бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекет – 
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – екі жүз елу, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 
бес жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде 
айыппұл салуға әкеп соғады.
 
       14. Осы баптың төртінші, бесiншi, алтыншы және тоғызыншы бөлiктерiнде көзделген, 
әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер – 
 


      қызметін немесе қызметтің жекелеген түрлерін тоқтата тұруға немесе оған тыйым 
салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 356-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 
№ 272-V
 Заңымен (алғашқы 
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
 
      357-бап. Табиғат пайдалану жөнiндегi заңсыз мәмiлелердi
 
                тiркеу
 
      Табиғат пайдалану жөнiндегi көрiнеу заңсыз мәмiлелердi тiркеу, табиғи ресурстарды 
мемлекеттiк есепке алу мен олардың мемлекеттiк кадастрларының деректерiн бұрмалау, сол 
сияқты табиғи ресурстарды пайдаланғаны, қоршаған ортаны ластағаны, табиғи ресурстарды 
қорғағаны және молықтырғаны үшiн төлемдi қасақана төмендету, егер бұл іс-әрекеттердi 
лауазымды адам өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, пайдакүнемдік немесе өзге де жеке 
мүддесi үшiн жасаса, –
 
      бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін 
әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады.
 
      358-бап. Су ресурстарын қорғау қағидаларын бұзу
 
      1. Судың ластануын және қоқыстануын немесе олардың зиянды әсерiн болғызбайтын 
құрылыстар мен құрылғыларсыз, кәсiпорындарды, коммуналдық және басқа да объектiлердi 
пайдалануға беру –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Суды ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды, сондай-ақ су режимiнің 
жай-күйiн жақсартуды қамтамасыз ететiн гидротехникалық, технологиялық, орман-
мелиорациялық, санитариялық және басқа да iс-шараларды жүргiзбеу –
 
      шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жиырма бес, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      359-бап. Су шаруашылығы құрылыстарын, құрылғыларын және
 
                сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн
 
                бүлдіру, оларды пайдалану қағидаларын бұзу
 
      1. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын, суды тұтыну мен ағызуды есепке 
алуға арналған өлшеу құралдарын, сондай-ақ сумен жабдықтаудың өртке қарсы жүйелерiн 
бүлдіру –
 
      жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Су шаруашылығы құрылыстары мен құрылғыларын пайдалану қағидаларын бұзу –
 
      лауазымды адамдарға жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      360-бап. Су қорғау аймақтарында және су объектілері
 
                белдеулерінде заңсыз құрылыс салу
 
      1. Ғимараттарды, құрылыстарды және басқа да объектiлердi су қорғау аймақтарында 
және белдеулерінде заңсыз салу, сондай-ақ өзеннің табиғи арнасын заңсыз өзгерту –
 
      заңсыз тұрғызылып жатқан немесе тұрғызылған құрылысты мәжбүрлеп бұза отырып, жеке 
тұлғаларға – жиырма, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 
– қырық бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
екі жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Суда ұңғыманы заңсыз бұрғылау және жерасты суларының су тарту құрылыстарын 
заңсыз салу –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу бес, iрi кәсiпкерлiк 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау