Қысқа теориялық мәліметтер
Қышқыл-негіздік титрлеу әдісінің негізі протонның титранттан титрленетін затқа немесе титрленетін заттан титрантқа ауысу реакциясы болып келеді. Қышқыл-негіздік реакция стехеометриялы жүреді және үлкен жылдамдықпен сипатталады.
Бұл әдіс бойынша қандай-да бір қышқылдың титрленген ерітіндісін қолданып, сілтілердің сандық анықталуын жүргізуге болады (ацидиметрия) немесе сілтінің титрленген ерітіндісін қолданып, қышқылды сандық анықтауға болады (алкалиметрия). Жұмыс ерітіндісі ретінде концентрациясы 0,05-тен 1 моль/л-ге дейінгі күшті қышқыл (НС1, Н2SО4 және т.б.) ерітіндісін немесе дәл осындай концентрациялы күшті негізді (NаОН, КОН, Ва(ОН)2) қолданады. Титрленген қышқыл мен сілтінің нақты концентрациясын біріншілік стандартты заттардың бір әдісімен анықтайды. Қышқыл ерітіндісін стандарттау үшін натрий декагидраттетраборатын қолданады. Бураның жақсы қасиеттерінің бірі 190,71г/моль-ге тең эквивалентті молярлы массасы. Нейтралдау әдісінде эквивалентті нүктенің, яғни онымен әрекеттесетін анықталушы заттың саны дәл анықталуы маңызды. Тәжірибеде эквивалентті нүктені индикатор түсінің өзгеруімен анықтайды.
Нейтралдау кезінде титрленетін ерітіндінің рН-ы қосылған стандартты ерітінді көлеміне және оның титріне байланысты өзгереді. Титрлеудің әртүрлі уақытында ерітіндіде қалатын қышқыл немесе қосылған стандартты ерітіндінің мөлшерін абцисса осіне, ал ордината осіне ерітіндіге сәйкес келетін рН мәнін белгілеп, алынған нүктелерді бір-бірімен қосып, рН мәнінің өзгерісін байқауға болады. Әрбір нейтралдау процесін графикалық түрде титрленетін ерітіндіге қышқылдың немесе сілтінің жұмсалған мөлшеріне байланысты рН өзгерісін сипаттайтын титрлеу қисығы ретінде қарастыруға болады.
Титрлеу қисығын салу үшін рН мәнін санайды:
э.н-не дейін;
э.н. кезінде;
э.н.-нен кейін.
Титрлеудің әртүрлі уақытына сәйкес ерітіндінің рН мәнін судағы, қышқылдың сулы ерітінділеріндегі, негіздердегі, гидролизденуші тұздардағы сутек иондарының көнцентрация мәндерін анықтайтын формулалармен есептейді. Титрлеу қисықтары
титрлеу кезіндегі әртүрлі уақыттағы ерітіндінің рН-ның өзгерісін қадағалауға, әсер етуші заттардың нейтралдау процесіне әсерін зерттеуге, титрлеудің соңын анықтап, индикаторларды дұрыс таңдауға мүмкіндік туғызады. Әрбір индикатордың түсі рН мәні анықталған тар интервал арасында өзгереді, сонымен қатар бұл интервал тек қана берілген рН индикатордың қасиетіне тәуелді және әрекеттесуші қышқыл мен негіз табиғатына байланысты емес.
Индикатор түсі көрінгендегі рН мәнінің аймағын индикатордың ауысу интервалы деп атайды.
Титрлеудің аяқталуын куәлайтын индикатор түсінің кенеттен өзгеруі кезіндегі титрленетін заттың мәні индикатор титрленуінің көрсеткіші деп аталады және рТ символымен белгіленеді.
Сурет 1 – НС1-дың 0,1н. ерітіндісін NаОН-тың 0,1н. ерітіндісімен титрлену қисығы.
Индикаторды таңдаған кезде берілген индикатор түсінің өзгеру интервалы берілген жүйеде байқалатын рН өзгерісіне сәйкес болуы қажет, ал индикатор титрлеуінің көрсеткіші (рТ) эквивалент нүктесінде болуы қажет. Сондықтан индикатор таңдамас бұрын ең алдымен рН өзгерісі байқалатын ерітіндінің рН аймағын анықтайды, кейін түстің ауысу интервалы есептелінген рН өзгерісімен сәйкес келетін индикатор таңдалады.
Достарыңызбен бөлісу: |