62
“тұрақты ток” тарауы бойынша бақылау жұмысы
Оқушылардың игерген білімін тексеру үшін төменде берілген бақылау
жұмысының мәтінін пайдалануға болады.
1-нұсқа
1. Электр тізбегі ток көзінен және
R
1
=5 Ом,
R
2
=4 Ом,
R
3
=6 Ом кедергілер
резисторынан тұрады (16-сурет). Ток көзінің ішкі кедергісі 0,6 Ом, ал ЭҚК
16 В. Тізбектің сыртқы бөлігіндегі кернеу неге тең? Әрбір өткізгіштегі
кернеу мен ток күші неге тең?
Жауабы: U = 14,8 В;
U
1
= 10 В;
U
2
=
U
3
= 4,8 В;
I = I
1
= 2 А
;
I
2
= 1,2А;
I
3
= 0,8А
2. ЭҚК-і 25 В ток көзіне кедергісі 3,5 Ом резистор жалғанған. Егер тізбектегі
ток күші 5 А болса, онда ток көзінің ішкі кедергісі неге тең?
Жауабы:
r = 1,5 Ом.
3. Егер өткізгіштердің ұштарындағы кернеуі 120 В болғанда 540 кДж
жұмыс атқарылса, онда өткізгіш бойымен токтың өту уақыты неге тең?
Өткізгіштің кедергісі 24 Ом.
Жауабы:
t = 900 с = 15 мин.
2-нұсқа
1. Электр тізбегі ішкі кедергісі 0,8 Ом және ЭҚК 24 В және
R
1
= 3 Ом,
R
2
= 2 Ом,
R
3
= 4 Ом (17-сурет) кедергілер резисторынан тұрады. Тізбектің
сыртқы бөлігіндегі кернеу неге тең? Әрбір өткізгіштегі кернеу және ток
күші неге тең?
Жауабы:
U = 20,8 В:
U
1
=
U
2
= 4,8 В;
U
3
=
16 В;
I =
I
3
= 4 А;
I
1
= 1,6А;
I
2
= 2,4А
2. Ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 4,0 Ом резистор жалғанған. Егер
тізбектегі ток күші 3 А болса, онда ток көзінің ЭҚК-і неге тең болады?
Жауабы:
E
= 15 В.
3. Егер 220 В кернеу көзіне қосылғанда су қайнатқыштың қуаты 0,8 кВт
оның шиыршық сымдарының кедергісі неге тең болады?
16-сурет
17-сурет
R
1
R
2
R
3
E
, r
63
“Физика” оқу пәні бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыру және оны
жүзеге асыру жағдайларына қойылатын талаптар
“Физика”
пәні бойынша білім беру бағдарламасы мұғалімнің оқушылардың
өз бетінше танымдық іс-әрекетін көрсететін оқыту технологияларын пайдалана
отырып, оқу процесін ұйымдастыруына бағыт-бағдар береді.
Орта білім берудің мақсаты ретіндегі мектеп түлектерінің түйінді
құзыреттіліктерін қалыптастырушы әрбір оқу пәні оқушылардың төмендегідей
іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру арқылы мектепте физика курсын оқытудың
басым міндеттерін анықтайды:
— танымдық іс-әрекет қоршаған дүниені танып білу үшін бақылау, өлшеу,
эксперимент, модельдеуді пайдалануды; зерделеу нысандары арасындағы мәнді
қызметтік байланыстар мен қатынастарды бөліп көрсетуді; себеп-салдарлық
байланыстардың сипатын айқындауды; оқу және практикалық есептерді
шешуді, өз бетінше әртүрлі шығармашылық және зерттеу жұмыстарын
ұйымдастыра алуды; мақсат қою, нәтиже, оны бағалау тәрізді проблемаларды
шешу компетенттілігі аясында өзінің танымдық іс-әрекетін өз бетінше,
қызығушылықпен
ұйымдастыра алуды болжайды;
— ақпараттық-коммуникативтік іс-әрекетке бастапқы және екінші
ақпаратты ала білу және оны өңдей алу, сондай-ақ оны пайдалана білу;
негізгі ақпаратты қосалқыдан бөле алу, алынған ақпараттың сенімділігін
бағалай алу; қойылған мақсатқа сәйкес ақпарат мазмұнын жеткізе алу;
ақпаратты бір таңбалық жүйеден екіншісіне көшіре білу; пайымдауын кеңінен
негіздей алу, анықтамалар беріп, дәлелдемелер келтіре білу; ақпараттарды
өңдеу, жіберу, жүйелеу үшін, танымдық және практикалық іс-әрекеттің
нәтижелерін көрсету үшін мультимедиялық қорларды, компьютерлік
технологияны пайдалана алу біліктілігімен қаруландыру; жазу, көпшілік
алдында сөйлей білу (өз ойын айту, монолог, пікір талас және т.б.), топпен
жұмыс істей алу коммуникацияларының негізгі түрлерін меңгеру; пікір
алмасушының көзқарасын түсіне білу және басқа пікірдің болуын мойындай
білу қабілеттілігін дамыту, сұқбаттасу және пікірталас жүргізудің этикалық
нормалары және ережелерін білу жатады.
Физика пәнін оқып-үйренуде іс-әрекеттің осындай түрлерін меңгеру мектеп
түлегінің түйінді құзыреттіліктерін қалыптастыру мен дамытудың қажетті
шарттарының бірі болып табылады.
Оқытудың әдістері мен технологиясы. Білім алушылардың оқу әсерін
ұйымдастыру және оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру үшін
педагог әртүрлі әдістер мен құралдарды пайдаланады. Білім беру мазмұнын
жаңарту аясында оқу процесі оқушылардың өздерінің белсенді қызметімен
сипатталатынын атап өткен маңызды. Бұл жағдайда мұғалім білім алшылардың
танымдық іс-әрекеттерінің ұйымдастырушысы ретінде болады.
Жаңа стандарттар құзыреттілік тәсіліне негізделген, соған сәйкес оқу
бағдарламаларының құрылымы өзгерді: міндетті меңгерілуі тиіс белгіленген оқу
материалынан емес, күтілетін нәтижеге қарай әсер жасаймыз. Бұл оқушының
қабылдауы өзгергенін, яғни басым авторитарлықтан ынтымақтастық оқытуға
көшуді білдіреді.
Жаңартылған білім мазмұнына көшуде мұғалім оқушы қызметін
жандандыру тәсілдерін пайдаланып, оларға барынша дербестік бергені жөн.