Қазақстан Республикасының Білім және ғылым минстрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Биотехнология кафедрасы
Азық-түлік өнімдерінің салаларының технологиясы пәні бойынша
050727-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Курстық жұмысты орындау бойынша
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАР
Павлодар
Әдістемелік нұсқаулардың
титулдық парағы
|
|
Нысан
ПМУ ҰС Н 7.18.3/41
|
| ББЕКІТЕМІН ОІ жөніндегі проректор
_________Н.Э. Пфейфер
2010 ж. «___»__________
|
Қ ұрастырушы: техн. ғыл. Канд., доцент________________К. С. Исаева
Биотехнология кафедрасы
Азық-түлік өнімдерінің салаларының технологиясы пәні бойынша
050727-Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандығының студенттеріне арналған
Курстық жұмысты орындау бойынша
Әдістемелік нұсқаулар және ұсыныстар
Кафедра отырысында ұсынылды 2010 ж. «17»тамыз Хаттама №1
Кафедра меңгерушісі _______ М.С. Омаров 2010 ж. «__» ___________
Агротехнология факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2010 ж. «25» тамыз, Хаттама №1
ОӘК төрайымы _______________М. Е. Жагипарова 2010 ж. «___ » . _____
МАҚҰЛДАНДЫ:
ОҮЖжӘҚБ бастығы _____________ А. А. Варакута 2010 ж. «___ » . _____
Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды
2010 ж. «___ » . _____Хаттама №____
КІРІСПЕ
Курстық жұмысты жазу бітірушілерді дайындаудың кезеңі болып табылады. Жұмыс кафедраның тәжірибелі оқытушыларының жетекшілігімен студенттермен орындалады.
Курстық жұмыстарды орындаудың мақсаты:
- курстық жұмыс орындалатын азық-түлік өнімдерінің салаларының технологиясының белгілі бір бөлімін, сонымен қатар курстық жұмысқа қатысты басқа ғылымдардың сәйкесінше бөлімдерін тереңдетіп оқу жолымен алынған теориялық білімдерді жүйелендіру, маңызды кеңейту және бекіту;
- шығармашылық қызығушылықты тудыру, эксперименталды зерттеулердің элементтерін үйрету;
- алынған нәтижелерді дұрыс ғылыми-әдістемелік түсіндіру және сынап сараптау, қорытындылар жасау мен кәсіпорындарға тәжірибелік ұсыныстарды ұсыну машықтарын дамыту.
Курстық жұмысты жазу үшін негіз студенттің жинаған фактілі материал, сонымен қатар эксперименттердің нәтижелері болып табылады.
Курстық жұмыс мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының (МЖМБС) курстық жұмысты орындауға қоятын талаптарына, сонымен қатар тақырыпқа сәйкес келуі керек, жаңалық элементтерін енгізіп, теориялық және тәжірибелік мәнділігін, көкейтестілігін көрсетуі керек.
1 Тақырыпты таңдау және студенттің жұмысына жетекшілік ету
Курстық жұмыстардың тақырыптары маңызды, маманды дайындау профиліне сәйкес болуы керек. Курстық жұмысты кафедра ұжымы орындайтын ғылыми зерттеулердің тақырыптары бойынша орындау лазым.
Курстық жұмыстардың тақырыптары әр-түрлі тағамдық өнімдерді, жартылай фабрикаттарды және консервілерді өндіру бойынша құрастыруларды енгізеді.
Курстық жұмыстардың жетекшілері ғылыми-педагогикалық өтілі үш жылдан кем емес тәжірибелі оқытушылар, ынталы ғылыми жұмыстарды орындайтын немесе кафедраның тематикасы бойынша жұмыс істейтін ғылым докторлары мен кандидаттары бола алады.
Студентке курстық жұмыстың тақырыбын бекіту мен жетекшіні тағайындау сәйкес өтінішті толтырғаннан кейін жүргізіледі. Жетекші студентке орындаушыны ұйымдастыратын және жұмысты орындауды кезеңмен бақылауға мүмкіндік беретін ресми құжат болып табылатын тапсырма береді. Курстық жұмыстың тақырыбын бекіту ҒЗЖ орындау кезеңінде, өндірістік тәжірибені өту алдында бекіту мүмкін.
Ғылыми жетекші студентке курстық жұмыстың жоспарын құрастыру, зерттелуер әдістемесі, қажетті әдебиетті таңдау бойынша кеңес береді, эксперименталды бөлікті орындауды тексеріп тұрады және жұмысты рәсімдеу кезінде көмек көрсетеді.
Студент өзінің жұмысының сапасы үшін жеке жауапкершілікке ие. Студент ғылыми жетекшімен бірігіп, жұмысты орындаудың күнтізбелік жоспарын құрастырады.
Студент әдебиетті шолуды құрастыру үшін курстық жұмыстың тақырыбына қатысты негізгі және қосымша әдебиетті өз бетінше зерттеуге міндетті.
Студент алынған эксперименталды материалды дербес жинайды, өңдейді және сараптайды, нәтижелерді жалпылайды және негізделген қорытындылар жасайды.
Жұмыстың соңғы кезеңі иллюстрациялық материалды дайындау мен курстық жұмысты қорытынды рәсімдеу болып табылады.
2 Курстық жұмыстың құрылымы
Көлемі 25-30 компьютерлі текстті курсты жұмыс өзіне келесі бөлімдерді енгізуі қажет:
- титул беті;
- мазмұны;
- нормативтік сілтемелер;
- анықтамалар;
- белгіленулер мен қысқартулар;
- кіріспе, курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері;
- теориялық зерттеулер;
- өзіндік зерттеулер (40 % текстке дейін), олар өздеріне енгізеді:
- қорытындылар мен ұсыныстар;
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
- қосымшалар.
3 Студенттердің курстық жұмысты орындау тәртібі
Курстық жұмысты орындау үрдісі келесі кезеңдерден тұрады:
1 Тақырыпты таңдау, тақырыпты бекіту мен жетекшіні белгілеу туралы өтінішті рәсімдеу.
2 Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша жетекшімен бірге күнтізбелік жоспар мен тапсырмаларды құрастыру.
3 Курстық жұмыстың тақырыбы бойынша эксперименталдық зерттеулерді орындау үшін сәйкесінше профилді тағамдық кәсіпорынды таңдау, бақылау мен әдістемелердің сызбаларын жетекшімен бірлесіп құрастыру.
4 Зерттеу әдістемелерін оқу мен игеру.
5 Сәйкес әдебиетті таңдау, зерттеу және сараптау.
6 «Теориялық зерттеулер» бөлімін орындау.
7 Эксперименталды зерттеулерді ұйымдастыру, әдістемемен қарастырылған материалды жинақтау мен өңдеу.
8 Иллюстрациялық материалдың жинақтау.
9 «Өзіндік зерттеулер» бөлімін жазу.
10 Курстық жұмыстың қолжазбалық нұсқасын құрастыру мен сәйкесінде бөлімдерді жетекші мен кеңесшілермен бекіту.
11 Ғылыми студенттік конференцияда жұмыстың нәтижелері бойынша баяндама және алдын ала қорғау.
12 Курстық жұмысты қорытынды рәсімдеу және орнатылған уақытта кафедраға тапсыру.
4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ЖЕКЕ БӨЛІМДЕРІН ҚҰРАСТЫРУ БОЙЫНША ҰСЫНЫСТАР МЕН ӘДІСТЕМЕЛЕР
4.1 Титул беті
Титіл беті курстық жұмыстың бірінші беті болып табылады және құжатты өңдеу мен іздеу үшін қажетті ақпараттың көзі болып табылады.
