Әдістемелік нұСҚаулар павлодар Әдістемелік нұсқауларды бекіту қазазы фсо пгу 18. 2/05 бекітемін


Дәріс №6 Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері



жүктеу 1,07 Mb.
бет3/4
Дата24.02.2018
өлшемі1,07 Mb.
#10613
түріНұсқаулар
1   2   3   4

Дәріс №6

Қазіргі кезеңнің әлемдік экологиялық мәселелері

  1. «Таза ауыз су» мәселесі

  2. Парникті эффект

  3. Озондық тесік

  4. Қышқылдық жауын-шашындар

1) Таза және қауіпсіз ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. есептеулер бойынша дамушы елдерде шамамен 1 млрд адам ауыз суға толық жете алмай отыр. Жалпы адамзаттың 20% таза ауыз суға тапщы болып отыр. Су жетіспей отырған елдерге Солт Африка, таяу Шығыс, Азия мемлекеттері жатады.

Қазіргі уақытта шамамен 2 млрд адам канализациясы бар жағдайға қол жеткізе алмай отыр, 5 млн адам, оның ішінде 2-3 млн балалар, жыл сайын таза судың жетіспеуіне байланысты әр түрлі аурулардан өлуде.

Әлемдегі барлық өзендердің, сулардың жылдық көлемі шамамен 42600км3 , ал бұл 1995 ж есептеулер бойынша адам басына шаққанда 7600 м3 келеді. Бірақ та адам санының өсуіне байланысты бұл шама жыл сайын өзгеруде.

Таза суды өте көп қолданушылар мен ластаушылар қатарына ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптік өндіріс орындары жатады. Жыл сайын планетамыздың жер асты су қоймалары 160 млрд м3 таза судан айырылуда. Судың мұндай үлкен көлемі оның айналымы кезінде орнына қайтып келмейді. ХХ ғасырдың ортасына қарай Жердің негізгі стратегиялық ресурсы мұнай емес, таза су болуы ғажап емес.

Деректер бойынша 2005 ж әлемнің 50 шақты елінде тұратын 3 млрд халық ауыз су тапшылығына тап болады. Бұл жағдай суға байланысты экологиялық және қоғамдық шиеленістерді қиындатады. Судың жетіспеушілігі этникалық және мемлекетаралық қақтығыстардың себебі болып отыр. БҰҰ Ассамблеясы 2003 жылды «Халықаралық таза ауыз су жылы» деп белгіледі.

2) «Парникті эффект» деп ауадағы антропогенді түрде пайда болған химиялық заттардың күн энергиясын өздеріне сіңіруі нәтижесінде атмосфераның қызып, жер бетінің орташа температурасының көтерілуін айтамыз.

Американдық эколог Б.Небел «парникті эффекті» нәтижесіндегі климаттың жылынуын болашақтың үлкен катастрофасы деп қарастырады. Оның пайымдауы бойынша аумағы осындай көптеген жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін жойып жіберген катастрофа осыдан 60 млн жыл бұрын болды. Бұл апат Жерге астероидтың түсуімен байланысты болып және тек қана ағзалардың бірнеше жеке түрлерін ғана жойса, ал парникті эффект бүкіл биосфераға әсер етеді.

Негізгі парникті газына көміртектің қос тотығы жатады. Бұл газдың парникті эффектісіне әсері шамамен 50-60%. Басқа да газдарына метан (20%), азот тотықтары (шамамен 5%), озон, фреондар және басқа газдар (10-25%). Жыл сайын атмосфераға жердің жылулық балансы мен климаттың жылынуына әкелетін шамамен 5,6 млрд тонна парникті газдары шығарылады.

Деректер бойынша парникті газдарының әсерінен Жер бетіндегі жылорталық температура соңғы жүзжылдықта 0,3-0,60С көтерілді. Қазір СО2-нің ауадағы мөлшері 0,3-0,5%/жыл жылдамдықпен көбейіп келеді. Бұл жағдай қоршаған орта экологиясы мен адамзат цивилизациясы үшін үлкен апаттарға әкелуі мүмкін.

Болжаулар бойынша климаттың жылынуы қарлар мен мұздардың еруіне және мұхит сулары деңгейінің шамамен 1,5 метрге көтерілуіне әкеледі. Ол жағдайда 5 млн км2 құрғақ жер су астына кетеді. Сонымен қатар климаттың жылынуы ауа-райының тұрақсыздығына, табиғи аймақтардың шекараларының жылжуына, табиғи апаттардың көбеюіне, жануарлар мен өсімдіктердің жойылуының тездетілуіне әкеледі.

3) Озондық экран полюстерде 9-30 км биіктіктерде орналасқан, ал экваторда 18-32 км. Озонның мөлшері 0,01-0,06 мг/м3.

«Озондық тесік» тірі ағзаларға өте қауіпті ультракүлгін сәулелерін өзіне сіңіріп, жерге өткізбей тұратын атмосферадағы озон қабатында озоны азайған (50%) аймақтар. Бұл аймақтар атмосфераның хлор- мен фторкөмірсутектері арқылы химиялық ластануның нәтижесінде түзіледі. Соңғы жылдары атмосфераның жоғарғы қабатындағы озон мөлшерінің азаюы байқалуда. Деректер бойынша озон мөлшерінің 1%-ке азаюы тері ісігі ауруының көбеюін 3-5% көтереді.

Озон мөлшерінің ең көп азаюы Антарктидада байқалады. Бұл аймақта соңғы 30 жылда оның мөлшері 40-50%-ке аазйды. Озон мөлшері көп азайған аймақтарды «Озондық тесік» деп атайды. Озон мөлшері азайған аймақтардың шеңбері жылына 4%-ке ұлғаюда. Қазіргі уақытта оның көлемі АҚШ-ның көлемінен де үлкен болып тұр. Осындай «Озондық тесіктің» Арктикада да байқалуда. Көлемі 10-нан 100 мың км2-ге дейін болатын, озоны 20-40%-ке азайған осындай аймақтар басқа аудандарда да кездесуде.

Озонды бұзатын негізгі факторға фреондарды жатқызады. Бұлар ауада өте тұрақты келеді. Олар осы тұрақты қасиеттері себебінен (100 жылға дейін ыдырамайды) озон қабатына жетіп, сол ортада ыдырауға түседі. Осы процесс кезінде олардан бөлініп шығатын хлордың әрбір атомы катализаторлық әсер жасап, озонның 100 мыңдай атомының ыдырауына себеп болады екен.

Озон қабатының ыдырауының себептерінің бірі ретінде ауаға оттегі бөліп тұратын ормандардың жойылуы да себеп ретінде қарастырылады. Бұдан басқа озонның ыдырауы космосқа әр түрлі ұшу аппараттары ұшқанда, ядролық жарылыс кезінде үлкен өрт кезінде және осылар сияқты ауаға көп мөлшерде әр түрлі газдар мен кейбір көмірсутектерді шығаратын табиғи апат кезінде байқалады.

4) Қышқылдық жауын-шашындар деп атмосфераның антропогендік химиялық ластануының нәтижесінде қышқылдық дәрежесі жоғары жаңбыр мен қардың жаууын айтады. Осындай жауын-шашынның арқасында су қоймалары мен топырақтың қышқылдығы көтеріледі, бұл жағдай топырақтың өнімділігін азайтып, судағы тіршілік жағдайларды қиындатады.

Қышқылдық жауын-шашынға әкелетін негізгі себеп – күкірттің қос тотығы. Күкірт ангидриді су буларымен қосылып күкірт қышқылының ерітіндісіне айналады. Осы сияқты көміртектің қос тотығы мен азот тотықтарынан көмір және азот қышқылдары түзіледі. Бұларға органикалық қышқылдар мен басқа да заттар қосылып, қышқылдық әсері бар ерітінді пайда болады (қышқылдық жауын-шашын).

Қышқылдық жауын-шашындар түзілуінде күкірттің қос тотығының үлесі шамамен 70%-тей, қышқылдық әсердің 20-30% басқа заттарға байланысты. Қышқылдық жауын-шашындар алғаш рет 1907-1908 жылдары Англияда байқалды. Скандинавия елдерінде, Англия, Германия, Бельгия, Дания, Польшада, Канадада және АҚШ-тың солтүстік аймақтарында жиі болып тұрады. Ресей территориясында бұндай жаңбырлар Норильск, Челябинск, Краснодар аймақтарында байқалады. Кейбір қалаларда жаңбыр қышқылдығының 70-90%-і автокөліктік ластануға байланысты.

Қышқылдық жауын-шашындардың әсері әр түрлі. Олар топыраққа, су экожүйесіне, өсімдіктерге, архитектуралық ескерткіштерге және тағы басқа объектілерге зиянды әсер етеді.



Дәріс №7

Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері

  1. «Демографиялық жарылыс» мәселесі

  2. Әлемдегі халықтың орналасуының аймақтық әртүрлілігі




    1. Адамзат тарихында көп уақыт бойы халық санының өсуі онша

сезілген жоқ. Ол ХІХ ғасырда аздап өсе бастады да, ХХ ғасырда екінші дүниежүзілік соғыстан кейін өте жылдам көбейе бастады. Бұл жағдай қазір «демографиялық жарылысқа» – қысқа уақыт мерзім ішінде халық санының өте жылдам өсуіне алып келді. Жер бетіндегі халықтың саны 1999 ж 6 млрд жетті.

Қазіргі уақытта бұл мәселе ғаламдық қауіптердің ішінде алдыңғы орындардың бірінде болып тұр. Сондықтан да 1990 жылдарды БҰҰ «қиын онжылдық» деп атаған еді. Егер де «үшінші әлем» елдерінде туу саны азаймаса, ол үлкен апатқа әкелуі мүмкін. Қалалардың шектен тыс үлкеюі топырақтың құнарсыздануы, судың ластануы, ормандардың кесілуі, атмосферадағы газды тұмандар – бұлардың бәрі халық санының шектеусіз өсуінің нәтижесі.

Қазіргі заманғы экологиялық пен демографиялық жағдайда қоршаған ортаға зиянды әсерді тек қана өнеркәсібі дамыған бай елдер ғана емес, сондай-ақ аграрлы кедей елдер де әкелуде. Алғашқылардың әсері техногендік ластауға байланысты. Бұл елдердегі бүкіл жер халқының 20-25%-тін құрайтын халқы қоршаған ортаға шамамен әлемдік ластанудың 80%-тін шығарады.

Адамзаттың табиғи қоршаған ортаға әсері керемет зор. Қазіргі заманғы қоғам өндіріс пен тұтынуға адам өзінің биологиялық сұранысынан ондаған немесе жүздеген есе көп заттар мен энергияны кірістіруде. Мысалы, біз өзіміздің ата-бабаларымызға қарағанда, қазір күнделікті тіршілігімізде өте көп заттарды қолданамыз. Атап өту керек, қазіргі заманғы экологиялық дағдарыстың негізгі себебі, адамзат қоғамының табиғатқа түсіріп тұрған антропогендік салмағының шектен тыс өсуі – көлемдік экспансиясы деп айтуға болады.

Осы мәселенің сапалық аспектісінің де маңызы зор. Адамзаттың даму эволюциясы адам түр ретінде өзінің қарсыластары мен жауларынан тазарды, әр түрлі инфекциялар мен паразиттерден құтылды, биоресурстар жетіспеушілігінің мәселесін шешті. Қоршаған ортаға ыңғайланып, оны өзіне ыңғайландырғызып, адамдар өзінің санын көбейтті және өмір жастарын ұзартты. Бірақ та табиғи сұрыптау механизмдерінен ауытқу, гигиена мен медицина жетістіктері, дәрі-дәрмектер арқылы ағзаның қорғану күштерін әлсірету, қоршаған ортаның ластануы, темекі тарту, алкаголь, наркотиктер, көп информацияға байланысты гиподинамия – бұның барлығы да дені сау генофондтың сақталуына әкелмеді.

Медициналық генетика деректері бойынша жаңа туған балалардың 0,7%-ті хромосомдық аурулармен ауырады, 1,5%-тейі гендік мутацияның әсерінен пайда болған аурулармен, ал 3,8%-тен көбі - әр түрлі созылмалы ауруларға тұқымқуалаушылыққа ыңғайлылықпен тууда.

2) Әлемнің халқы қазіргі уақытта күн сайын 250 мыңға, апта сайын 1 млн 750 мыңға, ай сайын 7,5 млн-ға, жыл сайын 90 млн-ға өсуде. Дамушы елдердегі халық санының тым жылдам өсуі экологиялық пен қоғамдық мәселелер тудыруда. Бұл елдердегі халық саны бүкіл әлем халқының ¾ бөлігін құрайды, ал бірақ та олар әлемдік өндірілген өнімнің тек үштен бірін ғана қолданады.

Нашар дамыған елдерде халық санының реттеусіз тым тез өсуі экологиялық, қоғамдық-экономикалық мәселелердің қиындауына, көбіне аштық жағдайларға әкеледі. Бұның бәрі геосаясатқа әкеледі.

Адамзаттың шектеулі саны деп әлемдік ауылшаруашылық өндірісі мен табиғи байлықтардың таусылу мүмкіндігін еске ала отырып, оның барлық сұранысын қамтамасыз етуге болатын тәжірибе түрінде анықталған халықтың санын айтады. Қазіргі уақытта адамзатты тек қана аштық мәселесі ғана емес, сондай-ақ табиғи ресурстардың таусылу мүмкіншілігі және табиғаттың ластану мәселелері қиналтып отыр.

Халық санының өсуін заңды түрде және басқа әдістермен реттеуге болады. Қазіргі уақытта халық санын тұрақтандыру мен азайту мәселелеріне қатысты бірнеше концепциялар бар. Солардың кейбіреулерін келтірейік.

- Демографиялық максимализм – неғұрлым халық саны көп

болса, соғұрлым жақсы. Бұл концепция Қытайда 1950-1960 жылдары қолданылды.



  • Демографиялық утопизм – бұл сұрақтың шешімі халықты космос пен

мұхитқа орналастыру арқылы шешіледі.

  • Демографиялық финализм – халық санының өсуі табиғи ресурстардың

таусылуы мен ортаның ластануына әкеледі. Сондықтан да бұл мәселені халықтың бір бөлімін жою арқылы шешуге болады.

  • Демографиялық фатализм – табиғи популяциялардағы сияқты бұл

проблема биологиялық өзін-өзі реттеу механизмдері арқылы өзі шешіледі.

Дәріс №8

Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы

  1. Халықаралық бірлестіктер

  2. БҰҰ қоршаған орта мен тұрақты дамуға арналған конференциялар

Қазіргі уақытта әлемде жүзден аса халықаралық бірлестіктер қоршаған ортаны сақтап қалу проблемаларымен айналысады. Солардың ішінде ең беделдісі – Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ, орысша – ООН). Бұл бірлестіктің көп меркелері экологиялық тақырыптарға арналған. Бұл Ассамблея көптеген маңызды құжаттар қабылдады, мысалы, қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін Жер табиғатын сақтап қалуда мемлекеттердің тарихи жауапкершілігі (1982 ж), Табиғаттың Бүкіләлемдік Партиясы (1982 ж), Стокгольм (1972 ж) мен Рио-де-Жанейрода (1992ж) қоршаған ортаны қорғауға байланысты конференциялар өткізді.

1972 ж БҰҰ құрамында ЮНЕП – қоршаған орта мәселелері бойынша арнайы орган құрылды. Бұл мекеменің міндеті алдағы келе жатқан экологиялық дағдарыстың күрделі сұрақтары – шөлдену, топырақтың құнарсыздануы, таза судың азаюы, мұхит суларының ластануы және т.б. мәселелерді шешуге бағытталған бағдарламалар жасау болды.

1982 ж БҰҰ ұсынысы бойынша Қоршаған орта мен даму бойынша Халықаралық комиссия құрылды. Комиссия әлемнің әр түкпіріндегі экологиялық және әлеуметтік мәселелерге байланысты пайда болған дағдарыстар мен шиеленістерді шешуге ат салысты. Комиссия тұжырымы бойынша әр елдің экономикасы адамдардың тұрмыстық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталуы тиіс, бірақ оның дамуы планетамыздың экологиялық мүмкіншілігімен сәйкес болуы керек.

Қазіргі уақытта БҰҰ құрамында көптеген халықаралық бірлестіктер жұмыс істейді. Атом энергиясы бойынша Халықаралық агенство (МАГАТЭ) («Ядролық қауіпсіздік пен қоршаған ортаны сақтау» бағдарламасы бойынша жұмыс атқарады), БҰҰ білім, ғылым мен мәдениет мәселелері (ЮНЕСКО) ұйымы, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ), Бүкіләлемдік метрологиялық ұйым және т.б.

БҰҰ құрамында аймақтық мекемелер де бар, мысалы, БҰҰ-ның Азия мен Тынық Мұхит елдеріне қатысты экономикалық және әлеуметтік комиссиясы. Сонымен бірге ортақ мәселелерді шешуге бағытталған екі мемлекеттің өкілдерін біріктірген мекемелер де жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы да тәуелсіз мемлекет ретінде қоршаған ортаны сақтау мен климаттық өзгерістерді шешуге бағытталған көптеген конвенциялар бойынша бүкіләлемдік қоғамдастықтармен белсенді түрде қарым қатынас жасайды. 1995 жылы Қазақстан БҰҰ Рамалық Конвенциясына қосылды, ал 1999 жылы БҰҰ Рамалық Конвенциясының Киоттық Конвенциясына қол қойды. БҰҰ-ның 1972 ж Стокгольмде өткен қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған конференциясы мемлекеттердің назарын адамзаттың алдында тұрған маңызды проблемаларға аударды. Осы конференцияда әлемдік қоғамдастықтың (sustainable development) жаңа жолы айқындалды.

БҰҰ қоршаған ортаны қорғау мен дамыту проблемаларына арналған екінші Конференциясы мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен 1992 ж Рио-де-Жанейрода өтті. Бұл маңызды конференцияда 114 елдің басшысы мен 178 елдің дипломаттары, 1600 мемлекеттік емес бірлестіктердің өкілдері болды. Осында әлемдік қоғамдастықтың ХХІ ғасырда тұрақты түрде даму жолына түсу керектігіне шешім қабылданды.

Осы конференцияда 5 маңызды құжат қабылданды:


  1. «Қоршаған орта мен оның дамуы туралы Рио Декларациясы».

  2. «21 ғасыр күн тәртібі».

  3. «Орманның барлық түрінің тұрақты даму, басқарылу мен сақталу принциптері туралы Өтініш».

  4. «Климаттың өзгеру проблемаларының Рамалық Конвенциясы».

  5. «Биоәртүрлілік бойынша Конвенция».

Осы конференцияда қабылданған құжаттардың ең маңыздыларының бірі

– «21 ғасыр күн тәртібі». Бұл құжат жалаңаштылық пен аштықты жеңу, қоғамның табиғатты қорғаудағы ролі, т.б. осылар сияқты 100 аса ғаламдық мәселелерді қамтыған бағдарламалардан құралған. «Күн тәртібінде..» барлық елдердің тұрақты түрде дамуын қамтамасыз ететін бағыттамалар айқындалды.

Нью-Йоркте 1972 ж өткен БҰҰ-ның Генералдық ассамблеясында тұрақты даму стратегиясының орындалу жағдайларына талдау жүргізіліп, мына мәселелердің әлі шешімін таппағаны көрсетілді:


  • аштық пен жалаңаштықты құрту бағытында;

  • дамыған пен дамушы елдеріндегі өмір сүру деңгейінің ара

қашықтығын жақындату;

  • ғаламдық масштабта қоршаған ортаға түсетін антропогендік қысымды

азайту жолдары мен әдістерін табу.

Әдістемелік нұсқау ФСО ПГУ 7.18.2/05



Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биология-химия факультеті

Экология пәнінен барлық мамандықтың

студенттеріне зертханалық жұмыстарға арналған
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

Павлодар


Әдістемелік нұсқауларды бекіту қазазы ФСО ПГУ 7.18.2/05



жүктеу 1,07 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау