Деректерді ДҚБЖ басқарады. Деректерге қолжетімдікті қамтамасыз
ету ҥшін SQL тілі пайдаланылады.
Деректерді басқару процессоры (Database Manager System
Processing) — бҧл ДҚБЖ болып табылады. ДҚБЖ қызметтері
қосымшаның бизнес-логикасынан жасырын болу керек, алайда
қосымшаның сəулетін қарастыру ҥшін оларды қосымшаның бөлек
бөлігіне ерекшелеу керек.
Орталықтандырылған сəулетте (Host-based processing) қосымшаның
осы бөліктері бір ортада орналасады жəне бір атқарушы
бағдарламаның ішінде қҧрамдастырылады.
Қайта орталықтандырылған сəулетте бҧл міндеттер серверлік жəне
клиенттік ҥрдістер арасында əртҥрлі бөлінуі мҥмкін. Бөліну сипатына
тəуелді бөлінудің келесі модельдерін ерекшелеуге болады (10.1-кесте):
• бөлінген презентация (DP — Distribution Presentation);
• қашықтықтан презентациялау (RP — Remote Presentation);
• бөлінген бизнес-логика (RBL — Remote business logic);
• деректерді бөліп басқару (DDM — Distributed data management);
• деректерді қашықтықтан басқару (RDM — Remote data manage-
ment).
Осы шартты жіктеме жекелеген міндеттердің серверлік жəне
клиенттік ҥрдістер арасында қалай бөліне алатынын көрсетеді. Осы
жіктемеде қашықтықтан бизнес-логиканы іске асыру мҥмкіндігі жоқ.
Өз бетімен толық жойыла алмайды, тек бір-бірімен өзара əрекеттесуі
мҥмкін əртҥрлі ҥрдістер арасында бөлінуі мҥмкін.
10.3.
Екі деңгейлі модель
Екі деңгейлі модель іс-жҥзінде жоғарыда көрсетілген бас қызметтің
екі платформада орындалатын екі ҥрдіс арасында бөліну нəтижесі
болып табылады: клиентте жəне серверде. Ешбір модель таза кҥйінде
болмайды, алайда əрбір екі деңгейлі модельдің тəн ерекшеліктерін
қарастырайық: деректерді қашықтықтан басқару модельдері жəне
деректерге қашықтықтан қолжетімдік модельдері.
Деректерді қашықтықтан басқару моделі. Сондай-ақ файлдық
сервер моделі деп аталады (FS — File Server). Осы модельде
презентациялық логика жəне бизнес-логика клиенттік бөлігінде
орналасады. Серверде деректері бар файлдар орналасады жəне
файлдарға қолжетімдік сақталады. Ақпараттық ресурстарды басқару
қызметтері осы модельдің клиенттік бөлігінде орналасқан.
Сурет 10.3. Файылдық сервер моделі
Осы модель қызметтерінің бөлінуі 10.3-суретте ҧсынылған.
Осы модельде дерекқордың файлдары серверде сақталады, клиент
серверге файлдық командалармен жҥгінеді, ал барлық ақпараттық
ресурстарды басқару механизмі, яғни метадеректер қоры клиентте
орналасады.
Осы модельдің артықшылығы қосымшаның екі өзара əрекеттесетін
ҥрдіске бөлінуінде. Бҧл ретте сервер (серверлік ҥрдіс) сҧраныстармен
жҥгінетін көптеген клиенттерге қызмет көрсете алады. ДҚБЖ осы
модельде клиенттік компьютерде орналасқан.
Клиенттік сҧранысты орындау алгоритмі мынадай:
1. Сҧраныс ЯМД командаларында қалыптастырылады.
2. ДҚБЖ осы сҧранысты файлдық командалар реттілігіне
аударады.
3. Әрбір файлдық команда клиенттің компьютеріне ақпарат блогын
көшіреді, ал ДҚБЖ алынған ақпаратты талдайды; егер алынған блокта
сҧранысқа жауап болмаса, онда келесі ақпарат блогын көшіру туралы
шешім қабылданады жəне т.б.
4. Ақпаратты серверден клиент компьютеріне көшіру клиенттің
сҧранысына жауап алынғанға дейін жҥзеге асырылады.
Бҧл модельдің мынадай кемшіліктері бар:
• желі бойынша қосымшаға қажетті көптеген блоктар мен
файлдардың жіберілуіне байланысты жоғары желілік трафик;
• тек
файлдық
деректермен
айқындалатын,
деректерді
манипуляциялау операцияларының тар спектрі;
• деректерге қолжетімдік қауіпсіздігінің барабар қҧралдарының
жоқтығы (тек файлдық жҥйе деңгейінде қорғау).
Деректерге қашықтықтан қолжетімдік моделі. Қашықтықтан
қолжетімдік моделінде (RDA — Remote Data Access) дерекқор
серверде сақталады. Серверде ДҚБЖ өзегі де орналасқан. Клиенттің
компьютерінде қосымшаның презентациялық логикасы жəне бизнес-
логика орналасқан.
10.4-сур. Деректерге қашықтықтан қолжетімдік моделінің қҧрылымы
данным
Клиент серверге SQL тіліндегі сҧратулармен жҥгінеді. Қашықтықтан
қолжетімдік моделінің қҧрылымы 10.4-суретте келтірілген.
Осы модельдің артықшылықтары мынада:
• көрсетілім компоненті мен қолданбалы компонентті клиенттік
компьютерге көшіру операциялық жҥйеде орындалатын ҥрдістердің
жалпы санын азайта отырып, ДҚ серверін айтарлықтай босатады;
• ДҚ сервері оған тəн емес қызметтерден босатылады; процессор
немесе сервердің процессорлары сҧраныстар мен транзакциялардың
деректерін өңдеу операцияларымен толық босатылады;
• желіге жҥктеме бірден азаяды, себебі ол бойынша клиенттерден
серверге файлдық терминологияға енгізу-шығаруға сҧраныстар емес,
SQL-ге сҧраныстар жіберіледі, ал олардың көлемі айтарлықтай кем.
Клиент сҧраныстарға жауап ретінде файл блоктарын емес, сҧранысқа
сəйкес келетін деректерді алады.
RDA-модельдің
негізгі
артықшылығы
—
клиент-сервер
интерфейсін бірегейлендіру (қосымша-клиент пен сервердің қарым-
қатынасындағы стандарт SQL тілі болып табылады).
Бҧл модельдің мынадай кемшіліктері бар:
• қосымшаның клиенттің бөлігіндегі қарқынды жҧмыс істеу
кезінде SQL тіліндегі сҧраныс желіні жҥктемеден айтарлықтай босата
алады;
• себебі осы модельде клиентте презентациялық логика жəне
бизнес-логика орналасады, онда əртҥрлі қосымшада баламалы
қызметтерді қайталау кезінде тиісті бизнес-логиканың коды əрбір
клиенттік қосымша ҥшін қайталанады. Бҧл қосымшаның артық
қайталануын тудырады;
• осы модельде сервер пассивті рөл атқарады, сондықтан
ақпараттық ресурстарды басқару қызметтері клиентте орындалу керек.
10.4.
Дерекқор серверінің моделі
Қашықтықтан басқару моделінің кемшіліктерін жою ҥшін, мына
шарттар қадағалануы керек.
1. ДҚ тҧрақты тҥрде деректермен ғана емес, сондай-ақ объектті
деректер арасындағы байланыстармен айқындалатын, пəндік саланың
Достарыңызбен бөлісу: |