321-бап. Құрылысты техникалық және авторлық
қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру
Құрылысты техникалық және авторлық қадағалауларды қатар жүргізбей жүзеге асыру –
жеке тұлғаларға – қырық, лауазымды адамдарға – бір жүз алпыс, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – екі жүз, орта кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – үш жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
322-бап. Үй-жайларды заңсыз қайта жабдықтау және қайта
жоспарлау
1. Қолданыстағы ғимараттардағы тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сәулет-құрылыс
жобасынсыз және жергiлiктi
атқарушы органдардың сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлiмшелерiнiң тиiстi шешiмiнсiз
заңсыз қайта жабдықтау және қайта жоспарлау –
жеке тұлғаларға – отыз, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – тоқсан, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз
елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне үш жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Ғимараттардың берiктiгiнiң және орнықтылығының толық жойылуына (қирауына) әкеп
соққан немесе әкеп соғуы мүмкiн дәл сол әрекеттер –
жеке тұлғаларға – сексен, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне
немесе коммерциялық емес ұйымдарға – бір жүз сексен, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне –
екі жүз елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне бес жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертпелер.
1. Үйлер, құрылыстар, ғимараттар, олардың бөлiктерi немесе жекелеген
конструкциялық элементтерi берiктiгiнiң, орнықтылығының, сенiмдiлiгiнiң төмендеуіне және
жойылуына, тұрғызылып жатқан объектiлердiң пайдалану сапасының нашарлауына,
қоршаған
ортаға теріс әсер етуiне әкеп соғатын, аумақтарды қала құрылысына игеру, объектiлер мен
кешендердi жобалау, салу,
реконструкциялау, реставрациялау, жаңғырту, күрделi жөндеу
және абаттандыру кезiнде техникалық регламенттерді қоспағанда, мiндеттi талаптарды,
құрылыс нормалары мен қағидаларын, жобаларды, басқа да
нормативтік актілерді сақтамау,
сондай-ақ объектiлер құрылысының және оларды пайдалануға қабылдаудың белгiленген
ұйымдастыру-құқықтық тәртiбiн бұзатын әрекеттер құрылыс саласындағы әкiмшiлiк құқық
бұзушылық деп түсініледі.
2. Материалдың, конструкцияның, бұйымның, олардың түйiскен тораптарының,
ғимараттың және құрылыстың негiзгі топырақ қабатының есептік мәндегі салмақтың түсуіне
және әсерлеріне бүлiнбей төтеп беру қабiлетi берiктiк деп түсініледі.
3. Ғимараттың, құрылыстың есептемелік әсерлерге және салмақ түсу ықпалына орнықты
тепе-теңдiк күйiн сақтап қалу қасиеті орнықтылық деп түсініледі.
4. Ғимараттың, құрылыстың, оның инженерлiк жүйелерiнiң, тіреу және қоршау
конструкцияларының нормаланатын көрсеткiштердің мәндерiмен айқындалған функцияларды
орындау қабiлетi сенiмдiлiк деп түсініледі.
5. Ғимараттар мен құрылыстар салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық
қайта жарақтандыруға, күрделi жөндеуге және жұмыстардың басқа да түрлерiне арналған
жобалау алдындағы (құрылысқа салынатын инвестиция негiздемелерi,
техникалық-экономикалық
негiздемелер) және жобалау құжаттамасы (жоба, жұмыс жобасы және жобалардың басқа да
түрлерi) жөніндегі жұмыстар жобалау жұмыстары деп түсініледі.
Ескерту. 322-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 28.10.2015
№ 366-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
323-бап. Белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген
объектiлер мен кешендердi пайдалану
Құрылысы аяқталған, бiрақ белгiленген тәртiппен пайдалануға берілмеген
объектiлердi, кешендердi немесе олардың жекелеген бөлiктерiн пайдалану (тұру, кіріс алу
мақсатында қызметтер көрсету, өнiм өндiру) -
жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне немесе
коммерциялық емес ұйымдарға – отыз, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – елу, iрi
кәсiпкерлiк субъектiлерiне бір жүз айлық есептiк көрсеткiш
мөлшерiнде айыппұл салуға
әкеп соғады.
323-1-бап. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы
және құрылыс қызметі саласындағы заңнамасын
бұзу
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс, сондай-ақ мемлекеттік сәулет-құрылыс
бақылауы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қала құрылысы және сәулет-құрылыс
құжаттамасына, құрылыс қызметін жүзеге асыруға, оның ішінде
құрылыс сапасына әсер
ететін, өздеріне Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген талаптарын орындамауы
немесе тиісінше орындамауы –
лауазымды тұлғаларға жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
лауазымды тұлғаларға қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
Ескерту. 20-тарау 323-1-баппен толықтырылды - ҚР 28.10.2015
№ 366-V
Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
21-тарау. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ, ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
САЛАСЫНДАҒЫ ӘКІМШІЛІК ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
324-бап. Қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi
санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық
талаптарды бұзу
1. Осы Кодекстің 416-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, қоршаған ортаны
қорғау жөнiндегі санитариялық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың нормаларын,
сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, шағын
кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма айлық
есептiк көрсеткiш
мөлшерінде, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне қоршаған ортаға келтiрілген
зиян сомасы мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Лауазымды адамдардың қоршаған ортаны қорғау жөнiндегі санитариялық-
эпидемиологиялық және экологиялық талаптардың белгіленген нормаларын арттыруға немесе
төмендетуге нұсқаулар немесе рұқсаттар беруi –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
325-бап. Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу
талаптарын бұзу
Өндiрiстiк экологиялық бақылауды жүргiзу талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – жиырма бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – алпыс, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – бір жүз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне екі жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
326-бап. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат
пайдалану шарттарын орындамау
1. Экологиялық рұқсатта көрсетілген табиғат пайдалану шарттарын орындамау –