Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих



жүктеу 2,91 Mb.
бет13/17
Дата22.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#15771
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

  1. Білуге тиіс:

ерекше күрделі тораптар мен бұйымдарды құрастыруға (бөлшектеуге) және реттеуге қойылатын техникалық талаптар, сағатты механизмдері бар жарғыштарды пісіру және реттеу амалдары әрі оларды сынау режимдері, жарғыштардың және жарғыш құралдардың жүйелері, құрастырылатын тораптар мен бұйымдардың конструкциясы мен міндеті, бұйымдарды өлшеу тәсілдері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. электр механикалық жарғыштар – құрастыру;

      2. реактивті қозғалтқыштар, тұтандырғыштар – жабдықтау;

      3. зарядтар – 0,01 мм дейін дәлдікпен өлшеу;

      4. әуе және түтікті миналардың корпустары – зәкірлерді корпустармен жіктеу;

      5. артиллериялық снарядтар мен миналар, жабдықталған – станокта ұрыс жарғыштарын бұрау;

      6. калибрі 180 мм және одан артық артиллерия снарядтары – берілген торапты құрастыру;

      7. снарядтар, миналар және арнайы бұйымдар – 3 жіпті аспада тарту әдісімен инерция (полярлық және экваторлық) сәтін айқындау, роликтерде немесе призмаларда орталық эксцентрисит шамасын айқындау және есептеу.

Зымыран және торпедалық қару құрастырушы


123. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым және күрделілігі орташа агрегаттар мен тораптарды бөлшектеу. Жабдықтарды, аспаптарды, құралдарды, аспаптар мен бұйымдардың элементтерін тексеруге дайындау бойынша күрделі емес жұмыстарды орындау. Бұйымдардың бөлшектері мен агрегаттарын тазарту, жуу, үрлеу және майлау. Күрделі емес агрегаттардың жапырылған қабықшаларын түзету. Қарапайым колердің бояулары мен лактарын құрастыру. Агрегаттар мен бұйымдардың үстіңгі бояуын қалпына келтіру. Трафарет бойынша цифрлар мен әріптерді түсіру. Жоғары және төмен қысымды шлангтарды біріктіру. Жоғары білікті құрастырушының басшылығымен бұйымдарды көлденең тексерген кезде жекелеген монтаждау операцияларын орындау.

  1. Білуге тиіс:

бұйымның қозғалтқыш қондырғылары құрылғысының принциптері және жабдықтар мен аппаратураны тексеруге дайындау тәртібі, зымыран мен торпедаларды пайдалану ережесі, жөнделетін торпедалардың, зымыран мен агрегаттардың атауы, күрделі емес агрегаттардың құрылғысы және бөлшектердің атауы, майлау материалдары жөнінде негізгі мәліметтер және оларды қолдану тәсілдері, бақылау-өлшеу аспаптары мен жоғары және төмен қысымды шлангтарды қолдану ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. торпедалардың тәжірибелік заряд бөлімшелері, машина крандары және 1995 жылы шығарылған жетекші бөлімшелері – бөлшектеу;

      2. торпеданың тәжірибелік заряд бөлімшелері және жетекші бөлімшелері – сыртқы және ішкі бетін бояу;

      3. торпеданың резервуарлары, аккумуляторлық және жетекші бөлімшелері – ажарлағыш қабықшаларды қолданып станоктарда тазарту.

124. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды агрегаттарға бөлшектеу. Күрделі агрегаттарды бөлшектеу. Күрделілігі орташа агрегаттарды жөндеу, құрастыру және реттеу. Қысымы 20 кг/см2 дейін тораптар мен агрегаттарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Торпеда желілерінің тұтастығын және ток өткізгіш тізбектердің оқшаулау кедергілерін тексеру. Электр агрегаттың қарапайым схемаларын тексеру. Станоктарда ажарлағыш машинаны немесе ажарлағыш шеңберлерді қолданып, бұйымның сыртқы бетінен терең рискалар мен коррозияларды кетіру. Күрделі емес агрегаттарды тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды жою. Ішкі қол жетпейтін бетіне және сыртқы бетіне бояуды 3-4 қабаттап жағып бояу. Бұйымдардың бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды арнайы ерітінділермен майсыздандыру және химиялық өңдеу. Бұйымның ауа резервуарларының, баллондарының және су отсектерінің ішкі бетінен майды кетіру және жағу. Бұйымдарды көлденең тексеру кезінде монтаждау жұмыстарын орындау.

  1. Білуге тиіс:

бұйымдардың күрделі агрегаттарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі, электрмен өлшеу аспаптарын қолдану ережесі, жөндеу және ауыстыру кезінде қолданылатын материалдар туралы негізгі мәліметтер, шектеулер мен әдіптер туралы негізгі түсінік және олардың сызбадағы белгілері, бұйымдарды сақтау кезінде металл коррозиясын тудыратын себептер және оларды коррозиядан қорғау әдістері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. бұйымның отын бактары – пневматикалық және гидравликалық сынау;

      2. аспаптардың гермоқораптары – дәнекерлеу және герметикалығын тексеру;

      3. бұйымдардың қозғалтқышты қондырғылары – аралық жөндеу;

      4. лаз люктері – жөндеу, орнату;

      5. тәжірибелік заряд бөлімшелері, жетекші бөлімшелері және 1995 жылы шығарылған бұйымның саға бөліктері – бөлшектеу;

      6. тәжірибелік заряд бөлімшелері, жетекші бұйымдардың және 1995 жылы шығарылған бұйымның саға бөліктері – бөлшектеу;

      7. басқару жүйесінің аспаптары – түсіру және орнату;

      8. резервуарлар, аккумуляторлық бөлімшелер, қозғалтқыштар, бугаз генераторлары, жану камерасы, қыздырғыш және гидростатикалық аппараттар, рульді машиналар, қосқыш блоктар, майды таратқыштар, судың мөлшерін реттеуіштер, сып омпалары, клапандар, ауыстырып-қосқыш механизмдері, бәсеңдеткіштер, ығыстырушылар, пневматикалық шүріппелер, контакторлар – бөлшектеу;

      9. бұйымның кабельді желілері – демонтаждау, монтаждау, ақау учаскелерін ауыстыру, оқшаулаудың жарамдылығын және кедергісін тексеру;

      10. отын және ауа жүйелерінің фланецті бірігулері – жіктерді тексеру және герметикалығын тексеру;

      11. отын бактары, аспапты отсектер, саға бөліктері – орналастыру;

      12. ауа жүйесінің құбырлары – демонтаж, монтаж және орнату;

      13. шу оқшаулағыш, релелік блоктар, бөліп-таратқыш қораптар - тексеру.

125. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды көлденең тексеру кезіндегі монтаждық жұмыстар. Бұйымдардың күрделі агрегаттарын жөндеу, құрастыру, реттеу және өңдеу, ерекше күрделі агрегаттарын бөлшектеу. Тораптар мен агрегаттардың клапандары мен штоктарын ысқылау және дайындау. отырғызатын орындарды ұңғылау және қашау, шеттерін ысқыштармен жапсыру. Қысымы 20 кг/см2 артық тораптар мен агрегаттарды пневматикалық және гидравликалық сынау. Агрегаттарды айдау әдісімен тексеру. Бұйымдардың озық зарядтау бөлімшелерін шығару. Бұйымдардың шеткі бөліктерін орталау. Күрделі агрегаттарды тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды айқындау және жою. Барометрлік аспаптарды тексеру. Торпеданың магнитті жағдайын тексеру және оларды магнитсыздандыру. Жиында бұйымдарды сыртқы гидравликалық қысыммен сынаққа дайындау. Жоғары білікті құрастырушының басшылығымен бұйымдарды атысқа (іске қосуға) дайындау. Күрделі жөндеу кезінде бұйым резервуарларының түптері мен корпустарын өңдеу, қалайылау және дәнекерлеу.

  1. Білуге тиіс:

агрегаттарды реттеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар, жөнделетін бұйымдардың негізгі агрегаттарының құрылғысы және жұмыс істеу принципі, бұйымның энергокомпонентті ажырағыш бөлігінің электр схемалары мен схема жолдары, ысқыш материалдар және оларды қолдану тәсілдері, бұйымдардың бөлшектерін, тораптары мен агрегаттарын майсыздандыруға және өңдеуге арналған химиялық және арнайы еріткіштің міндеті мен құрамы, арнайы майлардың міндеті мен қасиеті, бөлшектер мен күрделі агрегаттарды өзара ауыстыру кезіндегі негізгі талаптар, бұйымдарды атысқа дайындау ережесі, формулярлардың мазмұны және оны пайдалану ережесі, бұйымдарды тексеру және жөндеу түрлері, оларды орындауды айқындайтын мерзімдер мен себептер.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. қозғалтқыш қондырғылардың автоматикасы - бөлшектеу, элементтерді ауыстыру, құрастыру;

      2. отын бактарының арматуралары - демонтаждау, жөндеу, орнату;

      3. отын бактары, аспап отсектері, шеткі бөліктер - жөндеу, тораптарды құрастыру, түйістіру;

      4. 239 типтік бұйымдар - өңдеу;

      5. басқару жүйесінің бұйымдары мен аспаптары - тексеру аппаратурасына қосу және сөндіру;

      6. КАП-3, ПАС-ГР, АД-3 - тексеру;

      7. озық зарядтау бөлімшелері, 1995 жылы шығарылған бұйымның жетекші бөлімшесі және шеткі бөлігі – құрастыру;

      8. қысымды реттеуші, бітеу клапандарының блоктары, су сорғылар, дестелі сөндіргіштер, инерциялы соққылар, аралық сақтандырғыштар мен электрмен оталдырғыш құрылғылар – бөлшектеу;

      9. резервуарлар, аккумуляторлық бөлімшелер, қозғалтқыштар, бугазгенераторлар, жану камералары, қыздырғыш және гидростатикалық аппараттар, рульді машиналар, қосқыш блоктар, май таратып бөлгіштер, су мөлшерін реттегіштер, су помпалары, машина крандары, клапандар, ауыстырып қосқыш механизмдер, бәсеңдеткіштер, ығыстырғыштар, пневматикалық шүріппелер, контакторлар – құрастыру, реттеу;

      10. бақылау деңгейінің сигнализаторлар - монтаждау, сынау.

126. Зымыран және торпедалық қару құрастырушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

жабдықтар мен аспаптарды бұйымдарды тексеруге дайындау. Бұйымның қозғалтқышты қондырғыларын тексеру. Жоғары білікті құрастырушының басшылығымен қозғалтқыш қондырғылары элементтерін монтаждау және демонтаждау. Ерекше күрделі агрегаттарды құрастыру, реттеу және өңдеу. Бұйымдардың тораптары мен агрегаттарының поршеньдерін, золотниктерін және цилиндрлерін ысқылау және келтіру. Сыйымдылықтарды арнайы азық-түлікпен толтыру. материалдық бөліктің жұмысын тексеру, жиында бұйымдардың тоқтатқыш және электрлік схемаларын өңдеу. Жиында бұйымдарды шығару және орталықтау. Бұйымдардың біршама күрделі агрегаттарын тексеру және сынау кезінде анықталған кінәраттарды айқындау.

  1. Білуге тиіс:

тексеретін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі, пайдалану ережесі, бұйымдардың корпусы мен қозғалтқыш қондырғының жұмыс істеу принципі, қозғалтқыш қондырғыны тексеру бағдарламасы, тексеру кезіндегі жұмыстардың технологиялық тәсімі, жөндеудегі бұйымдардың электр схемалары мен схемалары, бұйымдардың энергокомпоненттері, бұйымдарды сақтау және оларды орындарына беру кезінде оларды сыртқы гидравликалық қысыммен сынау мерзімі, бұйымдарды іске қосуға дайындау және оларды іске қосу позицияларына беруді ұйымдастыру ережесі, жаттығу кезінде қолданылатын өнімдердің міндеті мен құрамы, тік рульдердің көлденең салмаларын тексерген кезде қолданылатын бағыт аспаптарының міндеті мен құрылғысы, ерекше күрделі агрегаттардың сызбалары мен схемалары.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. тереңдік автоматтары, сильфонды-маятникті аспаптар – жөндеу;

      2. бұйымдардың қозғалтқыш қондырғылары – күрделі жөндеу;

      3. ВР түптері – магнитті және ультрадыбысты дефектоскопта тексеру;

      4. бұйым қысымын реттегіштер, бітеу клапандарының блоктары, су сорғылары, дестелі қосқыштар, инерциялы соққылар, аралық сақтандырғыштар мен электрмен оталдырғыш құрылғылар – құрастыру, реттеу;

      5. резервуарлар – қабырға қалыңдығын УДМ-1 аспабымен өлшеу.

127. Зымыран және торпедалық қаруды құрастырушы, 6-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

бұйымдарды кешенді сынау. тексеру кезінде бұйымдардың элементтері мен аспаптарын түсіру және салу. Бұйымдарды атып сынау (тексеру) және түсірілген диаграммалар бойынша кінәраттарды айқындау. Арнайы қондырғыларда (тежегіште, мулинеткада, стендте) бұйымдардың қозғалтқыштары мен іске қосқыш-реттегіш аппаратураны атып тексеру және оларды реттеу. Жұмыс барысында қондырғыларды реттеу. Бұйымдар қозғалтқыштарының роторларын теңгеру. Тік және көлденең рульдердің көлденең салмаларын тексеру.

  1. Білуге тиіс:

бұйымдарды кешенді сынауға қойылатын техникалық шарттар, бұйымдардың және қозғалтқыш қондырғының құрылғысы және жұмыс істеу принципі, электр пневможабдықтардың міндеті мен құрылғысы, бұйымға және қозғалтқыш қондырғыға берілетін техникалық құжаттама, қозғалтқыш қондырғылар мен оның элементтерін тексеру бағдарламасы, бұйымдардың жекелеген элементтерін ауыстыру технологиясы, ауа ылғалдылығын айқындау әдіснамасы және оны қоспа мен май қосылып кетпеуін тексеру тәртібі, газдардың негізгі заңдары, бұйымдардың пневможүйелерінің құрылғысы және жұмыс істеу принципі, пневможүйелерді тексеру талаптары, тіркейтін аспаптардың міндеті және құрылғылары, диаграммаларды оқу ережесі, бұйымдарды атып сынауға арланған аппараттардың міндеті мен құрылғысы, тереңдік автоматтарының міндеті мен құрылғысы, бұйымдардың қозғалтқыштарын тексеруге арналған арнайы құрылғыларды реттеу мерзімі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. тереңдік автоматтары, сильфонды-маятникті аспаптар – құрастыру, реттеу;

      2. зымыран қозғалтқыштары – жүйелерді жалпы құрастыру, баптау және реттеу;

      3. зымыран – жалпы құрастыру жүйелерді жалпы құрастыру, баптау және реттеу, кешенді сынау.

Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь


128. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

зымыран трегіне түсірулер жүргізген кезде оптикалық аспаптар бойынша рельсті жіптерге арнайы штатив деңгейі бойынша инварлы рейкалар орнату. Рельсті жіптерге күтім көрсету және бекіту тораптарын сақтандыру. Зымыран трекке бағыттаушы арбашықтарды орнату және түсіру. Тасу алдында зымыран поездің сатысымен бағыттағыш арбашықты біріктіру.

  1. Білуге тиіс:

инварлы рейкаларды деңгей бойынша және арнайы штативтерді орнату ережесі, жұмыста қолданылатын құралдардың түрлері және оларды жұмыс барысында қолдану ережелері, бағыттаушы арбашықтың техникалық шарттары және орнату, зымыран тректен түсіру тәртібі, шар және цилиндрлік деңгейдің құрылғысы.

129. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

зымыран поездің сатыларын тиеу, тасымалдау және түсіру. Кіші рельс балкаларын ауыстыру арқылы рельсті жіптерді алдын ала түзету және салыстырып тексеру. Рельсті жіпті түзету және рихтовкалау үшін өлшегіш базаны орнату.

Зымыран тректің бірінші рельсті жібін темір бойынша және екінші рельсті жіпті бірінші (негізгі) бойынша тексеру. Рельстік жіптің бұзылған учаскелерін демонтаждау. Рельсті жіптерді пісіруге және пісірілген жерлерді ажарлауға дайындау. Жоғары білікті слесарь-баптаушының басшылығымен көмекші жабдықтарды орнату.



  1. Білуге тиіс:

бақылау-өлшеу құралдарының түрлері және зымыран тректі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде оларды пайдалану ережелері, рельсті жіпті пісіруге дайындау кезінде рұқсат етілетін әдіптер, түрлі биіктіктер және бұрыштар, пісіру жіктерін ажарлау үшін қолданылатын абразивтік материалдар мен құралдар, динамометрі бар тарту қондырғыларының, түрлі биіктіктегі аспаптар мен колея енін өлшегіштердің құрылғысы, жұмыс істеу принципі және орнату тәртібі, жылжымалы ажарлағыш станоктың құрылғысы, оған қызмет көрсету және теңшеу ережесі.

130. Зымыран трегіне қызмет көрсету жөніндегі слесарь 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

индикаторлық жезл бойынша зымыран тректің рельсті жібінің реперлі желіден ауытқуын айқындау. 0,01 мм дейін дәлдікпен жылжымалы дәлдеу нысаны бойынша рельсті жіптің жоспардан ауытқуын өлшеу. Рельс жолдарын колея ені бойынша іске қосар алдында тексеру және оларды бұйымдарды қосуға дайындау. Зымыран тректе зымыран поезд сатысы бойынша байланыстырғыш кронштейндерін орнату. Рельс жолына зымыран тректі орнату және зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату. Рельс жолына зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату, зымыран поезді түйістіру. Берілген бұрыштар бойынша зымыран тректің финишіне шпангауттарды орнату.

  1. Білуге тиіс:

бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы және оларды пайдалану ережесі, зымыран тректің рельс жолына қойылатын техникалық талаптар, оларды тексеру ережесі, жол өлшегіш арбашықтың құрылғысы және басқару ережесі, зымыран тректе байланыстырғыш тректі орнату ережесі, итерумен зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату тәртібі, рельс жолына зымыран поездің жабдықталмаған сатысын орнату ережесі және оларды зымыран поезға түйістіру бойынша жұмыстарды жүргізу жүйелілігі, буссоль, квадрантта мен нивелирдің көмегімен берілген бұрыштар бойынша шпангоуттарды орнату тәртібі мен ережесі, рельсті жолды жоспарлы және биіктікті салыстырып тексеру әдістемесі, оптикалық аспаптардың құрылғысы және пайдалану ережесі.

131. Зымыран трекке қызмет көрсету жөніндегі слесарь, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

рельсті тірек нүктелерін ауыстыру және оны жобалық қалыпқа орнату. Зымыранның ұрыс қалпақшасын эстакадаға ілу. Едәуір күрделі зымыран поезді зымыран тректің рельс жолына орнату.

  1. Білуге тиіс:

рельсті жіптерді тіреу нүктелеріне жоспар және биіктік бойынша орнатудың ділдігі, колея енін өлшеуге арналған аспаптардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі және түрлі биіктігі, оларға қызмет көрсету және теңшеу ережесі, зымыранның қалпақшаларын эстакадаға ілудің техникалық шарттары және ілу ережесі, оптикалық аспаптарды тексеру әдістемесі, өлшегіш аспаптарда ақаулардың пайда болу себептері, оларды алдын алу шаралары және жою тәсілдері.

Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь


132. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым аэростат аспаптары мен механизмдерін жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. бөлшектерді 12-14 квалитет бойынша (5-7 дәлдік класы) бойынша слесарлық өңдеу. Бөлшектерді ілу және пісіру бойынша құрастыру. Қарапайым бөлшектерді белгілеу. Бөлшектерді коррозияға қарсы өңдеу. Тесу және бұранда кесу станоктарында жұмыстарды орындау.

  1. Білуге тиіс:

қарапайым жөнделетін аэростат аспаптарының, механизмдерінің құрылғысы, міндеті мен жұмыс істеу принципі, аспаптар мен механизмдерді жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлық параметрлері (өңдеу тазалығының кластары), коррозияға қарсы майлар мен сылақтардың сорттары мен түрлері, орындалатын жұмыс көлемінде электр техника негіздері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. ГПВ-47 аспаптарының ауыспалы дискілері – жөндеу;

      2. ГВ аспаптарының сорғылары – жөндеу, реттеу;

      3. газоанализатор панельдері – жөндеу;

      4. қарапайым аэростат аспаптар – жөндеу, реттеу;

      5. құбырлар – ұштарын дәнекерлеу және бітеу.

133. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы: Күрделілігі орташа аэростат аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. әр түрлі дәнекерлермен (мыс, күміс және тағы басқалар) дәнекерлеу. Аспаптарды бояу. 11-12 квалитет (4-5 класс дәлдігі) бойынша бөлшектер мен тораптарды слесарлық өңдеу және келтіру. Аспаптар мен механизмдерді құрастыру және сынау кезінде табылған ақауларды жою.

  2. Білуге тиіс: күрделілігі орташа жөнделетін аспаптар мен механизмдердің құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі, аспаптар мен механизмді сынауға және тапсыруға қоятын техникалық шарттар, аспаптардағы қарапайым кінәраттар және оларды жою тәсілдері, жөндеу кезінде қолданылатын металлдар мен қорытпалардың негізгі қасиеті, сутегін пайдалану нұсқаулығы, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) және кедір-бұдырлығын параметрлері (өңдеу тазалығының классы).

  3. Жұмыс үлгілері:

      1. аэростат вертлюгаларды қадағалау және бөгеу – жөндеу, құрастыру;

      2. ГПВ-47, ГВ-47 типтік газоанализаторы- жөндеу, құрастыру, реттеу;

      3. ИЗ-4М, ИЗ-В-2 инерциялық үзбелер – жөндеу;

      4. сутектің кему индикаторлары – жөндеу.

134. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі аэростат аспаптар мен механизмдерін жауапты бөлшектер мен тораптарды келтіріп және жетілдіріп жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Бөлшектерді 7-10 квалитет (2-3 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу. Жөнделетін тораптар мен агрегаттарды орталықтау. Жөнделген аспаптарға паспорттар толтыру.

  1. Білуге тиіс:

күрделі аэростат аспаптарының, механизмдері мен аппараттарының құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі, аспаптарды құрастыруға және сынауға қойылатын техникалық шарттар, аспаптар мен аппараттарды тарирлеу және сынау тәсілдері, реттері, шектеулер мен әдіптер, квалитеттер (класс дәлдігі) жүйесі, орындалатын жұмыс көлемінде механика мен электр техника негіздері.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. авто шығырлардың динамометрлер – жөндеу, тарирлеу;

      2. тензиометрлер – жөндеу, тарирлеу.

135. Аэростат аспаптарын жөндеуші слесарь, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

ерекше күрделі және жауапты аэростатты және ауамен балқыту аспаптарын жөндеу, құрастыру, реттеу және сынау. Бөлшектер мен тораптарды 6-7 квалитет (1-2 класс дәлдігі) бойынша слесарлық өңдеу және жетілдіру.

  1. Білуге тиіс:

жөнделетін ерекше күрделі және тура аэростатты аспаптардың конструктивтік ерекшеліктері және оларды реттеу әрі тарирлеу тәсілдері, аспаптарды жөндеуге және сынауға қойылатын техникалық шарттар, барлық типтегі өзі жазатын аспаптардың кинематикалық схемасы.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. КГПВ-47 типтік газоанализаторлар – жөндеу, құрастыру, реттеу;

      2. ерекше күрделі шығырлардың динамометрлері – жөндеу, сынау;

      3. электрлік тензиометрлер - жөндеу, реттеу.

Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь


136. Әскери және арнайы машиналарды жөндеуші слесарь, 1- разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

әскери және арнайы машиналардың жекелеген қарапайым бөлшектері мен тораптарын демонтаждау, бөлшектеу және орнату. Қолмен кескішпен қысқарту және шабу. Қабыршықтарды, пісіру жіктерін аралау және тазалау. Бөлшектерді жуу, тазалау және майлау. Қол қайшылармен және қол аралармен шыбықтан және жапырақтан жасалған дайындамаларды кесу. Фаскаларды түсіру. Бұранданы айдау. Пневматикалық және электр машиналармен белгі әрі контур бойынша тесіктер тесу. Машиналарды, механизмдер мен тораптарды бөлшектеу кезінде дайындық жұмыстарды орындау.

  1. Білуге тиіс:

әскери және арнайы машиналардың қарапайым тораптары мен бөлшектерінің құрылғысы және оларды демонтаждауға, бөлшектеуге, құрастыруға қойылатын техникалық шарттар, қарапайым слесарлық және өлшегіш құралдардың міндеті мен қолдану ережесі, электрлік және пневматикалық тескіш машиналарда жұмыс істеу ережесі, жөнделетін бөлшектердің номенклатурасы.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. агрегаттар, тораптар мен бөлшектер – бөлшектеу, жуу және жөндеу орнына тасымалдау;

      2. болттар, винттер, гайкалар – бұранданы келтіру;

        жүктеу 2,91 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау