Единый тарифно-квалификационный справочник работ и профессий рабочих



жүктеу 2,91 Mb.
бет6/17
Дата22.05.2018
өлшемі2,91 Mb.
#15771
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


  1. Білуге тиіс:

радиотехника негіздері, ішкі және сыртқы баллистика туралы негізгі мәліметтер, өлшеу пункттерінің жалғастыру желілері коммутациясының схемасы, хронометрді уақыт датчигімен тексеру ережесі және тексеру нәтижесін өңдеу тәртібі, сынақ жүргізу әдістемесі, қолданылатын аспаптардың көрсеткіштерінің дәлдігіне әсер ететін өлшеу кезінде қолданылатын сезімталдығы жоғары элементтерінің (датчиктердің) құрылысы мен жұмыс қағидаты, баллистикалық желіні тексеру және баптау тәсілдері, фотография негізі, фотопленка мен осциллографтық қағазды өңдеу технологиясы, қоректендіру көздері және оның сипаттамасы.

64. Сынауларға қызмет көрсетуші лаборант, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

нысанды күрделі тензоөлшеуге дайындау. Хронометрлерді, қысымды тіркеу станцияларын, тензостанциялар мен осциллографтарды тексеру және баптау. Электрорадиосхемаларды монтаждау. Тензостанцияларды ағымдағы жөндеу. Баллистикалық кабельдерді және хронометрдің су құрылғыларының техникалық шарттарға сәйкестігін мегомметрдің, дыбыстық генератор мен осциллографтың көмегімен тексеру. Датчиктерді жөндеу. Осциллограммаларды өңдеуге тапсыру үшін оларды ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

электроника, оптика және телеметрия негіздері, тензометриялық станциялардың шлейфтік осциллографтардың, қысымды тіркеу станцияларының және электронды хронографтардың құрылысы мен әрекет ету қағидаты және оларды баптау тәртібі, күшейткіш аппаратураның құрылымдық схемасы, өлшем (оптикалық, радиотехникалық, тензометриялық) түрлерінің айрықшалық түрлері, тензометрлеу кезінде қызмет ететін күштер мен ішкі кернеу және материалдардың беріктік сипаты туралы негізгі ұғымдар, өлшеу кезіндегі кемшіліктер және оларды есепке алу.

Термоқұрылғы машинисі


65. Термоқұрылғы машинисі 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

тұрақты және жылжымалы автомат тоңазытқыш және қыздыру камераларына, оқ-дәрі, зымыран және темперлеуге арналған басқа да бұйымдар салынған, жалпы өнімділігі 500 мың. ккал/сағ. дейінгі қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Қазандықтар, қыздыру құрылғылары мен камераларын жуу, тазалау және жөндеуге қатысу. Темперлеу үшін бұйымдарды камераларға салу және одан алу. Термоқұрылғы жүйесіне қоспа салу және зарядтау. Қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдей отырып, бұйымдарды қабылдау және тапсыру. Құрылғының жабдықтарын жөндеуге қатысу.

  1. Білуге тиіс:

жылу техникасы мен термодинамика жөніндегі негізгі мәліметтер, бу калориферлеріндегі ауа қыздырылатын және электрмен қыздырылатын тоңазытқыш құрылғылардың құрылысы мен жұмыс қағидаты және оларды реттеу, профильдік лагометрлердің мақсаты және оларды белгіленген температураға қою, кедергі термометрлерінің және электрондық потенциометрлердің мақсаты, бақылау-өлшеу аспаптарының, құбырлар мен арматуралардың орналасу схемасы, мақсаты мен жұмыс қағидаты, құрылғы жұмысындағы негізгі ақаулықтардың алдын алу және жою тәсілдері, жұмыс қоспасының мақсаты және оның құрамы және оны термоқұрылғы жүйесіне құю тәртібі, қыздыру құрылғысына қызмет көрсету, бұйымдарды салу, темперлеу және алу жөніндегі нұсқаулықтар, қазандықтарды тазалау және жуу тәсілдері, көтеру-тасымалдау құралдары, қызмет көрсетуші термоқұрылғылар, аммиактың қасиеттері, оны тасымалдау және сақтау тәсілдері, жоғары қысымды компрессорларды іске қосуға дайындау тәртібі, қолданылатын майлау материалдарының сорты мен техникалық шарттары, термоқұрылғының жұмысы туралы есептеме жүргізу тәртібі және сыналатын бұйымдарға қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу ережесі.

66. Термоқұрылғы машинисі, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

тұрақты және жылжымалы автомат тоңазытқыш және қыздыру камераларына, оқ-дәрі, зымыран және темперлеуге арналған басқа да бұйымдар салынған, жалпы өнімділігі 500 мың ккал/сағ.-тан 1500 мың ккал/сағ. дейін дейінгі қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Теміржол вагондарына монтаждалған және автошанақтардағы, көшпелі атыс позицияларында арнайы қыздыру камераларына қызмет көрсету. Артиллериялық қару-жарақтың оқпандары темперлеуге арналған арнайы қыздыру құрылғыларын және +350°С - 400°С дейінгі жекелеген тораптар мен бөлшектерді монтаждау және оларға қызмет көрсету. Бу калориферлеріндегі ауа қыздырылатын және электр қазандықтарында жылу тасымалдауышты қыздыра отырып, қыздыру құрылғыларына қызмет көрсету. Тоңазытқыштар мен қыздыру құрылғыларының жұмысындағы ақаулықтарды жою және жөндеуге қатысу. Температура кестесін жүргізу.

  1. Білуге тиіс:

электротехника туралы негізгі мәліметтер, бір-екі сатылы қысымды құрылғының схемасы, құрылысы және жұмыс қағидаты, негізгі тоңазытқыш агенттердің сипаты мен қасиеттері, алдын ала тексеру жүргізу тәртібі, бұйымды белгіленген бағдарлама бойынша темперлеуге арналған құрылғының жұмыс қағидаты мен реттеу тәртібі, арнайы қыздырылатын теміржол вагондары мен көшпелі атыс позицияларындағы автошанақтарды қосу тәсілдері, +350°С - 400°С температураға дейінгі атыс позицияларында бұйымдарды қыздыру тәсілдері, оқшаулау және төсеме материалдар және олардың қасиеттері.

67. Термоқұрылғы машинисі 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

оқ-дәріні, зымыранды және басқа да бұйымдарды темперлеуге арналған, жалпы өнімділігі 1500 мың ккал/сағ.-тан 3000 мың ккал/сағ. дейін дейінгі тұрақты термо құрылғыларға қызмет көрсету. Жабдықтар мен коммуникацияны тексеру және ақаулау ведомосін жасау. жөнделген жабдықтарды сынау. Күрделі бақылау-өлшеу аспаптарын монтаждау және олардың көрсеткіштерін талдау. Сынамалы қыздыру құрылғыларын сынау.

  1. Білуге тиіс:

үш сатылы қысым құрылғысының схемасы, құрылысы мен жұмыс қағидаты, арнайы салқындатылатын контейнерлер мен камераларда бұйымдарды темперлеудің технологиялық процессі, арнайы салқындату құрылғыларының көмегімен бұйымдарды тікелей атыс позициясында салқындату процессі, тоңазытқыш құрылғысын екі сатылы қысым схемасы жұмысынан бір сатылы қысым схемасы жұмысына және керісінше ауыстырып қосу тәртібі, жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі және жабдықты жөндеуден кейін қабылдау және сынау ережесі, қыздыру электр агрегаттарының мақсаты, қызмет ету қағидаты мен құрылысы, қыздыру құрылғыларын-50°С температура жағдайында сынау әдістемесі, сынау аппаратурасы мен аспаптардың мақсаты, қызмет ету қағидаты мен қолданылу тәсілдері.

Ескерту. Егер термоқұрылғыны басқару және оған қызмет көрсетуді бір машинист жүзеге асыра алмайтын болса, онда машинисттің көмекшісі тағайындалады.

Машинист көмекшісі құрылғыға қызмет көрсетуге және жөндеуге қажетті білімі болуға және оған машинистің бақылауымен қызмет көрсете білуге тиіс.

Машинист көмекшісі тиісті құрылғы машинисінен бір разрядқа төмен тарификацияланады.

Құрылғыны басқару және оған қызмет көрсетуді үшін қажетті толық білімі жоқ машинист көмекшісі тиісті құрылғы машинисінен екі разрядқа төмен тарификацияланады.

Жылжымалы нысан моторшысы


68. Жылжымалы нысан моторшысы, 3-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

нысанды кейін керу арқылы бір бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың жұмысы мен арнайы жылжымалы нысанның қосымша механизмдерінің жұмысын басқару. Артиллериялық жүйеден ату кезінде әр түрлі құрылымды және әр түрлі мақсаттағы тұрақты және жылжымалы нысандарға қызмет көрсету. Қозғалыстың әр түрлі жылдамдығында механизмдерді реттеу. Құрылғы жұмысындағы қалыптан ауытқушылықтарды анықтау және оларды жою. Жылжымалы нысанға ағымдағы жөндеу жүргізу. Арқанды созу және оны күту. Арқандарға арнап қосымша блок орнату. артиллериялық атуға арналған бағыттар мен директрисаларды ату курсының міндеттеріне және жылжымалы нысан жұмысының шарттарына сәйкес жоспарлы салу. Атуға арналған тегіс макеттерді дайындау.

  1. Білуге тиіс:

ату курстарының барлық міндеттерін орындау кезінде жылжымалы нысанды ату жөніндегі нұсқаулық және қауіпсіздік шаралары, іштен жану қозғалтқыштары теориясының негіздері, механкалық аэростаттық шығырлардың, танкінің жылдамдық қораптарының құрылысы, мақсаты мен жұмыс қағидаты, жылжымалы нысанның жылжымалы агрегаттарының әр түрлі бұрышта бірнеше нысанның жүйелі жылжу қағидатына негізделген нұсқаулығы, аспаптардың көрсеткіштері бойынша жылжудың қажетті жылдамдығын алу үшін нысанның жылжуын реттеу тәсілдері, әр түрлі жылжымалы макеттердің құрылысы, нысанды басқару механизмдеріндегі ақаулықтардың сыныптамасы, пайда болу себептері, алдын алу шаралары және жою тәсілдері, жанармай мен майдың сорттары.

69. Жылжымалы нысан моторшысы, 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

нысанды кейін керу арқылы екі бағытта қарапайым жетекке алу кезінде қозғалтқыштың және жылжымалы нысанның қосалқы механизмдерінің жұмысын басқару. Жылжымалы нысанға орташа жөндеу жүргізу. Атыстарды жүргізу үшін ауқымды макеттерді дайындау.

  1. Білуге тиіс:

әр түрлі жылжымалы нысан мен қосымша механизмдердің, агрегаттар мен тораптардың құрылысы мен жұмыс қағидаты, танк макеттерін жылжытуға арналған жылжымалы механизмдердің құрылысы, үздіксіз қозғалатын арқан қағидатына негізделген жылжымалы нысанның жылжымалы агрегаттарының құрылысы, ақаулық ведомосін жасау, сызбалар мен схемаларды оқу.

Атыстарды бақылап-қабылдаушы


70. Атыстарды бақылап-қабылдаушы 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

жақын қашықтықта жерде және бөгеттерге (қалқан, пакля, құм, жоңқа, броня және бетон қабырға) шағын калибрлі снарядтармен сынақ атыстарды қабылдау. Гранатометтен атуды қабылдау және атыс позициясына жақын жерде граната жинақтау. Жұмсақ топырақты құрастыру алаңдарында снарядтар мен арнайы бұйымдарды қазу. Алаңда жиналған снарядтарды тасымалдау. Қалқандағы ойықтардың координаттарын анықтау. Жерден жинақтау алаңында снаряд іздеу. Ұстағыштардан снаряд корпусын таңдау.

  1. Білуге тиіс:

оқ-дәрілер туралы негізгі мәліметтер, оларды таңбалау және пайдалану ережесі, бақылау пункттері мен құрастыру алаңдарының құрылысы мен орналасуы, бұйымдарды іздеу ережесі мен тәсілдері, 1,5 м тереңдікте топырақтан снаряд алу бойынша жерде жұмыс жүргізу өндірісінің ережесі мен кезектілігі және оларды тиісті жерге тасымалдау, қалқандағы ойықтардың координаттарын өлшеу ережесі, күрделі емес құралдарды пайдалану ережесі, өндірілген жұмыстарға құжаттама ресімдеу ережесі.

71. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 3-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

орташа қашықтықтан жерде және жасанды бөгеттерден артиллериялық және минометтен атуды қабылдау. Атылған снарядтарды іздеу және олардың жерге түсу координаттарын анықтау. Жерде снарядтың көзге көрінетін жарылуын аспаппен белгілеу. Ұшақтарды сынау кезінде оқ-дәрілердің іс-әрекетін бақылау (радиожарғыштар, парашют бұйымдары, шамшырақ). 1,5 м астам тереңдіктегі снарядтарды жерден қазып алу. Трассерлердің жану уақытын белгілеу, ату сәтінен бастап түтік пен жарғыштық іске қосылуы. Снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау.

  1. Білуге тиіс:

артиллерия мен атқыш қару-жарақ туралы негізгі мәліметтер, баллистика туралы негізгі мәліметтер, сынақ жүргізу және снарядтар мен бұйымдарды атқаннан кейін оларды жинақтау әдістемесі, атыс алаңы туралы негізгі мәліметтер, жерде бағдарлану ережесі және топографиялық карталарды оқу ережесі, жерде орналасқан заттардың арасындағы қашықтықты айқындау ережесі, снарядтардың түскен орнының координаттарын айқындау тәсілдері, снарядтардың жарылуын бақылау аспабының көмегімен анықтау ережесі, ұшақтан сыналатын оқ-дәрілердің әрекетін бақылау ережесі, бақылау аспаптарының (бинокль, буссоль, стереотұрба және тағы басқалар) құрылысы мен жұмыс қағидаты және оларды жұмыста пайдалану ережесі.

72. Атыстарды бақылап-қабылдаушы 4-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды атуды қабылдау. Диаметрі мен тереңдігі бойынша және топырақтың сипатын бере отырып, воронкаларын өлшей отырып, ажырамаларының толықтығына орай атыстарды қабылдау. Сыналуға тиіс снарядтар мен арнайы бұйымдарды бақылау және іздеу жұмыстары. Сынамалы жарылмаған снарядтар мен арнайы бұйымдарды жерден қандай тереңдікте болса да алу. Рикошеттен атылған снарядтарды іздеу. Бақылау деректерін бастапқы өңдеу және сыналатын снарядтарды жинақтау.

  1. Білуге тиіс:

орташа қашықтықта жылжымалы нысандарды ату кезінде снарядтар мен бұйымдарды сынау әдістемесі, координаттық деректерді дайындау тәсілдері және атыстарды түзету ережесі, жарылмаған сынамалы снарядтарды жерден қазып алу жөніндегі нұсқаулық, снарядтардың ұшу бағытын және түскен жерін анықтау тәсілдері.

73. Атыстарды бақылап-қабылдаушы, 5-разряд




  1. Жұмыс сипаттамасы:

алыс қашықтықта артиллериялық атыстар мен зымыран құрылғыларынан атуды кез келген жағдайда қабылдау. Бақылау аспаптарының көмегімен ауа жарылыстарының биіктігі мен координаттарын айқындау. Әрбір 10 сантиметр сайын тереңдігі мен диаметрін өлшей отырып, толық профилін анықтау, көлденең және ұзын бойына воронканың эскизін жасау арқылы воронкаларды өлшеу. Орналасқан жерінде кертпені планшетте өңдеу және снарядтардың түскен жерінің нақты координаттарын анықтау. Атыстың негізгі бағытының және артиллериялық шеңбердің көмегімен картадан нысанға атудың дирекциялық бұрышын алу.

  1. Білуге тиіс:

зымыран қару-жарағы бойынша негізгі мәліметтер, артиллериялық және зымыран қару-жарақтарының барлық түрінен дүркін атыс кезінде түзету ережесі, картадан дирекциялық бұрышын алу кезінде артиллериялық шеңберді пайдалану ережесі.

Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші


74. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші, 1-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

қарапайым бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналарды, бұйымдар мен құраушы элементтерді маймен, «ЭЗО» массасымен және натрий нитратымен техникалық шарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес антикоррозиялық өңдеу, консервациясын алу және консервациялау. Заттардың әр түрлі түрлерін өңдеуге арналған орау материалдарын таңдау және қолдану. Заттар мен бұйымдарды көлік құралдарына тиеу және түсіру, оларды қойма ішінде немесе ремпаркте тасымалдау және стелажға және қатарға қою (орнату). заттар мен бұйымдарды салу үшін түптер мен төсемелерді дайындау. Заттар мен бұйымдарды жуу, тазалау және сүрту. Ашық алаңда сақталатын заттарды брезентпен жабу. Астаудың температуралық режимін реттеу. Ыдысты (астауды) тазалау. Ескі бояуды қышқылда өңдеу және сілті астауда алу. Механизациялаудың штаттық құралдарын, жабдықтарды, жұмыс құралдарын айлабұйымдарды, қарапайым бақылау-өлшеу құралдары мен таразыны пайдалану. Ыдысты ашу, орауын жазу, бұйымдар мен заттарды шығару және қарапайым жұмыс құралын (шеке суырғышты, сындырғышты, тістеуікті, балғаны) пайдалана отырып ыдысқа орап салу. Біліктілігі анағұрлым жоғары өңдеушінің басшылығымен бұйымдарды жинақтау. Қойманы, аспаларды, ашық алаңдар мен маңындағы аумақты жинау және қызмет көрсету.

  1. Білуге тиіс:

бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды консервациялау туралы жалпы мәліметтер, бөлшектерді тотқа қарсы өңдеу әдістері, сақталуға, консервациялануға және консервациясынан алынуға тиіс тораптар мен агрегаттардың, машиналар мен бұйымдардың жалпы құрылысы мен жинақтылығы, бөлшектерді, тораптар мен агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды консервацияда алудың, майсыздандырудың, кептірудің, өңдеудің, консервациялау және сақтадың техникалық шарттары, технологиялық процессі және нұсқаулығы, заттарды қабылдау мен жіберудің негізгі ережесі, стеллаждың, қатардың, ыдыстың таңбалануы, өлшеуіштер мен таразының өлшеу жүйесі, ыдысты ашу және заттарды ыдысқа, байламға орап салу тәртібі, бұйымдарды тығындау, таңбалау және белгілеу түрлері, бұйымдар мен заттарды стеллажға, қатарға салу, сақтау және тасымалдау ережесі мен тәсілдері, тоттанудың негізгі түрлері және заттарды бүлінуден сақтау тәсілдері, жуу үшін қолданылатын материалдардың мақсаты, қасиеттері, техникалық заттардың консервациясын алу, консервациялау, орау және оларға қызмет көрсету, улы химикаттарды пайдалану ережесі, консервациялау, консервациясын алу, тасымалдау және қызмет көрсету кезінде қолданылатын механизация құралдарын, жабдықтарды, құралдар мен айлабұйымдарды пайдалану ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. жүк автомобильдері және басқа да машиналар – сыртын жуу, кірде, шаң-тозаңнан және қардан тазалау, қалыпқа орнату және жіберуге дайындау;

      2. агрегаттар, тораптар мен бөлшектер - тоттан тазалау;

      3. зарядтау-ағарту және электрмен дәнекерлеу агрегаттары, шанақты компрессорлық станциялар, шанақтар, дизель-балға, бензомоторлы аралар – техникалық қызмет көрсетуге қатысу және сақтауға дайындау;

      4. аккумуляторлар – зарядтауға дейін және одан кейін сүрту, клемма жағу;

5) бактар, ауа тазалауыштар, радиаторлар - консервациялау;

6) консервацияға арналған астаулар – ерітіндісін ауыстыру және тазалау;

7) мата-көмір сүзгілер – жинақтау;

8) қозғалтқыштар мен ұшақтардың қосалқы бөлшектері, станокты және аэродромдық жабдықтар – консервациясын алу;

9) бұйымдардың элементтері, жердегі жабдықтардың арнайы машиналары мен агрегаттары – тазалау, жуу, сүрту және майлау;

10) мина зәкірі, іске қосу станоктары майсыздандыру және тұздау.



75. Техникалық заттар мен ремқорды өңдеуші, 2-разряд


  1. Жұмыс сипаттамасы:

күрделі бөлшектерді, тораптарды, агрегаттарды, машиналар мен бұйымдарды технологиялық картаға, техникалық шарттарға және нұсқаулықтарға сәйкес толық ішкі және сыртқы консервациялау, қайта консервациялау және жетіспеген жерлерін орау. Негізгі және ірі тораптар мен бұйымдарды орау және орауын ашу. Күрделі емесе құралдар мен аспаптардың көмегімен бөлшектерді, тораптар мен бұйымдарды тексеру. Инженерлік қару-жарақ машиналарына техникалық қызмет көрсету, сақтауға дайындау, сақтаудан шығару. Кіріс-шығыс құжаттары бойынша заттарды қабылдау, іріктеу және орау. Заттар мен бұйымдарды стеллаж бен қатарға маркасы, тобы, номенклатурасы, санаты, түсу партиясы бойынша орналастыру және заттардың құжаттарын тексеру. Бұйымдарды таңбалау. Ерітінділер кестесі бойынша өңдеу, бейтараптандыру, консервациялау қоспаларын жасау және олардың құрамын бақылау. Өңдеу, майсыздандыру астауларын, натрий нитритімен консервациялау астауын пайдалану. Қозғалтқыштарды, агрегаттар мен бөлшектерді ораумен байланысты слесарлық-монтаждау жұмыстарын орындау бұйымдарды ішінара бөлшектеу, шағын жөндеу. Пленка қабаттарын жасау. бұйымдарды, олардың жекелеген элементтері мен аспаптарын сынау стенділеріне немесе тұғырларға бекіту. Бұйымдарды тыстау және тысын алу, жіктерін тазалау және арнайы желіммен желімдеу. Аккумуляторларды, ұшу-техникалық киім-кешекті, парашюттік-десанттық заттарды, резинотехникалық бұйымдарды өңдеу. Қарапайым бөлшектер мен тораптардың жиынтықтылығы мен техникалық жай-күйін тексеру. Аккумуляторлық батареяны дөңгелекті және шынжыртабан машиналарға салу. Машиналарға жанар-жағармай материалдарын құю және ауыстыру. Машиналар мен бұйымдардың бояуының бұзылған жерлерін қалпына келтіру. Орнын ауыстыру және сақтау кезінде ерекше қарым-қатынасты қажет ететін жабдықтарды, аспаптар мен бұйымдарды қабылдау. Бір орны 50 кг дейінгі бұйымдар мен заттарды көлік құралдарына арта отырып және түсіре отырып тасымалдау. Оқ-дәрілер мен бұйымдардың тығындарын ашу және бітеу. Қоймалардың температуралық режимі мен ылғалдығын реттеу. Тиісті құжаттаманы ресімдеу.

  1. Білуге тиіс:

бөлшектер мен заттарды консервілеу және консервациядан алу ережесі, консервациялау және қайта консервациялау түрлері мен мерзімдері, барлық номенклатуралардың мақсаты мен әрекеті, заттар мен киім-кешекті қоймада сақтау шарттары және оларды тот басудан және бұзылудан сақтау әдістері, заттар мен бұйымдарды қоймаға маркасы, тобы, номенклатурасы, санаты, түсу партиясы бойынша орналастыру тәртібі, заттарды жаңалау тәртібі, металдың тоттануын тудыратын себептер және одан сақтану тәсілдері, тотқа қарсы қабаттың түрлері, өңдеу, бейтараптандыру және консервациялауға арналған қоспалар мен ерітінділердің құрамы, қасиеттері мен дайындалу тәсілдері, астаулар мен қоймалардың жылу режимі, қолданылатын материалдардың тотқа қарсы қасиеттері, қышқылдың, сілтінің қасиеттері, тотқа қарсы материалдарды жұмсау нормасы, слесарлық өңдеу негіздері, заттарды қабылдау, беруге дайындау және орнын ауыстыру кезінде оларды пайдалану ережесі, арту-түсіру жұмыстарын көтеріп-түсіру айлабұйымдарын пайдалана отырып қолмен орындау ережесі, қолданылатын электр өлшеу аспаптарының атауы мен мақсаты, ұшу-техникалық киім-кешекті, парашюттік-десанттық заттарды, резинотехникалық бұйымдарды өңдеу тәсілдері, оттегі-газ техникасы мен оқ-дәрінің агрегаттары мен бөлшектерін пайдалану ережесі, қосалқы бөлшектерді ұшаққа, авиақозғалтқыштарға жеткізу, қабылдау, өлшеу, сұрыптау, сақтау және жіберу, қолданылатын майлардың, бояулар мен ерітінділердің сипаты, тиісті құжаттаманы ресімдеу ережесі.

  1. Жұмыс үлгілері:

      1. арнайы жабдықтары бар автомобильдер- қабылдау, жүруге жауапты бөлігін, трансмиссияны және арнайы жабдықты консервациялау;

      2. жер бетіндегі жабдықтың агрегаттары, бұйымдар олардың жекелеген элементтері мен аспаптары ы и приборы-тексеру және консервациялау, сынау стенділерінде немесе тұғырда бекіту, оларды басқару пультіне қосу, орау, тысын салу және жіберуге дайындау;

      3. аккумуляторлар - электролит құю және ағызу, қақпағын ауыстыру, оларға мастика құю, герметикалығын тексеру;

      4. СТ-35 типті телеграф аппараты, 312M, 310 типті аппаратура-жинақтау;

      5. аэростаттар мен газгольдерлер- қабылдау және жинақтылығын тексере отырып жіберу;

      6. оқ-дәрілер, корпустар, зәкір, іске қосу станогы - бөлшектеу, тазалау, сылау, бояу;

      7. оқ-дәрілер – тығынға бекіту;

      8. буи, веха, лага, қапсырма шеге, сегменттер, трал- тазалау, сылау, бояу, салу, жұмысқа дайындау;

      9. артиллериялық қару-жарақ және зымыран құрылғылары – бояуға дайындау;

      10. қозғалтқыштар-жинақтау, сыртқы және ішкі консервация және қайта консервациялау;

      11. авиациялық, автомобильдік және арнайы қозғалтқыштар – орауын ашу, орау және сақталатын немесе жинақталатын жеріне жеткізу;

      12. лак-бояу қабатымен қапталған бөлшектер - консервациялау;

      13. ерекше ұқыптылықпен пайдалануды талап етпейтін ЗИП бөлшектер – орау және пломбылау;

      14. жеке, қару-жарақ, базалық ЗИП - жинақтау;

      15. авиациялық және техникалық заттар – іріктеу, жай-күйінің сапасын тексеру, орау, жіберуге дайындау;

      16. теңіз карталары және навигациялық құрал - іріктеу, тексеру, орау, жіберуге дайындау;

      17. ТА-57, ТАИ-47 типті телефон аппаратын күрделі жөндеуге қажетті бөлшектердің бөліктері - тексеру;

      18. қайықтар – жинақтау;

      19. мина іздегіштер, сүңгуір станциялар, грейдерлер-құралмен, айлабұйымдармен және қосалқы бөлшектермен жинақтау;

      20. мина іздегіштер және түнде көретін аспаптар-ұзақ уақыт сақтауға дайындау;

      21. ИМП және УМИВ типті мина іздегіштер-техникалық жай-күйін тексеру;

      22. бульдозерлік жабдықтар-қабылдау, кешенділігі мен техникалық жай-күйін тексеру, консервация;

      23. ату қару-жарағы (станокты және ірі калибрлі зеңбіректерден басқа) - қайта консервациялау және орау;

      24. оптикалық шағын база аспаптары – ретке келтіру және орау;

      25. «краб» аспабы және радиобөлшектер-техникалық жай-күйін тексеру;

      26. атысты басқару аспаптары-оқшаулаудың кедергісін ішінара бөлшектеп және өлшеп қайта консервациялау;

        жүктеу 2,91 Mb.

        Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау