Жалғасы
234
Құндылықтарды
дарыту
Топпен жұмыс жасау барысында оқушыларда: ынтымақ-
тастық, өз білімі үшін жауапкершілік сияқты
құндылықтар дамиды.
пәнаралық
байланыс
Ìàòåìàòèêà: графиктер, квадрат теңдеулер, теңдеулер
жүйесі.
аКт қолдану
дағдылары
Электрондық оқулық, Интерактивті тақта, видеороликтер,
слайдтар.
осыған дейін
меңгерілген
білім
Физика, 10-сынып: Термодинамиканың бірінші заңын
термодинамикалық процестерге қолдану, сұйық және
қатты денелер, электростатика, тұрақты ток, әртүрлі
ортадағы электр тогы.
Жабдықтар
Видео-сабақ: “Ампер күші”.
сабақ барысы
уақыт
бойынша бөліп
жоспарлау
сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер
ресурстар
басталуы
5 мин
Сабақтың басталуы.
Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа оң көңіл күймен ыңғайлану.
2. “Қар кесегі” әдісі арқылы сабақтың
тақырыбына жетелеу.
Сұрақтар:
1. Электр және магниттiң құбылыс-
тар дың байланысын кiм және қалай
ашқан?
2. Эрстед тәжiрибесi туралы не бiлесiң-
дер?
3.Бiр-бiрiне жақын орналасқан екi
параллель өткiзгiштiң бойынан ток
өткiзе отырып, Ампер нені байқады?
3. Сабақтың тақырыбы, мақсаты айты-
лады.
4.
Бағалау критерийлерін анықтау
(оқушылармен бірге):
— Ампер заңы жайлы мағлұмат алады;
— Ампер заңының формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
— Топта бағалай алатын болады.
5. Бағалау. Мұғалім ынталандыратын
сөздермен, бонустармен бағалайды.
Бірігіп жасаған критерийлер бойынша
оқушылар арасында өзара бағалау
өткізіледі.
“Ампер күші”
тақырыбына
презентация.
Жалғасы
235
сабақтың
ортасы
30 мин
1)
Жаңа материалды зерделеу.
“броундық қозғалыс” әдісі.
Мұғалім сұрақтар береді:
1. Ампер күшi деп ненi атаймыз?
2. Ампер күшiнiң бағытын қалай таба-
ды?
3. Магнит индукция векторының
физика лық мағынасы қандай?
4. 1 Тл дегеніміз не?
Сынып ішіне тақырыпқа қатысты
мәлі мет тер мен ақпараттар орналас-
тыры лады. Оқушылар бүкіл сынып
ішінде қозғала жүріп, берілген тақырып
бойынша ақпарат жинайды.
Содан соң мұғалім:
— Магнит өрiсiн сандық тұрғыда сипат-
тау үшiн
B векторының бағытын ғана
емес, оның модулiн де анықтау тәсi лiн
көрсету керек. Ол үшiн зерттелетiн
магнит өрiсiне тогы бар өткiзгiштi
енгiзiп, өткiзгiштiң қандай да бiр түзу
сызықты бөлiгiне әсер ететiн күштi
өлшеу керек. 1820 ж. француз физигi
А.М. Ампер эксперименттiк түрде
магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiз-
гiшке әсер ететiн күштiң өткiз гiштегi
токтың күшiне, оның белсендi бөлiгiнің
ұзындығына (магнит өрiсiнде тұрған
өткiзгiштiң бөлiгiне), магнит өрiсiнiң
шамасына тура пропорционал екенiн
көрсеттi. Ол тогы бар өткiзгiштi таға
тәрізді магнит полюстерiнiң арасына
орналастырып, ток күшi мен магнит
өрiсiн және өткiзгiштiң белсендi бөлiгiн
өзгерттi. Ампер күші
F
A
=
BI∆lsin
α,
мұндағы
 — магнит индукциясының
векторы,
I — өткiзгiштегi ток күшi,
∆l — өткiзгiштiң белсендi бөлiгiнiң
ұзындығы,
α — магнит индукциясының
век торы мен өткiзгiштегi токтың ара-
сын
дағы бұрыш.
Ампер күшiнiң бағытын сол қол ережесi
бойынша табады: егер сол қолды магнит
өрiсiнiң күш сызықтары алақанға
кiретiндей, ал төрт саусақты ток бойы-
“Физика”
оқулығы,
10-сынып.
Жалғасы
236
мен бағытталатындай етiп ұстаса, онда
90° бұрыш құрайтын бас бармақ Ампер
күшiнiң бағытын көрсетедi.
Дескриптор.
1. Ампер күшi ұғымын түсiндiредi;
2. Ампер күшiнiң бағытын қалай
болатынын дәлелдейдi;
3. 1 Тл дегеніміз не, түсініктерін жаза-
ды.
Күтілетін нәтижелер.
Оқушылар;
а) Ампер заңы жайлы мағлұмат алады;
ә) Ампер заңының формулаларын есеп-
тер шығаруда қолдана білуге үйренеді;
б) Топта бағалай алатын болады.
Қб: «Бас бармақ» әдісі арқылы орын-
далады.
оқушылар:
— сол қол ережесін қолдануды және
зарядталған бөлшектердің қозғалысы
мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің
әсерін түсінеді;
— жұпта, топта мәселелік сұрақтар
құрастырады, оларға жауап береді.
«Пікір алмасу» (Showdown). Әрбір
топ тақырыпқа қатысты 4 сұрақ
дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің
бірінші жағына, ал жауабын екінші
жағына жазып, келесі топпен стикер-
лерін ауыстырады. Топ басшысы стикер-
дегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері
жауаптарын жазып дайындайды.
Көшбас шы белгі бергенде, барлығы
өз жауабын ашады және жауап-
тар ды талқылап, дұрыс жауаппен
салыстырады.
1. Сол қол ережесiн тұжырымдаңдар.
2. Оң қол және сол қол ережесiн
қолданып, параллель токтардың бағыты
бiрдей болса, тартылатынын, ал қарама-
қарсы болса, тебiлетiнiн дәлелдеңдер.
3. Параллель токтардың магниттiк өзара
әсер күшiн қандай формуламен анық-
тайды?
4. Магнит индукция векторының
физикалық мағынасы қандай.
Физикадан
“Ампер күші”
тақырыбын дағы
видео-сабақ.
Бағалау
критерийлері.
ИТ (сұрақтар
көрсетіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |