Әдістемелік нұсқау Физика 10



жүктеу 1,89 Mb.
Pdf просмотр
бет28/89
Дата08.01.2020
өлшемі1,89 Mb.
#26040
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89

64
Оқу үдерісін ұйымдастыру барысында келесі заманауи әдіс-тәсілдер мен 
оқыту технологияларын пайдалану қажет.
1.
  Зерттеушілік  тәсілі:  “мұғалім  –  оқушы”  өзара  қарым-қатынасы 
сипатының ынтымақтастық жағдайына қарай өзгеруіне, сондай-ақ танымдық 
қызығушылығын тәрбиелеуге, білім алу мен оқуға деген оң ынтасын құруға, 
терең,  сапалы  білім  алуды  қалыптастыруға  ықпал  етеді.  Зерттеушілік 
тәсілді қолдану жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуына, өзіндік білім алу 
дағдыларын, белсенді танымдық іс-әрекетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2.
 Құндылыққа бағдарланған тәсіл. Оқытудағы құндылықтарға бағытталған 
тәсіл – ол оқу әрекетін белгілі бір құндылықтар тұрғысынан ұйымдастыру және 
жүзеге асыру, нәтижелерге қол жеткізу және пайдалану тәсілі. Құндылыққа 
бағытталған оқу процесі оқушының бойында тұлғалық құндылықтар жүйесін 
қалыптастырады.  Құндылықтарды  іске  асыру  құндылықтардан  шығатын 
талаптарға  сай  болу  және  күнделікті  өмірді  сол  талаптарға  бағындыру. 
Құндылықтардың  мәні  белгілі  бір  қоғамның  сәтті  әсер  етуі  үшін  қажетті 
ережелерді, дағдыларды, өмір салтын, мінез-құлық мәнерін қалыптастыруда 
көрініс табады.
3.
 Тұлғаға бағдарланған тәсілдің мақсаты оқу үдерісін дараландыру, оның 
жеке психикалық және дене бітімі ерекшеліктерін, қажеттіліктері мен мінез-
құлық  ерекшеліктерінің  ескере  отырып  оқушыны  тұлға  ретінде  үйлесімді 
қалыптастыру және жан-жақты дамыту, оның шығармашылық қабілеттерін 
толық ашу болып табылады.
4. 
Іс-әрекеттік  тәсілдің  негізгі  мазмұнында  оқушының  білімді  дайын 
күйінде алмай, оны өзі өндіруі, өзінің оқу әсерінің мазмұны мен түрлерін 
ұғынатыны, оның ережелер жүйесін түсінуі мен қабылдауы жатыр, бұл өз 
кезегінде  оның  білімінің,  біліктерінің  және  кең  ауқымды  дағдыларының 
белсенді әрі табысты қалыптасуына ықпал етеді. Іс-әрекеттік тәсіл өз бетінше 
ізденуді,  түсіндіруді,  талдауды,  түрлі  дереккөздерден  алынған  ақпаратты 
тарату мен бағалауды, графикалық мәліметтер мен басқа үйретуші ресурстарды 
қолданады.
5.
  Саралап  оқыту  тәсілі  —  оқушылардың  әртүрлі  топтары  үшін  оқу 
процесін  мамандандыруды,  оның  ерекшеліктерін  есепке  алу  мақсатында 
әртүрлі топтар үшін түрлі оқыту жағдайларын жобалайды. 
Саралап оқыту тәсілі әртүрлі оқушылар тобының оқу әсерін ұйымдастыру 
үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін кіріктіреді. 
Күрделілігімен, оқу-танымдық қызығушылықтарымен, мұғалім тарапынан 
көмек  сипатымен  ерекшеленетін  сараланған  тапсырмаларды  қолдану  — 
сараланған оқу іс-әрекеттерін ұйымдастырудың шарты болып табылады.
6.
 Құзыреттілік тәсілдің мақсаты дәстүрлі емес және типтік жағдаяттарда 
шешім қабылдау және іс-әрекет жасау, өз мақсатын анықтай алу дағдыларын 
меңгеру болып табылады. Құзыреттілік тәсілдің басты міндеті оқушылардың 
бастамашылдығы  мен  өз  бетінше  жұмыс  істей  алатынын  көрсетуге  деген 
ынтасы болып табылады. Ол оның жеке әрекет ете алуына, өз қабілеті мен 
қызығушылығын ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Құзыреттілік тәсілі оның 
білім, білік дағдыларын жеке-жеке емес, кешенді түрде меңгеруін көздейді.
7.
  Жүйелі-әрекеттік  тәсіл  оқушының  оқу  әрекеттерін  өз  бетінше 
ұйымдастыру  негізінде  құрылады,  оларда  әмбебап  оқу  әрекеттері  жүйесін 


65
қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Ол өз бетімен оқу, 
өздігінен  даму,  өздік  ұйымдастыру  режимінде  оқу  процесін  ұйымдастыру 
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Жүйелі-әрекеттік тәсіл курстың тарауларын 
жеке-жеке емес, өзара байланыста оқуды ұсынады. 
8.
  Коммуникативтік  тәсіл  —  ақпаратты  тарату  мен  жариялау,  екі 
немесе одан да көп адамдар өзара сөйлесім процесіне түскенде білім, білік 
және  дағдымен  алмасу.  Коммуникативтік  тәсілдің  нәтижесі  тілдік  және 
сөйлеу нормаларын дұрыс пайдалану және коммуникативтік әрекетті дұрыс 
таңдай отырып, қарым-қатынасқа қатысушы басқа адаммен өзара әрекет ету 
процесінде тіл арқылы қарым-қатынасты жүзеге асыру қабілеттілігі болып 
табылады. Оқыту процесінде коммуникативтік тәсілге сәйкес қарым-қатынас 
жасай  білуін  қалыптастыруға  ықпал  ететін  тапсырмалар  және  шынайы 
коммуникация  шарттарына  барабар  жұмыс  режимі  (жұптық  және  топтық 
жұмыс) пайдаланылады. 
9.
  Интегративтік  тәсіл  —  оқушыларды  дамытуға  арналған  бұл  тәсіл 
барысындағы  оқыту  процесі  әртүрлі  құралдар  мен  бірнеше  іс-әрекеттерді 
біріктіру қағидатына сай құрылады. Интегративтік тәсілге көптеген белсенді 
қозғалыс  түрлері  жатады:  сергіту  сәттері,  театрландырылған  ойындар, 
қозғалыс үзілістері (кідіріс).
10. 
Ойын  арқылы  оқыту  оқушылардың  танымдық  қызығушылық 
белсенділігін  арттыруға  мүмкіндік  береді.  Ұжымдық  іс-әрекет  түрлерін 
ұйымдастыруға бағытталған ойын тәсілдері арқылы олар басқа шағын топ 
мүшелерінің пікірін сыйлауды, соңғы нәтиже мен өзіндік іс-әрекетін жобалай 
алуды, мақсатқа жету әдістерін анықтауды үйренеді. 
11. 
Жобалау  әдісінің  элементтерін  қолдану  арқылы  оқушылар  алға 
қойған проблеманы шешудің өзіндік жолдарын іздеп табады. Жобалау әдісі 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес іске асырылады. Жобалау әдісін 
қолдану  барысында  оқушылардың  ұжымдық,  топтық  жобалар  дайындау 
бойынша  атқаратын  іс-әрекеттерін  ұйымдастыру  ұсынылады.  Жобалау 
жұмыстарын ұйымдастыру сабақпен ғана шектелмейді, сабақтан тыс уақытта 
да бірлесіп жұмыс жасаулары қарастырылады. 
12. 
Ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  (АКТ)  қолдану 
кезінде оқушылар өздерінің АКТ бойынша дағдыларын білім алу процесіндегі 
барлық  оқу  пәндері  арқылы  дамытады,  яғни  ақпаратты  табу,  құру, 
мәліметтермен,  идеялармен  алмаса  отырып,  кең  спектрлі  жабдықтар  мен 
қосымшаларды пайдалану арқылы бірлесіп қызмет жасау барысында өзінің 
жұмысын бағалайды және жетілдіреді. 
13.
  Кейс-стади  —  бұл  нақты  оқиға  мен  жағдаятты  талдауға  арналған 
іскерлік  ойын.  Кейс-стадиді  қолдану  барысында  олар  топтық  сұрақ-жауап 
кезінде  шығарылған  мәселенің  маңызын  түсіндіріп,  жағдайды  бағалайды, 
оқиға немесе процеске талдау жасайды, өзіндік шешу жолдарын көрсетеді. 
Кейс-стадиді  қолдану  барысында  олар  дайын  білімді  меңгеруі  емес  оны 
өндіруге,  яғни  теориялық  білімін  практикалық  міндеттерді  шешуге 
қолдану дағдыларын дамыту және мұғаліммен оқушылардың ынтымақтаса 
шығармашылықпен жұмыс жасауына басты назар аударылады.
14.
 Дамыта оқыту әдісінің мақсаты — олар күнделікті өмірге тәуелсіз, 
сонымен  қатар  ақиқатты  іздей  отырып,  өзіндік  оқуы  арқылы  білім  алуға 


жүктеу 1,89 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   89




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау