Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі



жүктеу 4,79 Mb.
бет68/69
Дата21.11.2018
өлшемі4,79 Mb.
#22792
түріКодекс
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
екінші бағытына қатысушы тұлғаға салық берешегін төлеу мерзімін кейінге қалдыру туралы шешім қабылдаған жағдайда мұндай тұлғаға әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарған салық органы мұндай тұлғаның айыппұл түрінде 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім шығарған күн аралығында жиналып қалған салық берешегіне қатысты өз қаулысының орындалу мерзімін осындай шешімде көрсетілген мерзімге кейінге қалдыру туралы шешім қабылдайды.

Екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдау жүргізу туралы соттың заңды күшіне енген шешімі бар болған кезде, олардың өтініштері бойынша әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны судья, қаулыны шығарған орган (лауазымды адам) екінші деңгейдегі банкке және (немесе) бас ұйым ретінде банк конгломератына кіретін және екінші деңгейдегі банк болып табылмайтын ұйымға қайта құрылымдауды тоқтату туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кейінге қалдыруы мүмкін.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.09.05. № 288-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.10.07. № 32-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 702-бап өзгертілді



702-бап. Әкiмшiлiк жазаның орындалуынан босату

Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам):

1) әкiмшiлiк жауаптылық белгiленетiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылған;

2) егер әкімшілік жауаптылықты белгілейтін заңның немесе оның жекелеген ережелерінің немесе әрекетті әкімшілік құқық бұзушылық ретінде саралау соған байланысты болатын әкімшілік құқық бұзушылық туралы осы істе қолданылуға жататын өзге де нормативтік құқықтық актінің оларды Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп тануы салдарынан күші жойылған;

3) әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қайтыс болған немесе ол заңда белгiленген тәртiппен өлдi деп хабарланған;



4) осы Кодекстің 703-бабында белгіленген салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіру мерзімі өткен жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.

5) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының кодексін қолданысқа енгізу туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуын қысқартып, әкімшілік жазадан босатады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңдарымен 703-бап өзгертілді



703-бап. Салық салу саласында әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындаудың ескіруі

1. Салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы, егер ол заңды күшіне енген күннен бастап бес жыл ішінде орындалмаса, орындауға жатпайды.

2. Қаулының орындалуы осы Кодекстiң 659-бабына сәйкес тоқтатыла тұрған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi шағым немесе наразылық қаралғанға дейiн тоқтатыла тұрады.

3. Егер әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам оны орындаудан жалтарса, осы баптың бірiншi бөлiгiнде көзделген ескіру мерзiмiнiң өтуi үзiледi. Бұл жағдайда ескіру мерзiмiн есептеу ол адам табылған күннен бастап қайта жалғастырылады.

4. Осы Кодекстiң 701-бабына сәйкес қаулының орындалуы кейiнге қалдырылған жағдайда ескіру мерзiмiнiң өтуi кейiнге қалдыру мерзiмi бiткенге дейiн тоқтатыла тұрады, ал қаулының орындалуы созылған кезде ескіру мерзiмiнiң өтуi ұзарту мерзiмiне ұзартылады.

 

2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 704-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



704-бап. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны орындау жөнінде іс жүргізудің аяқталуы

1. Жаза толық жүргізілген қаулыны орындаған орган әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны жүргізілген жаза туралы белгі соғып, қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) қайтарады.

2. Орындау жүргізілмеген немесе орындау толық жүргізілмеген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда және тәртіппен әкімшілік жаза қолдану туралы қаулыны шығарған, хаттама жасаған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

 

 

 



2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 705-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

705-бап. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны орындауға байланысты әрекеттерге шағым жасау

1. Әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам, әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі әрекеттер жүзеге асырылатын күннен бастап он күн iшiнде қаулыны шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) шағым бере алады.

2. Шағым жазбаша түрде берiледi және бес күн мерзiмде қаралуға тиiс.

3. Шағым берген адамға оның қаралатын орны мен уақыты туралы хабарланады. Бұл орайда шағым берген адамның келмей қалуы оның қаралуына кедергi болмайды.

4. Шағымды қарау нәтижелерi бойынша шағымды қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарылады.

5. Ұйғарымның көшiрмесi әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкiлiне дереу тапсырылады, ал аталған адамдар болмаған жағдайларда оларға ұйғарым шығарылған күннен бастап үш күн мерзiмде жiберiледi.

6. Әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату жөніндегі лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерiмен келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi мен Азаматтық iс жүргiзу кодексiнде белгiленген ережелерге сәйкес өтелуге тиiс.

 

44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі



 

706-бап. Ескерту жасау туралы қаулының орындалуы

Ескерту түріндегі әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулыны осы Кодекстiң 652-бабына сәйкес қаулының көшiрмесiн тапсыру немесе жiберу жолымен қаулыны шығарған судья, орган (лауазымды адам) орындайды.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 707-бап өзгертілді; 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 707-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 707-бап өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)



707-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны өз еркімен орындау

1. Айыппұлды әкімшілік жауапқа тартылған адам қаулының заңды күшіне енген күнінен бастап отыз күннен кешіктірмей төлеуге тиіс.

Айыппұлды осы Кодекстiң 701-бабында көзделген кейiнге қалдыру жағдайында әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам кейінге қалдыру мерзімі өткен күннен бастап төлеуге тиiс.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін салынған айыппұлды жеке немесе заңды тұлға, айыппұл салу туралы қаулыны шығарған, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама берген судьяға немесе органға (лауазымды адамға) жазбаша нысанда кейіннен хабарлай отырып, белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджетке енгізеді немесе аударады.

 

2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  708-бап өзгертілді



708-бап. Жеке тұлғаға, дара кәсіпкерге, жекеше нотариусқа, жеке сот орындаушысына және адвокатқа айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

1. 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

2. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкілетті орган (лауазымды адам) жауаптылыққа тартылған адамның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл сомасын мәжбүрлеу тәртiбiмен ұстап қалу үшiн ол жұмыс iстейтiн не сыйақы, зейнетақы, стипендия алатын ұйымның әкiмшiлiгiне жiбередi. Айыппұл алты айдан аспайтын мерзiмде ұсталады. Айыппұлды өндiрiп алу кезектілігі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде көзделген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Жауапқа тартылған адам жұмыстан шығып кеткен не оның жалақысынан немесе өзге де табыстарынан айыппұл ұстау мүмкiн болмаған жағдайларда, ұйымның әкiмшiлiгi жұмыстан босаған немесе жазаны орындауға мүмкiндiк бермеуге әкеп соғатын оқиға болған күннен бастап он күн мерзiмде, жауапқа тартылған адамның жаңа жұмыс орнын (егер ол белгiлi болса), айыппұлды өндiрiп алудың мүмкiн еместiгi себептерiн көрсетiп, сондай-ақ ұстау жүргiзiлгенi (егер ол жүргiзiлсе) туралы белгi соғылған қаулыны айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама шығарған сотқа, уәкілетті органға қайтарады.

4. Егер айыппұл салынған жеке адам жұмыс iстемесе немесе басқа да себептер бойынша айыппұлды жалақысынан немесе өзге де табыстарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаса, айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы оны шығарған сот, уәкілетті орган заңдарда көзделген тәртiппен мәжбүрлеп орындату үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.

5. Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ дара кәсiпкерлерге, жекеше нотариустарға, жеке сот орындаушыларына және адвокаттарға қатысты салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.

 

13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 709-бап өзгертілді; 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 709-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 709-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  



709-бап. Заңды тұлғаға айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындату

1. Айыппұл салу туралы қаулыны сот, уәкiлеттi орган (лауазымды адам) заңды тұлғаның банк шотынан оның келiсiмiнсiз, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында, Қазақстан Республикасының ақша төлемдері мен аударымдары туралы және атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ақшаны алып қою үшiн мемлекеттік сот орындаушысына жiбередi.

Салық қызметiнiң органдары қарайтын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша, сондай-ақ салық салу саласындағы өзге де әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар бойынша айыппұл салу туралы қаулыны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген тәртiппен салық қызметiнiң органдары орындайды.

2. Банк немесе банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыратын ұйым айыппұл сомасын белгіленген тәртіппен бюджетке аударуға міндетті.

3. Заңды тұлғаның шоттарында ақша болмаған жағдайда сот орындаушысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес борышкерге тиесілі басқа мүліктен өндіріп алады.

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңымен 709-1-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 709-1-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен 709-1-бап жаңа редакцияда (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 709-1-бап өзгертілді



709-1-бап. Айыппұл салу туралы қаулыны мәжбүрлеп орындатуға жіберудің тәртібі

1. Мемлекеттік сот орындаушысына айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттiгi туралы нұсқаманы мәжбүрлеп орындатуға жiберген кезде оларға әкімшілік жазаны қолдану туралы қаулының көшірмесі және әкімшілік жазаны қолданған органның айыппұл сомасының мемлекет кiрiсiне түспегенi туралы анықтамасы мiндеттi түрде қоса берiледi.

2. Осы Кодекстің талаптары бұзыла отырып мәжбүрлеп орындатуға жіберілген айыппұл салу туралы қаулы, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқама әкімшілік жазаны қолданған мемлекеттік органға қайтарылады.

3. Айыппұл салу туралы қаулыны, айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқаманы әкімшілік жаза қолданған органға қайтару олардың кемшіліктерін жоя отырып, қайтадан мәжбүрлеп орындатуға жіберу үшін кедергі болмайды.

 

 



710-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде алынатын айыппұл салу туралы қаулыны орындау

1. Жеке адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жерде айыппұл алу үшiн оған қатаң қаржылық есеп беру құжаты болып табылатын, белгiленген үлгiдегi түбіртек берiледi. Түбіртекте берiлген күнi, жаза қолданған лауазымды адамның қызметi, аты-жөнi, әкiмшiлiк жауапқа тартылған адамның кiм екенi туралы мәлiметтер, осы Кодекстiң аталған құқық бұзушылық үшiн жауапкершiлiгi көзделетiн бабы, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған орын мен уақыт, салынған әкiмшiлiк айыппұлдың сомасы көрсетiледi. Түбіртекке жаза қолданған лауазымды адам, ал түбіршiкке жаза қолданған лауазымды адам мен әкiмшiлiк жауапқа тартылған адам қол қояды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде айыппұл төленбеген жағдайда iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

 

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 710-1-баппен толықтырылды (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)



710-1-бап. Әкімшілік жазалардың жекелеген түрлерін орындау тәртібі

1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық қызметінің органы жіберген (тапсырған) салық органына келу туралы алынған хабардар ету және (немесе) хабарлама негізінде құқық бұзушылықты жасау фактісін мойындаған және айыппұлды төлеумен келіскен тұлға хабардар ету немесе хабарлама алынған (тапсырылған) күннен кейінгі күннен бастап он жұмыс күні ішінде айыппұлды төлейді.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар сонымен қатар олардың берілген күні, жаза қолданған лауазымды тұлғаның лауазымы, тегі, аты-жөні туралы мәліметтерді, әкімшілік жауаптылыққа тартылған тұлға, осы Кодекстің осы құқық бұзушылық үшін жауаптылық көздейтін бабы, әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалу уақыты мен орны, әкімшілік айыппұлдың сомасы, айыппұлды төлеу үшін деректемелер туралы мәліметтерді қамтиды.

3. Осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген талаптар орындалмаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізу осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

 

711-бап. Айыппұл салу туралы қаулының орындалуы бойынша iс жүргiзудiң аяқталуы



Айыппұл салу туралы айыппұл жазасы толық жүргiзiлген қаулы оның орындалғаны туралы белгi қойылып, қаулыны шығарған органға (лауазымды адамға) қайтарылады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 712-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)



712-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алу туралы қаулының орындалуы

1. Судьяның әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен сот орындаушысы, ал судьяның қару мен жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-iздестiру iс-шараларын жүргiзуге арналған арнаулы техникалық құралдарды және ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын өтемiн төлеп алып қою туралы қаулысын iшкi iстер органы орындайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған өтемiн төлеп алынған затты сату заңдарда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

3. Өтемiн төлеп алынған затты сатудан түскен сома осы Кодекстiң 49-бабына сәйкес бұрынғы меншiк иесiне алып қойылған затты сату жөніндегі шығындар шегерiлiп берiледi.



 

2006.22.06. № 147-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 713-бап өзгертілді



713-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасаудың құралы не нысанасы болған затты тәркiлеу туралы қаулының орындалуы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған затты, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған кiрiстердi (дивидендтердi), ақша мен бағалы қағаздарды тәркiлеу туралы судьяның қаулысын заңдарда көзделген тәртiппен - сот орындаушысы, ал қаруды, жауынгерлiк оқ-дәрiнi, арнаулы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнаулы техникалық құралдар мен ақпарат қорғаудың криптографиялық құралдарын және есiрткi заттарын тәркiлеудi iшкi iстер органы орындайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралы не нысанасы болған тәркiленген затты сату немесе одан әрі пайдалану Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi.


жүктеу 4,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау