Э. В. Фуфаев, Д. Э. Фуфаев



жүктеу 10,13 Mb.
Pdf просмотр
бет66/93
Дата19.11.2018
өлшемі10,13 Mb.
#21568
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93

1 1   т а р а у  
SQL SERVER 2000 
ЖЕЛІЛІК ДЕРЕКҚОР 
11.1. 
SQL Server 2000 компоненттері 
SQL  Server  2000  ірі  кəсіпорындар  ауқымындағы  дерекқорларды 
басқарудың қазіргі заманғы жҥйелерінің бірі болып табылады.  
SQL  Server  2000-мен  кəсіби  жҧмыс  істеу  ҥшін  оның  қызмет  ету 
қағидаттарын  тҥсіну  керек,  қандай  да  бір  жағдайда  қай  компонентті 
пайдалану  қажет  екенін  білу  керек.  SQL  Server  2000  компоненттерін 
(қызметтерін),  олардың  тағайындалуын  жəне  пайдалану  əдістерін 
қарастырайық.  
Windows  NT  немесе  Windows  2000  операциялық  жҥйенің 
басшылығында  жҧмыс  істейтін  көптеген  серверлік  өнімдер  сияқты 
Microsoft  SQL  Server  2000  операциялық  жҥйе  қызметтерінің  жинағы 
тҥрінде  іске  асырылған,  олардың  əрбіреуі  өз  бетімен  іске  қосылады 
жəне белгілі бір міндеттер тобы ҥшін жауап береді.  
SQL Server қызметтер тізімін келтірейік: 
•  MSSQLServer; 
•  SQLServerAgent; 
•  Microsoft Search; 
•  Microsoft Distributed Transaction Coordinator. 
SQL Server 2000 жекелеген қызметтер тҥрінде іске асыру ДҚБЖ-ге 
операциялық  жҥйенің  бөліктері  ретінде  жҧмыс  істеу,  меншік 
қолжетімдік қҧқықтарына ие болу жəне осы сəтте компьютерде жҧмыс 
істеп  отырған  пайдаланушыға  тəуелсіз  болу  мҥмкіндігін  береді.  
Windows  95/  98  операциялық  жҥйесі  осы  қызметтердің  жҧмысына 
қолдау көрсетпейді, сондықтан SQL Server 2000 осы операциялық жҥйе 
басшылығымен  жҧмыс  істеуі  ҥшін  автоматты  тҥрде  қызметтер 
эмуляциясы  орындалады.  SQL  Server  2000  əрбір  қызметін  толығырақ 
қарастырайық. 
MSSQLServer  қызметі. MSSQLServer  қызметі  ДҚБЖ  өзегі  болып 
табылады жəне барлық негізгі операцияны орындайды.  MSSQLServer 
қызметінің 
міндеттеріне 
пайдаланушыларды 
тіркеу, 
олардың 
қолжетімдік 
қҧқықтарын 
тіркеу, 
қосылысты 
орнату, 
пайдаланушылардың дерекқорға жҥгінуіне қызмет көрсету, сақталатын 
рəсімдерді  орындау,  дерекқор  файлдарымен  жҧмыс  істеу  жəне  тағы 
басқасы. 
MSSQLServer  қызметінің  функцияларына  жҥйелік  ресурстардың 
пайдаланылуын  бақылау  кіреді.  MSSQLServer  қызметі  жҥйеден 
мерзімді бос ресурстардың бары туралы сҧрайды жəне олар жеткілікті 
болғанда қосымша жад немесе процессордың уақыт бөледі.   Алынған 
ресурстар барлық қосылған пайдаланушы арасында бөлінеді, сөйтіп 


сҧратуды  өңдеудің  ең  жоғарғы  өнімділігіне  қол  жеткізіледі.  Көп 
процессорлы  жҥйені  пайдалану  кезінде  пайдаланушылардың  ―ауыр‖ 
сҧратуларын  барлық  қолжетімді  процессорлар  арасында  параллелдеу 
орындалады. 
Барлық  қалған  қызметтері  ДҚБЖ  иілімдігі  мен  функционалдығын 
қосатын, MSSQLServer қызметінің кеңеюі ретінде қарастыруға болады. 
MSSQLServer  қызметі əрқашан бірінші болып іске қосылады. Тек сəтті 
басталғаннан  кейін  ғана  басқа  қызметтер  іске  қосылуы  жəне  өз 
жҧмысын бастай алуы мҥмкін.  
SQLServerAgent  қызметі.  SQLServerAgent  қызметі  ең  алдымен 
СУБД  əкімшілігін  автоматтандыруға  арналған.  Осы  қызметтің 
міндетіне  тапсырмаларды  автоматты  іске  қосу  жəне  операторларға 
сервер  жҧмысындағы  істен  шығу  туралы  хабарлау  кіреді. 
SQLServerAgent    қызметінің  көмегімен  белгілі  бір  уақытта  əртҥрлі 
міндетті  іске  қосуға  болады,  бҧл  əкімшіні  кертартпа  жҧмыстың  көп 
бөлігін  жоюы  мҥмкін.  Мысалы, əкімші резервтік көшірме жасау  жəне 
пайдаланушының  кем  белсендігі  кезінде  дерекқордағы  ақпараттың 
біртҧтастығын 
тексеру 
операцияларының 
автоматты 
тҥрде 
орындалуын  жоспарлауы  мҥмкін.  Бҧл  ретте  əкімшіге  операцияларды 
орындау барысын бақылау қажет болмайды.   
SQLServerAgent  қызметі  орындайтын  операциялардың  көп  бөлігі 
MSSQLServer  қызметімен  орындалатын  жҥйелік  сақталатын  рəсімдер 
тҥрінде  іске  асырылған.  SQLServerAgent  қызметінің  жҧмысында  ҥш 
типті объект қолданылады: 
•  Jobs (тапсырмалар); 
•  Operators (операторлар); 
•  Alerts (оқиғалар). 
Міндеттерді автоматты іске қосу кестесін қоса алғанда, барлық осы 
объект  туралы  ақпарат  жҥйелік  Msdb  дерекқорында  сақталады. 
SQLServerAgent  əрбір  басталған  сайын  осы  дерекқордың  мазмҧнын 
талдайды.  Егер  қызметті  іске  қосу  кезінде  кешіктірілген  міндеттер 
жиналып  қалса  немесе  конфигурацияланған  оқиға  туындаса,  онда 
қызмет тиісті əрекеттерді орындайды.  
Тапсырмаларды,  операторларды  жəне  оқиғаларды  басқару  ҥшін 
əртҥрлі  əдісті  пайдалануға  болады.  Ең  қолайлысы  Enterprise  Manager 
утилитасының  графикалық  интерфейсін  пайдалану.  Екінші  тəсіл 
жҥйелік  сақталатын  рəсімдерді  жəне    Transact-SQL  командаларын 
шақыруда  болып  табылады.  Ҥшінші  тəсіл  SQL-DMO  интерфейсіне 
жҥгінуді болжайды. Соңғы жағдайда тапсырмалармен, операторлармен 
жəне оқиғалармен жҧмыс істеу интерфейсін қамтамасыз ететін, өзінің 
меншік қосымшаларын жазуға болады.  
SQLServerAgent  қызметінің  білікті  жҧмыс  істеу  тəсілі  дерекқорды 
сҥйемелдеуге шығындарды, атап айтқанда, операторлар мен əкімшілер 
санын  азайту  арқылы  қысқарта  алады.  SQLServerAgent  қызметін 
қолданудан  экономикалық  əсер  кəсіпорын  көлеміне  пропорционалды: 
кəсіпорын  ҥлкен  болған  сайын,  SQL  Server  2000  мҥмкіндіктерінен 
пайда соғҧрлым ҥлкен.  


Jobs  объекттері.  Осындай  типті  объекттер  автоматты  тҥрде 
орындалуы  қажет  міндеттерді  сипаттайды.  Әрбір  міндет  ҥшін  іске 
қосудың (schedule) бір немесе бірнеше кестесі көрсетіледі. Бҧдан басқа, 
тапсырма талап бойынша (on demand), яғни қолмен орындалуы мҥмкін. 
Әрбір тапсырма бір немесе одан артық қадамнан (step) тҧрады. Қадам 
ретінде мыналар болуы мҥмкін: 
•  Transact-SQL командасы немесе сҧранысы; 
•  репликацияның қосалқы жҥйесін басқару командалары
•  Windows командалық жол мен қосымшаның утилиттері; 
•  VB Script немесе JavaScript тілдерінде жазылған скрипттер жəне 
т.б. 
SQLServerAgent  қызметі  тапсырмалардың  дҧрыс  орындалуын 
бақылау,  көп  қадамды  тапсырмаларды  жасау  мҥмкіндігіне  ие. 
Қадамдар  өзара  белгілі  бір  ережелермен  байланысты  болуы  мҥмкін. 
Мысалы, егер дерекқордың біртҧтастығын тексеру сəтті аяқталса, онда 
қызмет  деректердің  резервтік  көшірмесін  жасайды;  кері  жағдайда, 
сервер  əкімшіге  электронды  пошта  бойынша  немесе  пейджерге  тиісті 
хабарландыру  жібере  алады.  Қызмет  міндеттердің  белгілі  бір  уақытта 
жəне  сервердің  аз  жҥктелген  уақытында  орындалуын  қамтамасыз  ете 
отырып, іске қосу уақытын икемді басқару мҥмкіндігін береді.  
Operators  объекттері.  Осындай  типті  объекттер  сервердің  жҧмыс 
кҥйінде  сақталуы  ҥшін  жауап  беретін,  қызметкер-операторларды 
сипаттайды.  Шағын  ҧйымдарда  əдетте  оператор  мен  əкімшінің  рөлін 
бір адам біріктіреді. Ҥлкен кəсіпорындар мен корпорацияларда əкімші 
мен  оператордың  рөлдері  жиі  бірнеше  адамға  бөлінген.  Әкімші  тек 
жауапкершілікті  жҧмысты  орындайды,  мысалы  дерекқорларды 
жоспарлау, қҧру жəне өзгерту. Оператор жиі дерекқорлардың резервтік 
көшірмесін 
жасау, 
пайдаланушыларды 
қосу, 
деректердің 
біртҧтастығын  бақылау  жəне  т.б.  кертартпа  жҧмыспен  айналысады. 
Егер  ҧйым  ҥлкен  болса,  онда  мамандандырылған  операторларды 
пайдалануға  болады.  Мысалы,  оператордың  біреуі  резервтік  көшірме 
жасау  операцияларын  орындау  ҥшін  жауапты,  екіншішісі  деректердің 
біртҧтастығын  бақылайды  жəне  т.б.  Оператордың  əрбіреуі  қызметіне 
қатысты  хабарлама  алу  керек.  Резервтік  көшірме  жасау  операторы 
қажетсіз бҧғаттау мəселелерін шеше бастағаны қажет емес.  
 SQL  Server  2000  өз  жҧмысының  параметрлерін  қадағалайды  жəне 
кемшіліктерді  байқаған  кезде,  мысалы,  дискте  бос  кеңістік  болмаса, 
операторға  хабарлай  алады.  Ол  ҥшін  SQLServerAgent  қызметі 
пайдаланылады.  


жүктеу 10,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   93




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау