Әкімшілік құқық бұзушылық туралы (Қазақстан Республикасының Кодексі 014 жылғы шілдедегі №235-v қРЗ)



жүктеу 2,41 Mb.
Pdf просмотр
бет70/192
Дата19.11.2018
өлшемі2,41 Mb.
#20898
түріКодекс
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   192

      лауазымды адамдарға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк 
көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бірінші бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
 
      лауазымды адамдарға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта 
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық 
есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      3. Қоршаған ортаға аса ірі залал келтірумен, халықтың өмірі мен денсаулығының 
қауіпсіздігіне қатер төндірумен ұштасқан, осы баптың бірінші бөлігінде көзделген 
әрекеттер –
 
      экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, лауазымды адамдарға 
– отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір 
жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бес жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл 
салуға әкеп соғады.
 
      4. Жеке және заңды тұлғалардың экологиялық рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұрған 
бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жоймауы –
 
      экологиялық рұқсаттан айыруға әкеп соғады.
 
      Ескертпе. Егер экологиялық рұқсат табиғат пайдаланушыға бірнеше өндірістік 
объектіге берілген жағдайда, экологиялық рұқсаттың қолданылуы табиғат пайдаланушының 
табиғат пайдалану шарттарын орындамауға жол берген объектісі бойынша жойылады.
 
      327-бап. Ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс
 
                тасталуы мен шығарылуы, қалдықтардың
 
                орналастырылуы туралы хабарламау
 
      Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық 
заңнаманың орындалуын мемлекеттiк бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын органдарға 
ластаушы заттардың өндiрiстiк нормативтен тыс тасталуы мен шығарылуы, қалдықтарды 
орналастыру және қоршаған ортаға басқа да зиянды авариялық әсер етулерi туралы 
хабарламау немесе бұрмаланған ақпаратты хабарлау –
 
      жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      328-бап. Экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған
 
                ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не
 
                экологиялық рұқсаттың болмауы
 
      Жобалау құжаттамасында және (немесе) экологиялық рұқсатта белгiленген, қоршаған 
ортаға эмиссиялар нормативтерiнiң асып кетуi не экологиялық рұқсаттың болмауы, егер бұл 
әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi болмаса –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 
эмиссиялардың асырылған көлемi үшiн қоршаған ортаға эмиссияларға төленетін мөлшерлеменің 
бiр мың пайызы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
РҚАО-ның ескертпесі!
 
      329-бап 01.01.2018 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР 08.04.2016 
№ 235-V
 Заңымен.
 
      329-бап. Парниктік газдар шығарындыларына квотаның
 
                белгіленген және қосымша алынған көлемінен асып
 
                кету
 
      Парниктік газдар шығарындыларына квотаның белгіленген және қосымша алынған 
көлемінен асып кету – қондырғы операторларына Қазақстан Республикасының заңнамасына 
сәйкес сатып алынған квоталар бірліктерімен және (немесе) жобаларды іске асыру 
нәтижесінде алынған көміртегі бірліктерімен өтелмеген, квотаның белгіленген көлемінен 
асатын әрбір бірлігі үшін бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 


      
Ескерту. 329-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 
№ 491-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      330-бап. Валидация және верификация жөніндегі
 
                аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың,
 
                аккредиттелген органдардың верификация және
 
                валидация туралы дұрыс емес деректерді ұсынуы
 
      Валидация және верификация жөніндегі аккредиттелген тәуелсіз ұйымдардың, 
аккредиттелген органдардың верификация және валидация туралы дұрыс емес деректерді 
ұсынуы – аккредиттеу туралы аттестаттың немесе аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын 
тоқтата тұрып, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз елу, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      
Ескерту. 330-бап жаңа редакцияда - ҚР 08.04.2016 
№ 491-V
 Заңымен (алғашқы ресми 
жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
 
      331-бап. Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және
 
                сарқынды суларды ағызуға арналған жабдықты
 
                пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны
 
                пайдаланбау
 
      Атмосфераға шығарындыларды тазалауға және сарқынды суларды ағызуға арналған 
жабдықты пайдалану қағидаларын бұзу, сондай-ақ оны пайдаланбау –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – қырық, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жетпіс, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне екі жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп 
соғады.
 
      332-бап. Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi
 
                түрде жүргізу туралы заңнама талаптарын
 
                орындамау
 
      Мемлекеттiк экологиялық сараптаманы мiндеттi түрде жүргізу туралы заңнама 
талаптарын немесе мемлекеттiк экологиялық сараптаманың қорытындысында қамтылған 
талаптарды орындамау, сол сияқты мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлмеген 
жобалар мен бағдарламаларды қаржыландыру –
 
      жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – отыз, орта кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш 
мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      333-бап. Шығарындыларда ластаушы заттардың болуы
 
                нормативтерден асып кететін көлiк құралдарын
 
                және басқа да жылжымалы құралдарды шығару
 
      1. Шығарындыларында ластаушы заттардың болуы, сондай-ақ олардың жұмыс iстеуi 
кезiнде шығатын шудың деңгейi белгiленген нормативтерден асып кететін автомобильдердi, 
ұшақтарды, кемелердi және басқа да жылжымалы құралдарды және қондырғыларды пайдалануға 
шығару –
 
      лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес 
ұйымдарға – жиырма, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – қырық, iрi кәсiпкерлiк 
субъектiлерiне – бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 
      2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр 
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет –
 
      қызметтi тоқтата тұрып немесе оған тыйым салына отырып не онсыз, лауазымды 
адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – қырық, 
орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сексен, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық 
есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
 


жүктеу 2,41 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   192




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау