57
2
2
5
10
40
←I=0,5A
13-сурет
Электр және магнит өрістерінің өзара байланысы
Бұл тақырыпты оқытудың
мақсаты —
оқушылардың электр және магнит
өрістерінің өзара байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру және
электромагниттік өріс ұғымын зерделеуге дайындау.
токтың магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы
Негізгі материал. Магнит өрісі туралы ілімнің тарихи алғы шарттары:
тұрақты магниттердің әсерлесуі, Эрстед тәжірибесі, Ампер тәжірибесі, Фарадей
тәжірибесі. Магниттік өзара әсерлесу. Элементар токтар туралы Ампер
болжамы. Магнит өрісінің күштік сипаттамасы. Магнит өрісінің құйындық
сипаты. Ортаның магниттік өтімділігі.
Көрсетілімдер. Эрстед, Ампер, Фарадей тәжірибелері. Магнит өрісінде
тогы бар раманың айналуы. Тогы бар түзу өткізгіштің, тогы бар орамның,
тогы
бар катушканың, тұрақты магниттің маг нит өрісі.
Мұғалімдер үшін ұсыныстар. Оқу материалы физика дамуындағы
Эрстедтен Эйнштейнге дейінгі үлкен кезеңді қамтиды, бұл аралықта
физикалық көзқарастар түбегейлі түрде бірнеше рет өзгерген болатын. Бұл
электромагнетизмді мектепте оқыту процесіне қолайсыз ықпалын тигізді,
яғни мәселелердің та рихи дәстүрлі түсіндірмесі заманауи көзқарастармен
араласа оты рып, ұғымдардың қалыптасуындағы бірізділікке әсер етті. Енді
магниттік құбылыстарды жаңа көзқарас тұрғысынан оқытуды қарастырайық.
Магниттік құбылыстарды оқыту кезінде оқушылар жаңа ұғыммен – магнит
өрісімен, оның құйындық сипатымен таныса ды, магниттік күштер өрісті
сипаттаушы магнит индукциясы бой ымен емес, оған перпендикуляр әсер
ететінін білетін болады.
Бұл тақырыпты зерделеу барысында электромагниттік құбылыстардағы
қозғалыстың салыстырмалылық рөлі түсіндіріледі де, оқушыларды
электромагниттік өріс туралы Мак свелл ілімін оқып-үйренуге дайындайды,
сондай-ақ жақыннан әсер ету теориясы туралы оқушылардың түсінігін
кеңейтеді.
Электромагнетизмнің тірек ұғымдарын тұжырымдаудың негізі физиканың
басқа бөлімдері сияқты тәжірибелік деректер болып табылады. Токтардың
өзара әсерлесуі бойынша негізгі тәжірибелер оқушыларға мектептегі негізгі
физика дәрісінен белгілі, бірақ оларды қайталау тиімді болмақ. Бұл – Эрстедтің
өткізгіш арқылы ток өткен кезде оның маңайында орналасқан магнит тілінің
ауытқитыны туралы атақты тәжірибесі, тогы бар парал лель өткізгіштердің
өзара әсерлесуі бойынша Ампер тәжірибесі.