Титул бетін курстық жұмыстың беттерінің жалпы нөмірленуіне енгізеді. Титул бетінде беттің нөмірі қойылмайды.
Курстық жұмысты қорғауға жіберу туралы хабардар ететін қол таңбалар міндетті болып табылады. Қол таңбалардың тізімінің арасында студенттің, ғылыми кеңесшінің, кеңесшілердің және кафедра меңгерушісінің қол таңбалары болуы керек.
4.2 Курстық жұмыстың мазмұны
Курстық жұмыстың мазмұны реттік нөмірлерді және бөлімдердің, бөлімшелердің, егер атаулары болса пунктердің, тармақшалардың атауларын, қорытындыларды, ұсыныстарды, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, курстық жұмыстың элементтері басталатын беттердің нөмірлерін көрсетумен қосымшалардың атауларын енгізеді.
Курстық жұмыстың мазмұнын титул бетінен кейін жаңа беттен бастап орналастырады, және қажет болған кезде, келесі беттерде жалғастырады.
«мазмұны» сөзін беттің ортасында бас әріппен, қалың шрифтпен жазады.
4.3 Нормативтік сілтемелер
«Нормативтік сілтемелер» құрылымдық элементі курстық жұмыстың текстінде сілтеме берілген стандарттардың тізімін енгізеді.
Сілтемелі құжаттардың тізімі төмендегі сөздерден басталады:
Егер курстық жұмыста тек стандарттарға ғана сілтемелер келтірілсе, «Берілген крустық жұмыста келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылды...» немесе «Берілген курстық жұмыста келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды...».
Тізімге белгіленулердің тіреку нөмірлерінің өсуі тәртібініде нормативтік құжаттардың белгіленулер мен атауларды енгізеді, төмендегі ретпен:
- мемлекеттік стандарттар, техникалық-экономикалық ақпараттың классификаторлары;
- халықаралық аймақтық стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпараттардың классификаторлары, Қазақстан Республикасының аймағында қолдануға рұқсат етілген шетелдердің ұлттық стандарттары;
- техникалық шарттар.
4.4 Анықтамалар, белгіленулер мен қысқартулар
«Анықтамалар, белгіленулер мен қысқартулар» құрылымдық элементі курстық жұмыста пайдаланылатын терминдерді нақтылау немесе анықтау үшін қажетті анықтамалар, белгіленулер мен қысқартуларды енгізеді.
Әрекеттегі заң актілерінде, стандарттарда және басқа техникалық регламенттерде келтірілген терминдер мен анықтамаларды курстық жұмыста пайдалану қажет болған кезде терминге анықтаманың соңында ол орнатылған стандарт жақшада көрсетіледі.
Анықтамалар тізімі келесі сөздерден басталады: «Берілген курстық жұмыста сәйкесінше анықтамалармен келесі терминдер қолданылады...» немесе «Берілген курстық жұмыста _______________________________________ сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылады.
Стандарт немесе құжаттардың сәйкес белгіленулері көрсетіледі
Оларға қосымша ретінде берілген курстық жұмыста келесі терминдер мен анықтамалар орнатылды».
Терминдер мен анықтамалар текст түрінде де, жасырылған кесте түрінде де келтірілуі мүмкін (терминдер кестенің бір графасында, анықтамалар басқа графада жазылады, одан кейін кестенің шектері жасырылады).
Белгіленулер мен қысқартуларды жазу курстық жұмыстың текстінде келтірілген қажетті мағынасын ашу мен түсіндірулермен жүргізіледі.
Егер шартты белгіленулер мен қысқартулар стандарттармен анықталса, онда берілген құрылымдық элементте оларға келесі түрдегі сілтеме жасалуы керек: «Берілген курстық жұмыста ________________________________________ орнатылған белгіленулер мен қысқартулар
Стандарт немесе құжаттардың белгіленулері көрсетіледі
пайдаланылды.
Осы кезде курстық жұмыстың текстінде алғашқы рет аталған кезде сәйкесінше объекттің толық мағынасын ашу келтірілуі керек, ал одан кейін оның қысқартылуы немесе белгіленуі.
Анықтамаларды, белгіленулерді және қысқартуларды бір құрылымдық элемент «Анықтамалар, белгіленулер мен қысқартуларды» келтіруге болады .
4.5 Кіріспе
Кіріспеде жұмыс арналған проблеманың қазіргі жағдайының сипаттамасы беріледі, тақырыптың көкейтестілігі, жаңалығы негізделеді, курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Кіріспенің қолжазбалық нұсқасын жобалаудың алғашқы кезіңде құрастыру мақсатқа сәйкес, ал соңғы нұсқасын – курстық жұмысты рәсімдеу кезінде.
4.6 Теориялық зерттеулер (әдебиетті шолу)
Әдебиетті шолу тақырыпқа қатысты отандық және шетел ғалымдарының әдебиет көздерін сынап талдауы, обьективті сараптамасы болып табылады. Осы бөлімде студент курстық жұмыстың тақырыбы бойынша әдебиет көздері мен эксперименталды мәліметтерді сараптау машықтығын көрсетуі керек, берілген сұрақ бойынша анықталған, әлі шешілмеген, немесе күмән тудыратын және тексеруді қажет ететін мәлімет туралы анық білуі керек. Әдебиетті шолудан таңдалған бағыт бойынша келесі зерттеулердің қажеттілігі айқындалуы керек. Әрбір бөлім және бөлімше қысқаша қорытындымен аяқталады.
Берілген бөлімнің негізгі міндеті курстық жұмыстың тақырыбы бойынша сұрақтардың зерттелу жағдайын айқындау болып табылады. Шолудың алдында әдебиет көздерімен көп еңбектену қажет.
20-25 әдебиет көздерінен кем емес пайдалану ұсынылады: монографиялар, оқулықтар мен оқу құралдары, журналдар, ғылыми-зертеу және жоо орындарының еңбектері, реферативтік журналдар, курстық жұмыстың тақырыбына қатысты жеке еңбектер мен брошюралар, қазақстандық және ресей ғылымдарының, сондай-ақ жақын және алыс шетел ғалымдарының соңғы 15-20 жыл ішінде басып шығарылған диссертациялардың авторефераттары, сонымен қатар Интернет желісі бойынша қол жетімді әдебиет көздері.
Әдебиетті шолуды құрастырудың алдында оны жазудың жоспарын құрастыру қажет, онда материалды жазудың хронологиялық тәртібі, жинақталған мәліметтерді тақырыптық біріктіру мен сынап талдау жүргізіледі.
Әрбір зерттелетін әдебиет көзі бойынша библиографиялық мәліметтерді көрсетумен (автордың аты-жөні, қай баспада және қашан жарияланған) реферат құрастыру қажет. Әдебиет көздерін зерттегеннен кейін және оларды өңдегеннен кейін бұл рефераттарды әдебиет шолуын жазу жоспарына сәйкес жүйелейді. Бөлімдегі материал бөлімшелерге бөлінуі мүмкін.
Шолуда материалды мазмұндау кезекті болуы керек. Егер автор белгілі бір сұрақты қарастырса, онда оған екінші рет қайтып келу қажет емес.
Белгілі-бір қалыпты талқылаған кезде тек нәтижелерді тізіп шығумен ғана шектелуге болмайды, жалпылайтын қорытынды жасау қажет. Егер әдебиетте зерттелетеін сұрақ бойынша қарсы пікірлер болса, онда студент авторлардың көз-қарастарына байланысты әдебиет көздерін топтастыруы қажет. Әдебиетті шолу кезінде студент қол жетерлік әдебиетт аталған сұрақтар бойынша жеткілікті мәліметтердің жоқтығын атап айтуына болады.
Әдебиет көздерінің сараптамасын хронологиялық тәртіпте жүргізу қажет. Әдебиет шолудың текстінде белгілі бір авторға сілтеме жасаған кезде Сіздің әдебиет тізімініздегі осы әдебиет көзінің нөмірін көрсету қажет. Мысалы: «Р.Ф. Бутенко айтуы бойынша... [12]». Ол дегеніміз Сіз жұмыстың соңында келтіретін әдебиет тізімінде Р.Ф.Бутенко 12 нөмір бойынша белгіленген.
Әдебиетті шолудың соңында зерттелген материалдың негізінде берілген проблеманы келесі зерттеу үшін қажеттілігін растайтын қысқаша қорытынды жасау керек.
4.7 Өзіндік зерттеулер
«Өзіндік зерттеулер» бөлімі өзіне келесі бөлімшелерді енгізеді:
зерттеулердің материалдары мен әдістерін;
- зерттеулердің алынған нәтижелерін сараптауды;
патенттік ізденіс (жетекшінің нұсқауы бойынша енгізіледі).
4.7.1 Зерттеулердің материалдары мен әдістері
«Материалдар мен зерттеулер әдістері» бөлімшесі эксперименттің обьектісінің сипаттамасын, сонымен қатар экспериментті қоюдың әдістемелері мен шарттарын енгізеді.
Тәжірибеде зерттелетін барлық көрсеткіштерді және зерттеулердің жеке әдістемелерін (авторды көрсетумен әдістемелер) атап шығу керек. Әдістемені пайдалану әдебиет тізіміне енгізілуі керек. Егер түпнұсқалық, аз танымал немесе модификацияланған әдістемелер қолданылса, онда оларды толығырақ сипаттау керек. Осы бөлімшеде тәжірибе барысында қолданылған аппараттар мен тіркейтін құрылғылар туралы мәліметтер келтіру керек. Тәжірибе нәтижелерін келесі зерттеу үшін келесіде иллюстрациялық материал ретінде пайдаданылатын жинақталған ғылыми құжаттар маңызды (фотографиялар, суреттер, микропрепараттар және т.б.). Бөлімшенің соңында тәжірибені өткізудің сызбасын беру қажет.
Сараптама әдістемесі мен сандық материалды өңдеу әдістемесін көрсету қажет.
4.7.2 Зерттеулердің нәтижелерінің талдауы
Зерттеулердің нәтижелерін талдау және жалпылау курстық жұмысты орындаудың ең жауапты және күрделі кезеңі болып табылады, өйткені мұнда алынған нәтижелерді өз бетінше ойлау мен сынап бағалау, зерттелетін құбылыстар арасында заңдылықтар мен тәуелділіктерді табу, зерттелетін сұрақ туралы өзінің көз-қарасын білдіру және алынған нәтижелердің ғылыми негізделген бағасын беру қажет.
Осы бөлімшеде диплом жасаушылардың тәжірибе мен анализді жүргізген кезде алған барлық негізгі мәліметтер кезекпен және толық түсіндірілуі керек. Осы кезде әдістемеде көрсетілген барлық көрсеткіштер бойынша бақылау және тәжірибелі топтар салыстырылады, олардың арасындағы айырмашылық анықталады. Алынған статистикалық мәліметтер ЭЕМ өңделеді.
Бөлімшенің қорытындысында диплом жасаушы алынған нәтижелерді талқылайды, өзінің мәліметтерін талдайды, оларды әдебиеттердегі мәліметтермен, оптималды көрсеткіштермен және норманың көрсеткіштерімен, сонымен қатар алдыңғы қатарлы технологиялардың жетістіктерінің нәтижелерімен салыстырады.
5 Пайдаланылған әдебиет тізімі.
Тізім диплом (курстық) жобасын орындаған кезде пайдаланылған әдебиет көздерінің тізімінен қалыптасады. Оларды тексте сілтемелердің пайда болу ретімен орналастырады. Тізімге енгізідген әдебиет көздері туралы мәліметтерді МЕСТ 2.106-95 «ЕСКД. Текст құжаттары» талаптарына сәйкес беру қажет.
Оқу құжатын библиографиялық суреттеудің мысалдары:
Пайдаланылатын әдебиет
Негізгі:
Основы отраслевых технологий и организации производства. Уч для ВУЗов.-М.: СПб: Политех, 2002
Организация и технология отрасли. Уч.-Ростов, 2001
Основы технологии пищевых производств.-Пищевая промышленность, 1978
Ройтер И.М. Справочник по хлебопекарному производству.-М.: Пищевая промышленность, 1977
Радченко Л.А. Обслуживание на предприятиях общественного питания.-Ростов,2001
Государственный обязательный стандарт образования Р.К., 2004
Қосымша:
Румянцева Г.И. Гигиена.-М., 2001
Усов В.В. Профессиональная этика и психология общественного питания.-М., Высшая школа, 1999
Справочник технолога общественного питания.-М.: Экономика, 1984
Масло, сыр и все из молока. Уч курс, -Ростов,2000
Технология спирта. Уч пособие под редакцией Яровенко В.Л.-М.-Колос, 2002
Микробиология в пищевой промышленности.-М.: Пищевая промышленность, 1975
Технология и техника виноделия. Уч пособие.-К., 2004
Коршунов Н.В. Организация обслуживания в ресторанах. М.: Высшая школа, 1980
Бухтарева Э.Ф. Товароведение пищевых жиров, молока и молочных продуктов.-М.: Экономика, 1980
Технология бродильных продуктов. Уч., 2004
Товароведение продовольственных продуктов.-М.: Экономика, 1988
Большаков А.С. Технология мяса и мясопродуктов.-М.: Пищевая промышленность,1976
Технология переработки рыбы.-Ростов, март, 2001
Колбасные изделия. Продукты из мяса. Уч. Курс. Ростов,2000
6 Қосымшалар
Қосымшалар берілген курстық жұмыстың жалғасы ретінде оның соңғы беттерінде рәсімделеді. Курстық жұмыстың текстінде барлық қосымшаларға сілтемелер болуы керек. Қосымшалар курстық жұмыстың текстінде оларға берілген сілтемелердің тәртібінде орналастырылады.
Әрбір қосымша жаңа беттен басталуы керек, беттің ортасында жоғарыда бас әріптермен «Қосымша» сөзі мен оның белгіленулері көрсетілуі керек. Қосымшада, әдетте, тақырып болуы керек, оны текстке қатысты симметриялы түрде бас әріппен жеке жолмен жазады.
Қосымшаларды орыс алфавитінің бас әріптерімен белгілейді, А әріпінен бастап, Ё, 3, Й, О, Ч, Ы, Ъ, Ь әріптері енбейді. Қосымшаларды латын алфавитінің әріптерімен белгілеу жіберіледі, , I және О әріптерінен басқа.
Егер курстық жұмысты бір қосымша болса, ол «ҚОСЫМША А» деп белгіленеді. Орыс алфавитінің барлық әріптерін толық пайдаланған кезде, қосымшаларды араб сандарымен белгілеу жіберіледі.
Қосымшалар курстық жұмыстың қалған бөлігі сияқты толассыз нөмірленуге ие болуы керек.
Әрбір қосымшаның тексті, қажет болған жағдайда, бөлімдерге, бөлімшелерге, пунктерге, тармақшаларға бөлінуі мүмкін, оларды әрбір қосымшаның шегінде нөмірлейді. Нөмірдің алдында осы қосымшаның белгіленуі қойылады.
Мазмұны мен рәсімделуі жағынан Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты (МЖМБС) мен жоғары аталған талаптарға сәйкес келмейтін дипломдық жұмыстар қорғауға жіберілмейді.
6 ЖҰМЫСТАРДЫ ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ
Студент қолын қойған аяқталған жұмыс жетекшіге ұсынылады. Жетекші қолын қояды және пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне береді.
Жетекшінің пікірінде келесі сұрақтар көрінісін табады:
1 Тақырыпты таңдауды негіздеу, оның тәжірибелік және ғылыми мәні.
2 Жұмысты орындау кезінде студенттің жұмысқа қатынасы, жинақылығы, адалдылығы, еңбекке жарамдылығы.
3 Дербестік дәрежесі мен курстық жұмысты дайындау бойынша міндеттерді шешуде студенттің жігерлігі.
4 Әдебиетпен жұмыс істеу, фактілерді байқау және жинақтау, сараптау және оларды салыстыру машықтығы.
5 Алынған нәтижелерден дұрыс қорытындыларды жасау мен жалпылау машықтығы.
Осы материалдың негізінде студентті қорғауға жіберу туралы сұрақты шешеді, жұмыстың титул бетінде ол туралы сәйкесінше жазба қалдырады.
Кафедрамен қорғауға жіберілген дипломдық жұмыс рецензияға жіберіледі. Рецензенттердің тізімі басқа оқу орындарының немесе берілген жоо-ның профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің ішінен, сонымен қатар орнатылған тәртіпте өндіріс пен ғылыми мекемелердің қызметкерлерінен бекітіледі. Шығаратын кафедраның қызметкерлері рецензенттер бола алмайды.
Рецензияда келесі сұрақтар бойынша қорытынды беріледі:
1 Дипломдық жұмысқа тапсырмамен сәйкес жалпы немесе бөлімдер бойынша жұмысты орындау толықтығы.
2 Тақырыптың маңыздылығы мен түпнұсқалығы, оның таңдалған бағыттың профиліне сәйкестігі.
3 Жұмыстың жеке бөліктерін құрастыруда оң жақтар мен жетіспеушіліктер, алынған мәліметтердің нақтылығы мен шынайылығы.
4 Жұмыста қойылған міндеттерді шешуде студенттің теориялық және тәжірибелік дайындығы.
5 Жұмысты мен иллюстрациялық материалды рәсімдеу сапасы.
6 Материалды мазмұндаудың сауаттылығы, айқындылығы мен реттілігі.
7 Қорытындылар мен ұсыныстарды зерттеулердің нәтижелерімен негіздеу.
8 Жұмыс пен иллюстративті материалды рәсімдеу сапасы.
Рецензияның соңында бес баллдың шкала бойынша жұмыстың жалпы бағасы мен авторға сәйкесінше квалификация беру туралы ұсыныстар бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Рогов И .А . Технология мяса и мясопродуктов .- М .: ВО "Агропромиздат ", 1988.
Флауменбаум Б .Л . Основы консервирования пищевых продуктов . – М .: Лёгкая и пищевая промышленность , 1982.
Проектирование предприятий мясной промышленности (часть I, II. Технико-экономическое обоснование и методика проектирования ). Справочник под редакцией В. М. Горбатова. – М.: Пищевая промышленность , 1978. Серия Техника и технология в мясной промышленности.
Фан -Юнг А .Ф . и другие .Технология консервирования плодов , овощей , мяса и рыбы . - М .: Пищевая промышленность , 1980. – 336 б .
Салаватулина Р . М . Рациональное использование сырья в колбасном производстве . – М . : Агропромиздат , 1985. – 256 б.
Флауменбаум Б .Л . Технология консервирования плодов , овощей , мяса и рыбы .-М .: "Колос ", 1993. – 320 б .
Методические указания к лабораторной работе “Микробиологическая оценка мяса и мясопродуктов ” для студентов специальности 270900 и 270800. – У -У , 1999.- 46 б .
Рогов И .А ., Жаринов А .И . Технология и оборудование мясоконсервного производства .- М : Колос , 1994.
Достарыңызбен бөлісу: |