Әдістемелік нұсқаулардың титулдық парағы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 273,64 Kb.
бет2/2
Дата07.12.2017
өлшемі273,64 Kb.
#3345
түріНұсқаулар
1   2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы

Оқылатын тіл теориясының негіздері

пәні бойынша

5В020700 «Аударма ісі» мамандығының студенттеріне арналған

курстық жұмысты орындауға арналған

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар



Әдістемелік нұсқауларды

бекіту парағы








Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор ______ Пфейфер Н.Э.

20__ж.«___»___________

Қ ұрастырушы: аға оқыт. Ордабаева Ж.Е.


Аударма теориясы мен тәжірибесі кафедрасы

Оқылатын тіл теориясының негіздері

пәні бойынша

5В020700 мамандығының студенттеріне арналған
курстық жұмысты орындауға арналған

Әдістемелік нұсқаулар

Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________, №__ Хаттама
Кафедра меңгерушісі ______ Демесинова Г.Х. 20__ж. «____» ________

ГП факультетінде ОӘК мақұлданды

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________



МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _______ Варакута А.А. 20__ж. «____» ________

Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама
Курстық жұмыстардың тақырыптары
1 Электрондық мәтіндердегі ырықсыз етіс түрінің қолданылу ерекшеліктері

2 Қазақ және ағылшын тіліндегі газеттік мәтіндердегі сұраулы сөйлемдері

3 Қазақ-ағылшын тілдеріндегі етістікті сөз тіркестері

4 Теледидар жүйесіндегі тілдік ерешеліктер

5 Ағылшын тілінде дипломатиялық іс жүргізудің лексикалық-семантикалық ерекшеліктері

6 Ағылшын тіліндегі лексикалық құрамның сөз жасалымдық түрі

7 Газет текстеріндегі фразеологизмдердің қызметі

8 Интернационализм терминдердің маркетинг саласындағы стандартталуы

9 Идиомалардың түрленуі-лингвистикалық мәселе

10 Қазіргі ағылшын тіліндегі түркі тілінен енген кірме сөздер

11 Қаржы-кредиттерминологиясының сөз жасалымы

12 Спорт саласындағы терминологиядағы фразеологизмдер

13 Тарихи даму процесіндегі ағылшын тілінің интонациялық жүйесі

14 Тарихи даму процесіндегі дауысты дыбыстар интонациялық жүйесі

15 Диалогтағы ырғақ-просодика ерекшеліктері

Әдебиеттер
Негізгі

1 Brown, E.K.; R. E. Asher, J. M. Y. Simpson (2006). Encyclopedia of language & linguistics: Volume 1. Elsevier. 

2 Fromkin, Victoria; Bruce Hayes; Susan Curtiss, Anna Szabolcsi, Tim Stowell, Donca Steriade (2000). Linguistics: An Introduction to Linguistic Theory. Oxford: Blackwell. p. 3.

3 Halliday, Michael A. K.; Jonathan Webster (2006). On Language and Linguistics. Continuum International Publishing Group. p. vii.



Қосымша 

4 Dediu, D. & Ladd, D.R. (2007). Linguistic tone is related to the population frequency of the adaptive haplogroups of two brain size genes, ASPM and Microcephalin, PNAS 104:10944-10949; summary available here)

5 Eades, Diana (2005). "Applied Linguistics and Language Analysis in Asylum Seeker Cases". Applied Linguistics (4): 503–526.

6 Himmelman, Nikolaus Language documentation: What is it and what is it good for? in P. Gippert, Jost, Nikolaus P Himmelmann & Ulrike Mosel. (2006) Essentials of Language documentation. Mouton de Gruyter, Berlin & New York.

7 Kemmer, Suzanne (2008). Biographical sketch of Franz Boas. Houston: Rice University. http://www.ruf.rice.edu/~kemmer/Found/boasbio.html. 

8 Language Form and Language Function (Cambridge, Massachusetts: MIT Press), and Culicover and Jackendoff 2005, Simpler Syntax (OUP)

9 "Linguist". The American Heritage Dictionary of the English Language. Houghton Mifflin Harcourt. 2000.


Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Курстық жұмыс студенттің теорияны меңгеруіне және өздік шығармашылық дағдыларын иеленуде үлкен рөл атқарады.

Курстық жұмыстың мақсаты болып ізденіс дағдылары, әдеби және анықтамалық материалдарды таңдау және жүйелеу, оны дұрыс талдауда, жинақтап, қортынды жасауда, берілген пәннің ғылыми терминалогиясын қолдана отырып сұрақтарды әдеби тілмен баяндап беру, теориялық білімді ұлғайту, жүйелеу және нығайта білу, оны шығармашылық түрде қолдана білу, студенттерге ғылыми-зерттеу әдеттерді дағдыландыру. Жалпы айтқанда курстық жұмыстар жүйесі алдын ала одан да қиын тапсырма, дипломдық жоба алдындағы дайындық болып есептеледі.

Курстық жұмыс бойынша студенттерге қойылатын міндеттерге осылар жатады:

- тақырып бойынша әдебиетті, ғылыми және анықтама ресурстарын зерттеу;

- зерттеу пәні бойынша шетел және отандық мамандармен жасалған қортындыларға сүйене отырып жұмыс бойынша тұжырымдама құрау;

- зерттеу жұмысы бойынша басты түсініктерді анықтау;

- курстық жұмыс бойынша зерттеу обьектісі мен пәнін анықтау;

- алдын ала алған қортындыларды дипломдық жұмыста қолдану үшін түйіндеме жасау.


1 Курстық жұмысты жасау бойынша жалпы әдістемелік талаптар мен нұсқаулар.
Курстық жұмыс студенттің өздік жұмысы бойынша маңызды элементтерінің бірі болып табылады.Курстық жұмыстың басты мақсаты, зерттеу жұмысының дағдыларын құру және дамыту, ғылыми әдебиетпен жұмыс істей білу, зерттеу пәні бойынша қортынды жасай білу болып келеді.

Курстық жұмыс оқу кезіндегі зерттеудің нақты тақырыбы бойынша ғылыми жобасы болып келеді және студенттердің тіл білімі аясында нақты мамандықты игеріп алуға көмек береді. Курстық жұмыс кішігірім мақала немесе жоба сипаттамасы бола тұра, аталған мәселені шешетін теориялық ізденісі бар, мазмұны және формасы бойынша ғылыми текст ретінде болуы керек.

Курстық жұмыс тыңдаушының мәселені өзінше шеше білуін, маңызды сұрақтарды таба білуін, зерттеу элементтерін қолдану және өзінің сарапталған немесе тәжірибелі мәлімдемелер ұсына білуін көрсету керек.

Курстық жұмыс студенттердің ғылыми баяндамалары мен аудиториялық сөз сөйлеулерден айырмашылығы, оқушылардың оны жазбаша түрде, ғылыми жетекшімен ақылдасып және қатаң белгілі мерзімде жасалуында.Сонымен қатар, курстық жұмыстың проблематикасын семинарда ауызша сөз сөйлеуде немесе практика сабақтарында қолдануға болады.

Курстық жұмыс түрлі мақалалардың және кітаптардың бөліктерінен құралып,жай компиляция бола алмайды.Ол ғылыми аяқталған құбылыс,процесс,аргумент және әрекеттер арасындағы қарым-қатынасты көрсететін деректер мен мәліметтері бар жұмыс болуы тиіс. Оның арасында жаңа бағыт алып автордың көзқарасы мен шешімі көрсетілген жалпы әдебиетті, эмпирикалық зерттеуді қортындылау керек.

Мұндай жалпы теоретикалық жағдайға курстық жұмыстың жүйесі (мақсаты,талабы, зерттеу әдістемесі мен шешімі) тәуелді.

Курстық жұмыс студенттің таңдап алған тақырыбын өзінше зерттеген квалификациялы ғылыми еңбегі болып саналады.

-мәселесі мен зерттелетін сұрақтар нақты көрсетілген;

-өзектілігі,зерттелу дәрежесі мен жағдайы дәлелденген;

-зерттелу барысында әдістемелік білім қолданылған;

-талданған мәселенің теориялық және практикалық бағытымен таныс болу мен тіл білімінің өзекті мәселелерін ары қарай зерттеу үшін маңызды ғылыми қортындылар негізінде жасалған.

-аяқталған түрде толық,біркелкі зерттеу болып келеді.


2 Курстық жұмыстың тақырыбын таңдаудағы әдістемелік ұсыныс.
Курстық жұмыстың тақырыптары әр кафедраның ғылыми – зерттеу мәселесі бойынша ПОҚ және әр оқытушының жеке ғылыми қызығушылығына сәйкес құрастырылады. Студенттің ғылыми жетекшісі болып студенттің өз қалауы бойынша немесе кафедра мүшелерімен сайланады.Содан соң кафедра жиналысында курстық жұмыстардың тақырыптары бекітіліп, ғылыми жетекшілері таңдалады. Курстық жұмыстың тақырыбы тек қана кафедра шешімімен өзгертіле алады.

Курстық жұмыспен жұмыс жасау мынадай кезеңдерден тұрады:

-тақырыпты таңдау, ғылыми жетекшімен ақылдасу және кафедраның оны бекітуі.

-материал жинақтау, тақырып бойынша әдебиет іздеу, библиографияны дайындау және жеке жұмыс кестесін жасау.

-бірінші нұсқаны дайындау

-ғылыми жетекшіге бірінші нұсқаны тапсыру

Ескертулер бойынша мәтінді аяқтау, ақырғы хаттамасын жасап, кафедраға тапсыру. Оның ішінде ғылыми жетекшінің рецензиясы мен бағасы болуы керек. Студенттің курстық жұмысын қорғауда ғылыми жетекші міндетті түрде қатысу керек.

Курстық жұмысты жасау тақырыпты таңдаудан басталады. Оған студент үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Курстық жұмыстың тақырыптарын кафедра ұсынады.Тақырыптар жалпы жобаланып алынған.Студент өз қызығушылығына қарай және оқытушымен ақылдасып, жұмыс жасалып жатқан пән бойынша мәселені шешетін тақырыпты ұсына алады.Тақырыптың таңдалуы мәселенің алғашқы зерттеуіне негізделу керек.Мұндай жағдайда ғана курстық жұмыс табысты болуы мүмкуін.

Тақырыпты таңдаудың басты қиыншылығы, курстық жұмыстың пәнді аяқтамай тұрып, оның оқу барысында жазылғаны болып келеді. Сондықтан студент оқытушыдан көмек сұрағаны дұрыс.Ол студентке ғылыми ізденісті қай жерден бастауы керектігін айтып, сонымен қатар тақырып таңдау барысында студент жұмысын ауыстырмайды.

Егерде студент бірінші курста бір ғылыми жобаға қызығушылығы артып, жоғары курстарда ізденісін жалғастырса жаман болмас еді. Мұндай жағдайда мәселе түрлі филологиялық пәндер көзқарасымен қарастырылады.Аяқталған курстық жұмыстар дипломдық жоба үшін жақсы негіз бола алады.


3 Студенттердің курстық жұмыстың тақырыбымен жұмыс жасау әдістемесі.
Әдебиетпен және курстық жұмыста қолданыла алатын цифрлі материалмен танысу негізінде курстық жұмыстың алғашқы жоспары құрылады. Әдетте курстық жұмыс кіріспе, екі бөлім және қортындыдан тұрады. Жоспар құру кезінде, біріншіден ең басты мәселелер мен сұрақтарды белгілеп алу керек. Әр бөлімге сай мәселені шешіп, оның орындалу ретін анықтаған жөн. Бұл мәселелер ақырғы, дайын жоспарда көрсетілмейді, бірақ алғашқы кезеңде ол жұмыс жоспары үшін керек.

Әр тақырып өзінше ашылуы мүмкін. Бірақ тек қана жоспар, оның басты бағыттарын анықтайды.Жоспар жұмыстың басты идеясын, мінезін және мазмұнын көрсету тиіс. Жоспарда тақырыптың басты мәселелері ашылуы керек..

Жоспарды құру кезінде ешқандай шаблон болмағаны жөн. Бірақта, курстық жұмыстың бірінші параграфы мәселенің териясын талқылайды, келесі параграфтарда тақырыптын басты сұрақтары шешіледі. Құрылған жоспарда студент курстық жұмыстың ғылыми жетекшісімен ақылдасуы тиіс.

Курстық жұмысты дайындау реті:

Курстық жұмыс ақырғы күндерге дейін тасталмауы керек.Оған толық жауапкершілікпен қарау тиіс.Тек қана жүйелі, дұрыс жобаланған жұмыс табысты нәтижеге әкеле алады.

Жұмыс дайындау реті әдетте келесі кезеңдерден тұрады:

1.Үлгі жоспар жасау.Жұмыс барысында жоспар түзетулер жасауға көмектеседі.

2.Жоспарда көрсетілген мақсаттарға сәйкес әдебиет таңдау.Бірақта ғылыми жетекшіге құлақ салумен қатар, өзіндік ерік көрсете білу керек.Студентке керек мәселені толықтай ашатын жалғыз әдебиет жоқ.Жаңа басылымдар шығуы- тоқталмайтын үрдіс.

Әдебиетті таңдау кез келген ғылыми жұмысты жазудағы маңызды кезеңдерінің бірі. Библиографияны жасау кезінде жүйелі каталогтар мен ғылыми кітапханалардың арнайы жаңа әдебиет шолулары көмектеседі (мысалы ВЕСТНИК ПГУ «Филология» сериясы, аналитикалық журналдар, реферативті жинақтар және т.б.). Студентке арнайы журналдарда басылымдармен танысу қажет. Керекті дерекнама көзі болып Интернет желісі де болып табылады.

Бұл кезең библиографияны құрастырумен аяқталады (таңдалған тақырып бойынша танысатын басылымдар тізімі).

3.Таңдалған әдебиетті зерттеу. Осы кезеңдегі жұмысты автордың басты ойын және дәлелдер жүйесін, тиісті белгілері бар статистикалық және фактологиялық материалдарын, қаралған дереккөздерге қысқаша баяндамаларды жазып алу жөн. Мұндай әрекет кейінгі жұмысты жеңілдетіп, бір дерекөздеріне қайта оралмауына көмектеседі.

4.Жұмыстың мәтіндік нұсқасын жазу. Мәтінді жазбас бұрын, баяндаманы жазу логикасын тиянақты ойлап, басты ойды дәлелдеу жүйесін анықтау жөн. Бұл кезең басты тезистарды тұжырымдаумен аяқталады.

Мұндай кезде осындай маңызды шарттарды ұмытпаған жөн. Оқылған әдебиетті сөзбе-сөз жазып алуға немесе көшіріп алуға болмайды. Баяндама басқаларға түсінерліктей өз бетінше, қойылған мақсаттарды ұққанын дәлелдеп, өз ойын жазу керек. Бірақта дәйексөзді қолдануға да болады. Әр дәйексөз дұрыс құрастырылу керек. Баяндама сауатты және логикалық қателіксіз жазылуы керек. Жұмыстың нақты жүйесі анықталғаны дұрыс болар еді. Қосымшалар, дерекнама көздерін ережеге сай құрастырылу тиіс.

4 Курстық жұмысты құрастыру мен жүйелеу.
Курстық жұмыстың жалпы көлемі 1 п.л.(б.б.) (бос орынмен саналғанда 40 мың белгі ) немесе Times New Roman 14 қәріпімен терілген 25 бет.

Дұрыс құрастырылған жұмыс осындай беттерден тұруы тиіс:

-Титул беті;

-Мазмұны;

-Кіріспе;

-Негізгі бөлім;

-Қортынды;

-Қолданылған әдебиеттер тізімі;

-Қосымша (лар).

Титул беті және жоспар жұмыстың бастапқы екі бетінде белгілі шартпен құрастырылады. Мазмұнға кіріспе, бөлімдер, бөлімшелер, пунктер атауы, қортынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, курстық жұмыста қосымшаның жазылған беттері жазылады.

Кіріспеде келесі маңызды мәселелер ашылуы тиіс:

-тақырыптың жалпы тұжырымдамасы;

-таңдалған тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылығы мен өзектілігі;

-мәселенің зерттелу дәрежесі, мәселені зерттеу тарихы;

-автордың алдына қойған мақсаты мен нақты тапсырмасы;

-автордың қойылған тапсырманы қалай шешетіні, ашылатын сұрақтар тізбегі, жұмысты зерттеудің жалпы тәртібі;

-курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңыздылығын дәлелдеу;

-жұмыста дерекнама көздерін қолдану.

Кіріспе қысқа және анық болуы керек (1-3 бет). Оны жалпы сөйлемдермен ауыртпауға тырысу керек. Ең бастысы, оқырман автордың алдына қойған мақсатын түсінуі.

Негізгі бөлім бірнеше бөлімшелерден, пунктерден тұруы мүмкін. Бөлім атауы курстық жұмыс атауымен бірдей болуы шарт емес (мұндай жағдайда басқа бөлімдердің қажеттілігі біршама). Бөлім атаулары бөлім мазмұның қысқа да нұсқа атауы тиіс. Курстық жұмыстың әрбір бөлімін жаңа беттен бастау жөн. Жұмыс мазмұның күрделендіру қажет емес. Курстық жұмыста 2 немесе 3 бөлім ғана қарастырылады. Қортындыда басты қортындыларды қысқа тұжырымдау керек.Қортындылар жұмыс мазмұнынан бағытталып қысқа жазылуы жөн. Қортынды автордың келген маңызды қортындыларынан, қойылған мәселе шешімінің толық бағасынан және кепілдеме құрастырудан тұруы керек. Қолданылған әдебиеттер тізімі нақты ережеге сай құрастырылады. Ол мәтінде қолданылған дерекнамалардан тұруы тиіс. Деректер тізімін жұмыста қолданылу тізіміне сай болуы керек.Дерекнамалар төртбұрышты жақшаларға жазылады.

Қосымша курстық жұмыста міндетті емес.Қосымшаны тек қана көптеген кестелер немесе статистикалық материалдар қолданылған кезде ғана қосады. Мұндай материалды негізгі бөлімге қосқан жағжайда, оқырманға мазмұнды түсінуге қиындатады.
5 Мәтіндік материалдарды құрастыру талаптары. (СО ПГУ 7.06.1-05)
6 Қорғауға дайындық және курстық жұмысты қорғау.

Курстық жұмыстың ақырғы нұсқасын аяқталған соң, ғылыми жетекші өзінің қортындысын дайындап, алдын ала бағасын береді. Соңғы баға жұмысты қорғау нәтижесінен кейін қойылады. Қорғау кезінде автор 5 минут ішінде жасалған зерттеу нәтижелерін баяндап беріп, барлық сұрақтарға жауап беруі керек. Жоғары баға лам деген студент, сұраққа нақты және толық жауап бере алу тиіс.

Курстық жұмысты бағалау келесі талаптарға жүгінеді:

1.Қозғалған сұрақты талдай білу, терең талдау.

2.Берілген мәселені шығармашылық көзқараспен қарау.

3.Ең жаңа фактологиялық және статистикалық материалдарды қолдану.

4.Автор алдына қойған барлық талаптарды толықтай орындау.

5. Материалдардың сауаттылығы, логикасы.

6.Мәтінді құрастыру дәрежесі.

Қорғауға дайындалу үшін автор жұмысының көшірмесін алуы тиіс, себебі оның түпнұсқасы бірнеше күн бұрын кафедраға тапсырылады.

Егерде курстық жұмыс дәл уақытында дайын болса, жетекші түсіндірме қағазында жазбалар жасап, қорғауға кіргізеді да, беттерде қолын қояды.

Курстық жұмысты уақытында тапсырмаған студенттер кафедра меңгерушінің рұқсатымен ғана қорғауға кіре алады. Курстық жұмыс қорғалуы кафедра меңгерушісімен сессия алдында 2-3 жұма бұрын кесте құрастырылады. Аяқталған жұмыс қорғау алдында 3 жұма бұрын жетекшіге тапсырылады. Мұндай мерзім тәжірибе көрсеткендей, курстық жұмысты қорғауға дайындыққы ыңғайлы болып келеді.10 күн арасында, жетекші автордан жұмысты алғаннан соң тағы бір рет қарап шығып, қолданса, жұмысқа рецензия жазылып, қол қойылады. Рецензияда жұмыс өзектілігі,толықтығы, қойылған мәселені қарастырылуы, практикалық маңыздылығы және алынған нәтижелерді болашақта қолданылуы жазылу тиіс.

Ең жақсы орындалған курстық жұмыс (теориялық және практикалық маңыздылығы бар) басылымдарда шығарылады, конкурстарда және конференцияларда жарияланады. Жасалған жұмыс сапасы 100 балдық дәрежемен бағаланады (цифрлі, әріп және дәстүрлі эквивалентке ауыстырылады).

Курстық жұмыс бағасын көтеру үшін қайта қорғауға тиым салынады.




жүктеу 273,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау