Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих



жүктеу 2,91 Mb.
бет7/17
Дата22.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#15771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17

  • оптикалық аспаптар – қысыңқы ауамен кептіру;

  • радиоаппаратура – жинақтылығын тексеру, консервациялау, буып-түю, тиеу;

  • P-105 типтік радиостанция, 2СД қозғалтқыш, № 40 жиынтық, М-44 телеграф аппараты – жинақтау;

  • Р-400М типтік радиостанция – антенналы жинақтау;

  • револьверлер, пистолеттер, автоматтар, винтовкалар мен карабиндер – бөлшектеу, тазалау және консервациялау;

  • рессорлар, фрикциялық барабандары, автотракторлы техникаға беретін қораптардың алғашқы білікшелері – химиялық тәсілмен коррозияны кетіру және консервациялау;

  • инфрақызыл техника – жинақтылығын тексеру, сыртқы тексеру, консервациялау;

  • балталар, саперлі күректер – қайрау;

  • тасылымға қарсы құрылғылар – жасанды тасылым жүргізу және сұйықтықта талдау;

  • электр тиеушілер – қабылдау, техникалық жағдайды тексеру, консервациялау;

  • жылжымалы электр станциялар – қабылдау, техникалық жағдайды тексеру.

    76. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші, 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    қайта консервациялау үшін жер үсті артиллерия зеңбіректерін агрегаттарға бөлшектері, агрегаттарды қайта консервациялаудан кейін оларды құрастыру және реттеу. Станоктар мен ірі калибрлі пулеметтерді қайта консервациялау. Күрделілігі орташа зымыран жабдықтарын ұсақ сақтауға дайындау. Ауыстыру және сақтау кезінде аса ұқыптылықты талап ететін жабдықтарды, аспаптар мен бұйымдарды қабылдау. Үлкен базалардың оптикалық аспаптарын (2 метрге дейін базасы бар қашықтық өлшегіштер және перископтылығы 500 мм артық перископтар) сырттай тексеру және консервациялау. Инженерлік заттар мен қару-жарақтың күйін тексеру, оларды нұсқаулықта белгіленген нормаға дейін жеткізіп баптау және жинақтау. Тораптарды, агрегаттар мен машиналарды реттеу. Машиналарды тиеуге дайындау және оларды темір жол көлігімен тиеу. Артқы және алдыңғы цапфалардағы гермотығын, тыстардың төсемдерін сыдырып алу және жабыстыру. Бұйымдарға жылу қорғағыш жабындарды жағу. Резеңке тығындардың герметикалығын тексеріп, жиектер мен тігіндерді бітеп, резеңке және резеңкеленген матаны сыдырып алу және жабыстыру. Сақтауға берілген қару-жарақты, оқ-дәрілерді, зарядтарды, машиналарды, бұйымдарды, аспаптар мен жинақтаушы элементтерді бақылау техникалық тексеру. Қару-жарақты номенклатура және санаттары бойынша сұрыптау. Қойма ішіндегі салмағы бір орынға 50 кг артық заттар мен бұйымдарды көтергіш көлік құралдарына тиеп және түсіріп тасымалдау. Техникалық құжаттаманы дайындау және жөнелту.

    1. Білуге тиіс:

    артиллериялық қаруларды жорық қалпынан соғыс және қайта қалпына келтіру ережесі, сақтауға берілген бұйымдар мен артиллериялық қаруларды бөлшектеу мен құрастырудың технологиялық процесі және техникалық жағдайы, өңделетін бұйымдардың құрылғысы, жұмыс істеу принципі және міндеті, консервациялауға қойылатын технологиялық процесс және техникалық шарттар, резеңке, резеңкелі-асбесті және тығынды бұйымдардың қасиеті, машиналардың тораптары мен агрегаттарын реттеу ережесі мен амалдары, қару-жарақты пайдалану және оларды сақтау ережесі, тасымалдау құралдарын қолдану ережесі мен тәсілдері, қару-жарақты тиеу, түсіру, қатарлау және сұрыптау тәсілдері, машиналарды темір жол көлігіне орналастыру ережесі, жауапты электр техникалық заттарды, парк-гараж заттары мен станок жабдықтарын сынау, қабылдау және беруге дайындау ережесі, тиелетін, алынатын және сақтауда тұрған техника мен заттарды іріктеу, жөнелту, алу және сақтау тәртібі.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. жер үстіндегі агрегаттар-бөлшектеу, консервациялау және құрастыру;

        2. сағат механизмді қару-жарақтар-іске қосылу дәлдігін тексеру;

        3. электр схемалары бар қару-жарақтар-электр тізбектердің және оқшаулау кедергілерінің тұтастығын тексеру;

    4) ескіш және механизмді бұрандалар-бұрау;

    5) арнайы ыдыстар - тексеру, қалған сұйықтықты кетіру және арнайы өңдеуге дайындау;

    6) БМГМЧ стопорлы механизмдердің құлыптары, зеңбірек оқпандары-бөлшектеу және консервациялау;

    7) минасыздандыру зарядтары – реактивті қозғалтқыштар мен жарылғыш құрылғыларды орнату;

    8) индукциялы стартерлердің орағыштары, магнитті қосқыштар, көп шпиндельді автоматтар, ажарлау және әмбебап фрезерлеу станоктары, генераторлар – зәкірлерді сынап және жинақтылығын тексеру;

    9) тасымалданбайтын зеңбіректер, барлық калибрлі минометтер және атқыш зеңбіректер – қабылдау және тексеру;

    10) парашюттер және ленталы-техникалық киім-кешектер – бақылау және қабылдау;

    11) жаттығуға арналған және жүк парашюттер-қоймалық және жауынгерлік жинау;

    12) аэрологиялық, метрологиялық, топогеодезиялық және теңізде жүзетін аспаптар, уақыт өлшеуіштер, өзі жазатын аспаптар-қабылдау, тексеру, консервациялау және қайта консервациялау, жөнелту;

    13) қуаттылығы орташа радиостанциялар, 3 және 2 класты радиоқабылдағыштар, телеграфты және телефонды аппараттар - бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын қолдана отырып тізімдеме бойынша жинақтау және тексеру;

    14) тік және көлденең руль – қайта салу;

    15) БМГМЧ электр жабдықтар - тексеру;

    16) электрмен қоректену элементтері – жарамдылығын айқындау.

    77. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    ерекше күрделі, дәл және қымбат, оларды қолданған кезде аса ұқыптылықты талап ететін аспаптарды, аппараттарды, машиналар мен агрегаттарды қабылдау, тапсыру және сақтау. Бақылау-өлшеу аспаптар мен құралдарды қолдана отырып, сызбалар, айрықшалықтар, ведомстволар мен каталогтар бойынша көп жинақталатын механизмдерден, аспаптар мен басқа да жабдықтардан тұратын күрделі және жауапты машиналарды, қондырғыларды, агрегаттар мен жабдықтарды жинақтау.

    Консервациялау және қайта консервациялау үшін ерекше күрделі агрегаттарды, машиналарды, қарулар мен жабдықтарды бөлшектеу, одан кейін технологиялық шарттарға сәйкес құрастыру және реттеу.

    Қабылдау-тапсыру құжаттамаларын рәсімдеу.


    1. Білуге тиіс:

    қарларды, машиналар мен аспаптарды сақтау нұсқаулығы, машиналарды, құралдар мен аспаптарды қабылдауға, жөнелтуге және өңдеуге қойылатын техникалық шарттар, консервациялау және қайта консервациялау кезінде агрегаттарды, машиналар мен құралдарды бөлшектеуге, құрастыруға және реттеуге қойылатын техникалық шарттар, бақылау-өлшеу аспаптары мен аппаратура, паспорттарды, формулярлар мен басқа да техникалық құжаттаманы рәсімдеу және жөнелту.

    1. Жұмыс үлгілері:

        1. аккумуляторлар – зарядталу және кему дәрежесін тексеру;

        2. аппаратура, дәл аспаптар, әмбебап және арнайы бақылау-өлшеу құралдары және КГТ аспаптары – бақылау және қабылдау;

        3. гирокомпастар, лагалар, эхолоттар, радиомаяктар, авто төсемдер, радиопеленгаторлар – қабылдау, сақтау, жөнелту;

        4. әуе қозғалтқыштары және самолеттердің арнайы жабдықтары – бақылау және қабылдау;

        5. Луч, Терек, Градус, КПИ, КПФ, Рым, Координатор типті бұйымдар – қабылдау, сақтау, жөнелту;

        6. 2П16, 2П26, 2П27, 8У23, 8У213, 8Г17, 8Г014 типті бұйымдар – қабылдау, сақтау және жөнелту;

        7. Миналар-бәсеңдету, тежегіш, кедергі және штерт-жүк механизмдерін тексеру және реттеу;

        8. сағатты, индукциялы және магнитті тұйықталғыштары мен жарылғыштары бар миналар – қоректендірудің электрлік элементтерін тексеру және ауыстыру;

        9. артиллериялық зеңбіректер мен қондырғылар, әуе және автотракторлы техника – бақылау, қабылдау, сақтау, жөнелту;

        10. орташа және ірі калибрлі зенитті зеңбірек – агрегаттарға бөлшектеу, құрастыру және реттеу;

        11. сақтандырғыш аспаптар, түйіспелі тұйықталғыштар-тексеру, сақтау және жөнелту;

        12. зенит ұрысын басқару аспаптары, күрделі – тексеру, қабылдау және сақтау;

        13. үлкен қуатты радиостанциялар, І класс қабылдағыштары, радиоөлшегіш аппаратура, телефонды және телеграфты коммутаторлар-тізімдеме бойынша жинақтау, техникалық жағдайын тексеру;

        14. жарылғыш құралдар – сұрыптау, санаттау, буып-түю, стеллаждарға жинау;

        15. әр түрлі маркалы тартқыштар - техникалық жағдайға акт жасау отырып, қабылдау.

    Дыбыс өлшегіш станцияның операторы


    78. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    тәжірибе жүргізу уақытында станцияның жұмыс істеуі кезінде есептеу нөмірінің ішінен біреуінің міндетін орындау. Берілген схема бойынша дыбыс өлшегіш станцияның аппаратурасын жазу, қосу және жұмысқа дайындау. Станцияның жекелеген тораптарының жұмысын бақылау. Станцияның жекелеген тораптарына профилактикалық жөндеу жүргізу. Станцияның жинағына кіретін аппаратураны кінәраттарын анықтау және жою.

    1. Білуге тиіс:

    әлсіз ток электр техникасы бойынша негізгі мәліметтер, станцияның негізгі тораптарының міндеті мен жұмыс істеу принципі, станцияны есептеуде өз нөмірінің міндеттері, типтік кінәраттарды іздеу және жою тәртібі, TT-1, АВО-5, ЭО-6, ИЛ-14 типті бақылау-өлшеу аппаратурамен сақиналау ережесі, станцияға профилактикалық жөндеу жүргізу ережесі, осы станцияға қосылған сілтілі аккумуляторларды пайдалану ережесі.

    79. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    станцияның сымды байланыспен жұмыс істеуі кезінде есептеудің кез келген нөмірінің міндетін немесе станцияның радиобайланыспен жұмыс істеуі кезінде радистің және дыбыс өлшегіштің міндетін орындау. Дыбыс өлшегіш станцияның барлық жинағын жазу, қосу және жұмысқа дайындау. Радиобайланыс жинағы бар дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеуі кезінде посты аппаратура радиостанциясын жазу және жұмысқа дайындау. Дыбыс өлшегіш станцияның барлық тораптарының жұмысын тексеру және посты радио станциялардың дұрыстығын блок бойынша тексеру. Посты радиостанцияларды қосу және берілген жиілікке теңшеу, радио желіде немесе радио бағытта жұмыс істеу кезінде байланысқа кіру. Посты аппаратураның (дыбыс қабылдағыштар,дыбыс посты бақылау аспабы, қабылдағыш-тапсырғыш посттың радиостанциясы) кінәраттарын анықтау және жою. Пост аппаратурасының кінәраттарын анықтау және жою. Дыбыс өлшегіш ленталарын алғашқы өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    электр техника мен радиотехника негіздері, штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен посты радиостанциялардың принципті және монтаждау схемалары, дыбыс өлшегіш станция мен радиостанцияның тактикалық-техникалық деректері, штаттық дыбыс өлшегіш станциялар мен радиостанциялардың жекелеген тораптарының режимдерін тексерген кезде қолданылатын бақылау-өлшегіш төмен жиілікті аппаратура, жиі кездесетін кінәраттарды анықтау және жою, теңшеу және байланысқа кіру әрі кодпен жұмыс істеу тәртібі, қоректендіру көзін пайдалану ережесі, дыбыс өлшегіш станцияның жұмыс істеу принципі және ленталарды алғашқы өңдеу.

    80. Дыбыс өлшегіш станцияның операторы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    орталық пункті басқару пультінің операторы ретінде станцияның дыбыс посттарының жұмысын басқару. Дыбыс өлшегіш станция мен радио байланыс аппаратурасын жазуға арналған орынды таңдау. Дыбыс өлшегіш станциялардың аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптардың (посттарда және орталық пункте) барлық жинағын қосу және теңшеу. Станция мен радиобайланыс жинағының жұмыс істеу режимін тексеру және автоматиканың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. Штаттық дыбыс өлшегіш станция аппаратурасы мен радиобайланыс аспаптарының кінәраттарын айқындау және жою. Дыбыс өлшегіш станциялар мен радиобайланыс аспаптарының жекелеген тораптарына зертханалық сынақ жүргізу. Дыбыс өлшегіш аппаратураны зертханалық және далалық сынау кезінде алынған тәжірибелі деректерді толық өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    қызмет көрсететін аппаратураның барлық блоктары мен тораптарының принципті және монтажды схемасы, аппаратура мен барлық көмекші бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру және теңшеу әдістемесі, дыбыс өлшегіш станция мен радиобайланыс аспаптар әдістемесінің негізгі ережелері, атыстың дыбысын қабылдау кезінде алынған ленталарды және зертханалық сынақтардың деректерін алғаш өңдеу.

    Далалық баллистика станциясының операторы


    81. Далалық баллистика станциясының операторы 2-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпына жазу. Есептоп құрамында станцияны ұрыс қалпынан жорық қалпына қысқарту. Ұрыс кезінде станцияның қарапайым блоктарының біріне қызмет көрсету. Қарапайым есептеу аспаптарының көмегімен өлшеу нәтижелерін алғаш өңдеу. Станцияның жалғастырғыш желілерін жөндеу.

    1. Білуге тиіс:

    электр техниканың негізгі мәліметтері, станцияның жинақтығы, станцияның ұрыс және жорық жағдайында аппаратура мен көмекші жабдықтарды орналастыру тәртібі және орны, станцияның қызмет көрсететін блоктарының құрылғысы және міндеті, қарапайым есептеу құрылғыларының (арифмометр, логарифмдік сызғыш, кестелер) құрылғысы және міндеті, өлшеулердің орта нәтижелерін және орташа қателерін есептеу тәсілдері, станцияның камералық құралының құрылғысы және міндеті,қарапайым есептеулерді жүргізген кезде есептеуші техниканың жұмысы, сынақ жүргізу жөніндегі нұсқаулық.

    82. Далалық баллистика станциясының операторы 3-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    станцияның тіркеуші аппаратурасын (хронометр, осциллограф, индикаторлы блок) дайындау, қосу және жұмыс істеу қабілетін бақылап тексеру. Атысты қабылдаған кезде станцияның хронометрі мен индикаторлы блогына қызмет көрсету. Аккумуляторлық батареяны зарядтауға дайындау және зарядтау. Станцияның аккумуляторы мен блоктарының жұмысындағы кінәраттарды анықтау және жою. Авометрдің көмегімен кабельді желілердің дұрыстығын тексеру. Кабельді фишкаларды бітеу және өңдеу. Түзетулер енгізе отырып, сынақ нәтижелерін өңдеу. Осциллограммаларды фото химиялық өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    станцияның жекелеген блоктарының (хронометрдің, индикаторлы блоктардың) міндеті, құрылғысы туралы жалпы мәлімет және жұмыс істеу принципі, шлейфті осциллографтың (МПО-2 типтік) құрылғысы мен жұмыс істеу принципі, негізгі бақылау-өлшеу аспаптарының (омметр, авометр, мегометр) міндеті және құрылғысы және оларды пайдалану ережесі, аккумуляторлық батареялардың құрылғысы, оларға күтім көрсету ережесі және пайдаланудың негізгі деректері, аккумуляторларды зарядтау ережесі, станцияның кінәраттарын анықтау және жою тәсілдері, түзетулерді (баллистикалық және аспаптық) айқындау және өлшеу нәтижелеріне енгізу тәсілдері, радиотехниканың (станцияда қолданылатын радиолампалардың жұмыс істеу принципі мен міндеті, радио бөлшектердің құрылғысы мен міндеті) негізгі мәліметтері, реактивтерді жасау және осциллограммаларды фото химиялық өңдеу.

    83. Далалық баллистика станциясының операторы 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    станцияның шығарылатын блоктарын (қабылдау-таратқыш, антенна жүйесі, фотоны іске қосушы). Өлшенген жылдамдыққа түзетулерді айқындау үшін қажетті арақашықтық пен бұрыштарды өлшеу. Толқын өлшегіштің көмегімен таратқышты теңшеу және толқын ұзындығын өлшеу және қабылдағыштың кристалды араластырғыштарын теңшеу. Антенналарды бағдарлау және тікелей байланыс сигналын іріктеу. Станцияның жұмыс істеуі кезінде қабылдау-таратқыш блогына қызмет көрсету, атыс қабылдау процесінде оны бақылау және реттеу. Барлық баллистикалық түзетулерді айқындап және енгізіп, кестелерді қолданбай, әмбебап тәсілмен атыс нәтижелерін өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    станция блоктарының міндеті, құрылғысы және жұмыс істеу принципі, толқын өлшегіштің міндеті мен құрылғысы және олармен жұмыс істеу әдістемесі, таратқыштарды және тұтас алғанда қабылдау-таратқыш блоктарын теңшеу және жұмысын тексеру ережесі, таратқыш толқындарының ұзындығын салыстырып тексеру және оның номиналды мәнін алу тәсілі, кестелі және әмбебап тәсілмен өлшеу нәтижелерін өңдеу әдістемесі, компаратордың құрылғысы мен міндеті және компараторда осциллографиялы жазбаны өңдеу әдістемесі, радио және импульсті техниканың негізгі мәліметтері, станцияның негізгі блоктарының принциптік және монтаждық схемалары.

    84. Далалық баллистика станциясының операторы, 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    станцияны атысты қабылдауға дайындау және оның жұмысын бақылау. Катодты осциллограф пен дыбыс генераторының көмегімен станцияның кінәраттарын анықтау және жою. Ақау бөлшектер мен блоктарды ауыстыру, одан кейін станция блоктарының сипаттамасын тексеру. ПБС тәжірибелі үлгілеріне қызмет көрсету. Катодты осциллографты, стандартты сигнал генераторларын, дыбыс генераторларын пайдалана отырып, станцияға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу.

    1. Білуге тиіс:

    станцияның тұтас алғандағы міндеті, құрылғысы, жұмыс істеу принципі, тексеру және теңшеу ережесі, станцияны күту және сақтау ережесі, тәжірибелі артиллерия жүйесі мен зымыран қондырғылардың атысын қабылдау кезінде станцияларды қабылдау әдістемесі, сыртқы және ішкі баллистиканың негізгі мәліметтері.

    Радиотехникалық станцияның операторы


    85. Радиотехникалық станцияның операторы 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    ұрыс жұмыстары кезінде станцияның есептоп нөмірінің біреуінің міндетін орындау. Радиотехникалық станцияның жұмысын жазуға және дайындауға қатысу. Блок аралық өтпелі құрылғылар мен кабельдік ажыратқыштарды дұрыс қалпын ұстау.

    1. Білуге тиіс:

    электр техника мен радиотехника негіздері, радиотехникалық станция қызмет көрсететін блоктар мен тораптардың міндеті мен негізгі деректері, профилактикалық тексеру жүргізудің ережесі, станцияның материалдық бөлігін пайдалану, тасымалдау, сақтау және күту ережесі, сынақты ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың негізгі талаптары.

    86. Радиотехникалық станцияның операторы 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    ұрыс жұмыстары кезінде станцияның есептоп нөмірінің біреуінің міндетін орындау. станцияның ұрыс жұмысы процесінде бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштерін қадағалау. Станцияны жазу, станция аппаратурасын іске қосу және жұмысқа дайындау. Станция блоктарын профилактикалық жөндеу және типтік кінәраттарды жою. Тіркеуші аппаратураны пленкамен немесе лентамен зарядтау, алынған деректерді көрсету және түсіру.

    1. Білуге тиіс:

    қызмет көрсететін станцияның блоктары мен тораптарының міндеті, жұмыс істеу принципі және құрылғысының ерекшеліктері, станцияға профилактикалық және ағымдағы жөндеу жүргізу ережесі, станцияның есептобындағы өз нөмірінің міндеті, станцияның типтік кінәраттарын іздеу және жою тәртібі, бақылау-өлшеу аппаратураның міндеті және негізгі деректері, станцияны қоректендіруші штаттық агрегаттарды пайдалану ережесі, сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу талаптары.

    87. Радиотехникалық станцияның операторы 5-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    радиотехникалық станциялардың позициясын іріктеу және жазу. штатты бақылау-өлшеу аспаптарын қолдана отырып, станцияларды іске қосу, теңшеу және дайындау. Станциялар үшін бастапқы деректерді дайындау және орнату. Станцияның кінәраттарын анықтау және жою. Станцияға профилактикалық тексеру және ағымдағы жөндеу жүргізу.

    1. Білуге тиіс:

    радиолокация және радиотелеметрия негіздері, қызмет көрсететін станцияның міндеті, құрылғысы және тактикалық-техникалық деректерінің негіздері, қызмет көрсететін станция блоктарының принциптік және монтаждық схемалары, станцияның кінәраттарын анықтау және жою ережесі, станция мен бақылау-өлшеу аппаратурасын тексеру және теңшеу ережесі, станцияны жазу, қысқарту және ұрыс жұмысы кезінде барлық есептоп нөмірлерінің міндеттері, алғашқы қондырғыларын дайындау, түсіру және тіркеуші аппаратураның көмегімен алынған деректерін өңдеу.

    88. Радиотехникалық станцияның операторы, 6-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    радиотехникалық станцияны басқару және орталық пункттің операторы ретінде, радиостанцияны пайдалану (қызметті басқару) жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес тактикалық-техникалық параметрлердің сақталуын қамтамасыз ететін жұмыстың режимін қолдау. Радиотехникалық станцияны жазу және өлшеудің жалпы кешеніне қосу. Арнайы радиотехникалық өлшегіш аспаптардың (генераторлардың, стандартты сигналдардың, катодты және шлейфті осциллографтардың, автоматтық сүйемелдеу жүйелерінің амплитудалы және жиілік сипаттамасын түсіруге арналған аспаптардың және басқа да аспаптардың) көмегімен станцияны және беретін құрылғыларды толық дайындау, теңшеу және даярлығын тексеру. Автоматтық шифрды айыру аппаратурасын толық дайындау және қызмет көрсету әрі телеөлшеу нәтижелерін өңдеу.

    1. Білуге тиіс:

    қызмет көрсетілетін радиостанцияның және оған кіретін блоктар мен тораптардың, сондай-ақ станцияның блоктарын теңшеу және реттеу кезінде қолданылатын радио және электрмен өлшеу аспаптарының міндеті, құрылғысы және негізгі тактикалық-техникалық деректері, станцияның материалдық бөлігін жөндеу, тасымалдау, сақтау және күтім көрсету ережесі, станцияның пайдалы деректерін өңдеу тәртібі.

    Оптикалық тіркеу станциясының операторы


    89. Оптикалық тіркеу станциясының операторы 3-разряд


    1. Жұмыс сипаттамасы:

    жоғары білікті оператордың басшылығымен күндізгі уақытта жылжымалы және жылжымайтын объектілерді фотограмметриялы, стереофотограмметриялы түсіру және кинотіркеу. Фотокамера мен снарядталған кассетаны қайта зарядтау. Аспаптар мен қоректендіру көздерін электр схемаға қосу. Бақылау-өлшеу аппаратураларының көрсеткіштерін қадағалау. Кассеталарды кинопленкамен, фотопленкамен немесе фотопластинамен зарядтау. Киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеуге дайындау. камералық өңдеу кезінде күрделі емес операцияларды орындау. Аппаратураға күтім көрсету. Түсіргеннен кейін электр схемаларды бөлшектеу.

    1. Білуге тиіс:

    электр техника, радиотехника және фотография негіздері, өлшеу пунктінің (үш типті фотоаппараттан және бір кинокамерадан кем емес) қызмет көрсететін аспаптарының құрылғысы, міндеті және жұмыс істеу принципі және оларға күтім көрсетудің негізгі ережелері, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен электрмен өлшеу аспаптарының міндеті мен негізгі деректері, кассеталарды қайта зарядтау ережесі, орталық өлшеу пунктінен келіп түсетін командаларды орындау тәртібі, компаратордың міндеті мен негізгі деректері, камералық өңдеудің негізгі ережелері туралы түсінік, кинофотопленкалардың типтері, түсіретін аппаратураның жұмысына есеп жүргізу және формулярларын жүргізу ережесі, аппаратураны күтуге қойылатын талаптар.

    90. Оптикалық тіркеу станциясының операторы, 4-разряд




    1. Жұмыс сипаттамасы:

    күндізгі және түнгі уақытта жылжымалы және жылжымайтын объектілерді фотограмметриялы, стереофотограмметриялы түсіру. Түсірудің фотографиялық және механикалық параметрлерін орнату. Өлшеу пункті аппаратурасының жекелеген механизмдерін қосу. Электрлік токтың түрлендіргіштерін қосу. Түсірілген киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды фотозертханалық өңдеу. Позитивтерді басу және үлкейту. Негізгі және көмекші аппаратураны орнатып, өлшеу пунктін дайындау. аппаратураны жұмысқа дайындау, бағдарлау, түзеу, салыстырып тексеру, теңшеу. Штаттық әдіспен киноленталарды, фотопленкалар мен фотопластиналарды камералық өңдеу кезінде қарапайым параметрлерін айқындау немесе электрлік клавишті есептеу машинасында түсіру нәтижелерін есептеп өңдеу. Жұмыс кестесін жасу.

    жүктеу 2,91 Mb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау