Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Електі жоспар және өздігінен есептің кестесі



жүктеу 4,37 Mb.
бет8/17
Дата13.11.2017
өлшемі4,37 Mb.
#36
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17

Електі жоспар және өздігінен есептің кестесі

Електі жоспар оқу үрдісінің пішіні болып табылды, ол скі аптаның, бір айдың, семестрлік жүктемесін орындауға тиіс.

Електі жоспар тақырыптық күнтізбе жоспарының негізінде құрылады.

Бұл жоспарда тек жаңа сабақты түсіндіру ғана емес, өздігінен жұмысты орындауды, жұптық жұмысты жүргізуді (статистикалы, серіппелі, көп вариантты) кіші топтардың ішіндегі әрекеттестікті, өздігінен бақылауды қабылдау және өзара бақылау, зерттеу жүргізуді және өзекті мәселені шешуді қарастырады. Бұл жұмыстың өзіндік мәні - ненің ерекшелігін елеу екенін ескеру, түсіндіруге жіберілетін уақытты кысқарту, өздігінен жұмыстың уақытын көбейту, бұл жеке жұмыспен қатар келуін қадағалау. Бұған ақпараттық блоктар мен жинақталған білім бөліктері - қозғаушы күш. Оқулықтағы білімді толықтыру арқылы оқулықпен өздігінен жұмысты ұйымдастыруға болады.

Жүптың жұмыстар (студент + бәрі». Алдымен тапсырмалар, материалдар, жеке жұмысқа тестілер құрылады. Өздік жұмысты жеке жұмыспен үйлестіріп, үйге берілетін тапсырманы да реттеп отыру керек.

Шартты белгілер:

- оқыту

- барлық студенттердің жаппай жұмысы



- өздігінен жұмыс


Оқытушы

Студенттер

ЖЖ

25




ӨЖ 25

ӨзЖ - өздігінен жұмыс

ЖЖ - жеке жұмыс

Біздің мысал бойынша 60 минут. Өздігінен жұмысты семестрлік сабақтың санына көбейтеміз. Сөйтіп, студенттердің жалпы санына бөлеміз. Бұдан әр студенттің жеке жұмысының електі жоспары шығады. Бұндай тақырыптық жоспар жоқ, мұны қосымша ретінде енгіземіз.

Әр студент семестр бойы өздігінен не істейтінін біледі. Ол оны қалай орындау мен тексерудің амалдарын меңгереді. Мысалы: оқу, есеп шығару, тәжірибе жасау, жаттығу орындап, сұраққа жауап беру. Жұмыстың бұл түріне көбінесе ауызша жауап береді. Сөйтіп, орындау үрдісінің шапшаң болуына, келесі орындайтын тапсырманың көлемін ұлғайтуға ниеттенеді.

Әр блок тапсырманың өздігінен жұмысын құруына тірек. Блоктар өте ұсақталып келмеуі керек.

Таблицада мына графалар болады:

- өздігінен жұмыс түрлері;

- блок-тапсырмалар;

- не істеу керек;

- бақылау түрлері.

Блок-тапсырмалар шартты түрде алынады. Әр блок нөмірленеді.

Мысалы:

Міндетті түрде оқылатын әдебиеттер МТОӘ, МТОӘ...



Тапсырманы шешу ТШ1, ТШ2

Зертхана жұмысы ЗЖ, ЗЖ2

Сұраққа жауап СЖ, СЖ2

Жұптық сөйлеу ЖС (бұл блокка 4 минут, 7 минут, 10 минут).

Оқытушымен жеке жұмыс - 10 минут. (Не істеуіміз керек?) кестесінде тапсырманы тексеру, өзіне баға қою, оқу, жоспар құру, жолдасына әңгімелеу, тапсырманы ауызша орындату, сыңарына тұжырымыңды айтып беру.

«Бақылаудың түрлері» кестесінде:

Өзара бақылау - ӨБ

Өздігімен бақылау - Өзд. Бақ.

Б - оқытушының бақылауы.

Бақылау өздерінің таңдаулары бойынша ұйымдастырылады. (I, ІІ, III деңгейлер).

1.11. 2 1.3

ІІ 1 ІІ 2 II 3

ІІІ 1 ІІІ 2 III 3.

Жоспарда тестілі бақылау көзделеді. ТБ (алғашқы, аралық, қорытынды).

Екінші жоспардың алғашқы бөлімдерінде қосымша материалдармен толықтыру, анықтау, өзгерту үрдістері жүргізіледі.

Барлық тақырыптың күнтізбе жоспары електі жоспарға түсіріледі. Шеберлік шыңдалып, жұмыстың жасанды түрлері қысқарады. Шығармашылық ұлғаяды. Мұнда толық параграф, көлемі, мысалдар мен тапсырмалардың нөмірлері, беттері, жұмыстың жұптық амалдары көрсетіледі.

«Блок - тапсырмалар саны» кестесінде өзіндік ерешелігі, жетістігі бар.

Блок - тапсырма кестесі:

Анықтамалық үлгісі:

ОМӘ с 72 параграф 12, ОМӘ2 - с 81 параграф 13

ОҚӘ - 30-б.ОҚӘ2-35-б.

РО (рефер. Оқу) РО1 - 50, РО2- 50 с (3 түрлі оқу көздерінен).

Тапсырманы ыңғайлау: 1.1 - есеп N 7, 35-б., мысал 82, 83.

II.I. жаттығулар 8.9. 37-б. мәтіндер 85.

ЗЖ - нұсқау N 27, Л2 - нұсқау N 14

ЖС - 30 минут, Ж1 - 5, Ж2 - 5, Ж4 - 1 минут.

Тестілі бақылау

Нұсқау- 1, Аралық- 3, 45, Қорытынды - 6; 7; 8.

Енді електі жоспардың құрылысына назар аударайық. Електі жоспар студенттерге арналған бөлігінде олардың әрекеті, оқытушы тексерісі, режимі жіктеледі. Б. квадратпен қоршалады. Ал ОБ., Өзд.Б.

- дөңгелек сызықпен.

Реттік тәртібі стрелкамен бегіленеді.

Електі жоспарға тапсырма орындау мақсатында студентке түсінік беріледі. Мазмұны анықталады. Електі жоспар алдын-ала жүргізілетін есептен құрылады. Өздігінен жұмыс әр түрлі бақылаулар арқылы тексерістен етіп отырады. Әр студент өзіне лайықты режим таңдайды (Өзд.Б., ӨБ.Б).

Еріктілік және тәртіп, еріктілік + және катал талапкерлік.

Студент үшін 2 вариантты график, линейлі жоспар, алдын-ала өздігінен есеп әзірленеді.

Линейлі жоспарда өздігінен жұмыс рет тәртібін сақтайды.

Қызыл, сары, көк түстермен «5», «4», «3» баға деңгейі белгі ретінде келеді (пропентпен есептеледі).

Ал алдын-ала өздігінен есепте әр студент шифрмен өзін келтіреді. Мұнда табиғи рейтинг жүйесі қалыптасады.

Аталған жұмысты жүргізу барысында төмендегідей әңгіме-сұхбат ұйымдастыру көзделеді.

1 - сұхбат. Електі жоспар бойынша өздігінен жұмыс.

Електі жоспар - семестр бойы орындалатын жұмыс көлемі. Онда берілген тапсырмалардың алдын-ала өздігінен есебі жүргізіледі. Сол шифрді студенттердің қоюлары керек.


Оқытудың тиімді жолдары
И.Я. Лернер мен М.Н. Скаткин оқытудың әдістерін зерттеді. Субъектілердің танымдық ойлау қабілетін шамалай отырып, олар төмендегідей маңызды деген әдістерді ұтымды деп сараптан өткізді:

а) түсіндірмелі-иллюстративті немесе ақпаратты-қабылдау әңгімелеу, дәріс, түсіндіру, оқулықпен жұмыс, көрсетілімді материалдар кино бейне-, телефильмдер және т.б.;

ә) репродуктивті: қайталап айтып беру тура аудармасы -қайталаным;

б) көкейкестілігін мазмұндау, табу;

в) ізденіс, не эвристикалы әдісі;

г) зерттеу әдісі. Мұнда әр субъекті өзінің алдына танымдық міндеттер қояды. Оны өздерінің ойлау бағамымен шешеді.

Қарап отырғанымыздай, бүгінгі «жаңа оқыту» деп жүргеніміздің генезисі әртінде, тереңде жатқанын естен шығармаған дұрыс. Осы желіні ұқпаған адам бірден бүгінгі модернизациялау деңгейіне жетіле, кемелдене алмайды. «Демеуші» мен «Инновациялы» білім жалғасып, өзара байланыста болады.

Ал Ю.К. Бабанский барлық әдістерді 3 негізгі топқа жіктейді:

а) субъектінің біліми танымдық қызметін ұйымдастырушы және оны жүзеге асырушы әдіс;

ә) субъектінің біліми танымдық қызметін ынталандыру және оның мақамдарын ашу әдісі;

б) біліми танымдық қызметтің ұтымдылығын бақылау және дербестілік қалпын сақтай отырып, өзін-өзі бақылау.

Әдістердің неше бір құбылмалы жіктемесін топтамамен зерделеген М. Данилов пен Б. Есипов мынандай әдістерді тізбелейді:

а) жаңа білімді жиюдың әдістері;

ә) іскерлік, икем, дағдыны ширататын әдістер және оның тәжірибеде қолданылымын жүзеге асыратын әдістері;

б) субъектінің меңгерген білімінің сипатын айқындаудың бағалау өлшемдіктерінің әдістері.

Жоғарыда топтамамен тізбеленген әдістерді таңдаудың бірден-бір заңдылығы - оқу еңбегін тәртіптеуді ұйымдастыратын әдістерді тәсілдерге айналдыру.

И. Харламовтың әдістерді жіктеу тәртібі:

а) оқытушының материалды ауызша баяндауы және субъектілердің біліми танымдық қызметін белсенді әрекетке қосудың әдістері: әңгіме, түсіндіру, сұхбат, иллюстрация, көрсетілімді әдістер, т.б.;

ә) өтілетін материалды бекіту, жинақтау әдістері: сұхбат, оқулықпен жұмыс;

б) жаңа материалды дербестік қалпын сақтай отырып, өздігінен орындау әдістері: оқулықпен жұмыс, зертханалық жұмыс;

в) алған теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану әдістері;

г) іскерлік, қабілет, икем, дағдыларын бағалаудың әдістері: субъектінің, не күнделікті жұмысын байқау, фронтальді, не жиынтық материалдың алгоритмімен, балл қою, бақылау жұмысы, үй жұмысын тексеру, бағдарламалап тексеру, тестімен бақылау.

20-жылдардың басында түсіндірмелі-иллюстративті әдістің нәтижесінде субъектіге өздігінен дербес жұмыс орындату, білімді жинап алу әдісін дарыту мақсатында педагог-консультант ұғымы пайда болды (жоспар құру, бригадалық әдіс, зертханалық әдіс, т.б.). Сөйтіп, бағдарламалап оқыту әдісіне ойыстық. Б. Скиннер:

- мағлұматты қабылдау әдісіне шақтау;

- межеленген мағлұматты бақылауға алудың тапсырмаларын даярлап, бекіту;

- өзінің білімін тексеру үшін даярлаған жауаптарын күні бұрын беру;

- дұрыс жауаптың көрсеткіштерін ұсыну.

Бағдарламалап оқытудың нәтижесінде, даму үрдісінде алгоритм пайда болды. Мұның бәрі дерлік бүгінгі заманымызда жиі қолданылып жүрген ұғымымыз. Тек бағдарламалап оқыту емес, сол секілді алгоритм, кибернетика амалына тән ұғым. Алгоритм үш қырлы:

- өтілетін материалдың сарынының құбылыстары мен үрдістерінің тәртібі;

- субъектінің ойлау қабілетінің рет тәртібі;

- оқытушының оқу еңбегін ұйымдастыруының рет тәртібі. Орыс педагогы П.Ф.Каптерев (1849-1922) субъектінің біліми танымдық қызметінің ішкі мүмкіндігін 3 түрге тізбелеген:

а) догмалық (білімді даяр түрінде жияды);

ә) аналитикалық (оқытушы білімді кіші бөліктерге жіктейді, әр бөліктің мәні мен маңыздылығы айқындалады, соның бәрінің басын қосып, бір формаға келтіреді).

б) генетикалы әдіс. Мұнда шығу тамыры бернеленіп, тұжырым-түйін қорытылады. Бұдан эвристикалы әдіс туады.

Әдістерді таза сырттай зерделегенде, дидактика оған ғылыми жіктеме жасай алмайды. Кейбір авторлар оқытудың әдістерін топтастырады, шығу көздерін зерттейді, міне, осыдан олар әдістерді жіктеп бөледі. Сөйтіп, сөз әдісі, көрнекілік, тәжірибешілік деген әдістер пайда болды. Ал кейбір ғалымдар студент пен оқытушының қарым-қатынас деңгейіндегі қызметтің деңгейіне ыңғайлы әдістерді сұрыптайды. Мұның өзін, біріншіден, оқытушының материалды сұрыптау іскерлігі мен студенттің өздік жұмысының қызметтік әрекетіндегі әдістер деп қарастырады. Ал үшінші топтағылар дидактикалық міндеттердің характері мен маңызына негіздеп алатын ғалымдар. Бұл әдістің негізі - субъектінің білімді жаңадан жиюы, оны есінде, жадында тұрақталдыруы, соған орай іскерлік икемін үзіліссіз ширатуы, бағалау рейтингісін өзінің жобалап құрастыруы. Мұнымен бірге аталған дидактикалық міндеттердің маңыздысы мен студент және оқытушы арасындағы қарым-қатынас үрдісіне орай қолданылатын әдістердің біріктіріліп, қосарлана комбинаторлы қолданылуы.

Ең соңында, проблемалы оқыту әдісіне тоқталып өтелік. Проблема (гректің «қиындық» деген сөзі). Мұнда теориялық, тәжірибешілік мән көзделеді. Адам баласының қажеттілігіне қол жеткізу үшін сол желідегі қиындықтың жойылу жолдарын ізденімпаздықпен, зерттеу, зерделеумен шешу дегенді білдіреді.


Педагогикалық технологияның сипаты


Қайталаным әдісі -

Жаңғыртушылық әрекет



Сөздік қормен жұмыс, ойлау, пайымдау, көрсетілімді әдіс, талдау, тәжірибе, байқау.

Оқылатын мәселенің көкейкестілігі, жоба, дәйектілігі, дәлдігі, дәл еместігі, түзу еместігі.

Эвристикалы әдіс -өздігінен дербес жұмыс жүргізу үрдісіне бірте-бірте бойлауы.

Көкейкестілік мәселені шешуді дәлелдеу. Қорытынды жасау, факт жию, эвристикалы сұхбат жүргізу, оның жүйесін шығару, сұрақтарын құрастыру.

Оқу қызметі әр субъектінің белсенді қатысу тәртібімен дәлелденеді. Сұхбатта әр түрлі амалдарды меңгергенін танытады.

Зерттеу әдісі. Мұнда таза ғылыми әдіске құрылу заңдылығы бар. Ғылыми таным, пайым шығармашылық денгейде жүргізіледі. Білімде динамикалы жүйе қалыптасып, ғылымды саналы бағаммен меңгереді.

Зерттеу тапсырыстарының құрылым-жүйесіне орай жақсы білім, не ғылым меңгерудегі қайшылықты шешу әдістері.

Өзінің ізденіс-зерттеу еңбегіне орай дербес жұмысын өздігінен орындау үрдісіндегі проблеманы шешу.

Бұл - дидактикалық жүйе дидактикалық теорияның бір бөлігі. Мұнда дискретті оқу әдісі жоқ, үзіліссіздік қағидаға жүгінген тәрбие мен білімді дамыту қарастырылады. Оқыту тәжірибешілігі салыстырмалы, аналитикалы тәсілдерге негізделеді. Студенттердің оқу мүмкіндігіне орай жүргізіледі.

Проблема болған жерде, проблемалап оқытудың тапсырмалары құрылуы - даусыз әрекет. Проблемалы тапсырма - оқу үрдісінің бөлігі. Тапсырмада шешілетін міндеттер мен мәселелер, мақсаттар қабылдау интеллектісіне ыңғайлана тізбеленеді. Бұл қызметті проблемалы ситуация деп атаймыз. Проблемалы тапсырманың негізгі көзі қарастырылатын нысанаға қатысты қайшылық, қарама-қайшылықтан дамуға шығу жолдары қоғамдағы қайшылыққа құрылып, ғылыми еңбектерді сол тұстағы философиялық топшылауларға бағындыру бернеленеді. Бағыттары әр түрлі: шаруашылық, экономикалық, басқарушылық, тәрбиелілік, білімилік, ғылымилық, т.б. Шешімді құрудың өзі жайланысты сәттерде бола бермейді. Ол оқысынан, шұғыл туатын қайшылықты шешуге бағытталуы әбден мүмкін (күресті көзқарас), болжам (гипотеза), мұрат, пікір, тұжырым, әдістер, т.б. Өмірдегі кездесстін жағдайларға қатысты оқу үрдісіндегі проблемалы тапсырмалардың кең ауқымда құрылған түрі, тегі болады. Мүны ізденісті-зерттеу сұрақтары арқылы сараптайды.

Проблемалы тапсырма өмірдегі құбылыстарға теориялық негізде құрастырылады. Теорияға құрылған сұрақтар ойлау пайымын белгілі бір бағытта, кәсіпке ыңғайлап дамытуды көздейді. Көбінесе теориялық тезис ретінде болуы мүмкін.


Оқыту принциптері
Оқыту - өнер. Күрделі, нәзік, сан қырлы және ерекше өнер. Өйткені бұған екі адам: студент пен оқытушы қатысады. Білім студенттің даму дәрежесі ретінде өз бейнесін табады.

Оқыту ісіне оқытушының- оқыту және студенттің- оқу процесі жатады. Оқытушының студенттерге басшылық жасауына мынадай іс-әрекет кіреді: жаттығуларды орындауды салыстырады, таңдалып алынған варианттың дұрыстығын дәлелдейді. Кейбіреулері қателеседі, олар жолдастарына қарап түзейді, оқытушы түсінік береді. Ең бастысы ешкім алаңдамауы керек. Оқыту процесі оқытушы да, студенттер де белсенді, мақсат көздей жұмыс істеген жағдайда өнімді болады.

Оқыту - білім алу, шеберлікке, іс-әрекет дағдыларына үйрету мен меңгеру процесі және адамды өмір мен еңбекке бейімді етіп даярлаудың негізгі құрамы. Оқыту процесінің нәтижесінде білім беру мен тәрбие мақсаттары жүзеге асады. Оқытудың мазмұны мсн сипаты және мәдени даму дәрежесіне сай белгіленеді. Оқытудың мақсаты мен мазмұны, оны ұйымдастырудың түрлері мен әдістері адамзат қоғамының даму кезеңдеріндегі қоғамдық қатынастар негізінде, жалпы білімге, адамдардың даярлығына қойылған топтардың сипатына және оқыту жөніндегі педагогикалық идеяларға сай өзгеріп отырады. Қазіргі ғылыми-техникалық прогрестің жағдайында жаңа әлеуметтік топтарға, студенттердің мүмкіндіктеріне сай оқытудың мазмұны мен түрлері, әдістерін жетілдіріп, оқыту құрамдарының жаңа түрлерін жасау қажеттілігі туды. Бұл топтар оқытудың ұйымдастыруында былайша бейнеленеді:

а) оқытудың түрлері мен сатылары арасындағы байланыс;

ә) кәсіптік мамандандыру ісінің жалпы білім негізінде жүзеге асуы;

б) оқытудың мазмұнында ғылымның соңғы табыстарына сай теориялық материал көлемінің артуы;

в) оқытудың дамып келе жатқан саласына, студенттердің танымдық дарыны мен қабілеттілігін жетілдіруге баса назар аударылуы;

д) көпшілік байланыс және қатынас құралдарының (радио, телевизия, мерзімдік басылым) қолдану өрісінің кеңеюі.

Оқыту - оқытушының да, студенттің де іс-әрекетін бірдей және олардың өзара әрекеттестігін бейнелейтін екіжақты процесс. Оқыту мен тәрбие процесінде адамның көзқарасы, адамгершілік қасиеті қалыптасып, қабілеті дамиды.

Оқыту оқу теориясына бірден-бір методологиялық негіз болады. Адам дамуының түрлі кезеңдерінде оқу процесінің сипаты өзгеріп отырады. Оқу процесінде жалпы жас ерекшеліктерімен қатар жеке студенттің ерекшелігі байқалады. Әр студенттің өзіне тән оқу жұмысындағы әдістері, ойлау жолдары, қызығу, бейімділік сияқты ерекшеліктері болады. Жеке адамның жан-жақты дамуы әр студенттің жеке басына тән ерекшеліктерді ашып анықтауды қажет етеді.

Оқыту мақсатын жүзеге асыру үшін түрлі әдістер мен тәсілдер, ұйымдастыру жүйелері мен түрлері пайдаланылады. Оқыту әдістері оқытушы мен студенттің әрекеттеріне қарай белгіленеді: лекция, әңгіме, әңгімелесу, оқулықпен жұмыс, натуралдық объектілерді, тәжірибелерді, еңбек операцияларын, көрнекі құралдарды демонстрациялау, бақылау, жаттығу және т.б.

Оқыту әдістерін кейбір авторлар үш топқа бөледі: ауызша, көрнекі және практикалық. Кейбірі оқыту әдістерін дидактикалық міндеттерге сәйкес топтастырады: жаңа білім беру, пысықтау, білім тексеру және т.б.

Бұл берілген теориядан оқу мен оқыту технологиясының маңызы мен орындалу әрекетіндегі операцияларын жіктеп өттік. Оқу және оқыту үрдісінде әрі тыңдарман, әрі оқытушы субъекті болуы керек.

Бүгінгі кеңістік пен уақытқа тән педагогикалық істегі дидактиканың біртұтас жүйесінің нәтижеге бағдарлар деген мақсат-мүдденің, мұрат-міндеттердің құрылғысына теориялық сараптама бергендейміз. Өткенге ғылыми пайым жасасақ, Ресей мен Қазақстан мемлекеттері ғалымдарының алыс болашаққа дидактика нысанасы жайлы тұжырымдары жинақталып келген көптеген оқу құралдары, монографиялары жарық көргені белгілі. Мәселен, педагогика ғылымдарының докторы, профессор П.И. Пидкасистый «Педагогикасында» мына жүйелерге назар аударған:

Алдымен «дидактика» ұғымына түсінік береді:

- «Дидактика» - оқытудың педагогикалық теориясы, оның мазмұнына ғылыми негіздеме береді, әдіс-тәсілдерін, амал-жолдарын анықтап, түрін, пішінін айқындайды;

- дидактиканың нысаны пәнінен ажыратылмайды. Дидактикалық анализ = оқыту мазмұны + процесстер. Бұған қоса Г. Куписевич нағыз нәтижеге жетудің жолын тұжырымдап көрсеткеніне тоқталған.

Дидактиканың мақсаты тек өзінен ғана шықпайды, ол басқа ғылымдарды қосып алады: философия, социология, психология.

Оқыту жүйесінде тек дидактикалық заңдылықтар емес, онда психологиялық және физиологиялық процестер, заңдылықтар нысанада болады.

Дидактиканың зерттелімінде ұтымдылықты, ұшқырлықты көздеп отыру үшін ғылыми мәртебе жасалуы ескертіледі;

Дидактика пәнін оның функциясынсыз анықтау мүмкін еместігі еленеді.

Осындай теориялық пайымдар көптеген ғалым-педагогтарда кездеседі. Себебі зерттелім дискретті болмаған жағдайда, анықтап айтсақ, әрбір зерттеу объектісін біртұтас жүйесімен сараптамадан өткізсек, олардың феномендігі айқындалып, ғылыми маңызы нақтыланады.

Дидактикалық іс-әрекеттің жүйесін былай жіктейді:

- оқытушы - тыңдаушы, тыңдаушы - оқу материалы, тыңдаушы - басқа тыңдаушылармен;

- оқуға, білімге дүниетанымы, құлшынысы;

- оқытудың мазмұны мен процессуалды қырын бірлікте алу;

- нысананы оқудың пәні ретінде алмай, оны құрылғының ғылыми негіздемесінің пәні ретінде қарастыру;

- оқытушының пәнге қатысын және оның тыңдармандардың іс-қимылын тани білетін, оған ықпал жасайтын тұрғыда қабылдау.

Дидакатиканың міндеттері мен функциясының жүйесін төмендегідей жіктейді:

- оқу процесін сипаттау, түсіндіру (вербальді), оны меңгертудің жолдары;

- оқытудың ең жаңа технологиясын, жүйесін, процесін қарастыру.

Оның ғылыми-теориялық, конструктивті-техникалық функциясын айқындаудың мәні:

- оқу арқылы интеллектуальды, эмоциональды, ерікті дамыту;

- аталған сапаларды бағдарлау және операцияға (іс-әрекет) қатысты амалдарды жүзеге асыру;

- философиялық маңыздылығын айқындау, арнаулы мамандыққа ыңғайлау;

- философиялық категориялардың педагогика аспектісіндегі рөлін ұғыну («маңыз», «құбылыс», «жалпы және жеке», «қайшылық», «себеп-салдарын табу», «мүмкіндік», «қызмет», «сапа және сан», «мән», «тұрмыс», «әлеумет», «сана», «пайым», «бағам», «тәжірибе», «прагматика», т.б.).

Мұнымен бірге П.И. Пидкасистый дидактиканың тұжырымдық негізін психологиялық оқыту базасынан тұратынына назар аударады. Дидактиканың жүйесі мақсатқа жетер нәтиженің тұтас құрылымы деген пайым жасайды:

- жүйесі - мақсаттың мінездемесі (1);

- оқыту мазмұны, дидактиканың принциптері (2);

- әдіс-құралы, оқытудың түрлері, принциптері (3).

Бұдан мынандай әрекет нәтижесі шығады:

таныдың (когнитив) + ойладың (ассоциация) + айтып бердің (коммуникация) + еске сақтадың (рефлексия).

Аталған іс-қимыл жүйесінің матрицаларына назар аударыңыз.
Парасатты іс-әрекеттегі адамның құрылымы

Мақсат (нәтиженің, мұраттың пішіні)

Іс-әрекет және операция



Құралдары (мұратты және заттық)

Мотив (сарыны) (қозғаушы күш+бағыт)

іс-әрекет

(қызметі)



Пәні




Қажеттілік



Білік+ғылым=ізгілік

Нәтиже, толғаныс, қажеттілік




Түзетулер, жөндеулер, өзіне+өзінің толғанысқа түсіп, сараптама жасауы

Аталған жүйеден қандай нәтиже шығатынының болжамын былайша саралайды:

- жеткен білім көлемінде талдау, оқытудың мақсатын анықтау, оны тыңдарманның қабылдауы;

- жұмысты жоспарлау, мазмұнды таңдау, мақсат-міндеттерінің құрамын саралау, мазмұнды таңдау, оны тәсілмен жеткізу, қабылдау;

- оқу операциясы, ұйымдастыру, өздігінен дербес жұмысты ұйымдастыру;

- бақылау, оқыту материалдарына коррекция жасау, өзін-өзі бақылау (рейтинг, мониторинг қарастырылмайды, біздің еңбегіміздің құндылығы да осында демекпіз);

- оқу процесінің жетістігі баға беру;

- аудиториядан тыс тыңдарманның дербес білімін, ғылыми дәрежесін көру;

- барлық модульдердің айналым заңдылығынан өтуі;

- мақсаттың глобальды және генералды сарынға жіктелуі, т.б. максаттың іс-әрекеттегі соңғы қызметі және аралықтағы құрылымы.

Қорыта айтсақ, оқыту бағдарламасы программалап оқыту нәтижесіне апарады. Оның алғашқы сатысы - блокпен оқыту, ал соңғы сатысы - модульдеп оқыту процесі.

Блокпен оқытуда соңғы нәтиже бсрілмейді, ықтимал жауап нысанада болмайды, тек бір тараудың кіші бөліктері тізбеленеді. Сондықтан жекелеген міндеттер жүзеге асады. Ал модульдеп оқыту барысында әр түрлі интеллектуальды операциялар, іс-әрекет орындалады.

Модульдеп оқытудың сыртқы жүйесін айқындағанмен, рейтинг, мониторинг жасау мәселесіне ашық тоқталмайды. Міне, бұл - бүгінгі және постиндустриалды кеңістіктің алыс болашағының өзекті мәселесінің көзі. Сол себепті эзотерикалық деңгейге жету үшін аталған экзотерикалық деңгейден өту көзделеді.

Еңбегіміздің негізгі басымдық тұсы - дидактиканың біртұтас жүйесінің негізгі діңгегі генеральды мақсат - эзотерикалық кеңістікке бағыттау.


Эзотерикалық технологияның заңдылығы
Студенттердің ғылыми еңбегін ұйымдастыру.

Эфирлі деңгей



















жүктеу 4,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау