МӘШҺҮР ЖҮСІП ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ЭЗОТЕРИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМ
Нарықтық қоғамға мойынсұнғысы келмейтін пенделердің пошымын Мәшһүр Жүсіп шығармашылығындағы «кедейлік» пен «байлық» ұғымдарынан табамыз. Мәселен, «Адам екі түрлі» деген өлеңінде дидактиканың ішіндегі философиялық тұжырымды аңғарамыз:
- Бірінші адам: өрік, мейіз ағашы сықылды жемісінен дүние жүзі баһра алады. (эзотерикалық деңгей)
Екінші адам: терек ағашы сықылды, отқа отын болғаннан басқаға жарамайды, түйіспейді. (экзотерикалық децгей)
Жезге мыс, күміске алтын үйлеседі, түйіспейді. метафора
Ақ марал жайылмайды қабанменен, түйіспейді эпитетті метафора, шарттылық
Бірге ұшпас бұлбұл қарға, тағарменен ...
Жұптық топтаманы адам сипатына қатысты алып, тұспалдап суреттеу арқылы бақытты болу және болмауы адам өз колында екеніне тұжырым жасайды. Автор сезімге беріліп, көркем сөздің ұйқасы мен ырғақ үйлесімін қуаламай, өмір сүру өрісінің мәніне ерекше назар аударады. Бұл тұжырым жалқаулар туралы айтқанында кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол деген ұғымдармен тереңдей түсіп, дене қуатын бірінші кезекке қоятындардың жаны мен рухының кедейлік деңгейге түсіп, нәпсісін семіртіп, оның құрсауынан шыға алмай, заттық мағынадағы кедейлікке белшеден бататыны жайлы дәйекті сипаттарды өлең өрнегімен әсерлі бейнелейді. Сөзімізді дәлелдеу үшін өлеңге кезек берейік:
Кедей болар кері кеткен, ұйқысы мол;
Кедейліктің бір үлкен жерік асы, метонимия, шарттылық
Жаман қатын бар үйден үзбейді қедейлік қол
Айналдырған үш жолдан қанша мәнді, маңызды ой-түйін табамыз. «Кері кету», «ұйқыда» бағынышты кейіптеумен сипатталған тұтас «кедейліктің бір үлкен жерік асының» болуы «жаман қашынның» себебінен, жаман қатын бар үйден «кедейлік қол үзбейді». Өлеңдегі инверсия, кедейліктің адам кейпінде суреттелуі - ақынның тек жылтыр, әдемі, әуезді ұйқасқа әуестігі емес, терең ойдың, болашақ ұрпақтың нұр шапағына, құт сәулесіне, бақ болмысына өрлеуіне қозғаушы күш. Бұдан үлкен пайда келмек. Интерпретация жасап, әдебиет теориясының ішкі бөліктеріне жіктеп, студент санасына жеткізу абзал. Берілген тұжырымның дәлелдері төмендегідей жіктеледі:
Ергенексіз, жақтаусыз болады есік
(Күрделі ауыспалы мағынада)
Ортақ iшep тамағын ит пен күшік
(Күрделі ауыспалы мағынада)
Қазанынан қақпағы жыртық келіп,
Құлағының қақпағы болар тесік
(күрделі ауыспалы мағынада), т.б.
Өpбiгeн бұл дәлелдердің шарықтау iшeгi мына бip түйіндер:
Ләззат жоқ, бабы да жоқ, дәмі де жоқ,
Құрысын icmeгені төгіп, шашып.
Көңілім тамақ. iшin тоймақ түгіл,
Сол үйден әрең шықтым қадам басып.
Автор өлеңнің басында ауысу мағынасындағы сипатты қолданса, кейінгі жолдарда ic-қимылды тура мағынасында дәйекті фактілермен, құбылыс-көрінстерімен бере білген. Ең соңында автор қорытынды байлам жасайды:
Жырақ, жүр мұндайлардан алыс қашып,
Маңына жақын барма араласып.
Иіс, қоңыс, бу, түтін толып үйге
Отырсаң шыдай алмай мұрның басып...
Құдай-ау, ер жігітке қылма нәcin.
Автордың тілегі: «Ер жігітке нәсіп emneciн мұндай қатынды». Будан шығатын ой-түйін: үйдің, шаңырақтың Нұры, Құты, Ырысы, Берекесі - әйел. Егер жұбайы жалқаулық, пен еріншектің ұясы болса, ол үйден Hұp да, Бақ та, Ырыс та, Береке де, Дәулет те кетеді. Сор мен кедейлік мәғгілікке орнықпақ. Өлеңнің негізі мұраты - осындай өмip сүре білудің салиқалы философиялық ұстанымы.
Mәшhүp Жүсш кедейлікті шақыратын құтсыз, сұрқай қатынның сыртқы келбеті, надандық белгілерін саралап суреттейді:
Өкшесі етігінің мыжсырайып, метонимия
Сүйреткен шанадай ғып сүйреп басын.
Дастарқан, ыдыс-аяқ күйе-күйе,
Kip мен шаң, қоқыр, қоқым - түгел басып.
Miнe, бұл суреттен кедейлік шақырар қатынның тұла бойындағы жамандықтың нышандары жинақталып беріліп тұр. Ер азаматқа мұндай қатынды «нәciп ете көрме» деген ақынның қорытынды байламының болашақ үшін маңызы зор. Барлық өмip тынысы әйел затынан басталады. Өмip сүру сипатын дененің дамуынан тапқан әйелдің ортасына берер жан және рух қуаты жоқ. Олай болса, одан өрбіген ұрпақ та қайрат, опа жоқ, беркем,нәпсінің құлы, рухсыз.
Дененің басымдық рөлін сынайтын өлеңдердің 6ipi - «қалмады ойлай-ойлай басымда ми». Автор тыңдаушысының назарын аудару үшін алғашқы өлең шумағын сөз басы экспозициясына арнайды. Мұндай стильді Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығынан кездестіреміз. Мұның өзi ақынның тек сезім суретін, ассоциативті құбылыстарды, дерексіз ұғымдарды жеткізуші емес, кepiciншe, өлеңнен елге рухани нәр, шырын дарысын деген ниетті байқаймыз. Қабылдаушының тыңдармандық, ұғымпаздық әдістерін психология тілімен перцептивті және апперсепселі тәсілдермен меңгеруіне адын-ала әзірлік, қам жасайды. Содан кейін дене және жан-рух әлеміне ойлау, пайымдау түйіндерін жинақтап, одан әpi жалпы тұтас тұжырымдарын жеке-жеке саралап жіктейді.
Өлеңге құлақ түрсек, мына 6ip жіктеме тізіліп, жүйеленіп шығады:
Ойлайды өлмей, көп жас жасайын деп,
Залалдан ойламайды қашайын деп.
Бұнда өмipiн ұзарту әрекетінен әpi аспайтын, пайымы өте төмен адамның қылығы әшкереленеді. Аристотель іліміндегі катарсис (ол бойындағы залалды ic-әрекеттен тазару, ойша медитация жасау) мәселесіне Mәшhүp Жүсш ерекше мән береді. «Егер әркім эз бойын жаман харекеттен таза ұстаса, өмipi өз-өзінен ұзарады» деген пайым-тұжырымды нұсқау ретінде ұсынады. Енді осы тұжырымның даму үрдісі мына жолдарда айқындала түседі:
Әркім жеткен жерінде сенделіп жүр,
Ілгepi ойламайды басайын деп.
Бұл жолдардан мағынасыз ic-қимылдан аса алмайтын, болашағын болжай білмейтін, надандықтың құрсауынан құтыла алмайтын, жiгерсіз, даурықпа, бозөкпе, тоғышар, бәтуасыз адамның өмip сүру тәсілін суггестивті құбылыста бейнелейді.
Қаратпа сөз:
Ағыздым мен 6ip бұлақ көзін тауып, шарттылық
Мес қылып құлағынды толғанша құй.
Оқырманның назарын аударып алған автор жоғарыда келтірілген тұжырымды басшылыққа алады. Сөйтш, ол тұжырымды делелдейтін дәйекті айғақтарды үрдіс пен құбылыстың қосындысында алады.
Дәйекті дәлелдерді де астармен сипаттайды:
1. - Базарға келіп едін ат терлетіп ..., шарттылық,
Бос жүрсің әр нәрсеені тамаша етіп. Метонимия
Жастықта ұмтылып бақ iлгepi өтіп ...
2. - Қолыңа қармағанмен түк түспейді, метонимия
Қалған соң жастық қуат бойдан кетіп.
3. -Босқа ысырап жіберме келген кезді ...,
Ойлама кici екен деп жібергізді.
4. - Ғибрат ал атқан таң, мен батқан күннен, метонимия
Басыңа қайғы келсе, қапа болма ...
5. - Болмайды түн күндіз, күндіз түнсіз... эзотерика
6. - Түзу бас, тура жолдан теріс те аспа,
Бip істен пайда көрмей, залал тартсаң,
Бой бағып екіншілей аяқ баспа. метонимия
7. - Жатады ең түбінде шын асыл тас... эпитетті
метонимия
8. - Іске ұрын болатұғын жанға сая.
9. - Туралық әpкімгe ащы, тиер тынышсыз, метонимия
Сонда да болып үйрен тура сөзді.
10. - Дұшпан біліп қоймасын сырды десең,
Жан күйер досыңа да сырыңды айтпа !
11. - Өзіңнен дәрежесі артық жанмен,
Орынсыз тайталаспа сөзге келіп.
12. - Ғылым біл, жұмыс аузына ілініп бақ ...
13. - Өнермен жұрт аузына ілініп бақ ...
14. - Жұмсақ бол, жұғымды бол, болма қату. Метонимия
Өзіңді өзің қайғысыз қылам десең,
Пайдасыз қалмағайсың алу-сату.
15. - Һэмматсыз , нәмәрт асын жеп тойғаннан,
Бетімен өлген жақсы аштан қатып. Метонимия
16. - Мың түрлі жақсы мiнез көрсеңдағы
Kiciгe сыналмаған сенбегейсің. Метонимия
17. - Өзіңнен төмендіге мұқтаж болсаң,
Нәрсе жоқ бұл жалғанда онан қиын.
18. - Болғанмен пасық, болса кішіпейіл,
Соныдан менменсіген көп артық-ты.
19. - «Білем !» деп айтып қалып, біле алмасаң,
Зор ұят, бойыңа мін, өзіңе айып.
20. – Көрінбеген нәpcені аламын деп,
Айырылма қолыңдағы барлығыннан.
21. - Қолынан келер icкe болыспаған,
Болмайды онан асар жаман кici.
22. - Күле кipiп, күңірене шыққан жаман,
Тұрғайсың сыпайын деп әбден біліп.
23. - Іреуді дүние әдепке үйретпесе, метонимия
Оны үйретіп түзеуге әуре болма.
24. - Жақсы менен жаманнан үлгі алмаса,
Оны үйретіп оң жолға салу қиын.
25. - Ақымақты түзету қиын болар,
Насиқат, көркем айтқан жақсы сөзбен.
26. –Көп жаман қopғaн болмас жинауменен метонимия
Түзелмес ақылсыз жан сыйлауменен ...
Түзелер қорлықпенен, қинауменен.
27. - Үлгі үйрен жолдас болып нұсқалыға,
Көзің сал сөзді сөзге қосқанына.
Наданның өз басына қылған iciн,
Қылмайды ақылды адам дұшпанына.
28. - Мақтаулы жұрт аузында болам десең,
Бipeyдің ауызға алма жамандығын.
29. - Жамандыққа жақсылық мінез қылып, антитеза
Keшiрімді бола бер бәріне де ыңғайлы, eптi.
30. - Бейнетін бұ жалғанның іздемесең,
Iciнe басқалардың араласпа.
31. - Жынды деп жұрт айтпасын мені десең,
Көп қума бекер шаршап болмас істі.
32. - Қарайла, шамаң келсе, жолдасыңа,
Жолдасын epin жүрсе өз қасыңа.
33. - Сыналмаған сырғалаң бозға бола,
Айырылып қалма атыңнан сырластары.
34. - Жалғанда алданбайын деп ойласаң,
Жұмыспен әуре болма сыналмаған.
35. - Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,
Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып. Шарттылық
36. - Әр түрлі қылып пiкip, ойла сана,
Ғылым, білім іздесен болдың дана.
Шайтанның шамаң келсе сыңдыр белін, кейіптеу
Нәпсіңнің достық, айтқан алма тілін. Кейптеу
37. - Жаяу қыл нәпсіңді атқа мінгізбей бақ, кейптеу
Miнe қалса, жортқызып, желгізбей бақ. Шарттылық
Көз соңынан көңілді жүргізбей бақ. Кейіптеу
38. - Нәпсінің кім құтылар хайласынан, кейіптеу
Білімді зерек адам болам десең,
Қара өзіңді басқаның айнасынан. Метонимия
39. – Көңілге ұнамаса қылған ici,
Бip қадам сен де соған баспа табан. Синекдоха
40. - Айна қыл өзіңді-өзің түзетуге, метонимия
Бұ жүрген жақсы, жаман көп адамда.
41. - Айтыпты Лұқпан әкім өсиет қып,
«Мен білім үйрендім, - білімсізден!». Антитеза
42. - Өнерге өзіңді өзің ерте баулы...,
Араз боп еш адаммен болма даулы.
43. - Қaдipлi, халыққа сыйлы болам десең,
Қадірлеп жан біткенді жақсы сақта.
44. – Сөзіммен халқым амал қылсын десең,
Амал қыл өз сөзіңмен әуел өзің.
45. - Байғыздай өзіңді-өзің жургган кашыр, теңеу
Ішіңді аш қып, үніңді таудан асыр. әсерлеу
Түгел адам болуға талап қылсаң, шарттылық
Шала-шарпы жандардан сырың жасыр.
46. Ойласаң боламын деп халқыңа бас,
Қайын сал, қымыз сапыр, қайнат шайды, шарттылық
Жайдағы дастарқанды, қазаныңда ас.
47. - Дастарқан мен қазанға мырза болсан,
Teгic жақсы сен болдың жуық - жатқа.
48. - Сүйкімді бүкіл жұртқа болам десең,
Ешкімнен дүние сұрап аузыңды ашпа.
49. - Кісіден дүние алғаның - құл болғаның
Kipiптар өз-өзіңнен болып қалма.
50. - Аймағым көп болсын деп талап етсең,
Ренжітпе қол астына қарағанды.
51. - Ac iшiпe өз үйіңде ұрлап қана ...
Айырылып ал залалдыдан қорғап қана.
52. - Кісілігі жоқ жаманмен үйіp болма.
53 - Пайдасы көпке тисе, әне - кici,
Ұлғаяр өрге басып оның ici.
Kөpin отырғанымыздай, Мәшһүр Жүсіп оқытудың жобалау-аксиологиялық бағдарламасын дидактиканың философиялық негізіне шебер қиюластырып, болашақ ізгi жан үлгісін елу үш сипатта ойлау-пайымдау ic-қимылдарының сан-салалы реңдерін етістіктің болымсыз, шартты, көсемше, т.б. түрлерінде бepin отыр. Сәуегейлік пен философиялық қасиеттің негізгі тұғыры – жаңа белеске көтеріле түсу.
Олай болса, Mәшhүp Жүсіп шығармаларының негізгі мұратынан бүгінгі және болашақ оқытудың біртұтас жүйесін, жаңа заманға лайықты iзгi жан бітімін табу үлкен өнер, Өйткені, студент нұсқалы субъекті болуы үшін данышпан бабаның әр сөзіндегі мағынаға ден қоя білу қабілетін ширатып отыруы тиіс.
Жоғарыда берілген талдау рейтинг жүйесіне салынып, елу үш сипат сұрьшталып алынды. Берілген мәтінді парасаттамай, құр суылдатып жатқа айтудан ұтарымыз шамалы. Сол себепті рейтинг жүйесін оқытушылардың өздері алдын ала пішіндеп алады. Ол үлгіні студенттің қолына оқытушы ұстата салмайды. Студенттердің де елу үш сипатты дөп табуы үшін эвристикалы-зерделеу сұрақтары қойылады. Олар мыналар:
- Мәшһүр Жүсш Көпеевтің «К,алмады ойлай-ойлай басымда ми» өлеңінің экспозициясы, сөз басы қандай стильге негізделген, мұндай стильді кімнің шығамашылығынан кездестіреміз?
- өлеңнің рухани нәpi, шырыны қандай сипатта суреттеліп тұр?
- психолог-данышпан екендігін қалай аңғарамыз?
- пepцептивті, апперсепселі әдістердің маңызы мен ассоциативті құбылыстарды қалай бейнелеген?
- данышпан баба ойлау, қорытынды байлам жасау әрекеттеріне қандай қам жасайды?
- өлеңде дене (нәпci), жан, рух сипттары Абай шығармашылығындағы силлогизммен үндесе ме, үндессе салыстыра аласың ба?
- өлеңдегі жалпы құбылыстар мен тұтас тұжырымдарды жеке саралау қолыңнан келе ме?
- жалпы тұтас тұжырым не үшін өлеңнің басқа шумақтарында келген?
- адамды iзгi жан үлгісіне ынталандыру мақсатында автор қандай нұсқауларды жіктеп береді?
- аталған жалпы тұтас тұжырымдар жеке-жеке тізбеленіп, дәйекті үрдістерге қалай жіктеледі?
- жіктелген iзгi жан сипатын сандық көрсеткішпен, математикалық тәсілмен сұрыптап, даралайсың ба?
- өлеңнің теориялық деңгейі сипаттау еместігі екеніне келісесің бе?
- өлеңдегі негізгі етістіктерді жинап, формаларына ажыратып, әpбip ic-қимылды білдіретін етістіктерді топтастырып, олардың мән-маңызын ажырата аласың ба?
- Mәшһүp Жүсш Көпеевтің осы өлеңінен дидактиканың философиялық негізін табасың ба?
- бұл өлеңнен XXI гасырдың болашақ iзгi жанының құрылым-жүйесін сомдайсың ба?
- өлеңді ғаламдық деңгейде, өркениетті елдердің игі жандарын ғылыми-біліми тұрғыда дамыту үрдісне пайдалану мүмкіндігі бар ма?
- осы мұраттарға үндес келерлік түркі, шығыс, батыс елдері даналарының ой-тұжырымдарын аналитикалық принципте, салыстыру барысында талдай аласыз ба?
Адамның елу үш сипаты - дене, жан, рух дамуына қозғаушы күш. Бұл матрица – Мәшһүр Жүсіптің тек бip өлеңіндегі жобалау-аксиологиялық ізгі жанның пiшiнi. Егер адам өзін-өзі осы ұстаным шеңберіне бағдарлай алса, түгел адам, толық адам, имани гүлді меңгерген адам, дамыған адам дәрежесіне жетілетіні даусыз.
Жер асты, жер бeтi, ғарыштық ғаламның iшкі сырын адам өз мүмкүндігінде танитын дәрежеде еместігіне талай ғұлама-даналар өз еңбектерінде тоқталып кеткен. Абай Құнанбайұлының 38-қара сөзінде бұл пiкip «қиянатшыл адам - жарым адам» деген сипатпен келіп, Алланы, Ғаламды тануына жол ашылмайтыны қадай айтылады.
«Ғылым - Алланың бip сипаты» делінген тұжырымды да осы 38-қара сөзден кездестіреміз. «Хақиқат, хақикатқа ғашықтық та Алла» - бұны да аталған еңбектен танимыз. Miнe, осы тұжырымның -геомегриялық, астрологиялық, ғаламдық сырлардың даналар танымындағы тұжырымы мен қорытынды байламдары. Бұл байламдардың бip-бipiмeн түйсіп, үндесіп жатқанын аңғару қиын емес. Ал адамның өркениет мүддесіне өзін бағдарлай алатын болжам-аксиологиясының құрылым-жүйесін әуезді көркем сөз сапасында шебер қиюластырып өрнектесе, ол тұжырым-таным, болжам-аксиология ешқашан «өлмек» емес. Мәңгілік, «бақилық тіршілік» деген түсініктің өзі осыдан тумақ. Олай болса, «жұмақ», «тамұқ», «фәни», «бақи» сияқты исламият терминдерінің бүгiнгi тіршілік тынысына да әcepi мол. Дүмше молдалар репродуктивті, қайталау дәрежесінде намаз оқыса, оның ғылыми негізінен рухына нәр алмаса, барар жер түсінікті.
Мәшһүр Жүсіп осы өлеңіндегі берілген елу үш сипат адам санасына орнықса, ол тұжырымның иесін бақилыққа жетелері сөзсіз. Денесі өлсе де, рухы тipi. Асыл мұра, ата мұра қазынасына қосылар қордың бip бөлігі болмақ. Ғұламадан қалған асыл, гayhap бағамдар -болашаққа бағдар.
Қорыта айтсақ, Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармашылығын түрлі-түрлі қырынан, таным деңгейінен зерделеп зерттесек, болашақа қажетті ұстаным-болжамдарды табарымыз хақ.
Волюнтаристік, тотальдық жүйеде адам деген данқты есімнің аяқ асты қалғаны белгілі. Нәтижесінде, адамдардың тұлғалық болмысы «солып», ел ғалымнан жаппай түңіліп, білім, ғылым таптаурын сүрлеуге түciп, қайшықты мәселелер көбейгені анық. Сөйтіп, «Адамтану», «Адамды сүю», «Адамды зерттеу», бip сөзбен айтқанда, антропология және логика ілімдері ғаламдық деңгейден қалыс қалды. Әр нәрсенің «жарылысының сәтін тос» демекші, дағдарыстың да шарықтау шeгi бар. Мұндай дағдарыстардың болуы – Мәшһүр Жүсіп секілді даналарымыз бен данышпандарымыздың болжам-аксиологиясын ғылыми айналымға енгізе алмауымыздың салдары.
АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ТАНУДЫҢ АМАЛЫ (технологиясы)
Абай шығармаларының өзінен ілгерідегі қазақ ақындары туындыларымен әр тарап үндестігі мол екендігі зерттеліп айқындалған. Мәселен, Қ.Өмірәлиевтің «Қазақ поэзиясының жанры және стилі» (1983) деген кітабында идеялық, эстетикалық танымдары бip-бipiнен жырақ бола тұрғанымен, Дулат және Абай поэзиясының көркемдік кестесінде көптеген сарындастық бар екенін жақсы дәлелдеген. Мұнымен бipгe М.Әуезовтің архив материалынан басқа астармен келтірілген. Абайдың туған әдебиеттен нәр алған көздерін ашатын кейбір дәлелдерді де келтіруге болады.
«Бозбалалықтан асып, жігіттік шағына жеткен уақытта қазақтың ecкi сөзі, ecкi жол-жобасы, мәтелі, тақпақ ескі биліктеріне елдің маңдай кісілерімен қатар түскендей білім жияды. Ескі ақындар, шешендер, батырлар болсын, барлығының жайындағы әңгімелер Абайға енді таныс дүниелер болады. Абай еңбектері халық қазынасы саналады. Халықтың қоғамдық тipлiгiндeгi қайшылықтарды, аңыз шындықтарды содан ұғатын болады. Арызшы, мұндыларды, зорлық, қорлық көргендерді көп жырлап, солардан үлкен сырлар ұғады» (Абай Құнанбаев 1967 ж. 44 б.).
Осы пікірлерін ұластыра келіп, М.Әуезов ауыз әдебиетінен үйрену дегеннің сала-саласын сабақтай түседі: «Ең алғашқы өлең жайын баяндаған жырында Абай Шортанбайды, Дулатты, Бұхар жырауды ауызға алса, солардың сөзін бала кезінен естіп, танып, жаттап өскенін сезуге болады. Әрине, осындай ақындық мұраларымен қатар мысал, мақал, аңыз, дастан, айтыс сияқты сан қазынаны әжеден, анадан, қонақ жолаушылардан көп есітеді». Осы келтірілген үзінділерден тағы да Абайдың ақындық мектебінің туған әдебиет негізінде екендігіне көзіміз жеткенімен, нақтылы фактілер өзірше жоқ. Дегенмен, ең бастысы сол - Абай ауыз әдебиетінен халық тілінің неше алуан астарлы, айшықты мағыналарын, сыры мен сиқырын, телегей теңіз тереңін ұққан және сол байлықты дау-шарларда, ел мәселесін шешерде нақтылы icкe жаратып, сыннан өткізіп үйренген.
Абайдың жастау кезінде ауызша табан астында шығарған алуан түрлі тапқыр айтыс өлеңдері сақталмаған. Ал ондай қысқаша өткір өлеңдер өмірдің кез келген жағдайыңда туып отырған. Бұл жағдайды М.Әуезовтің мына сөздері сипаттайды: «Жасынан біткен әдет бойынша Абай біреудің оғаш міндерін көргенде, ылғи қалжың, әжуа, мысқыл өлең айтқыш болатын... Кейде қалжың ғып жазып, өз қолдарына да береді. Сол кісілердің көбi қолына өлең түсісімен, өз мінін айтқан сөздердің көзін жоғалтуға тырысқан...».
Мысалы, Көкбайға, қыздарға шығарды деген өлеңдер осындай күйге анық ұшыраған. Бұл үзінді де ақынның төкпе өлеңдерінің тағдырын ұқтыра алады. Осындай себептермен Абайдың қаншама арнау өлеңдері жиналмай қала берген. Сол дәуірден уақыт пен кеңістік жаңа низамның қатал талабы Абай Құнанбаевтың ақындық мектебін туғызған төл әдебиетіміздің ауқымында өрістеді, дамыды дегенге ауыз түшынарлық материалдар мен зерттеу еңбектер жинауға көптеген кедергілер жасаған.
Абай шығармасын зерттеуші С.Мұқанов: «Абайдың екі мектебі бар: біpeyi исламдық Шығыс, екіншісі - Батыс, Исламдық Шығыстың әдебиетінде, Араб пен парсы әдебиетінде дін философиясы бірқыдыру орын алады». Бұдан артық С.Мұқанов тереңдікте шығыс әсерін сипаттай алмаған және ондай мақсат та болмаған. Адамшылықты насихаттау ақынның тек сатиралық өлеңдері арқылы әсер етеді деген ойынан туындаған. Бұл ақынның ақындық өнерінің кемеліне келген кезінде шарықтау шегіне жеткен уақытында жарық көрген шығармалары. Бұл жөнінде Т.Кәкішев: «Абайдың прогресшіл Россияның ықпалымен дүние тануы, өмipгe тұрақты көзқарастын қалыптасуы, оның көптеген сатиралық шығармалар жазып ақынның сатирик ақын дәрежесіне көтерілуіне мүмкіндік берді. Ол өзінің өткір сөзін дала жыртқыштары дөрекілікпен пайдаланған зорлыққа, озбырлыққа қарсы, екіжүздік пен жалғандыққа, опасыздық пен мылжындыққа, керенаулық пен надандыққа қарсы бағыттады».
Бұл үзіндіден кешегi кеңістік пен уақытта империялық саясаттың зілінен ғалымдарымыздың пікірінен сақтық сарынын байқаймыз. Дала сахарасындағы екіжүздік, опасыздық пен керенаулық және надандық, тек империялық саясаттың нәтижесі екенін М.Әуезов архивінің деректері де баяндайды.
Абай қазақ өмірінің келеңсіз жақтарын көріп, әшкерелесе де, өлтipe сынаса да, жердің дәрілхарап (бұзылып) болғанын білді.
Оның енді оңайлықпен түзелмейтінін түсінді. Адамды пішініне, мазмұнына қарай 7 табиғи қасиеттерге жіктеген: хайуан, жарымес, адам, қалыптасқан адам, толық адам, дамыған адам.
Империялық саясат қазақ жеріне құлдық психология мен схемаға түскен қалыптанған, көнбіс, тіл алғыш адамдардың көбеюіне түрткі жасады. Міне, көреген философ, ақылдың Ақыны Ұлы Абай осыны алдын ала түсінді.
Сол дертті бойға дарытпас үшін сатираны сәтті пайдаланған. Қалыптанған адам пішіндерін мынадай сатиралық өлеңдері арқылы сомдайды: «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Сабырсыз, арсыз, еріншек», «Көжекбайға», «Мәз болады болысың», «Бай сейілді», «Көзінен басқа ойы жоқ», «Бойы бұлған», «Дүтбайға», т.б. өлеңдеріндегі қоғамның қайшылығы шиеленсіп жатқаның және көпке бірдей өкіметтің жоқтығын сатиралық жағымсыз типтік бейнелер арқылы сомдаған. Мысалы:
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін, шыбындап.
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап.
- деп, құлдық психология мен көнбіс, бишара халін болыстың өз-өзінe айтқызу жаңа өлеңнің мазмұнын, дамыған ақынның әрекетін танытады. Біз бүгінгі күнге дейін Абайдың сатиралық өлеңдеріндегі болыс пен ел билеушілердің бейнелерін таптық қайшылықтың туындысы деп келдік. Отарлау саясаты бүкіл қазақ халқына зұлмат заман орнатты. Ол өзінің қара сөзінде бip жылда 3 бірдей болыс билікке таласады дейді. Біріншіci - кандидат, екіншісі - келесі жылғы, үшіншісі - биылғы болыс. Міне, осындай бөлшектеп ал да, «билей бер» заманының құрбаны болған қазақтардың билеп-төстеушілеріне, өкімдеріне сатиралық өлеңдерін арнайды: Болыс өзінің iшкі дүниесін аша түседі:
Сияз бар десе жүрегім,
Орнықпайды суындап,
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап,
Оңашада оязға
Мақтамаймын елімді,
Өз еліме айтамын:
«Бергемін жоқ, белімді» - деп,
сұрқиялық пен екі жүзділігін ашып береді.
Типтік бейне жасаған ақын болыстың барлық жаман қасиеттерін бip адам бойына жияды:
Ант ұрғанмын өзім де,
Бip мінезбен өтпеймін...
Ояз бардағы қылықты
Ояз жоқта етпеймін,
Кәкір-шүкір, көр-жерді,
Лайда көріп ептеймін,
«Мынау арам, теңтек» деп,
Еш кiciнi теппеймін.
Бұдан болыстың өң бойында бірнеше жаман қасиеттердің шоғырланып, адамшылық өреден ада екені байқалады.
Орыс классиктерінің ықпалы Абай Құнанбаев шығармаларын жоқ десек, қателік болар еді. Әpбip дамыған ақын өзінің кeңicтiгi мен қажетін ала білyi диалектикалық заңдылық, яғни Ұлы ақын жағымсыз типтердің бейнелерін сомдауда орыс әдебиетінің сатиригі С.Щедриннің үлгілері мен бағытынан нәр алды. Жалғыз Щедрин емес, Гоголь бейнелерінің мазмұн құрылымын да негізге алған. Мысалы: Щедриннен Иудушканы, Помпадурларды, либералдарды Колупаевтарды, Балалайкиндерді, ал Гогольден Чичиков, Собакевич, Манилов, Хлестаковтардың типтерін ойға парасаттап, өз шығармаларына сәтті қолдана білген. Ақын сатиралық өлеңдерінде әcеpлey, тepic мінезін баса көрсету, ұлы мысқылға epiк беру тәсілдерін барынша кең қолданды. Абай шығармаларының ішінде «Болыс болдым мінекей» - кейіпкердің iшкi дүниесін мейлінше терең ашып көрсететін психологиялық шығарма. Жасалмақ тип сырт көpiнicі арқылы емес, оның iшкi дүниесі толық ашылғанда ғана, көркемдік, шеберлікпен көрсетілгенде ғана мәнді, құнды тип болады. Рефлексия жасау арқылы ақын мынадай қорытынды шығарады. Жағымпаздар, әулекілер, мансапқорлар, т.б. жағымсыз мінездерді синтездейді. Қоғам деградацияға ұшырағандықтан, дін өкілдерінің де өз жетістіктерінен айрылып қалғанын аңғару қиын емес. Мұндай діни дүние өкілдерінің типтік бейнесін Ұлы ақын «Көзінен басқа ойы жоқ» атты өлеңінде:
Кітапты молда mepic оқыр,
Дағарадай болып сәлдесі.
Мал құмар, көңілі бек соқыр,
Бүркіптен кем бе жем жесі?
- деп, үш сүюдің бipiншici Алланы, осы Аллаға құлшылықты адал жүрекпен, сүйіспеншілікпен бағыныш, әділдікті ту етіп, адамды сүю заңына бағындырып, дінді ұстау өресімен шықпай, дінді желеу етіп, күн көpicтің объектісіне айналдырған дінсіздердің ит мінездерн сынайды. Ақылдың ақыны бай, болыс, жалған молдалардың бейнесін ең жыртқыш аңмен салыстырады. Мұндайларға «күйрығы - шаян, беті адам» деп ат қойды. Абай шығармаларында орыс классиктерінің ықпалын зертеген ғалым Т. Нұртазин: «Көп іздену, орыстың, европаның үлгі өрнегін терең зерттеу нәтижесінде Абайдың рухани өpici мейлінше көңілі, өмip жұмбағының, көп сырлары ашылды: ақын ел тұрмысының келелі мәселелерін ашыл, батыл қорытындылар жасады ... патшаның отарлау саясатының қандай зұлымдық екенін жақсы-ақ білді ... Бipaқ орыста патшаның шеңгеліне сыймай жүрген Пушкин мен Белинский, Толстой мен Салтыков бар еді».
Абай ақындық өреде даму биігіне көтеріліп, туған әдебиет, шығыс, орыс және батыс әдебиетінің озық үлгілерінен нәр алады. Абайдың орыс мәдениетімен байланысы - еліктеу, үйрету шеңберіне сыймайды. Абайдың пiкipi, қоғамдық, саяси көзқарасы, эстетикасы орыс классиктерімен үндесіп, ұласып кетеді. Адам, оғaн ортаның әcеpi туралы Абай: «Тегінде адам баласынан адам баласы ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрселермен озды. Одан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі ақымақтық».
«Үлгісіз жұртты үйpemin, қалдық кейін,
Көп надандар өзіне тартар бейім» ... –
деген Абай пiкipiнe орайлас Белинский: «Адамды табиғат жаратады, бipaқ жасайтын қоғам».
«Онегинді бұл портретке ұқсас қылған оның жаратылыс, нәпсі құмарлығына қызбалығы, адасушылығы емес, өзі өмір сүрген ғасыры».
«Ондай болмақ қайда» - деп
Айтпа ғылым сүйсеңіз.
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сенсеңіз, -
деп Абай «жанбай жатып сөнген» замандас жастарды тілдеген Лермонтовпен де үндеседі. Жаным оттан жаралған Жалбарыну менде жоқ. // Ұмытылмаса қалар жан Михнатқа пенде боп, - деген Фаустың сөзіне орайлас Абай: Жүректе қайрат болмаса // Ұйықтаған ойды кім түртпек, - дейді.
Абай Толстойдың iшіңдi түзе, әрқайсың жүрегінді тазарт, жаратылыста адам баласының бәpi тең деген пікірін нысанға алады, бұл пікip XII ғасырда Баласағұнида да бар еді, бұл арада ақынның оны кімнен алғаны белгісіз, дегенмен Т.Нұртазиннің пікіріне жүгінсек, Толстойдан алды деген ұғым жеңеді.
Көптің аузын түзетсен, күн көрмессің,
Өзіңді өзің күзет, кел шырағым! –
дегенде Абай күнде адамның, өз-өзіне есеп беруін қадағалау жауапкершілігің меңзеп отыр. Бұл ой Толстой шығармаларында да бар.
Некрасовпен үндестігін ақын болуға жұрттың бәpi міндетті емес, ал елінің азаматы болуға сөзсіз міндетті дегенінен байқаймыз. Некрасовтың аталған ойын Абай:
Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ,
Наданның көзін қойып, койып, көңілін ашпақ.
Үлгі алсын деймін ойлы жас жігітттер
Думан, сауық ойда жоқ әуел баста-ақ –
деп, Абайдың нәр алған орыс классиктерінің ойларын қайталады десек, үлкен қателік екенін Т.Нұртазин дәлелдеген, бipaқ ой орайластығы мен үндестігін жоққа шығара алмаймыз. Табиғатты, жыл мезгілдерін жандандырыш суреттеу де - Некрасов поэзиясының дәстүрі. Абай осы дәстүрді жаңа мазмұнмен қазақ поэзиясына енгізді:
Ай, жұлдызға жылы жел хабар бepin,
Жан-жануарлар қуанар тойға елipin,
Азалы ақ көрпесін сілке тастап,
Жер күлімдер өзіне шырай бepin.
«Қараша, желтоқсан мен сол бip-eкi ай» өлеңінде Абай сөз cypeтшici. Өз пiкipiн өлеңнің ең соңғы екі жолында аңғартады.
Орыс классиктерінің көркемдік, шығармашыл тәсілін Абай табиғат көрінісінде де, көңіл-күй, сүйіспеншілік, ақындық шабыт, әуезді суреттеуде де шебер қолданады:
Майдағы жұрттың iшi қар,
Бәйшешек қарға өнер ме?!
Iшiндe кімнің оты бар –
Қар жауса да сөнер ме?
- деп, өз көңіл-күйін аңғартады. Абай жаңа өрнекпен жастар арасындағы сүйіспеншілігі ерекше әрмен суреттейді. Мысалы:
Қызарып, сұрланып,
Лүпілдеп жүрегі,
Өзгеден ұрланып...
Екі ашық құмары,
Бip жолдан қайта алмай,
Жолықса ол зарлы
Сөз жөндеп айта алмай.
Ішкі жан әлемін бұлай сипаттаған Абайға дейін бipдe-бip ақын жоқ.
Ақындық рухани поэтикалық табысқа орыс, Европа жазушыларымен дәрежелес баға бepiп, қазақ өлеңіне бipiнші рет ендірген Абай.
Төрт салалы өлеңнен толығып, жаңа түр іздеген қазақ өлеңінің сөз мүшесін жаңалаумен тынған жоқ, поэзияда бұрын болмаған ырғақ, жаңа мөлшермен тосыннан он бip буынды өлең түрін құрады. Ғасырлар бойы қоныс аудармай қойған қара өлең мен жыр Абай бойына шақ емес. Көңілін өлең кернеген халыққа құлашын еркін жазарлық жаңа ырғақты, көп өрнекті өлеңге әр керек еді. Соны дамытқан Абай тоқсан толғаулы, терең мағыналы жаңа поэзия құрды.
Абайдың «Сен мені не етесің?», «Сегіз аяқ», «Айттым сәлем, Қаламқас» деген өлеңдері қазақ поэзиясында тың жаңалық. Бip жолдан екінші жолға асып жататын сөйлемді, Абай тек жаңа өлеңдерінде ғана емес, қара өлеңдерінде де қолданады.
Білімдіден алмай сөздің майын,
Алты өлеңмен білдірім өңнің жайын.
Ездің басы қаңғырып, ердің көңілі, -
Жаңғырсын деп ойладым айтқан сайын,
- деп ескі ережеге бас имейді.
Абай орыс классиктерінің шығармаларын аударғанда дәл аударуды өзіне мақсат етпеген. Мәселен, «Теректің сыйы» орыс мәтініне:
«А Терек воет, дик и злобен,
Меж утесистых громад,
Буре плач его подобен.
Слезы брызгами летят»
- деген шумақты Абай:
Асау Терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған, тасты жарлып,
Арыстанның жалындай бұйра толқып,
Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып,
- деп сөзбе-сөз аударғанда, жылғаны бейне дауылдың орнына «Арыстанның жалындай бұйра толқын», «Көзінен жасы ыршығанының» орнына «Айдаһардай бүктеліп, жүз толғанып» деп, Теректің екпінді күшін «дауыл», «ыршыған көз жасы» деген жолдары арыстанның бұйраланған жалына «бүктеліп» толғанған айдаһарға теңеп алады. Пушкиннің «Е.Онегинін» аударғанда Абай еркін аударманы қолданған.
Абай өлеңдерінің құдіреттілігі дегенде, жамандық атаулының бойдан тазартудың қиындығын көре білуінде, өткенге қарап өсуінде, бүгінге қарап бой түзуінде, болашақты болжауында. Бұл жөнінде халқына адал қызмет көрсете білген, өзінің сын-мақалаларымен танымал болған Сағат Әшімбаев былай деген: «Абайды қайта оқудың, ақын өлеңдерін дүркін-дүркін сөз етудің ерекше тәлім-тәрбиелік мәні бар. Біз ешуақытта адам тіршілігінің сыртқы формасы уақыт рухына сай жиі-жиі өзгеріске ұшырап отырғаннан байырғы iшкi мазмұны сан ғасырлар бойы қалыптасқан қисық «қиғадаларын» сал бөксе сараңдықпен сақтауға тырысататыный естен шығармауымыз керек. Қай уақытта заман тез түзелгенмен, жаман тез арада түзелмейтін баса айтқым келеді. Демек, адам табиғатындағы Абай көрсеткен кеселді кемшіліктер, жанынды жабырқататын жарамсыз мінез, жат қылықтар ақын еткен уақытпен бipгe өтіп кетпегенін еске алып отыру - жамандыққа есе жібермеуді кеөдеу деп білеміз».
Абай шығармаларының мазмұны адамның iшкi сырларын ашуға құрылған. Өлеңдерінің тақырыптары мен идеясын даму кеңістігінің өpiciнде жіктеп, оны 38-ші қара сөзінде одан әpi дамытады. Мұнда ақын даму кеңістігінің 8 биорефлекторына ғылыми тұжырымдар берген. Алдымен ол шығыс философтары әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни және батыс ойшылдары Платон, Аристотель, т.б. хакімдердің ғылыми ой-қорытынды дәлелдерін игepiп, адам мазмұнының даму шарқын ашқан. Атап айтқанда, даму әдісінің жүйесін баян еткен:
- батыл (қиянат);
- рахман (жарылқаушы);
- рахым (мейірімді);
- ғафур (кешіруші);
- уадуд (сүйіктішки);
- ғафиз (қорғаушы);
- сәттер (айыпты жабушы);
- разақ (қызық бepyшi);
- нафиғ (пайда беруші);
- уәкіл (басқарушы);
- латиф (кipсіз);
- бинаән (негіз);
- машхар (Бақилық алдында күнәсі тіркеледі).
Бұл аталған 17 қасиет адамның iшкi субъектісі, бipaқ ол қарым-қатынаста объектіге айналып, адамның iшкi мазмұны Қоршаған ортасына белгілі болады. Абай дамыған адамның алғы 4 Құбыласы Баласағұнидың «Құтты білігіне» жақын:
Бipi оның - шындьқ жолы Әділет,
Eкіншіici - құт пен ырыс, Дәулет,
Yшiншіci - Ақыл мен Парасат,
Tөpmiншіci - Ұстамдылық, К,анағат.
Парасат пен қанағатсыз құр дәулет пен әділет даму өpicінe жеткізбейді, керсінше қырсыққа тірейді. Мәселен, 103 өлеңінің мазмұн-құрылымында дамуға кедергі жасайтын қасиеттерді саралағанын ескереміз. Олар төмендегідей жіктеледі:
- ақсақалдың, әкенің, білімдінің сөзінен сырдаң тартып;
- өздеріңді түзелер дей алмаймын;
- арын сатқан мал үшін;
- өз қолыңнан кеткен соң енді өз ырқың;
- күш сынатқан қүндестік бұзды-ау шырқын
- арақ iшкен, мас болған жұрттың бәpi, не пайда, не залалды біле алмай жүр;
- қарны тоқ қаса надан ұқпас сөзді;
- қайғы мен ыза қысқан соң, зар шығады тілімнен;
- ор қазып байқайды туа жау емеске;
- сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды;
- не ғылым жоқ, немесе еңбек те жоқ; ең болмаса кеттің мал ба алмай;
- ақылға сәуле қонбаса, хайуанша мүріп күнелтпек;
- өзі улкен, қылығың-бала-шаға ... және т.б,
Дамыған кеңістіктің жеке өкілдерінің iшкi құбылысын шоғырландырып алған Абай шығармашылығын тек ақындық деңгейде қабылдау әділдіке жатпас. Оның ceбeбi, Абай ақындық өнерін данышпандық ой-қорытындыларына құрал еткен. Философ ақын өзінің 38-шi қара сөзінде адам өз-өзін дамытуы үшін мынадай қаситтерді ұсынады:
- кеңістіктен өзіне қажеттісін талғап алу;
- залалды қашыру;
- нәтижеге жету;
- нану, сену, үнемі толығу;
- мұратқа жеткізер піріңдіi сыйлау;
- әрекеттің мақсаты мен мазмұнын ашатын әдіс-құралдарды сұрыптау;
- тipi болу үшін «менікін» тежеп, «мені» дамыту;
- өзіңді басқарып тұрған табиғи күштен қорқу;
- сөйлеу шеберлігін шыңдау;
- қажетті мақсатынды болдыру;
- кәмалат, жаман мен жақсыны айыру, зерттеу, тану, ғалымдардың тұжырымдарын меңгеру;
- болуы мүмкін нәрселерді талғап, сұрыптай алу.
Единицаны құртатын өнкей нөлдер - iшкi рухани жаланаштану деңгейіне жеткендер. Бipaқ, олардың мұндай мазмұнда болуына өздері кінәлі еместігін ақын дәлелдеген. Оқулықта Абай шығармаларын ақыл-ой, парасат, әділ, дәулет сезім бағыттарын дамытуға ықпалын тигізер 4 құбыланы сақтай отырып талдаған дұрыс. Ғасырымыздан халық ұғымында қалған 4 құбыланы сонда ғана шәкірт пен студент санасына жеткізеріміз хақ. Мұнымен бipгe ойлау жүйесінің логикалық өзара қатынас, кәсіптік әдіс жүйелерін дамытар шығармаларын нысанаға алған жөн. Әр студенттің иерархиясына ынтайлас келуі көзделеді. Keйбip адамдар Абайдың адамдарды хайуан, ecciз, жарымес, адам, толымды адам, дамыған адам деп жіктеуін бүкіл халықты ғайбаттады деп қабылдайды. Мұндай тұжырым Абайдың философ ақындық дарынын өз мәнінде түсінбеушіліктен туады.
Жазушы Г.Бельгер айтқандай, Абай Аристотельмен, Гете және Гейнелермен қатар турған философ ақын деген баға - әділ баға.
Абай танымындағы үш сүю.
«Имани гүл» (үш сүю) сияқты аса күрделі гуманистік ойлар желісі Абайдың тәңірге адамгершілік негіздері жайлы ой толғанысы, өзекті желілерін қамтитын басты ұғымға жатады. «Алланың өзi де рас, сөзі де рас» деген өлеңінде:
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол аллланы жаннан mәmmi.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп.
Және хақ жолы осы деп әділетті..
Осы үш сүю болады имани гүл,
Иманның асылы үш деп сен таратып бақ.
Ойлан-дағы, үшеуін таратып бақ,
Басты байла жолына, малың түгіл.
Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй сол алланы жаннан mәmmi.
Екінші сүю: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп».
Абайдың «Және хақ жолы осы деп әділетті» дегені 38; ғақылия – дәлелдерге сүйене отырып ұстанатын ғадаләт ұтымына іліктесетін үшінші cүюi. Бұл үш сүюдің тамыры - Сократ, Платондардан бермен қарай қалыптасқан ұғым. Мысалы: 27-шi сөзінде «Сократ хакім сөзі» деген қосымша ат әдейі алынған. Сүю ұғымының төркіні аңғарылады.
Жалпы мұсылмандық шығыс поэзиясында екі түрлі сарынның, яғни жүректің культі мен ақылдың культін мадақтау өpic алған, Имани гүл сарыны жүрек культін, сол негізден адамшылық жолын көтермелеп, өз шығармасында үнемі рахым, шапағаттың бастамасы ретіндегі жүректі шeшyшi орынға қоятындар: әл-Фараби, Низами, Руми, Науаи, Абай. Ал, имани ақылдың культін мадақтайтындар: Рудаки, Фирдауси, ибн-Сина.
Үш гүлінің түпкі тамыры Жүсіп Баласағұнның «Құдатғу білігінде» (қанағат-рахым, дәулет, бақыт).
Жалпы адам таныған негізгі үш сипат «Кабус-Намеде» (46-тарау): «Адамның сипатын білдіретін үш нәрсе бар. Бұл үш нәрсенің бipi ақыл, бipi - әділет, бipi – жәуанмәрттілік». Бұл Абайдың 38-сөзінде ақыл, әділет, рахым.
Төрт пішін жасалған: 1) үлесіне тән тигендер жәуанмәрттік, 2) үлесіне жан мен тән тигендер-магрифаттар яғни теологтар, 3) үлесте тән, жан, сезім тигендер - әулиелер, 4) үлесіне жан, тән, сезім, мағына төpтeyi түгел тигендер -пайғамбарлар.
Абай бұл ойды тек 2-ге бөледі:
1) Пайғамбарлар;
2) Әкімдер деп.
Ecкi оқудың патшалық Россияға қосылумен байланысты пайдасы болмағанын «Интернатта оқып жүр» өлеңі мен 25-қара сөзінде анық айтылған.
Абай шығармаларында 15 рет «ғалым», 20 рет «хакім» сөзі қолданылған. Абай ғаделет, махаббат сөзі кімде көп болса, ол кici -ғалым, сол ақын» - дейді.
Ғалым болу әр адамның өзіне байланысты.
Жамандық көрсең нәфрэтлі,
Суынып, көңіл тыйсаңыз,
Жақсылық көрсең ғибратлі,
Оны ойға жисаңыз.
Ғалым болмай немене
Балалықты қисаңыз.
Абай әpбip істің себебін іздеушілерді хаким деген. Абай хаким ретінде «Ескендірде» Аристотель мен Сократты алады. Абайдың ғылым саласынан жіктеуі әл-Фарабидің «Слово о классификации наук» деген еңбегімен үндеседі.
Yш жағымсыз қылық - надандық, еріншектік, зұлымдық. Абайдың адам болу шарттары. «Ғылым таппай мақтанба». (Өсек, өтipiк, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рахым).
7-қара сөзінде «Жанның тамағы». Ғұламаһидың (XVІ ғ.) «Рисала» кітабында жанның азығы eкiгe бөлінеді: 1) Жанның пайдалы азығы; 2) Жанның зиянды азығы.
Абай баладағы адам болу талабы неден басталады деген сұраққа: «Қашан бip бала ғалым, білімдi махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады». Ал бұл 38-сөзінде үш себептен туады: нәсілінен, әлеуметтік ортасы мен алған тәрбиесінен. Қазақ қоғамында баланың толық адам боп қалыптасуына залалын тигізер нәрсе бала тәрбиелейтін әлеуметтік ортаның жағымсыз әcepiнeн қиянатшыл болады деп қараған.
Бенделіктің кәмалаттығы деген суфизмге қарсы болады,
Бенде - құдайдың құлы, инсан - өмірдің гүлі.
«Адамның кейбір кездері» - ақыл мен әділеттің көpiгін қорытқан.
Ұлы Абай: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті:
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек», - десе, әл-Фараби: «жүрек - iшкi табиғи жылылықтың көзі. Басқа мүшелерге жылылық нақ осыдан тарайды, олар осыдан нәр алып отырады» - деген.
«Нұрлы ақыл», «суық ақыл» Абай: «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды». Амалдың тілін алса, жүрек ұмыт қалады». Фараби: «Жүрек - басты мүше» - деген.
Абай: «Мен адам дегеннің патшасымын» - «Мен -жүрек».
«Әсемпаз болма әр неге».
«Қайрат пен ақыл жол табар».
Қашқанға да, қуғанға
Әділет, шафғат кімде бар
Сол жарасар туғанға.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста,
Сонда толық боласың елден бөлек.
Абай жүрек атынан: «әділет, нысап, ұят, рахым, мейірбаншылық» дейтұғын нәрселерменен шығады» дейді. «Мен» адам бойындағы бүкіл процеске басшылық еткенмен, жүрекке тәуелді.
Абай аударған Полонский өлеңінде ұшырасқан «суық ақыл» сөзі кepiciншe ақыл жүректі билеп, зұлымдық ниетін жүзеге асырғанын:
Суық ақыл жүрекке бұйрық жасап,
Оны бip өзі өзгеше жолға салмақ.
Екі өлеңдегі екі ақынньң да гуманистік ой-пікірін парасаттау қиын емес.
Әбдірахман бойындағы iзгi қасиеттер:
Жаңа жылдың басшысы - ол,
Мен ecкінің арты едім.
Әбіш арқылы:
Ғылымға көңіл зерек-ті,
Ғылым оқып білгеніне,
Тыным, тыныштық таппады.
Өмір бойы талпынып,
Ғылым iздеп жатпаған.
Аталған бауырмал Әбіш бейнесі арқылы Абай өзі ғұмыр бойы аңсаған адамшылықтың асыл мұраты жайындағы ой-пікірінің басты қорытындыларын жинақтап берген.
Достарыңызбен бөлісу: |