Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы №155-ii кодексі



жүктеу 4,79 Mb.
бет65/69
Дата21.11.2018
өлшемі4,79 Mb.
#22792
түріКодекс
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69
646-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады.

1-1. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 8) және 10) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 513-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы.

Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі.

2. Алқалы органның отырысында төрағалық етушi судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.

3. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады.

649-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде анықтауға жататын мән-жайлар

Судья, орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалғанын, осы адамның соны жасауға кiнәлiлiгiн, оның ол әкiмшiлiк жауаптылыққа жататынын, жауаптылықты жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлардың болуын, мүлiктiк залал келтiрiлгенiн анықтауға, сондай-ақ iстi дұрыс шешу үшiн маңызы бар басқа да мән-жайларды анықтауға мiндеттi.

2008.04.07. № 55-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 650-бап өзгертілді



650-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарау нәтижелерi бойынша шешiмдердiң түрлерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарап, судья, орган (лауазымды адам) мына қаулылардың бірiн шығарады:

1) әкiмшiлiк жаза қолдану туралы;

2) iс жүргiзудi қысқарту туралы;

3) iстi осы әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн өзге түрде немесе мөлшерде жаза қолдануға құқылы судьяның, органның (лауазымды адамның) қарауына беру туралы, сондай-ақ осы Кодекстiң 642-бабында көзделген жағдайларда iстi көлiк құралы (кеме, соның iшiнде шағын көлемдi кеме) есепте тұрған жер бойынша қарауға беру туралы;

4) 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен алып тасталды (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1-1. Көлік құралын жүргізушіні жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге арналған емтиханды тапсыруға жіберген кезде жол жүрісі ережелерін білуін тексеруге жіберу туралы қаулы шығарылады, оның көшірмесі емтихан тапсыруға жіберілген адамға беріледі.

2. Iс жүргiзудi қысқарту туралы қаулы:

1) осы Кодекстiң 580-бабында көзделген iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар болған;

2) осы Кодекстiң 581-бабында көзделген әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар болған;

3) осы Кодекстiң 35-бабына сәйкес адамды тәртiптiк жауапқа тарту туралы мәселенi шешу үшiн iс материалдарын тиiстi органдарға беретiн жағдайларда шығарылады.

 

05.12.03. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара ); 2006.22.06. № 147-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 651-бап өзгертілді; 2007.12.01. № 224-III ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); (2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 651-бап өзгертілді



651-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда:

1) қаулыны шығарған судьяның, лауазымды адамның лауазымы, аты-жөнi, алқалы органның атауы мен құрамы;

2) iстiң қаралған күнi мен орны;

3) өзіне қатысты іс қаралған тұлға туралы мәліметтер: жеке тұлғалар үшін - тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы, тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен реквизиттері, салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi, тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы мәліметтер, жұмыс орны; заңды тұлғалар үшін - атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны, тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу нөмірі және тіркелген күні, сәйкестендiру нөмiрi және банк реквизиттері;

3-1) қаралатын іс бойынша іс жүргізу тілі;

4) осы Кодекстiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жауаптылық көзделетiн бабы;

5) iстi қарау кезiнде анықталған мән-жайлар;

6) iс бойынша шешiм;

7) қаулыға шағым беру тәртібі мен мерзімі;

8) айыппұлды ерікті түрде төлеу мерзімі көрсетілуге тиіс.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы дәлелдi болуы тиiс.

Егер судья әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн жаза қолдану туралы мәселенi шешу кезiнде кiнәлiнiң мүлiктiк залалды өтеуi туралы мәселенi бір мезгiлде шешсе, қаулыда өтеуге жататын залалдың мөлшерi, оны өтеу мерзiмi мен тәртібі көрсетiледi.

Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру туралы шешім шығарылған кезде, Қазақстан Республикасының аумағынан шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның сол мерзім ішінде кетуі тиіс ақылға қонымды мерзім көрсетіледі.

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыда жеке адамда болған алынып қойылған заттар мен құжаттар туралы, заңды тұлғаға тиесiлi құжаттар мен мүлiк туралы мәселелер шешiлуге тиiс, бұл кезде:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаудың құралдары не нысанасы болған және әкiмшiлiк жауапқа тартылған жеке адамға немесе заңды тұлғаға тиесiлi заттар осы Кодекстiң 2-бөлiмiнiң Ерекше бөлiмi нормаларының санкцияларында көзделген жағдайларда тәркiленедi не тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады, қалған жағдайларда тиесiлi адамына қайтарылады;

2) айналысына тыйым салынған заттар тиiстi мекемелерге берiледi немесе жойылады;

3) құнды емес және пайдаланыла алмайтын заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар өтiнiш жасаған жағдайларда оларға берiлуi мүмкiн;

4) заттай дәлелдемелер болып табылатын құжаттар iсте оның бүкiл сақталу мерзiмi iшiнде қалады не мүдделi адамдарға берiледi.

4. Алқалы органның қаулысы отырысқа қатысқан алқалы орган мүшелерiнiң жай көпшiлiк даусымен қабылданады. Дауыстар тең түскен жағдайда төрағалық етушiнiң дауысы шешушi дауыс болады.

5. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыға қаулы шығарған судья, алқалы органның отырысында төрағалық еткен лауазымды адам қол қояды.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 652-бап өзгертілді

652-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулыны хабарлау және қаулының көшiрмесiн тапсыру

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жөніндегі қаулы iс қаралып бiткен соң дереу хабарланады.

2. Өздеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулы шығарылған жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның өкіліне, сондай-ақ жәбірленушіге, жеке тұлғаның заңды өкіліне, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғаған уәкілетті органға (лауазымды адамға) қаулының көшірмесі ол хабарланған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тапсырылады және (немесе) жіберіледі. Әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарылған жағдайда қаулының көшірмесі дереу прокурорға жіберіледі.

3. Ұйым атыс қаруын, сондай-ақ оқ-дәрiнi қызметтiк мiндеттерiн орындауына байланысты сенiп берген немесе уақытша пайдалануға берген адам жөнiнде осы Кодекстiң 332 және 369-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулының көшiрмесi тиiстi ұйымға жiберiледi.

653-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарым

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша ұйғарымда, шағым беру мерзiмi мен тәртібін қоспағанда, осы Кодекстiң 651-бабының бірiншi бөлiгiнде көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 654-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

654-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою туралы ұсыныс

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтаған кезде судья жеке қаулы шығарады, ал орган (лауазымды адам) тиiстi ұйымға және лауазымды адамдарға оларды жою жөнiнде шаралар қолдану туралы ұсыныс енгiзедi.

2. Ұйымдардың басшылары мен басқа да лауазымды адамдар жеке қаулыны және ұсынысты оны алған күннен бастап бір ай iшiнде қарауға және ұсыныс енгiзген судьяға, органға (лауазымды адамға) қолданылған шаралар туралы хабарлауға мiндеттi.

 

 

39-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау



 

 09.08.02 ж. № 346-II; 02.07.03 ж. № 451-II; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара); 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 655-бап өзгертілді



655-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру құқығы

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар шағым бере алады, сондай-ақ прокурор наразылық келтiре алады.

2. Мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьяларының әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулысына жоғары тұрған сотқа шағым берiлуi, наразылық бiлдiрiлуi мүмкiн.

2-1. Судья (сот) сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша осы Кодекстің 648-бабы 1-1-бөлігінің тәртібімен шығарған қаулыға жоғары тұрған инстанциядағы сотқа шағым берілуі, наразылық келтірілуі мүмкін. Жоғарғы Сот алқасының сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша сот отырысында шығарған қаулысы қайта қаралуға жатпайды.”;

3. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе орган (лауазымды адам) тұрған жер бойынша мамандандырылған аудандық және оған теңестiрiлген әкiмшiлiк сотқа және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотқа шағым берiлiп, наразылық келтiрiлуi мүмкiн.



 

2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 656-бап өзгертілді



656-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру тәртібі

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым iс бойынша қаулы шығарған судьяға, органға (лауазымды адамға) жiберiледi, олар шағым, наразылық түскен күннен бастап үш күн мерзiм iшiнде оларды iстiң бүкiл материалдарымен тиiстi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) жiберуге мiндеттi.



1-1. Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша қаулыға осы Кодекстің 655-бабының 2-1-бөлігіне сәйкес шағым берілген, наразылық келтірілген жағдайда, сот отырысы хаттамасынан фактінің анықталуы бөлігіндегі көшірмені сот қаулыға қоса тіркейді.

2. Шағымды, наразылықты қарауға уәкiлеттi сотқа, жоғары тұрған органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) шағым берiлуi, наразылық келтiрiлуi мүмкiн. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша орган (лауазымды адам) шығарған қаулыға тiкелей сотқа шағым беру тәртібі азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленедi.

3. Судьяның әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде жаза қолдану туралы қаулысына шағым, наразылық жоғары тұрған сотқа шағым, наразылық алынған күнi жолдануға тиiс.

4. Егер шағымды, наразылықты қарау әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым берiлген, наразылық келтiрiлген судьяның құзыретiне жатпайтын болса, шағым, наразылық ведомстволық бағыныстылық бойынша жiберiледi.

2012.26.12. № 61-V ҚР Заңымен 657-бап өзгертілді (2013 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)  

657-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым беру, наразылық келтiру мерзiмi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшiрмесi тапсырылған күннен бастап он күн iшiнде, ал егер осы Кодекстiң 584-588-баптарында аталған адамдар iстi қарауға қатыспаса, оны алған күннен бастап берiлуi мүмкiн.



Салықтық тексеру нәтижелері бойынша анықталған, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салық міндеттемесінің немесе Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы және міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттемелердің орындалмауына немесе тиісінше орындалмауына байланысты шығарылған, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық қаулы көшірмесі тапсырылған немесе алынған күннен бастап отыз жұмыс күні iшiнде берiлуi мүмкiн.

2. Осы баптың бірiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiмдi дәлелдi себептермен өткiзiп алған жағдайда, өзi жөнiнде қаулы шығарылған адамның арызы бойынша шағымды қарауға құқылы сот, орган (лауазымды адам) бұл мерзiмдi қалпына келтiруi мүмкiн.

2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен 658-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

658-бап. Шағымның (наразылықтың) мазмұны

1. Шағым (наразылық) жазбаша түрде берiледi және онда:

1) шағым берiлiп отырған соттың, жоғары тұрған органның (лауазымды адамның) атауы;

2) шағым немесе наразылық берушiнiң аты-жөнi (заңды тұлғаның дәл атауы), тұрақты тұрғылықты жерi немесе орналасқан жерi (пошталық мекен-жайы);

3) құқықтық актiсiне немесе әрекетiне наразылық берiлiп отырған органның немесе мекеменiң атауы не лауазымды адамның тегi мен лауазымы;

4) шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық актiнiң немесе iс-әрекеттiң мазмұны, сондай-ақ шағым немесе наразылық берушi құқықтық акт немесе iс-әрекеттер өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын бұзды деп есептейтiн себептер;

5) шағым немесе наразылық берушi айқын тұжырымдаған өтiнiш көрсетiлуге тиiс.

2. Шағымға немесе наразылыққа оны берушi қол қояды. Заңды тұлға атынан берiлетін шағымға оның өкiлi немесе осыған уәкiлеттiк берілген басқа адам қол қояды.

3. Егер шағым немесе наразылық басқа адамның мүддесi үшiн берiлсе, онда мүддесiн көздеп шағым немесе наразылық берiлiп отырған адамның атын және тегiн, тұрақты тұрғылықты жерiн немесе орналасқан жерiн (пошталық мекен-жайын) көрсету қажет. Шағымға өкiлеттiктi растайтын құжат қоса тiркеледi.

4. Шағым немесе наразылық екi дана етiп берiлiп, орган, мекеме немесе лауазымды адам шығарған шағым берiлiп немесе наразылық келтiрiлiп отырған құқықтық акт, сондай-ақ шағымда немесе наразылықта негiздеуге дәлелге келтiрiлген өзге де құжаттар қоса тiркеледi.

659-бап. Шағым берiлуiне немесе наразылық келтiрiлуiне байланысты қаулының орындалуын тоқтата тұру

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасалған жерде әкiмшiлiк жаза қолданылған жағдайларды қоспағанда, белгiленген мерзiмде шағым беру әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын шағым қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.

2. Прокурордың әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуын олардың заңдылығын тексеру кезiнде тоқтата тұруға, уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзуге жазбаша нұсқау беруге құқығы бар. Тексеру нәтижелерi бойынша прокурор тиiстi органға қаулының күшiн жою немесе оны өзгерту туралы наразылық енгiзедi немесе қаулының орындалуын тоқтата тұрудың күшiн жояды.

3. Прокурордың наразылық келтiруi қаулының орындалуын наразылық қаралғанға дейiн тоқтата тұрады.

660-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау мерзiмдерi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым, наразылық олар келiп түскен күннен бастап он күн мерзiмде қаралуға тиiс.

2. Әкiмшiлiк қамауға алу туралы қаулыға берiлген шағым, наразылық, егер жауапқа тартылған адам әкiмшiлiк қамауға алуды өтеп жатса, шағым немесе наразылық берiлген кезден бастап бір тәулiк iшiнде қаралуға тиiс.

ҚР 02.07.03 ж. № 451-II Заңымен 661-бап өзгертілді; 2007.02.03. № 270-III (бұр. ред. қара) жаңа редакцияда; 2008.05.07. № 64-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңымен 661-бап өзгертілді



661-бап. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты судьяның жеке-дара қарауы

Мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сот судьясының әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша қаулысына шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды.

Сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісі туралы іс бойынша соттың қаулысына судья (сот) осы Кодекстің 648-бабының 1-1-бөлігінде көзделген тәртіппен шығарған шағымды, наразылықты жоғары тұрған соттың судьясы жеке-дара қарайды, ал осындай қаулыны апелляциялық немесе қадағалаушы сот инстанциялары шығарған жағдайда, жоғары тұрған инстанциядағы сот алқасы қарайды.

 

662-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға әзiрлеу кезiнде судья, жоғары тұрған орган, лауазымды адам:

1) iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлардың бар-жоғын анықтайды;

2) өтiнiштердi шешедi, қосымша материалдарды сұрап алады, шағымды, наразылықты қарау үшiн қатысуы қажет деп танылған адамдарды шақырады; қажет болған жағдайда судья сараптама тағайындайды;

3) егер шағымды, наразылықты қарау өзiнiң құзыретiне жатпаса, оларды бүкiл материалдарымен қоса ведомстволық бағыныстылығы бойынша жiбередi.



 

2007.02.03. № 270-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2012.05.07. № 30-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 663-бап өзгертілді



663-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау

1. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарауға кiрiскенде:

1) шағымды, наразылықты кiм қарайтынын, қандай шағым, наразылық қаралуға тиiс екенiн, шағымды, наразылықты кiм бергенiн хабарлайды;

2) iс бойынша өзiне қатысты қаулы шығарылған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ шағымды, наразылықты қарауға қатысу үшiн шақырылған адамдардың келгенiне көз жеткiзедi;

3) жеке немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының және өкiлдiң өкiлеттiгiн тексередi;

4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және олар жоқта шағымды, наразылықты қарау туралы не шағымды, наразылықты қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;

5) шағымды, наразылықты қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi;

6) мәлiмделген қарсылық бiлдiрулердi және өтiнiштердi шешедi;

7) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты, ал қажет болған жағдайда өзге де материалдарды жариялайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағымды, наразылықты қарау кезiнде iсте бар және қосымша табыс етiлген материалдар бойынша шығарылған қаулының заңдылығы мен негiздiлiгi тексерiледi. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шағым, наразылық дәлелдерiмен байланып қалмайды және iстi толық көлемiнде тексередi, бұл орайда ол жаңа фактiлердi анықтауға және жаңа дәлелдемелердi зерттеуге құқылы.

3. Жоғары тұрған орган (лауазымды адам) шақырылған адамдардың келмей қалуына, iс бойынша қосымша материалдар сұратылуына, сараптама тағайындауға байланысты және бұл шағымды, наразылықты толық, жан-жақты әрi объективтi қарау үшiн қажет болған басқа жағдайларда шағымның, наразылықтың қаралуын кейiнге қалдыруға құқылы.

4. Осы баптың бірiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде көзделген ережелер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы іс бойынша судья (судья), шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды жоғары тұрған соттың судьясы (жоғары тұрған инстанциядағы сот) қараған жағдайда да қолданылады. Әкiмшiлiк жаза қолдануға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарған қаулыға шағымдарды, наразылықтарды соттың қарау тәртібі азаматтық iс жүргiзу заңдарымен белгiленедi.

5. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға шағым сотқа және жоғары тұрған лауазымды адамға бір мезгiлде келiп түссе, шағымды сот қарайды.



 

ҚР 02.07.03 ж. № 451-II


жүктеу 4,79 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   69




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау