ескерту жасауға немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
195-бап. Дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем
карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының)
болмауы
1. Қазақстан Республикасының аумағында сауда қызметін жүзеге асыру (жұмыстарды
орындау, қызметтер көрсету) кезiнде төлем карточкаларын пайдалана отырып, төлемдерді
қабылдауға мiндеттi дара кәсіпкерде немесе заңды тұлғада төлем карточкаларын пайдалана
отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдықтың (құрылғының) болмауы –
ескерту жасауға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет –
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға
әкеп соғады.
196-бап. Тауарлармен немесе өзге де заттармен заңсыз
сауда жасау
Еркiн сауда жасауға Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынған немесе
шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау –
жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
197-бап. Темекi бұйымының маркасын пайдалану
1. Темекi бұйымдарының өздерiн немесе темекi
бұйымы сатылатын немесе
тасымалданатын кез келген қорапты, қаптаманы қоспағанда, өзiнде темекi бұйымының маркасы
бар кез келген
тауарларды қасақана тарату, көрмеге қою, сату –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр
жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
198-бап. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат
жөніндегі заңнама талаптарын бұзу
1. Темекі және темекі бұйымдары туралы ақпарат жөніндегі заңнама талаптарын бұзу –
жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта
кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
199-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының темекi және
темекi бұйымдарын сату, темекіге, темекі
бұйымдарына демеушілік ету жөнiндегi, сондай-ақ
темекi бұйымдарын имитациялайтын тауарларды
өндiру, сату және тарату жөнiндегi талаптарын
бұзу
Ескерту. 199-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Осы Кодекстің 133-бабында көзделген жағдайды қоспағанда, Қазақстан
Республикасы заңнамасының темекі және темекі бұйымдарын сату жөніндегі талаптарын бұзу –
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне –
жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне алпыс
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне тоқсан айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп
соғады.
3. Темекіге, темекі бұйымдарына демеушілік ету, сондай-ақ темекi бұйымдарын
имитациялайтын
тауарларды өндiру, сату, тарату – жеке тұлғаларға – үш, шағын кәсiпкерлiк
субъектiлерiне – бес, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – сегiз, iрi кәсiпкерлiк
субъектiлерiне жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –
жеке тұлғаларға – бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік
субъектілеріне – он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне қырық айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескерту. 199-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 06.04.2015
№ 299-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
200-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь
өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу
1. Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін өткізу –
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі
кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір
жыл ішінде қайталап жасалған әрекет –
тиісті қызмет түріне лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз қырық,
ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік
көрсеткіш мөлшерінде айыппұл
салуға әкеп соғады.
3. Мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда өткiзудi қоспағанда, алкоголь
өнiмiн:
сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;
этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі
сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу –
тиісті қызмет түріне лицензияның қолданысын тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – он,
шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі