66
қол жеткізуі. Дамыта оқыту олардың дербес танымдық әсертерге ұмтылуға
құштарлығын, белсенді өмірлік қағидаттарын қалыптастырады. Оқушының
жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Ол оқытуда
қолданылатын дидактикалық ойындар, пікірталастар, сонымен қатар
шығармашылық қиялы мен ойлауына, есте сақтауына, сөйлеуіне бағытталған
түрлі іс-әрекеттерге оларды өту түріндегі оқыту әдістерін қолдану арқылы
жүзеге асырылады. Дамыта оқыту оқушының жан-жақты тұлғалық сапасының
дамуына, өзіндік ой-тұжырымын жасауына, өзіндік оқу іс-әрекетіне талдау
жасауға және оны басқара білуіне бағытталған.
15.
Модульдік оқыту — оқу ақпаратын блокты — модуль негізінде беру
арқылы оқу процесін ұйымдастыру тәсілі. Оқу мазмұны ақпаратты блоктарда
беріледі де меңгеру мақсатқа сәйкес жүзеге асырылады. Модульдік оқыту
барысында оқушылар үшін оқытылатын білім көлемі ғана емес, оны меңгеру
деңгейінің дидактикалық мақсаты тұжырымдалады. Модульдік оқыту
оқушылардың базалық дайындығының деңгейіне, жеке сұраныстары мен
икемділігіне қарай оқытуды қамтамасыз етеді. Оқытуды дараландыруды:
оқу мазмұнын, меңгеруін, өзіндік деңгейі, әдісі мен тәсілі, бақылау, өзін-өзі
бақылауы бойынша қамтамасыз етеді.
16.
Проблемалық оқыту — өзіндік дүниетанымын қалыптастырудың
барынша өзекті құралы. Проблемалық оқытудың тиімділігі ол оқушылардың
сыни, шығармашылық, диалектикалық ойлауын қалыптастыру міндетін
шешуден тұрады. Проблемалық оқыту логикалық тәсілдер жүйесін
немесе жекелеген шығармашылық іс-әрекеттерін, жаңа жағдаятта білімін
шығармашылықпен қолдану біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Ол шығармашылық тәжірибесінің артуына, зерттеушілік әдістерді меңгеруіне,
практикалық проблемаларды шешуге мүмкіндік береді.
17.
Дербес оқыту тәсілі — оқу-тәрбие процесін дараландыруға, олардың
жеке ерекшелігін ескеріп оқыту мен тәрбиелеуге, өзіндік танымдық іс-
әрекет тәжірибесін қалыптастыруға, өз білімін көтеруге дайын болуы мен
қажетсінуіне, оқушылардың ұйымшылдығын, дербестігін тәрбиелеуге
мүмкіндік береді. Білім, білік, дағдыларын жетілдіруде және қалыптастыруда
өтілген материалды бекітуге дербес оқытуды тиімді пайдалануға болады.
Дербес оқытуды тиімді пайдаланғанда әрбір оқушының белсенді оқу әрекеті
қамтамасыз етіледі. Ол әрбір оқушының жеке қарқынды жұмыс істеуіне;
білімде кеткен ақтаңдақтарды жоюға, саралап оқуға, әрбір оқушының
жұмысын жандандыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар дербес оқыту білім
алушының өзіндік бақылауын күшейтеді, өздігінен оқуының негізі болып
табылады.
67
оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды
бағалау жүйесі
Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау жүйесіне
көшу қарастырылған. Жаңа бағалау жүйесі оқушыда өз әрекетін бақылау
мен бағалау, туындаған қиындықтардың себептерін анықтау мен қалпына
келтіру қабілетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқыту процесі оқушылардың бойында функционалдық сауаттылықты және
кең ауқымды дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. Бұл оқыту процесінде
оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан алшақтап, білім берудің 6 саласы
бойынша айқындалып күтілетін нәтижелерге негізделеді және оқушылар
“біледі”, “түсінеді”, “қолданады”, “талдайды”, “жинақтайды”, “бағалайды”,
яғни іс-әрекеттік аспектіні болжайтынын ескеру маңызды.
Оқыту мақсаттары күтілетін нәтижелер түрінде ұсынылып отыр. Әрбір
бөлімшелерге дәйекті түрде енгізілген оқыту мақсаттары, мұғалімдерге өз
жұмысын жоспарлауға және олардың жетістіктерін бағалауға мүмкіндік
береді.
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау оқыту мақсаттарымен жоспар-
ланған, қол жеткізген нәтижелері дәрежесіне сай алдын ала белгіленген нақты
критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Осыған байланысты, оқушының жеке тұлғасы емес, оның жұмысы ғана
бағаланады; олардың жұмысы басқа оқушылардың жұмыстарымен емес,
оларға алдын ала белгілі (өте жақсы орындалған жұмыс түрінде) эталонымен
салыстырылады. Не нәрсеге үйретеді, соны ғана бағалауға болады, сондықтан
бағалау критерийі — оқу мақсаттарының нақты көрсетілуі.
Мұғалімге критериалды бағалауды оқу процесін барынша тиімді
ұйымдастыруға болатындай түрде пайдалану, оқушыларға дер кезінде қолдау
көрсету және олардың оқудағы алға жылжуын қамтамасыз ету, мүдделі
тараптарға оқу нәтижелері туралы ақпаратты беріп отыру ұсынылады. Мұндай
бағалау жүйесі алдымен оқушыларды табысты оқуға ынталандыруға, білімдегі
олқылықтарын анықтауға және олардың өсуін көрнекі түрде көрсетіп отыруға
бағытталған.
Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы бағалау мен ішкі жиынтық
бағалаудан тұрады.
Критериалды бағалау жүйесі оқыту, оқу мен бағалаудың өзара байланысына
негізделгенін есте сақтау маңызды. Критериалды бағалаудың нәтижелері білім
беру процесін тиімді жоспарлау мен ұйымдастыру үшін пайдаланылады.
Критериалды бағалау оқушылардың дағдыларының даму дәрежесін
бағалауға мүмкіндік береді.
Әрбір сабақ оқыту мақсаттары мен оларға жету критерийлерін айту/көрсе-
туден басталуы керек. Оқушы қойылған оқу мақсатын түсінуі, ұғынуы және
оған қалай қол жеткізуге болатынын білуі тиіс.
Критериалды бағалау технологиясын пайдалану қандай да бір практикалық
дағдының қалыптастырылғанын, оқу материалының қаншалықты табысты
меңгерілгенін анықтауға мүмкіндік беретін анық айқындалған, алдын ала
белгілі критерийлермен оқушылардың жетістіктерін салыстыру. Осыған
сәйкес, әрбір білім алушының жалпы дайындық деңгейінің өзгерістері сияқты,
Достарыңызбен бөлісу: |